Сабақтың тақырыбы/ Тема занятия/ Theme: Ойыншық Сабақтың үлгісі / Тип занятия/ Type of the lesson: дәріс



Дата11.07.2017
өлшемі179,89 Kb.
#21092
түріСабақ
Сабақтың жоспары

Поурочный план

The plan of the lesson

Күні/ Дата/ Date:

Топ/ Группа/ Group: Т-41

Пән/ Предмет/ Subject: Мектепке дейінгі педагогика

Сабақтың тақырыбы/ Тема занятия/ Theme: Ойыншық


Сабақтың үлгісі / Тип занятия/ Type of the lesson: дәріс

Сабақтың түрі/Вид занятия/ Kind of the lesson: аралас сабақ

Мақсаты/ Цели занятия/ Objectives :

білімдік / образовательная/ educational: Оқушы-студенттердің мектепке дейінгі жастағы

балалардың негізгі ойыншық түрлері жайында түсініктерін бекіту, олардың жұмыс

барысындағы ерекшеліктерге тоқталу,машықтанумен байланыста көрсете отырып,

таныстыру маңызын ашып көрсету.



дамытушылық/ развивающая/ developing: Өткен тақырып туралы білімдерін жүйелеп,шағын мәлімдеме жасау,құжаттармен жұмыс жасау дағдыларын,танымдық іс-әрекеттерін, белсенділіктерін дамыту,ойлауды белсенді ететін теңеу қабілеттерін дамыту.өз пікірлерін қорғай білу,таңдай білу қабілеттерін дамыту.

тәрбиелік/ воспитательная / bringing-up: елжандылыққа,кәсіби сапалы қызмет жасауға,адамдармен тіл табыса білу қабілеттілікке,азаматтық жоғары ұстанымда болуға баулу,өз мамандықтарын сүйе білуге , балалармен жұмыс барысында мейірімділікпен қарап,ілтипатты болу,жақсы көзқарастармен, ынта-ықыласқа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар/ Оборудование/ Resources: бейнетаспа,нормативті-құжаттар,қима қағаздар, сұрақтары.
Сабақтың барысы/ План занятия/ Plan:

  1. Ұйымдастыру.

  2. Үй тапсырмасын сұрау

  3. Мақсатқа жету

  4. Жаңа тақырыпты хабарлау.

  5. Материалды бекіту.

  6. Үй тапсырмасы

  7. Қорытынды жасау.

Сабақ барысы.

1.Ұйымдастыру бөлімі. Үш тілде амандасу. Сәламатсыздар ма?Здравствуйте,Good morning..

Жалғыз саусақ тіпті де

Ұстай алмас жіпті де

Екі саусақ бірікті

Ине қолға ілікті

Үш саусағым орамды

Жүгіртеді қаламды

Өнерлі екен он саусақ

Қала салсақ, жол салсақ.



2.Үй тапсырмасын сұрау

-бағдарламамен жұмыс;

-жеке ойын іс-әрекеттерін ұйымдастыру шарттарына тоқталу;

.Мақсатқа жету Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 23 – бабында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту мәселелеріне баса назар аударылған. "Білім беру жүйесінің міндеттері: азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу, әлемдік және респбуликадағы басқа халықтардың тарихын, әдет – ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу" деп айырықша атап көрсетілген.

4.Жаңа тақырыпты хабарлау.

.Біз неліктен бұл тақырыпты өтеміз? Қалай ойлайсыңдар?

атты дәріс ұсынылады.

Тақырыбы:

Жоспар:


  1. Ойыншықтың шығуы және мәні

  2. Ойыншыктардың түрі

  3. .Ойыншықтарға қойлатың талаптар

5.Дәріс барысында оқушылармен жүргізілетін жұмыстар:

-Сергіту сәті. Денсаулықты нығайту мақсатында топпен жүргізілетін жаттығу жұмысы үш тілде студенттер дайындығымен жүреді.

-Қима қағазбен жұмыс.

6.Дәрісті меңгерулерін тексеру

Ойыншық ...деген сөзге дәріс барысында алған білімдерін жинақтап жауап беру.Әрқайсысы өз ойларын айтады.

Үй тапсырмасы. Бағдарламамен жұмыс.

Әдебиет/ Литература/ Literature:


  1. Отбасы және балабақша \\ Дошкольная педагогика под ред.В.И.Логиновой и П.Г.Саморуковой. М., П., 1988 г. Бабанский Ю. Педагогика, 1983

  2. Дошкольная педагогика под ред. Ядешко В.И. и Ф.А.Сохиной М., П.. 1986 г

  3. Байтұрсын ұлы А Шығармалары. Алматы 1989


Тақырыбы: Ойыншықтар.

Жоспар:

  1. Ойыншықтың шығуы және мәні

  2. Ойыншыктардың түрі

  3. Ойыншықтарға қойлатың талаптар

1.Ойыншықтың шығу тарихы.оның бала өміріндегі мәні.

Ойыншык — әдейі балалар ойынына арналып жасалған зат. Оны пай­далану баланың ой-өрісін кенейтуге, онда бейнеленген заттар мен өмір күбылыстарына деген ықыласын тэрбиелеуге, дербестігін дамытуға көмек-теседі. Ойыншыктармен ойналатын бірлескен ойындарда балалардын еза­ра достық қарым-катынастары, өз іс-әрекеттерін үйлестіру қабілеті калып­тасады.

Ойыншыктын балалар өмірінде үлкен роль аткаратынын Н. К- Круп­ская атап көрсетті. «Балдырғандарға арналған ойыншыктар туралы» ма-каласында ол былай жеп жазды: «Біз балалар ойыншығы туралы мәселе-ге ересек адамға кандай ойыншық ұнайды деген тұрғыдан карай алмай-мыз. Біз ойыншык туралы мәселеге балаға не ұнайды және оған не керек ,деген түрғыдан қарауға тиіспіз».

Н, К- Крупская ойыншыкта өмірдің нақты кұбылыстары, адамдардын, жануарлардын образдары шынайы бейнеленген болуға тиіс деп көрсетті. Ол баланын жас ерекшеліктерін зерттеуге, соларға сәйкес ойыншыктар жасауға және іріктеуге шақырды. «Ересек адам баланын жас ерекшелік-терін мүкият зерттеуге тиіс. Ойыншық жасаушылар да осыны істеуге тиіс, өйткені онысыз ойыншық баланы шынымен куантпайды, онык өсуіне, да­муына көмектеспейді».

А. М. Горький балаларға дүние жүзі туралы, өз елі туралы білім беру қажет екенін айта келіп, былай деп жазды: «Бұған кызыкты, акылды және қарапайым жазылған шағын кітап аркылы әбден жетуге болады, ал кы­зыкты ойыншык аркылы жету одан да оңайырак»3. Ойыншықтын жэне ойыншық — былай алғанда, нәзік зат, оның өмірі де ойыншық өндірі кыска, сондыктан ойыншыктын пайда болған уақытын сінін тарихы аныктау өте киын. Ен алғашкы ойыншыктардың бала күшіне лайыкталған енбек күралы болғаны айдан анык. Кішкене садақ, жебе түп нұскасына үксас еді. Оны"балалардын мер-гендігін, дәлдігін, козғалыстарының үйлесімдігін дамыту үшін ересектер жасап беретін. Балалар оны анға шығу, андар мен кұстарды аулау ойы­нында пайдаланды. Едэуір кейінірек аңдарды, кұстарды, адам кескінін бейнелейтін ойыншыктар табылды.

Көпке дейін ойыншықты семьяда балалардын «көңілін аулау» үшін ересектер жасап келді. Ойыншыктар балаларға деген сүйіспеншілікті, оларды куантуға, алдандыруға, бірдеңені үйретуге деген ыкыласты бей-нелейді. Ойыншык жасауда творчестволык ой үшкырлығы, балалардынмүддесін, тілегін түсінушілік көрініс тапты. Ойыншык адам енбегінін си-патты белгілерін, табиғатка деген сүйіспеншілікті, табиғатты тануды, жануарлардын, кұстардын ерекшеліктері мен мінез-кылыктарын белгіле-ді. Ойыншыктардын бояуы ашык, формасы айкын, мәнерлі және түсінікті

болды.

Неғұрлым талантты шеберлер ойыншыктарды өзінін балалары үшін ғана емес, сату үшін де істей бастады. Біртіндеп ойыншык жасау кәсібі пайда болды. Россияда ірі ойыншык кәсібі Москва түбіндегі Богородское селосында болды (тарихи документтерде ол туралы түңғыш рет 1663 жы­лы айтылады). Богородскоенін шеберлері ағаштан ойып аю жасауға ерек­ше көніл бөлді. Ойыншыкта ол колапайсыз, маймақ табан орман турғыны-нын сипатты белгілеріне лайык бейнеленді, сондай-ак енбек сүйгіштік, білім күмарлык, думанға, музыкаға құмарлык секілді адам қасиеттерімен суреттелді.



Москва облысыньщ Подольск ауданындағы Бабенки селосында 1911 жылы орыс шеберлерінін артелі ұйымдасты, олардын токарьлык станок-пен әрлеген ойыншыктар: конустар, түрлі түсті шығыршықтардан мунара-лар, жиналмалы ойыншыктар, кеспекшелер, тізбекшелер жасаумен атта-ры шыкты. Бабенки ойыншықтары формасынын айқындығымен, түсінік тазалығымен жэие сонылығымен ерекшеленеді, олардын конструкциясы-нын қарапайымдығы ойыншыктармен алуан түрлі әрекеттер жасауға мүм-кіндік береді.

Нижегород губерниясында (қазіргі Горький облысы) Хохлома село­сында ағаш ойыншыктар (самауыр, шыны аяк, т. б.) жасайтын шеберлер оларды алтын түсті қызғылт бояумен әшекейледі. Городец селосындағы шеберлер ағаштан теке, ат,- бұкалар ойып жасады, Семенове селосында матрёшкалар жасалды. Бүлардын күндылығы ғажайып көріктілігінде, кызғылықтылығында. Вятск губерниясындағы (казіргі Киров облысы) Дымково селосында саздан жасалған (дымково) ойыншык ерте заманнан бері бар, онын ерекшелігі — формасынын әдемілігі мен әшекейлерініц айшыктылығы, көркемдігі. «Көнілді түтіндер»—деп атайды халық бүл ойыншыктарды. Оларды ен тұнғыш жасаған — шаруа әйелі Анна Мезд-рина (1853—1938). Өз ерекшелігі бар талантты ойыншык суретшісі Е.Кош­кина да кеңінен мәлім. Мездрина мен Кошкина өмірде көргендерін: үстіне кен юбка, басына калпак киген, колына шатыр ұстаған, бес биенін саба-сындай, кербезденген бай бәйбішелерді, сыкиған сэнкойларды, гусарлар-ды ойыншыктарда бейнеледі. Күлкілі пішімдерінде егжей-тегжейлі сурет-теу жок, бірак прототипке тән белгілер — киімі, қозғалысы, көніл күйі бейнеленген; бұлар өте нәзік, өте дәл байкалған, айқын берілген.

Төңкерістен кейін ойыншык өндірісі тез оркендей бастады. Суретші шеберлердін енбектерінде жана өмір бсйнесін тапты, заман тақырыбы: «Чапаев тачанкасы», «Колхоз деревнясы», «Өзен порты», «Космодром», т. б. пайда болды. Ойыншыктарда нағыз халыктық дәстүрлер: әдемілік, бейнелілік, шарттылык, балалар үшін тартымдылык, сақталып қалды.

Біздің елімізде ойыншық жасау мемлекеттік іс болып табылады. Ойын­шык такырыптарына талдау жасау, оларды көркемдеу балалардын психо-логиясын, ойыншыктын баланы тәрбиелеуші жэне дамытушы ыкпалын ескере отырып, ғылыми негізде жүргізіледі. 1932 жылы Загорск каласында Ойыншык ғылыми-зерттеу институты қүрылды, онда суретшілер, мүсін-шілер, инженерлер, педагогтар жұмыс істейді. Институттын міндетіне ойыншық шығаратын кәсіпорындарға техникалык жэне консультациялык көмек корсету жатады.



Ойыншықтың өмірлік мәні.

Е.А.Аркин ойыншыққа өте көп мән берді:



  • Баланы сезімге бөлейді

  • Айырлмас , тыңдайтын дос.

  • Балаға ақыл береді


2.Ойыншықтардың жіктелуі

Ойыншық түрлері

Ойыншықтар бөлінеді:


  1. материалмен

  2. дайындалуы бойынша (халықтық, қолданжасалған)

  3. дайындалуы бойынша (А.С.Макаренко)

  4. әр түрлі ойындарда қолданылады:

  • сюжетті-бейнелі

  • техникалық

  • құрылыс

  • дидактикалық

  • спорттық

  • музыкалды

  • театр

  • ойыншық ермектер

  • маскарадтық-шыршалық

Түсінікті жэне кызыкты формада ойыншыктар балалардын өмір күбы-лыстарын, окиғаларын творчестволыкпен бейнелеуге, бірлесіп ойнауға ықыласын күшейтуге тиіс, мүндай бірлескен ойындарда достык карым-катынас, өз тілегін күрбыластарынын тілегімен үйлестіре білушілік, үйым-шылдык, өзара көмек, әділдік, адалдык касиеттері калыптасады.

Ойыншык икемді болуға, балалардын алуан түрлі әрекеттер жасауына мүмкіндік беретіндей болуға тиіс. Жануарлардың, куыршактардын, т. б. сірескен кескініндегі ойыншыктар бүл талапка сай келмейді.

Ойыншықтарда түп нүска ақжарқын әзілмен, көңілді, кызғылыкты, бірақ келекеге, каррикатураға айналдырылмай бейнеленуі мүмкін. Ойын­шык типтілікті бейнелеуге, жаксы көркемделген болуға тиіс.

Ойыншықтарға койылатын гигиеналық талаптар оларды пайдаланудын қауіпсіз болуын көздейді. Олар берік және қауіпсіз бояулармен сырлана-ды және гигиеналык ендеуге (жууға, дезинфекцияланған ерітіндімен сүр-туге, өтектеуге) онай болуы керек. Ойыншық турлері Ойыншықта ен айкын көрінетіні — оның прототипі (образы), яғни ол бейнелейтін жэне баланы тартатын нәрсе: ойыншык куыршак, аңдар, үй жануарлары, машиналар, ыдыс-аяк, мебель, т. т. Образды ойыншыктардың үлкен тобын кұрайтын да осы ойыншыктар. Кейде оларды сюжетті, сюжетті-образды ойыншык­тар деп те атайды, өйткені олар ойын сюжетін аныктайды.

Сюжетті-образды ойыншыктар тобында орталық орынды куыршак ала­ды. Балалардын алуан түрлі әсері сонымен байланысты. Ойын кезінде олар куыршакка жан бітіргендей болады, онымен сөйлеседі, өзінің сырын, куанышын айтады, оған камкорлык жасайды.

Балалардын куыршакка жан бітіретін себебі — ойыннын ақикаттығы-на сенеді. Ойыннан тыс мезгілде олар, әрине, қуыршактын тірі емес, ойын­шык екенін біледі.

Екі кыз (5,5 жэне 6 жастағы) куыршакты алып, серуендеуге шыкты, бірак баска ойынға елігіп кетіп, куыршак шанадан тусіп калды. Бұған естияр топтан бір бала назар аударды. «Куыршак карға күлады, енді ол ауырып, жөтеледі, оған дәрі беру керек»—деді ол қапаланып. Үлкендеу кыз: «Костик, сен әлі кіш-кентайсыц, сондықтан қуыршактың тірі емес, ойыншык екенін білмейсін»,—деп жауап кайырды.

Қуыршақтар эр түрлі болады да, көбінесе олар балаларды бейнёлейді. Балалар бакшасында түрлі мамандыктың, түрлі үлттык ересек адамдарын бейнелейтін куыршақтар да болуға тиіс.

Пәтер, мебель, ыдыс-аяк, әшекейлер, тұрмыстық техника бүйымдары, киім-кешек, т. б. бар жерде қуыршакпен ойналатын ойындар неғұрлым мазмүнды болады.

Андарды, үй жануарларын бейнелейтін ойыншыктар да сюжетті-образ-ды ойыншықтарға жатады. Сәбилердің сүйікті ойыншығы — мехтан неме­се пүліштен жасаған аюдык баласы — жып-жылы, сүп-сүйкімді. Ол бала­ларды орманның колапайсыз, ак көціл тұрғынынын бейнесі, көптеген ертегілердін кейіпкері ретінде тартады. Олар ойыншықты «Мишенька», «Мишутка». «Досым» деп еркелетіп атайды. Балалар аюларды, кояндарды, мысықтарды, иттерді, лактарды тамақтандырады, әлдилеп үйықтатады, ем-дейді, олармен бірге серуенге шығады.

Сюжетті-образды ойыншыктардың ішінде ертегі кейіпкерлерін бейие-лейтін ойыншыктар («Шалкан», «Үш аю», «Жеті лак», т. б.) ерекше орын алады. Мүндай ойыншықтармен ойнаған кезде ертегі жанданып кетеді. Олар драматизация ойынынын кайнар бүлағы болып табылады.

Техникалык ойыншыктар өмірге барған сайын көбірек еніп келеді. Олардыц көбі серіппеніц (бұрамалы ойыншыктар), электрдіц, ек-пінді қозғағыштыц жәрдемімен жүреді; алыстан басқарылатын ойыншык­тар да бар. Техникалык ойыншыктар мазмуны жағынан алуан түрлі. Олар козғалыс кұралдарын (автомашиналар, корабльдер, самолеттер), ецбекте пайдаланылатын техниканы (тракторлар, комбайндар, көтергіш крандар, самосвалдар), байланыс пен информация кұралдарын (телефондар, радио, телевизорлар, телеграф) бейнелейді. Киноаппараттар, филмоскоптар, эпи-диаскоптар да соларға жатады. Конструктор типтес ойыншыкта, бөлшек-тер жинағынан балалардын өздері жасайтын ойыншыктар кеңінен таралған. Техникалык ойыншыктар балалардын білім кұмарлығын, кон-струкциялык ойлау қабілетін, творчествосын дамытуға көмектеседі.

Ермек ойыншықтары — андардың, жануарлардың, адамдар-дың күлдіргі пішіндері. Олар бастауын халық ойыншыктарынан, ішінара халықтық театр ойындарынан алады. Олар кимылға, тосындыққа, ке-неттікке негізделген. Олардың мақсаты — балалардыц көңілін аулау, кө-цілді күлкі туғызу, қуанышқа, ренішке бірге әсерлену, әзіл-калжыц сезімін тэрбиелеу, т. т. Еңіс тактайдың үстімен бара жаткан танаға карап түрып, балалар: «Құлап кетеді-ау!»—деп елеңдеумен болады. Тана аман-есен түскен кезде, бәрі күледі. Билеп жүрген торайдык ырғағымен бала­лар қол соғып, ездері де билеп түрады. Ёрмек ойыншыктар сэбилер үшін былайша да кызык; ал ересектер тананың неге жүретінін, бақаның неге секіретінін, музыканттыц неге ойнайтынын білгісі келеді.

Маскарад, ёлка ойыншыктары жаңа жылды мейрамдау-мен байланысты. Балалар.жасынан-ак бүл ойыншыктар ёлканык сыйы екенін, оны әдемі, көрікті ететінін түсінеді. Ёлка ойыншықтары оларды куанышқа бөлейді, шаттандырады әрі сонымен бірге сәнді кимылдарды дамытуға, нәзік заттарды абайлап үстауға үйретеді.

Маскарад ойыншықтары қайсыбір кейіпкерді болмашы бір жерімен (кұйрығы, қүлағы, түмысығы) ғана еске түсіреді, бірак балалардын ой-науы үшін — образға беріліп кетуі үшін соныц өзі-ақ жетіп жатыр.

Спорттық моторлы ойыншыктар ерекше тип болып та­былады, олар дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған. Олар балалардын қимыл белсенділігін арттыруға, кимыл үйлесімділігін, кеңістікті бағдарлауын, ептілігін, батылдығын дамытуға көмектеседі. Бұл ойыншыктарды бірнеше топка белуге болады.

1 -топ — сенсорномоторлык аппаратты дамытатын, майда бұлшық еттерді шынықтыратын, колдык коспасы мен саусактардын қимыл үйле-сімдігін, ептілікті, козбен молшерлеуді, кимылдыц дәлдігін және тапкыр-лықты дамытуға көмектесетін ойыншыктар (зырылдауықтар, моншактар және т. б.).

2-топ—қолдыц қары мен иықтың бүлшық еттерін шыныктыруға, қ°л мен дене тұркының күшін, ептілігін, қимыл үйлесімділігін дамытуға арналған ойыншыктар (бильбоке, серсо, шеқберлер, доптар, пропеллерлер, сакина лактырғыштар, кегльдер, т. б.).

3-топ — жүгіруді, секіруді дамытуға, аяк пен дененін бұлшық етте-рін шыныктыруға көмектесетін ойыншыктар (сүйрейтін арбашалар, шец-берлер, секіретін жіптер, ағаш аттар, конькилер, роликтер, велосипедтер, педальды автомобильдер, т. б.). Жіп таккан және таяқ кадаған сүйрейтін арбашаларды көбінесе кішкентай балалар пайдаланады, бүлар жүріп, жү-гіріп жаттығуға көмектеседі. Бұл ойыншыктар балаларды әдемі көркем-делуімен (кейде оларды түрлі түсті шариктермен, сылдырмақтармен бе-зендіріп, күстың, диірменнін, т. б. бейнесі жасалады) және жүре алатын-дығымен кызыктырады.

4-топ топталып ойнауға арналған ойыншыктардан күралады, олар-да балалар кимыл дәлдігі, шапшацдығы, ептілігі жөнінде жарысады (стол үстінде ойналатын крокет, баскетбол, пинг-понг). Олар коллективтік өзара карым-катынастын дамуына көмектеседі, кимыл ептілігін, соккынын кү-шін шамалай білу, өз қимылыцды жолдасыңнын кимылымен үйлестіре бі-лу кабілетін дамытады.

Балалар бакшасында барлык топтардың спорттык моторлы ойыншық-тары іріктеліп алынған болуы тиіс; тек сонда ғана ойындарды бслгілі жүйемен жүргізуге болады.

Балаларға эстетикалык тэрбие беру үшін музыкалы жэне ды­быс шығаратын ойыншыктарды н: сылдырауыктардын, кіш-кене коңыраулардын, сылдырмақтардын, сыбызғылардык, кішкене орган-дардын және музыкалык аспаптарды бейнелейтін баска да ойыншыктар-дын (пианино, рояль, балалайка, цимбала, т. б.) зор манызы бар. Олар балалардын дыбыска, эуенге деген ықыласын қанағаттандырады, оларды әннін, марштың әуенін қайталап айтуға қүлшындырады. Тәрбиеші ойын­шык шығаратын дыбыстың таза болуын, әуенді айнытпай қайталауын ка-дағалап отырады, құлаққа жағымсыз ащы, тым катты дыбыстардыц шығуына жол бермейді.

Театр ойыншықта'ры мазмүны жағынан образды ойыншыктар болып табылады, бірақ олардын езінің педагогикалык орны бар, ол — эстетикалык тэрбие беру, сөйлеу мен ойлау, киялдау, кайталап айту кабі-летін дамыту максатына кызмет ету. Олар мейлінше алуан түрлі. Ен коп тараған куыршак актері Петрушка — балалар өмірінін шат көніл серігі, көптеген ойын-сауык катысушысы. Ол калжынбас әрі тентек жэне бала­ларга не жаксы, не жаман екенін айтып беретін талапкер ұстаз. Сондай-ак бибабо куыршак жүмсакта катты кимылды биялай-ойыншық кенінен пайдаланылады, колға кигенде бір саусакка басы екі саусак — екі қолына кигізіледі. Куыршакты ойнату үшін әбден жаттығып, машықтану керек болады. Алғашкы кезде бул куыршак балаларға арналады, бірақ мектеп­ке дейінгі ересектер біртіндеп куыршакты шымылдыктыц үстімен алып жүрудіц карапайым дағдыларын меңгереді.

Театр куыршактарын корсету тексті айтумен қосакталып жүргізіледі, сондыктан мундай ойыншыктармен ойнау дурыс жэне мәнерлеп сөйлеуді, тыңдай білуді, репликаны дер кезінде айта білуді дамытуға көмектеседі.

Дидактикалык ойыншықтарға ерекше орын беріледі. Олар баланы сен­сорлык жэне акыл-ой жағынан дамытуға жэне үйретуге бағытталған. Бү-лар халыктық дидактикалык ойыншыктар — түрлі түсті шарлар, пирами-далар, матрёшкалар, санырауқұлактар, кеспекшелер, үсақ ойыншыктар (вкладыш, бирюльки, т. б.), сондай-ак олар қүрастыруға арналған алуан түрлі ойыншыктар — мозаика, таякшалар, т. б. Стол үстінде ойнайтын жэне қағазға басылған ойындар; лото, жұптас суреттер, квартеттер, кубик-тер ерекше ойын түрлерін қүрайды.

Дидактикалык ойыншыктардын тамаша жері сол, бала олармен ойнай

отырып, шешу шарты ойыншык кұрылымынын өзінде жаткан міндеттерді шешеді жэне ойын процесінде өзін-өзі тексереді (мысалы, матрёшканы, пирамиданы жинау жэне қайта бөлу). Ол дидактикалык ойыншыктын барлык касиетін үнемі байкай бермеуі мүмкін, сондыктан тәрбиеші арнау­лы ойындарда оларды коре білуді үйретеді.

Дайын ойыншык балаларды көптеген заттармен таныстырады, олардын адам өміріндегі қызметін түсінуге көмектеседі, оларды пайдалана білуге үйретеді. Әрбір ойында ойыншыкка баланын ойы мен қиялынан туған ерекше талап койылады. Дайын ойыншык көп жағдайда баланын ойын жүзеге асыруда инициатива, дербестік көрсетуіне кедергі жасайды. Оны ойынға арналған ойыншыктар мен көмекші күралдардың ассортиментіне кіретін кұрылыс материалдары толтырады. Олардыц кызме-ті — балалардыц зейінін, тапқырлығын, конструкциялық қабілетін дамы­ту. Кұрылыс ойын материалдарымен ойнау балаларды ой жэне іс-әрекет бірлігімен, мақсатқа жету — кұрылыс салу күштарлығымен біріктіреді.

Конструкциялык-күрылыс жинактарыныц бәрінің дерлік негізін кұрай-тын геометриялық денелер: куб, призма, конус, цилиндр, олар неғүрлым түракты жэне бір-бірімен ұштаса келе мейлінше алуан түрлі кұрылыстар салуға мүмкіндік береді. Қосымша формалар (аркалар, тактайлар, бела-ғаштар, шенберлер, жүлдыздар т. т.), жеткілікті болған жағдайда балалар тартымды ғимараттар түрғызып, соның төцірегінде ойындар үйымдастыра-ды. Сэбилер топтары үшін өзініц әдемілігімен балаларды куантатын, олар­мен ойдағыдай жүмыс істеуді камтамасыз ететін түрлі түсті күрылыс материалы беріледі. Олар кішкене орындыктар жасап, кақпалар дуалдар, үйлер т. б. тұрғызады. Ересек балалар күрделі кұрылыстар: метро, вокзал, клуб, т. б. салады.

Колдан жасалған ойыншыктарды балалардын өздері немесе ата-ана­лар, тәрбиеші жасайды. Бұлар өнеркәсіптік ойыншық өндірісі әлі жок кез-дегі көптеген үрпақтардын балалық шағыныц айнымас серігі болып кел­ген. Олар өз маңызын қазірде де жоғалтқан жок, Ең карапайым ойыншық істегенніц өзінде бала ойланып толғанады, киыншылыктарды жецеді, сәт-ті шыкса, куанады. Өзінін творчестволык, жасампаздык қызметінде ол жолдастарымен қатынас іздейді, оларға бірге ойнауды ұсынады.

Ойыншык жасау — баланыц шамасы келетін әрі куанышқа бөлейтін енбек. Материалды ойыншыққа айналдыру процесінде бала алуан түрлі әсерге — тац қалу, қуанышпен күту, ой жұмсау мен практикалык іс-әрекет жасаудан, өзініц мүмкіндіктерін, дербестігін түсінуден қанағат алу сезімі-не кенеледі. Ойыншык жасаған кезде және тіпті оны ересектердіц Жасаға-нын көргенде немесе жасауға өзі катысканда мектеп жасына дейінгі бала куанышқа бөленеді, жасампаздык іс-әрекетке кұлшынады. Сонымен бірге ойыншықты өзі үшін ғана емес, баскалар үшін де жасауға қалыптаса бас-таган әзірлік қасиетініц адамгершілік тэрбие беруде зор мацызы бар.

Қолдан жасалатын ойыншыктар үшін табиғи материал кецінен пайда­ланылады. Балалар орманда, паркте серуендеген кезде мұқият карап жү-Реді, орман жацалығын іздейді, негізгі образды жеке бөлшектермен то-лыктырып, өздерін куантатын ойыншыктар жасайды. Мәселен, кайынның кішкене бүтағы ертегідегі кұсқа ұксап түруы мүмкін, ал соған қанат жа-^ай койса, бүл бейне жанданып сала береді. Еменніц бүрінен, жацғағынан балалар қустар, адам жасайды. Табиғи материалдар ойыншық қүрастыру

мектеп жасына дейінгі балалардын қызықты жэне өте пайдалы ермегі.

Колдан ойыншыктар жасау үшін аса тәуір материал — саз балшык. Балалар одан адам, жануар, күнделікті түтынылатын заттар жасайды. ^Үйдіру бұл ойыншыктарды берік етеді, оларды кенінен пайдалануға, бас-таЛгРҒа- сыиға тартуға мүмкіндік береді. Әрине, күйдіру жүмысын әрбиеші істейді, ал оның ойыншық жасауға катысуы, акыл-кецес беруі,

рыс. Бір ойыншықтардың басқа бір ойыншыктарды тасаламай, көрініп тұруын камтамасыз ету қажет.

Ойыншыктарды ойнауға әзірлеуге жэне ойнап болғаннан кейін жинап коюға жұмсалатын уақыт та елеулі роль атқарады. Ірі құрылыс материа­лын эдетте құрылыс ойындары өткізілетін жерге жақынырақ жинаған дұрыс. Дидактикалык жэне сюжетті-образды ойындар үшін подностардын, кейде кішкентай кәрзеңкелердін болғаны жақсы, олармен бұл ойыншык­тарды столға немесе ойын өтетін жерге апару, ойыннан сон Жинау оңай болады. Сонымен бірге мұндай тәсіл балаларды ойыншықтарға ұқыпты қарауға, ұйымшыл іс-әрекетке, тәртіптілік сезіміне тәрбиелейді.

Музыкалы ойыншыктарды дыбыс үнінін жақсы сақталуы үшін әйнек-телген шағын шкафтардық ішінде сақтаған жақсы. Дидактикалык ойын­шыктар арнайы шкафтарда сақталады.



  1. Ойыншықтарға қойылатын талаптар. Әр топтарға ойыншық таңдау.

Ойыншықтардың орналасуы орынды ғана емес, тартымды да болуға тиіс. Бірге орналастырылған халықтық дидактикалык ойыншыктар неше түрлі түр, көлем, формамен құлпырып, көз қуантады. Сюжетті-образды ойыншыктар — қуыршақтар, аңдар, үй жануарлары — бейне бір өзіне шақырып, балаларды күтіп тұрған сияқты эсер етеді.

Ойыншыктарды сақтау тәртібі белгілі дәрежеде ғана тұрақты, яғни өзгерістерге жол беретіндей болуға тиіс. Қуыршақтарды пайдалану оцтай-лы болу үшін, олардын орналасуы эстетикалык тұрғыда, топтын жалпы көркемдігінің шырқын бұзбайтын болуы үшін балалар, әсіресе мектепке дейінгі ересектер оқтын-оқтын қуыршақтарды қалай орналастыру керек екенін талқылауға қатыстырылып тұрады.

Балалар ойнап болған соң ойыншыктар патшалығында толық тәртіп орнатылуға тиіс. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойыншыктарды тәртіп-теп қалдыруға үйрету — оларды ерте жастан ақылға қонымды ықтиятты-лыққа, ұйымшылдыққа, үқыптылыққа, маңайындағылардың еңбегін құр-меттеуге тэрбиелеу деген сөз.

.Ойыншыққа Негізгі талаптардың бірі — ойыншык мазмұнының қойылатын идеялық бағыты, коммунистік тәрбие міндеттеріне талаптар сәйкестігі. Ойыншықтарда совет халқының өмірі, бей-бітшілік жолындағы күрес, жасампаз енбек, адамға гуманистік көзқарас, адамдардын достық пен жолдастыққа негізделген өзара қарым-қатынасы, мәдениеттін, ғылымның, техниканыц дамуы бейнесін табады. Мэсе­лен, ойыншықтардын арасында еліміздін, баска елдердін әр түрлі халыктарынын өкілдерін бейнелейтін куыршактар, балалардын осы заманғы транспорт, байланыс құралдарымен танысуына мүмкіндік беретін техникалык ойыншыктар (самолеттер, электровоздар, телефон, т. т.) көп.



Педагогикалық талаптар:

      • идейялық бағытта

      • динамикалық

      • әзіл

      • типтік

      • эстетикалық

Гигиеналық талаптар:

      • қауіпсіз

      • спалы боялған

      • жууға қолайлы

Бекіту сұрақтары:

  1. Ойыншықтың шығу тарихы.оның бала өміріндегі мәні.

  2. Ойыншықтардың жіктелуі

  3. Ойыншықтарға қойылатын талаптар. Әр топтарға ойыншық таңдау.

Үй тапсырмасы: Әр топқа арналған ойыншықтар туралы жазу
Каталог: uploads -> doc -> 09c0
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
09c0 -> Сабақ мақсаты : : «Өзін-өзі тану» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту
09c0 -> Сабақтың тақырыбы: Әр түрлі қашықтықтан допты беру және қабылдау. Өтілетін орны: Футбол алаңы
09c0 -> 10 сынып биология пәнінен «Цитология. Цитологияның міндеттері» бөлімдері бойынша орта мерзімді жоспар
09c0 -> Сабақ тақырыбы: Ш. Мұртаза «Тұтқын бала». Бала Тұрар бейнесі Мақсаты: Бала Тұрар бейнесін жан жақты ашу


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет