Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы



бет1/2
Дата15.12.2016
өлшемі206,86 Kb.
#3930
түріСабақ
  1   2
Бекітемін:
Күні: 23. 12. 15ж

Пән: Қазақ тілі

Сынып:3 «Б» сынып жетекшісі: Бақтығали Бақытгүл

Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы

Мақсаты: Бір сөздің бірнеше мағынада жұмсалатынын байқату, оқушылардың сөздік қорын байыту.

Күтілетін нәтиже : Бір сөздің бірнеше мағынасын ажыратып, тақырыптан ереже шығарып, сыни ойлауы қалыптасып, топта өз ойларын еркін жеткізуге жұмыстанып, байланыстырып сөйлей алады.

Модульдері: АКТ (ақпараттық коммуникативтік технология), СТО (сын тұрғысынан ойлау), ОЖЕ (оқушылардың жас ерекшеліктері), ТжДОЖ (талантты және дарынды оқушылармен жұмыс). ОБжК (оқытуды басқару және көшбасшылық), ОҮБжОБ (оқыту үшін басқару және оқытуды бағалау), ДО (диалогтық оқыту)

Бағалау: Өзін өзі (ӨӨБ), топтық (ТБ), ОүБ құралдары, бағалау парақтар

Деректер: Тақта, Талқылау құралдары постерге арналған қағаздар, маркерлер,

Әдіс тәсілдер: "Ыстық орындық", «Зерттеушілік әңгіме», «Ойлан, жұптас, бөліс», «Әңгіме», « Галерияда саяхат» , «Проблемалық», «Жұптық әңгімі», «Тез айтып , жеңіске жет!»


Сабақ кезеңдері

Уақыт

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Жылылық шеңбері


2 мин

«Гүл шоғы»

- Қазіргі сабағымыз көтеріңкі көңіл – күйде өту үшін мен сендерді «Жылылық шеңберіне» шақырамын. Қолдарыңдағы гүлді әркім өзінің жанындағы досына тілек айта отырып ұсынады.

- Міне, сендердің жақсы – жақсы тілектерің жиналып, әдемі гүл шоғына айналды. Ендеше осы тілектеріңнің бәрі орындалады деп сенеміз.

Ал, мына әдемі «Гүл шоғы» сабақ бойы біздің көңіл – күйімізді көтереді.

- Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!!!

- Сабағымыз сәтті өтсін!!! т.б.тілектерін айтады.


Топқа бөлу

2 мин

Сиқырлы сандар

1,2,3,4 «Сиқырлы сандар» арқылы 4 топқа бөлу.

Өзара топ Басшысын, Таймкипер, Хатшы, Бақылаушы, Баяндаушы етіп, әр топтың құрамын тағайындау.

ОүБ құралы «Шаршылар», бағалау парақшасын ұсынамын, толық мағлұмат беріледі.


Оқушылар өздеріне ұнайтын сандарымен

бөлініп, топтарға жайғасады. Топ басшысы, топ мүшелері сайланады.



Білім

Қызығушылықтарын ояту



2мин

Үй тапсырмасы "Ыстық орындық"әдісі арқылы сұрақ -жауап ұйымдастыру

Үй тапсырмасын (5- жаттығу,103 бет) тексеру

"Ыстық орындық"әдісімен «Сөз және оның мағынасы» туралы түсінгенін ортаға шығып талқылап, сұрақ арқылы диалогқа түсіру.


Оқушылардың мұндағы мақсаты «Ыстық орындық» әдісімен топтар сұрақ қою арқылы сөз мағынасының түрлеріне шолу жасайды. өз ой-пікірлерімен санаса білу.

Түсіну

3мин

Интерпретация – оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау;



Оқулықпен жұмыс. 7-жаттығу Мұзафар Әлімбай (Өлеңі) Әуелей өссін құрма,

Әткеншек оған құрма!



- Құрма сөзінің түсіндірмесі түсіндірме сөздікте былай берілген:

Құрма - тропиктік аймақта өсетін пальма ағашы және сол ағаштың дәмді жемісі.

Құрма – қимылдық мағына беретін сөз.



Айтылуы бірдей, бірақ мағыналары әр басқа сөздерді тауып, құрма сөзінің мағынасын түсініп алады.

Қолдану

сергіту сәті


20 мин

1 мин




«Сөз және оның мағынасы» «Зерттеушілік әңгіме » әдісін пайдаланду арқылы меңгерту

«Сөз және оның мағынасы» «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісін пайдаланду арқылы меңгерту


«Сөз және оның мағынасы»«Әңгіме»'> «Әңгіме» әдісін пайдаланду арқылы «Галерияда саяхат» жасатып меңгерту.

мен қазақпын атты биің бірге жасайды

«Сөз және оның мағынасы» «Проблемалық» әдісін пайдаланду арқылы меңгерту

«Сөз және оның мағынасы» Жұптық әңгіме» әдісін пайдаланду арқылы меңгерту



8- жаттығу. «Зерттеушілік әңгіме».

Шарты: жұмбақ өлеңді оқып, шешуін тауып, сонан соң өзара талдау жасап сөздердің әрбір мағынасын ажыратып алып, сөйлем ойлап жазып, өздерін автор орнына қойып өз бетінше жұмбақ құрастырады. Оның әрбір мағынасын салыстыра отырып, дұрыс- бұрыстығына көз жеткізіп, «Зерттеушілік әңгіме» әдісімен зерттейді.

1-топ: Бірде мен

Тәтті нәр берер жәндікпін.


2-топ: Бірде мен

Бөрене тілер әйдікпін.


3-топ: Ас пісірсең, әрине,

Табыламын әр үйден.


4-топ: Ата жұрты татардың,

Ежелгі бір шаһармын



Қазан (тат. Казан,Qazan; орыс. Каза́нь)— Ресей Федерациясындағы қала. Татарстан республикасының астанасы.Еділ өзенінің сол жағасында орналасқан.
9-жаттығу. «Ойлан, жұптас, бөліс»

Сөйлемдерді көшіріп жазып, жұптасып, бір сөздің бірнеше мағынада жұмсалатынын байқату, талқылау.

1-топ: 1.Оқушылар мақта туралы оқыды.

2-топ: 2. Сен Айгүлді мақта.

3-топ: 3.Атам қой бағып жүр.

4-топ: 4. Кітапты орнына қой.


10- жаттығу. «Әңгіме» әдісімен өлеңді оқып «Көру диктантты» арқылы орындап , қарамен жазылған сөздердің астын сызып, «Галерияда саяхат» жасайды.

1-топ: «Әңгіме» әдісі арқылы қарамен жазылған сөздердің қандай мағынада қолданылып тұрғанын түсіндіріп, «Галерияда саяхат» жасайды.

2-топ: «Әңгіме» әдісі арқылы өлеңнің мазмұнын қара сөзбен баяндап, «Галерияда саяхат» жасайды.

3-топ: «Әңгіме» әдісі арқылы өлеңді жатқа айтып, «Галерияда саяхат» жасайды.

4-топ: «Әңгіме» әдісі қарамен жазылған сөздердің сөз тіркесін тауып айтып, «Галерияда саяхат» жасайды.


Төрт топта ақылдасып,

жұмбақтар шешуін тауып, мағынасын түсініп, өзара ортақ шешімге келіп, дәлелдейді.



1-топ

2- топ



3- топ
4- топ

Сыни ойлап, өз беттерінше жұмбақ құрастырады, өз пікірін негіздеп, оның мағынасын дәлелдейді.


«Ойлан, жұптас, талқыла»

Тапсырмаларын бір –біріне көрсету арқылы ой бөліседі, тақырыптың мағанасын аша отырып өзара топпен

жұптасып талқылап, түйінді бір шешімге келіп, ереже құрастырады.

1-топ: мақта

2-топ: мақта.

3-топ: қой

4-топ: қой.

Екі немесе одан да көп мағынасы бар сөздер көп мағыналы сөздер деп аталады.

1-топ: Үй – адамның өз баспанасы.

Үй – топырақты бір жерге жинау.

2-топ: Өлеңнен түйгенін баяндайды.

3-топ: Жатқа мәнерлеп айтады.

4-топ: Үй салайық, топырақ үй, тас тасы.


Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет