Сабақтың тақырыбы: Су адам өмірінде. Табиғаттағы су оның физикалық қасиеттері.Қолдануы. Сабақтың мақсаты



Дата23.08.2017
өлшемі93,29 Kb.
#24888
түріСабақ
Химия пәні

8 «А» сынып

Сабақтың тақырыбы: Су адам өмірінде.Табиғаттағы су оның физикалық қасиеттері.Қолдануы.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға судың физикалық қасиеті, тіршілік үшін маңызы, табиғаттағы таралуы жөнінде түсінік беру.

Дамытушылық : Оқушылардың ізденушілік - зерттеушілік әрекеттерін жетілдіру, логикалық және сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту.Өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру, суды қорғау, тазалықты сақтау сияқты адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу, табиғатты аялап, табиғи ортаның біртұтастығын түсіндіре отырып, экологиялық, адамгершілік тәрбие беру

Сабақтағы көрнекіліктер, құралдар: Интерактивті тақтамен слайдтар көрсетіледі физикалық карта, су туралы мәтін, су құйылған ыдыстар,қант, өсімдік майы, құм,құйғы, сүзгі, қағаз, шыны таяқша.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, мәтінмен жұмыс, сұрақ - жауап, кластер құрастыру,топтық жұмыс.

Сабақтың барысы:



1. Бөлім.(1-2 мин) Ұйымдастыру, қызығушылықты арттыру (оқушылар бір біріне бүгінгі сабақта тілек айтады). Оқушыларды 5 топқа отырғызамыз. Оқушылар әр түсті қағаз таңдап, қолында бар түсті қағаз белгіленген орынға отырады
Мұғалім(5 мин): Қоңырау соғылды, сабақ та міне басталды! Ал, бүгінгі сабақ ерекше. Тақырыпты ашпастан бұрын, сендерге бір жұмбақ жасырайың , ал сендер оның шешімін табыңдар!

Аяғы жоқ, жүреді

Жоғарыдан төмендеп,

Сықылықтап күледі,

Сай саладан елеңдеп?(Су)
Сендерде «Су» деген сөзге қандай ассоциация пайда болады?

Оқушылар өздерінің ассоциацияларымен бөліседі де тақтаға жазады.

Кластер құрастыру.

Дегенмен, біздің бүгінгі кейіпкеріміз «Су». Ол туралы не білеміз?



ІІ Бөлім(3-4 мин). Өткен материалдарды еске түсіріп келесі тапсырманы орындайық.

«Сіздер келісесіздер ме?»

+1.Су – әмбебап еріткіш, ол табиғатта үш агрегаттық күйде кездеседі.

-2.Тұщы су Жер бетінде тек қана полюстерде мұз түрінде кездесді.

+.Адам денесінің 65-70%-ын су құрайды.

+4.Зат алмасу процесі сулы ортада жүреді.

+5.Су тұздармен әрекеттеседі.

-6. Су Жердегі біркелкі климаттың жағдайына әсер етпейді.

+7.Тәулігіне әр адамға 2 литр су қажет.
«+» - келісемін;

«-» - келіспеймін;

Ал балалар біз тексерейік(слайд) .
ІІІ бөлім(7-10 мин).Мәтінмен жұмыс атқару.

Су — сутегі мен оттегінің қалыпты жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялық қосылысы. Ауыз су, тіршілік көзі, ол Жер шарының 3/4 бөлігін алады, тірі ағзалардың 65-70%-ы, ал өсімдіктердің 90 % -ы судан тұрады.

Жер бетінде тіршілік ең алғаш сулы ортада пайда болды. Су — бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі.Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5% - ын су алып жатыр. Су қорларына – мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада ғана жүре алады.

Атмосфера үнемі су буымен байып отырады, себебі жер бетіндегі өзендер мен көлдер, мұхиттар мен теңіздер, мұздақтар үнемі буланады. Бірақ атмосферадағы су буының мөлшері тым көбейіп кеткенде, ол асқын қанығуға жетіп конденсацияланып, қайтадан жерге жаңбыр мен кар күйінде қайтып отырады.

Судың физикалық қасиеті.Таза су — түссіз, иіссіз, дәмсіз сұйықтық. Судың қабаты 5 м асқанда көгілдір түсті болып көрінеді.Қалыпты қысымда 100°С-та қайнайды да, 0°С-да мұзға (р=0,92 г/см3) айналады, сондықтан мұз су бетінде қалқып жүреді. Сонда оның көлемі 9 %-ға артады. Судың беткі қабатының мұзбен қапталып жатуы ондағы тіршілік иелерінің қыс мезгілінде де өмір сүруіне жағдай жасайды.

Қазіргі кезде адамзат қоғамында 1 жылда тұщы судың 3000 км3 шамасындайы жұмсалады. Суды ең көп пайдаланатын ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында пайдаланылған судың төрттен үш бөлігі қайтарылмайды. Мысалы, 1 тонна бидай өсіру үшін барлық вегетациялық кезеңде 7000 тонна, мақтаға 10000 тонна су жұмсалады.Ауыл шаруашылығында қолданылатын улы химикаттар топырақтан шайылып, суға түседі.

Су — біршама еріткіш сүйықтық, онда кептеген органикалық жөне бейорганикалық заттар ериді, бірақ олардың ерігіштіктері әр түрлі. Қатты заттардың еруін біз қант пен тұзды еріткенде, ал газ күйіндегі заттардың еруін газдалған су ішкенде немесе суды қайнатқанда бөлінген көпіршіктерді байқау арқылы көрсек, сұйық күйіндегі заттардың еруін сірке суын еріткенде байқаймыз. Сонымен суда ерімейтін зат болмайды екен.





Дистильденген су — айдау арқылы тазартылған су, ол кұрамы бойынша жаңбыр суына жақын болады. Дистильденген су арнайы зерттеу жұмыстарында, дәрі-дәрмек өндірісінде және автокөліктердің аккумуляторларына электролиттер дайындауда қолданылады.

Су бассейнінің ластануының негізгі себептері - тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу.Бұған жол беретіндері:

тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар;

өнеркәсіп орындары;

ауыл шаруашылығын химияландыру:

халық шаруашылығының басқа да салалары.
«+» - жаңа ақпарат;

«-» - түсінбедім;

«?» - қиналамын;

«V» - келісемін



ІV бөлім(5-7 мин).

Су туралы жалпы оқып, білдік енді, сабақты демонстрациялық тәжірибелер арқылы оның қасиеттерін зерттейік:



1 топ. Зерттеу жұмыстары. Судың физикалық қасиеттерін сипаттауға түрлі тәжірибелер жасалады.

А) Стакандағы суға қант салып, оның жақсы еріткіш екенін;

Ә) Судың түсі қандай? (партада түрлі түсті қағаздар жатыр, солардың көмегімен судың түсі қандай екенін анықта).

Б) Су мен өсімдік майы екеін араластырғанда не байқадындар?Судың тығыздығы анықталады;


2 топ. Картамен жұмыс. (физикалық карта)

А) Қазақстандағы ірі өзендерді атап көрсету. Жергілікті жер өзені арқылы айту.

Ә) Еліміздегі көлдерді атап және жазу. Өз жеріміздегі көлді атау.

3 топ. Оқушылар судың адам өмірінде және Жер бетіндегі тіршілік үшін маңыздылығын түсіну.Су айналымы

4 топ.Қазақстандағы су экологиясы.Суды қорғауға қандай шаралар ұсынасыздар.

5 топ. Судың тазарту әдістері.Берілген қоспаны тазарту.

Мұғалім: Әр топ өз тапсырмасын қорғайды (6-8 мин).

Топтар бір-бірін бағалайды.



V бөлім.Тест жұмысы (5-7 мин) 10 сұрақ.

1.Судың қатты күйіндегі тығыздығы:

А) 0,62 г/см3

B) 0,72 г/см3

С) 0,82 г/см3

D) 0,52 г/см3



E) 0,92 г/см3

2. Судың химиялық формуласы:

А) Н2О2

B) Н2О

С) НСl


D) HBr

E) HNO3


3. Судың салыстырмалы-молекулалық массасы:

А) 18 г/моль

B) 18 г

С) 18

D) 18 моль

E) 18 моль/г

4. Табиғатта кең таралған еріткіш:

А) қышқыл

B) тұз


С) негіз

D) су

E) оксид


5. Күрделі зат:

А) сутегі

B) оттегі

С) су

D) натрий

E) барий

6. Судың физикалық қасиеті:

А) көк түсті

B) қайнау температурасы +500С



С)дәмсіз

D) хош иісті

E) +150С қатаяды

7.Судың сұйық күйінде тығыздығы:



А) 1 г/см3

B) 0,72 г/см3

С) 0,82 г/см3

D) 0,52 г/см3

E) 0,92 г/см3

8. Судың табиғатта қанша агрегаттық күйі кездеседі:

А) 4

B) 2


С)кездеспейді

D) 3

E) 1


9.Мұз-ол судың қандай күйі:

А) сұйық


B) газ

С) амморфты



D) қатты

E) бу


10.Ешқандай қоспасы жоқ су:

А) теңіз


B) өзен

С) дистильденген

D) қайнар

E) дұрыс жауабы жоқ




Қателері слайд арқылы тексеріледі.

1 немесе қате жоқ болса-«5»

2-3 қате -«4»

4-5 қате -«3»

6 немесе одан көп болса –«2»

V Қорытындылау.Оқушыларға сабақ бойынша өздерінің кезек-кезегімен берілген сөйлемді «Су — бұл...» параққа жазуға ұсынылады.Топтан бір оқушы жазғандарын оқиды.
V Үйге тапсырма:параграф 36 оқу,тапсырмаларды орындау.

Есеп. 1 мл теңіз судың, 1 мл өзен судың, 1 мл дистельденген судың салмағы бірдей болама?


Оқушының өзін –өзі бағалау парағы.

Аты-жөні ___________________________ Сыныбы: _____
1.Топтың ұпайы

2.Тесттің бағасы



3 Менің топтағы жұмысымның бағасы

а. Маған тапсырмаларды түсінікті болуы.



ә.Менің топтағы белсенділігім.

б.Мен топқа қаншалықты пайдалы болдым .
Қорытынды баға

«МЖШОБ жалпы білім беретін №17 орта мектебі»МКМ



Химия пәнінен ашық сабақ
«Су адам өмірінде.Табиғаттағы су

оның физикалық қасиеттері.Қолдануы.»

Майсабекова А.Е.

Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет