Сабақтың тақырыбы Тәуелсіздік монументі (Шөмішбай Сариев) Жалпы мақсаты



Дата02.07.2018
өлшемі22,74 Kb.
#45748
түріСабақ

13.12.2014ж

Ашық сабақ

Сыныбы

4 «б»

Пәні

Әдебиеттік оқу

Мұғалімі

Далабаева Нагима Коптилеуовна

Сабақтың тақырыбы

Тәуелсіздік монументі (Шөмішбай Сариев)

Жалпы мақсаты

Автор туралы түсінік беру. Оқушылардың мәтіндегі түйінді ойды ашуына жағдай жасау. Жаңа біліммен қарулану. Тәуелсіз елімізді құрметтей ,сыйлай білуге үйрете отырып тәрбиелеу. Мәнерлеп түсініп сауатты оқуға баулу. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы мәтіннің тәрбиелік мәнін ашу.

Іс-әрекет

1. АКТ-ны пайдалану арқылы жаңа түсініктер алу.

2.Сыни тұрғыдан ойлау модулі бойынша берілген тапсырмаларды орындату..

3.Тапсырмаларды постер арқылы қорғау

4.Бағалау.



Сабаққа қажетті көрнекіліклер

Оқулық, слайд, тапсырма қағаздары , А3 қағазы, оқушыларды бағалау критерийлері.

Оқыту нәтижелері

1.Тәуелсіздік монументі туралы толығырақ ақпарат алады.

2. Өлеңнің мазмұнын түсінеді, өз пікірлерін қоса айтып отырады.

3. Топпен жұмыс істей отырып, пікірлерін айтады және тыңдайды. Белсенділігін арттырады.

4. Өз бетімен жұмыс. Тәуелсіздік туралы жаттаған тақпақтарын ортаға салып айтады.







Дәптермен жұмыс.


Тапсырмалар

Топтық жұмыс

Шығармашылық жұмыс

Жеке оқушымен жұмыс


Үйге тапсырма

Өлеңді түсініп оқу.

Өлеңнің ұнаған шумағын жаттап ал.



Кейінгі тапсырма

Рефлекция «Аяқталмаған сөйлем»

Бүгінгі сабақта мен...білдім.

Бүгінгі сабақта маған....ұнады..Ой толғау.


Бағалау

топтық , өзін-өзі бағалау.



Сабақтың барысы


1. Ұйымдастыру кезеңі:

1-2m

Сабаққа дайындықтарын тексеру.


2. Үй жұмысын тексеру.

«Балықшының баласы» А.Құдайбергенов.

3. Психологиялық дайындық
1m

Күн шуағы

Қайырлы күн,достар!

Бүгінгі күн, міне,

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз

Кілең бестіктер болсын!!!




Топқа бөлу:

1m

Мемлекеттік рәміздердің суреті арқылы 3 топқа бөлу (ту, елтаңба, гимн)

4.Қызығушылықты ояту.1-2m

Экранда еліміздің танымал монументтерінің суреттері көрсетіледі.

5. Ой шақыру.

1m

- 1986 жылы Алматыда қандай оқиға болды?

- Оқиға туралы не білесіңдер?

- 16 желтоқсан күні еліміз үлкен мерекені атап өткелі отыр? Ол қандай мереке? Биыл Тәуелсіздігімізге неше жыл толады?

Экранға назар аударайық.(Экранда ескерткіштің суреті ашылады).

Сұрақ: Суретке қарап не айтар едіңдер? Бұл не? (Ескерткіш)


6.Мағынаны тану.

2-3m

Иә, бұл «Тәуелсіздік ескерткіші». Тәуелсіздіктің бес жылдығына орай Алматы қаласында 1996 жылы 16 желтоқсанда бой көтерді.Ескерткіштің авторларының бас жетекшісі Шотаман Ыдырысұлы Уәлиханов. Биіктігі 28метр.

Төменгі бөлігі қауызы ашылмаған қызғалдақ тәрізді, алдында Қазақстанның елтаңбасы бейнеленген.

Қанатты барыс бейнесі еліміздің тұрақтылығын, мықтылығын бейнелейді.

Ұшар басында сақ жауынгердің бейнесі, дұлығалы Алтын адам. Биіктігі 6 метр, салмағы 4 тонна. Алтын адам- Қазақстанның азаттық символы.




Сабақ тақырыбын ашу


Бұл біздің, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы. Яғни, Шөмішбай Сариевтің «Тәуелсіздік монументі» өлеңімен танысу.

Алдымен ақынның өмірбаянымен таныс болайық.



7.Оқулықпен жұмыс.

Оқушылар топпен өлеңді мәнерлеп оқып, мағынасын ашады.

Дәптермен жұмыс

Тақырыпты жазу

Жаңа сөздердің мағынасын жазу



Логикалық ойлауға жетелеу





  • Өлеңде қандай монумент туралы айтылған? Ол жөнінде не білдіңдер?

  • « Тәуелсіз» сөзін ажырату.

  • Өлеңде ақынның қандай сезімдері байқалады? Дәлелде.




8. Сергіту сәті


Сергіту сәтін орындату

«Қара жорға» биі




9. Шығармашылық жұмыс

«Кеше, бүгін, ертең....» - оқушылар топпен ақылдаса отырып, еліміздің өткені, бүгіні, ертеңі жайлы жұмыс жасайды.

Постер қорғайды.



Жеке оқушымен жұмыс.


Тәуелсіздік жайлы жатқа өлеңдер айту.


10.Қорытынды

Сабақтың басты сәттеріне тоқталу



Балалар, бүгін сабақта еліміздің тәуелсіздік монументінің тарихымен, авторларымен және ақын Шөмішбай Сариевпен толығырақ таныстық.



11.Рефлексия



«Аяқталмаған сөйлем»
Бүгінгі сабақта мен...білдім.
Бүгінгі сабақта маған....ұнады..

Ой толғау.




12.Бағалау



Смайликпен бағалау


Каталог: uploads -> doc -> 0900
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0900 -> Қазақтың ұлттық тағамдары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет