Сабақтың тақырыбы: Үстеу. Үстеудің құрамдық түрлері Сабақтың мақсат-міндеттері: а білімділік



Дата06.07.2018
өлшемі23,39 Kb.
#47376
түріСабақ
Г.Бозғұланованың «Үстеу. Үстеудің құрамдық түрлері » тақырыбында

6 «Б» сыныбында өткізген сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Үстеу. Үстеудің құрамдық түрлері


Сабақтың мақсат-міндеттері:

А) білімділік:

оқушыларға үстеу және және оның құрамдық түрлерін, жасалуын, олардың айырмашылықтары, қызметі туралы жан-жақты мәлімет беріп, жаттығу жұмыстарын орындау

Ә) дамытушылық:

ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігі, тіл мәдениетін дамыту, сауаттылыққа баулу, өз ойын еркін, жатық жеткізе білуге одан әрі  дағдыландыру, өз бетімен іздене  білуге, ой қорытуға үйрету;


Б) тәрбиелік:

оқушыларды елін, жерін, Отанын қадірлей білуге, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.


Сабақта қолданылатын педагогикалық технология:

Сатылай кешенді талдау технологиясы

Сабақтың типі:

Аралас сабақ

Сабақтың түрі:

дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдістері:

Түсіндіру, баяндау, талдау,

Сабақтың оқыту құралдары және көрнекілігі:

6-сыныпқа арналған оқулық. Қазақ тілі. Авт: С. Исаев, К.Назарғалиева, Ж.Дәулетбекова. Алматы «Атамұра» 2011

Сабақтың пәнаралық байланысы:

орыс тілі, ағылшын

Сабақ барысы:

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

І. Ұйымдастыру бөлімі

-амандасу;

-түгелдеу;

-оқушының

назарын сабаққа

аудару;

-оқу


құралдарының

дайындығын

тексеру


-амандасу;

-кезекшілік

міндеттерін

атқару;


-сабаққа

дайындалу;




ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Етістіктен өткенді қайталау

(ертегі құрау)





ІІІ. Жаңа материалды қабылдауға дайындық

Сабақтың тақырыбын тақтаға жазу

Сабақ мақсатын түсіндіру








А) жаңа ұғымға байланысты жұмыс

Үстеу туралы аңыз

Ертеректе ел арасында Үстеу деген кедей жігіт туралы аңыз кеңінен таралыпты. Ол аңызды еңбектеген бала мен еңкейген кәріге дейін біледі екен...



ҮСТЕУ деген кедей жігіт болады. Ол жастайынан әке-шешесінен ерте айырылып, қиыншылықта өмір сүреді. Соған қарамастан ҮСТЕУ өнер, білімге құштар болып, халық аузындағы, ел арасындағы жырларды жаттап өсіпті. Ержетіп арман қуалап, қалаға да келеді. Ол өзі армандаған «Сөз таптары» факультетіне қабылданып, оқуын жалғастырады. Ол бұл факультетте атақты Зат есім, Сын есім, Сан есім, Есімдік, Етістік, Одағай, Еліктеу сөз, Шылаулармен бірге оқиды. Сөйтіп ол өз тобындағы Етістік деген ай десе аузы, күн десе көзі бар сұлу қызға ғашық болады. Екеуі ұзақ достасып, отау құрады. Ендігі жерде ҮСТЕУ Етістікпен бірге болып, сөйлемде қимылдың, іс-әрекеттің, сын-сапаның әр түрлі белгілерін білдіріп, өзгертуге, грамматикалық тұлғалармен түрлендіруге келмейтін сөздердің қызметін атқаратын болды. Өзінен жөн сұраған адамдарға Қашан? Қайда? Қайдан? Қалай? Қайтіп? Не себепті? деген сұрақтар арқылы жауабын беріпті. Көп ұзамай ДАРА деген ұлы мен КҮРДЕЛІ деген қызы дүниеге келеді. ҮСТЕУ ұлы ДАРАдан екі немере сүйеді. Алғашқы немересі НЕГІЗГІ өзімшіл, көппен бірге жүргенді қаламайды, біреумен бөлісіп, бөлшектенгенді ұнатпайды екен. Ол көбіне сын есімнің –РАҚ, -РЕК, -ЫРАҚ, -ІРЕК, және –ЛАУ, -ЛЕУ, -ДАУ, -ДЕУ, -ТАУ, -ТЕУ атты сымбатты қыздарымен тезірек тіл табысып, өзінен үлкендеу болса да солармен бірге жүріпті.

(Ескерту: егер осы жұрнақтар сын есімге жалғанса, үстеу болмайды.

Мысалы: жасыл-жасылдау, үлкен+үлкенірек, т.б)
Ал ТУЫНДЫ немересі керісінше көпшіл болыпты, ізіне біреулерді ілестіріп алып жүре береді екен. Сондықтан болар, оның достары көп болыпты. –ША, -ШЕ атты достарымен бұлбұлша сайрап ән айтып, өздерінше көңіл көтереді. –ЛАЙ, -ЛЕЙ, -ТАЙ, -ТЕЙ, -ДАЙ, -ДЕЙ атты достары үнемі бір-бірлеріне ақшалай сыйлық жасап, қыстай қонаққа келеді. –ДАЙЫН, -ДЕЙІН, -ТАЙЫН, -ТЕЙІН деген достары мүлде қызық, Үнемі тотыдайын таранып, сұңқардайын сыланып жүргені. –ШАМА, -ШЕМЕ, - ШАЛЫҚ, -ШЕЛІК атты достарымен кездессе болғаны, соншалық қуанатынын қайтерсің?! Ал –МАЙЫНША, -МЕЙІНШЕ, -БАЙЫНША, -БЕЙІНШЕ, -ПАЙЫНША, -ПЕЙІНШЕ деген достарына көңілі ерекше, жағдайларын сұрап білмейінше тыншымайды. Әңгімелерін тыңдамайынша үйлеріне қайтпайды.
ТУЫНДЫНЫҢ көпшіл болғаны соншалық, ертеректе танысқан ескі достарын да ұмытпайды.

Барыс септігінің көнеленуінен жасалған бірге, зорға,

Жатыс септігінің көнеленуінен жасалған баяғыда, қапыда,

Шығыс септік жалғауының көнеленуінен жасалған шетінен, тосыннан, Көмектес септік жалғауының көнеленуінен жасалған жөнімен, шынымен және т.б сол сияқты достарымен де хабарласып, араласып тұрады.



(Ескерту: Септік жалғаудың көнеленуі арқылы жасалған үстеулерді шатастыруға болмайды. Сұрақ қою арқылы ажыратылады.)
Ал қызы КҮРДЕЛІНІҢ үш қызы болыпты.

Алғашқы қызы бірігу арқылы жасалған күрделі үстеулер. Ол жаздыгүні таңертең ерте тұрғанды жақсы көреді екен.

Ал екінші қызының аты - сөздердің қосарлану немесе қайталануы арқылы жасалатын күрделі үстеулер. Ол анда-санда банкке барып, қолма-қол ақша алады екен.

Кенже қызы сөздердің тіркесуі арқылы жасалған күрделі үстеулер. Ол ала жаздай Астанада болып, әлі күнге дейін сол жақтан келмепті.

Міне, ҮСТЕУ осылай ұлын ұяға, қызын қияға қондырып бақытты ғұмыр кешіпті.


Ә) Танымдық қабілеттерін арттыруға арналған жұмыс түрлері мен тапсырма

Мақал-мәтелдерді толықтыр (табылған сөзді орысша, ағылшынша айту)

Еріншектің ....... бітпес (ертеңі) завтра, tomorrow


........жұмысты ертеңге қалдырма (бүгінгі) сегодня, today

Еріншек түске дейін ұйықтайды.


........дейін есінейді. (кешке) вечер, evening
Уақытыңның ......... өткені —
өміріңнің бос кеткені. (босқа) зря, напрасно, vainly

Адаспаймын деген адам, ........ адасады (талтүсте) полдень, midday

......... мақтама, сыртынан даттама. (көзінше) на глазах,
 


V.Жаңа білімді бекіту

1. «Артық білім кітапта» (Кітаппен жұмыс)

269- жаттығу. Берілген сөйлемдерден үстеуді тауып, сатылай кешенді талдау жасау.

Биыл Әлімнің Жарасов маслихаты бойынша машинаға алғаны- Қожахмет. Ол ауыл жартылай көшіп, Шақпаққа қонған. Үй төбесінде Ушаковтың көрінуін күтіп тұрған Байжан домалап төмен түсіп барады. Арагідік үйдегі бала-шағасын елестетіп, іші қан жылайды.

Сатылай кешенді талдау үлгісі


Үстеу




  1. Құрамына қарай

  2. Тұлғасына қарай: а)негізгі түбір

ә)туынды түбір

  1. Құрылысына қарай: а) дара

ә) күрделі

4. Лексикалық мағынасы

5. Грамматикалық мағынасы

6. Сұрағы

7. Мағынасына қарай

Мысалы:


Жартылай



  1. Бұл сөз екі құрамнан тұрады. Жарты+лай

  2. Тұлғасынан қарай: туынды

  3. Құрылысына қарай: дара

  4. Лексикалық мағынасы: іс-әрекеттің қимыл-сынын білдіріп тұр

  5. Грамматикалық мағынасы: үстеу

  6. Сұрағы: қалай?

  7. Мағынасына қарай: қимыл-сын үстеуі


2. Сергіту сағаты

«Ақсерек, Көксерек» ұлттық ойыны.

Оқушылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ үстеуі бар сөйлем құрап, екінші топқа: «Ақсерек, Көксерек! Бізден сізге кім керек?» дейді. Сол кезде екінші топ: «Ақсерек, Көксерек бізге сізден ........(үстеуді тауып, соны айтады) керек!» деп сол үстеудің жасалуын айтып береді. Ойынды кезектесіп жалғастыра береді.




VІ. Үйге тапсырма. Қорытындылау

272,273-жаттығу және үстеулерді қатыстырып жұмбақ құрау




VІІ.Бағалау







Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин
2015 -> Абай және кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет