Сабақтың тақырыбы: Тіл және сөйлеу



бет1/4
Дата08.09.2017
өлшемі0,55 Mb.
#30782
  1   2   3   4
Сабақтың тақырыбы: Тіл және сөйлеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тіл және сөйлеу туралы білімдерін тереңдету, байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Сөйлеудің түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық: Сөздік қорын молайту, қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Сөз мағынасын түсіне, әдеби тілде сөйлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, мақалдың мағынасын ашу,
Көрнекілігі: суреттер, тапсырамалар, таблица,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Жаңа сабақты сызбаларда берілген сұрақтар арқылы, пікірталас:
Тіл және сөйлеу не үшін қажет?
Ата - бабамыз бізге мұра етіп нені қалдырды?
Пікірталас барысындағы оқушылардың жауабын тыңдау.
2. Сөйлеу түрлерін таныстыру.
Сөйлеу
Ауызша Жазбаша
Әңгімелесу Сызу
Пікілесу сурет салу
Хабарласу Таңбалау
Кітап оқу хат жазу
3. Дәптермен жұмыс
Әрбір аяқталмаған сөйлемді оқып, оның астындағы берілген сөздердің біреуін ғана пайдаланып, сөйлемдегі ойды аяқта.
1). Жексенбіден кейін ________________________
( жыл, сағат, дүйсенбі)
2). Алманың ішінде әруақытта ________________________
( құрт, тұқымы, гүл)
3). Тау өзенінің ағысы ________________________
(ақырын, күлкілі, қатты)
4). Бүгіннен кейін ________________________
(биыл, ертең, былтыр)
5). Әкеден кейін ________________________
( немере, бала, шөбере)
6). Сағат тілі ________________________
( жоғарыдан төмен қарай, оңнан солға қарай, солдан оңға қарай қозғалады).
4. Оқулықпен жұмыс.
6, 7, 8 - жаттығуларды орындау.
ІV. Бекіту.
1. Сөйлеу не үшін қажет?
2. С. Торайғыровтың тіл туралы өлеңін оқып беру.
3. Тіл туралы мақал - мәтелдер сұрау.
V. Қорыту.
1989 жылдың 22 қыркүйегінде Қазақстан Республикасында « Тілдер туралы» заң қабылданып, қазақ тіліне « Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» мәртебесі берілді. 1993 жылдың 28 - қаңтар күні ҚР - ның Конституциясы қабылданды. Онда «Қазақ тілі» болып бекітілді.
Тіл - ұлттың жаны, тіл - ұлттың асыл қазынасы - дей отырып бүгінгі сабағымызды анықтаймыз.
VІ. Үйге тапсырма.
VІІ. Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Тіл және сөйлеу.


Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тіл және сөйлеу туралы білімдерін тереңдету, байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Сөйлеудің түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық: Сөздік қорын молайту, қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Сөз мағынасын түсіне, әдеби тілде сөйлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, мақалдың мағынасын ашу,
Көрнекілігі: суреттер, тапсырамалар, таблица,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Жаңа сабақты сызбаларда берілген сұрақтар арқылы, пікірталас:
Тіл және сөйлеу не үшін қажет?
Ата - бабамыз бізге мұра етіп нені қалдырды?
Пікірталас барысындағы оқушылардың жауабын тыңдау.
2. Сөйлеу түрлерін таныстыру.
Сөйлеу
Ауызша Жазбаша
Әңгімелесу Сызу
Пікілесу сурет салу
Хабарласу Таңбалау
Кітап оқу хат жазу
3. Дәптермен жұмыс
Әрбір аяқталмаған сөйлемді оқып, оның астындағы берілген сөздердің біреуін ғана пайдаланып, сөйлемдегі ойды аяқта.
1). Жексенбіден кейін ________________________
( жыл, сағат, дүйсенбі)
2). Алманың ішінде әруақытта ________________________
( құрт, тұқымы, гүл)
3). Тау өзенінің ағысы ________________________
(ақырын, күлкілі, қатты)
4). Бүгіннен кейін ________________________
(биыл, ертең, былтыр)
5). Әкеден кейін ________________________
( немере, бала, шөбере)
6). Сағат тілі ________________________
( жоғарыдан төмен қарай, оңнан солға қарай, солдан оңға қарай қозғалады).
4. Оқулықпен жұмыс.
6, 7, 8 - жаттығуларды орындау.
ІV. Бекіту.
1. Сөйлеу не үшін қажет?
2. С. Торайғыровтың тіл туралы өлеңін оқып беру.
3. Тіл туралы мақал - мәтелдер сұрау.
V. Қорыту.
1989 жылдың 22 қыркүйегінде Қазақстан Республикасында « Тілдер туралы» заң қабылданып, қазақ тіліне « Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» мәртебесі берілді. 1993 жылдың 28 - қаңтар күні ҚР - ның Конституциясы қабылданды. Онда «Қазақ тілі» болып бекітілді.
Тіл - ұлттың жаны, тіл - ұлттың асыл қазынасы - дей отырып бүгінгі сабағымызды анықтаймыз.
VІ. Үйге тапсырма.
VІІ. Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: «Дыбыс және әріпті қайталаймыз»
Сабақтың мақсаты: 1. Дыбыстар және әріптер туралы 2 сыныпта алған білімін еске түсіру, қайталау дауыссыз дыбыстар айтылу ерекшелігіне қарай пысықтау;
2. Әр түрлі тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту;
3. Топпен жұмыстар арқылы ұйымшылдыққа, бірін - бірі тыңдай
білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, «Ұқсастық пен даралық», «3 қадамдық сұхбат» стратегиялары (СТО бағдарламасының стратегиялары).
Көрнекілігі: сызбалар, деңгейлік тапсырмалар, суреттер.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
• Қызығушылықты ояту
Оқушылар топқа бөлінеді.
ІІ Өткенді қайталау
Дыбыстар мен әріптер туралы алған білімдерін сұрақ - жауап арқылы қайталау.
Тақтаға мынадай сөздер жазылады: дала, білім халық, қымыз.
Осы сөздерді құрап тұрған тек дауысты дыбыстар тізбегін жазу:
аа, іі, аы, ыы.
Мынадай сұрақ қойылады:
- Осы тізбектен қандай сөздер екенін білуге бола ма?
Енді сөздердің тек дауыссыз дыбыстарын көшіріп жазады:
Д... Л..., б... Л... М, Х... Л... Қ, қ... м... з.
- Бұл әріптер тізбегінен сөз құрастыруға бола ма?
Осы тапсырманы орындап болғаннан кейін, топ мүшелері өзара пікірлесе отырып, өз қорытындыларын айтады.
Мысалы, дауысты дыбыстар буын құрай алса, сөйлеу кезінде дауысты дыбыстармен қатар дауыссыз дыбыстардың да маңызы зор. Дауысты, дауыссыз дыбыстар бір - бірінсіз сөз құрай алмайды.
Сабақ басындағы қайталауға берілген тапсырма оқулық бойынша орындалады. Оқушылар көп нүктенің орнына керекті сөздерді қою арқылы сөйлемдерді ауызша толықтырады.
ІІ Мағынаны тану кезеңі
1 - жаттығуды орындап болғаннан кейін, жуан, жіңішке дауысты дыбыстар еске түсіріледі. Сөздегі дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке болуына байланысты сөздердің де жуан, жіңішке айтылатынын естеріне түсіреді.
2 - жаттығуды орындау кезінде жаңа сөз жасап тұрған дыбыстардың қосындысынан «Оқу түбі - тоқу» деген мақал шығуы керек. Бір дыбыстың өзгеруінің өзінен сөздің мағынасы өзгеретіні түсіндіріледі.
3, 5 - жаттығу да бір дыбыстың өзгеруінен жасалған жаңа сөздерді табуға арналған. Оқушылар өзгерген сөздердің мағынасын түсіндіреді.
4 - жаттығуды орындау арқылы сөздерге дыбыстың талдау жасап, дыбыс пен әріптің айырмашылығын еске түсіреді.
ІІІ Бекіту
Жаттығулар орындалғаннан кейін топтарға тапсырмалар беріледі. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды еске түсіріп, дауысты, дауыссыз дыбыстардың ұқсастықтары мен ерекшеліктерін «ұқсастық пен даралық» стратегиясы бойынша анықтау керек.
Сызбаны әр топ өздерінің қалауынша, әртүрлі формада сызуына болады.
Мысалы, үшбұрыштар, ашылған кітап, үй тәріздес, т. б.
Дауысты дыбыс
А, ә, о, ө, ұ, ү, ы, і, y, u,...
1. Созылып айтылады, кедергіге ұшырамайды.
2. Жуан, жіңішке.
3. Буын құрайды.
4. Екі дауысты дыбыс қатар келмейді.
Дауыссыз дыбыс
к, қ, м, н, ң, р, й,...
1. Созылмайды, кедергіге ұшырайды.
2. Қатаң, ұяң, үнді
З. Буын құрамайды.
4. Екі дауыссыз қатар келеді.
1. Дыбыс
2. Әріптік таңбасы бар
3. Сөз құрайды
4. Қазақ әліпбиін құрайды
5. Дыбыстың өзгеруі сөз мағынасын өзгертеді
Бастапқы шеңбердің ішіне дауысты, дауыссыз дыбыстардың айырмашылықтары, үшінші шеңберге ұқсастықтары жазылады.
• Ой толғаныс
«Егер дыбыстар мен әріптер болмаса...» деген тақырыпта эссе жазу.

ІҮ Бағалау


Ү Үйге тапсырма
1. Дыбыс пен әріп санында айырмашылығы бар сөзді көрсетіңіз

A) жаю
B) бару


C) келу
D) қалу

2. Дауыссыз дыбыстардың түрлерін анықтаңыз

А) қатаң, ұяң, үнді


В) үнді, қатаң, жіңішке
С) жуан, жіңішке, қатаң
D) қатаң, жуан, ұяң

3. Сұраулы сөйлем жасайтын -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе қосымшаларының жазылуын көрсетіңіз

A) бөлек жазылады


B) бірге жазылады
C) басында жазылады
D) бас әріппен жазылады

^ 4. Бірнеше мағынада қолданылып тұрған сөздер қатарын анықтаңыз

A) бұрыш, аула


B) батыр, оқу
C) жақсы, жаман
D) өткір, жаңбыр

5.Түбір сөзге алдымен жалғанатын қосымшаны көрсетіңіз

A) жұрнақ


B) жалғау
C) буын
D) дыбыс

^ 6. Зат есімнің анықтамасын табыңыз

А) заттың атын білдіретін сөздер


В) заттың қимылын білдіретін сөздер
С) заттың сынын білдіретін сөздер
D) заттың санын білдіретін сөздер

7. Қимылды білдіретін сөздер қатарын белгілеңіз
A) жазып отыр, келді, барады
B) оқыды, тамақ, ойыншық
C) орындық, барды, кітап
D) бала, кісі, келе жатыр

8. «домалақ» сөзі сын есімнің қандай белгісін көрсететінін анықтаңыз

A) пішінін


B) түсін
C) дәмін
D) салмағын

9. «Қос» сөзін қандай сан есіммен ауыстыруға болатынын табыңыз

A) екі
B) бір


C) үш
D) төрт

10. Сөйлемнен бастауышты табыңыз

Далада жаңбыр жауып тұр.

А) жаңбыр


В) тұр
С) далада
D) жауып

Сабақтың тақырыбы: 2 сыныпта өткенді қайталау.Дыбыс және әріпті қайталаймыз.


И, й, у әріптерінің жазылуын қайталаймыз.
Сабақтың мақсаты: а/дыбыстар және әріптер туралы 2сыныпта алған білімін еске түсіру; 2 сыныпта и,й,у әріптерінің жазылуы туралы алған білім,біліктерін қайталау;
ә/дыбыстардың түрлеріне,ерекшелігіне қарай қандай түрлерге бөлінетінін пысықтау; б/Сөздік қорын дамыту,көру зейінін және есте сақтауды дамыту.Жалпы және қолдың білезігінің моторикасын дамыту.
Сабақтың әдісі: венн диаграммасы,топтастыру әдістері.
Сабақтың түрі:жаңа сабақ
Көрнекілігі:дыбыс түрлері көрсетілген сызба плакаттар
Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі
Қызығушылықты ояту
Дыбыстар мен әріптер туралы алған білімдерін сұрақ-жауап арқылы қайталау.
Сөйлемдерді ауызша толықтыр:
Дыбыс дегеніміз....
Әріп дегеніміз......
Дыбыстар .....бөлінеді.
Дауысты дыбыстар деп...... айтамыз.
Дауыссыз дыбыстар деп ....айтамыз.
Қазақ тілінде.......әріп бар.
ІІ.Жаңа сабақ.Мағынаны тану.
Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу.
а/Сурет бойынша жұмыс.
ә/өлеңді оқу.Жуан және жіңішке айтылы тұрған сөздерді тап.
б/өлеңнің мағнасымен байланыстыры отырып,өз мектебің туралы әңгімеле.
Сергіту сәті «Ұшақ»
Қазір біз сіздермен қолымызды ұшынан саусақтың ортасына иыққа дейін (сырт жақ буын жағы) сипалаймыз. Кезектесіп екі қолды 3-4 рет.
Дәптер мен жұмыс.2-жаттығу.Әр сөзден жаңа сөз жасап тұрған дыбысты оқысаң,мақал шығады.Ол қандай мақал?
Оқу түбі тоқу.Мақалды сызба бойынша жазу.
Өз бетінше жұмыс.
3-жаттығу.
Өлеңді көшіріп жазу.
Бір дыбыстың өзгеруінен жасалған жаңа сөздердің астын сыз.
И, й, у әріптерінің жазылуын қайталаймыз.
1-жаттығу.
Өлеңді көшіріп жазу.
И,й әрпі бар сөздерді теріп жаз.
Өзіндік жұмыс.
Көп нүктенің орнына й,и, ый әріптерінің тиістісін қойып жаз.
Сергіту сәттері (есте сақтауын дамыту)
Орнымыздан тұрайық
Алақанды согайық
Бір отырып, бір тұрып
Біз тыныгып алайық
Дәптермен жұмыс.
4-жаттығу.
Берілген сурет атттарын жазып,дыбыстық талдау жасау.
Суретте:ою,коньки,портфель,фотоальбом.
Фонетикалық жаттығу.
- Еске түсіріп көрейік, үйрек ашуланғанда қандай дыбыс шығарады?
Ш-ш-ш, Ш-ш-ш, Ш-ш-ш, Ш-ш-ш
ІІІ.Қорытынды.
5-жаттығу
Көп нүктенің орнына й,и, ый әріптерінің тиістісін қойып жаз.

ІҮ.Үйге тапсырма.


3-жаттығу.
Әңгімені оқып,мазмұнын айт.
У дыбысы дауысты болып тұрған сөздерді бір бөлек,дауыссыз болып тұрған сөздерді бір бөлек көшіріп жаз.

Сабақтың тақырыбы: Э дыбысы.

Сабақтың мақсаты:а/Э әрпі орыс және өзге шет тілдерінен енген сөздерде ғана

қолданатынын түсіндіру;

ә/Ұқыптылыққа,жинақылыққа тәрбиелеу;

б/Балалардың сөздік қорын дамыту,толықтыру.Балалардың есту зейінін, дауыс ырғағын, қолдың ұсақ моторикасын дамыту;



Сабақтың түрі:жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі:топтастыру,баяндау,жинақтау.

Сабақтың өтілу барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі.

Балаларды сабаққа дайындау.



ІІ.Өткен сабақты пысықтау.

Үйге берілген тапсырманы тексеру,пысықтау.



ІІІ.Жаңа сабақ.

Терме диктант.

Төмендегі сөздердің ішінен э дыбысы бар сөздерді теріп жазу.

Елік,экспедиция,есерту,ереже,экспорт,кесіртке,энциклопедия.

«Жанұя» саусақ гимнастикасы

Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу.

Екі қатардағы сөздерді салыстырып оқу,сөздік жұмыс өткізу.

Фонетикалық жаттығу «Шақыру»

- Мен сендерді есімдеріңмен атаймын, өз есімдеріңді ести салысымен, Мен – деп жауап беріңдер.



Дәптер мен жұмыс.

Өз бетіндік жұмыс.

3-жаттығу.

Сөйлемдерді көшіріп жазу.

Э әрпі бар сөздердің астын сыз.


Сергіту сәттері .«Есте сақтауын дамыту»

Тербеледі агаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп – кішкене агаштар,

Су құйганда өседі.

Топтық жұмыс.

4-жаттығу.

Мәтінді түсініп оқы.

Э дыбысы кездесетін сөзді тап.

Мәтіннің екінші бөлімін көшіріп жаз.
Дауыс күшін дамытуға арналған «Жел соғады» жаттығуы

Даламен біз жүріп келеміз, бізге күн сәуле түседі

Міне самал жел ақырын-ақырын есті в-в-в-

Кенеттен күшті жел соқты У-У-У.

5-жаттығу.

Адасқан әріптердің тиісті орындарын тауып,сөйлемдерді көшіріп жаз.



ІҮ.Қорытынды.

Ү.Үйге тапсырма

2-жаттығу.

Сөздерді көшіріп жазып,жазылуын есте сақта.

Экология,эмблема,экскаватор,экран,экватор.



Эмблема сөзіне дыбыстық талдау жасау.

ҮІ.Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Ф ф дыбысы және әрпі


Сабақтың мақсаты: а) білімділігі:оқушыларға Ф ф дыбысы мен әрпін таныту,оның сөз ішіндегі ерекшелігін мeңгерту
ә)дамытушылығы:сөйлеу мәнерін,оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын,сөздік қорларын,топпен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту
б)тәрбиелілігі:Отанын,елін,жерін сүюге тәрбиелеу. Ұқыптылыққа,сауатты жазуға,оқуға дағдыландыру
Сабақтың түрі: жаңа білім беру
Әдісі:сұрақ-жауап,әңгімелеу, ойын ойнату, мадақтау, СТО стратегиялары
Көрнекілігі: мазмұнды суреттер, дыбыстық белгілер, кеспе әріптер,буындар,үлестірмелер, интерактивті тақта,слайдтар
Пәнаралық байланыс: тіл дамыту,дүниетану
Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі


А)Оқушыларды түгендеу,сабаққа дайындығын әзірлеу,тексеру.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем беріп сіздерге
Бас иеміз біз.
Ә)Психологиялық дайындық жұмысы
-Балалар,бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіпті. Демек бұл сабағымыз жай сабақ емес,ерекше сабақ болып өткелі тұр.
Келгенше қонақ ұялады,
Келген соң үй іші ұялады, - демекші, біз ұятқа қалмауға тырысайық.

Б) Ой ашар


Қайырлы таң,достым,
Қайырлы күн болсын
Сәрсенбінің сәті
Сәттілікке толсын
Біздің алар бағамыз
Кіл бестіктер болсын
Сабақта бір-бірімізге сәттілік тілейік.

II.Үй тапсырмасын тексеру.


А)Ой сергіту. «Сөз ойла,тез ойла» ойыны (В дыбысына сөздер ойлау)Үш топқа бөлініп жарысу.
Ә)Вокзал мәтінін тізбектеп оқыту.Түсініктерін сұрау.
Б)Өткен дыбыстарды еске түсіру,дауысты,дауыссыз екенін ажырату

III.Жаңа сабақ.


Қызығушылығын ояту
А)Жұмбақтар оқу,шешу.
1.Қыста дем алып,жазда тынбайды,
Көкке атылып жерге құлайды. (фонтан)
2.Өңкей сығай екі топта,
Таласып жүр бір допқа (футболшы)
3.Жасыл желек көгалда,
Бірде артқа,
Бірде алға,
Желаяқ көп бала
Таласып жүр бір шарға (футболшылар)
-Сонымен,сиқырлы әріптер әлемі бүгін бізді қандай дыбыспен таныстырды?
-Қәне,айтып көрейікші?-Ф-ф
-Қандай дыбыс?Неге дауыссыз дыбыс?
-Ф дыбысын қай үйге орналастырамыз?
Ф әрпінің баспа жне жазба түрімен таныстыру.
Ә)Ф әрпіне байланысты суретпен жұмыс

Ф дыбысы бар сөздерді суреттен табу,дыбыстық талдау жасау,оларды буынға бөлдіріп,Ф дыбысының сөздің қай жерлерінде кездесетінін оқушыларға анықтату.


Ф дыбысынан басталатын адам аттарына мысал ойлау
Ежелгі Отырар қаласында тұрған қазақтың математик ғалымы Әл-Фараби туралы айтып өту:
Әлемге аты тараған
Отырарда тұрағы
Әл-Фараби дана адам
Ілімнің сөнбес шырағы.

IV.Сергіту сәті


Футбол деген ойынға
Барлық бала құмар-ақ
Бірақ жолдың бойында
Доп теппеңдер қуалап
V.Кітаппен жұмыс.
А)ф дыбысы бар сөздерді оқып,сурет бойынша әңгімелеу.
Сөздерді буындап,тұтас оқуға үйрету,түсініксіз сөздерге талдау жасау,
Ә)Интерактивті тақтадан телефон түрлерін көрсету, өту.

Б)«Фабрикада» суретімен жұмыс жүргізу.


Тірек сөздерді пайдаланып сөйлемдер құрату.
Аяқкиімнің түрлерін анықтату.
VI.Жазу дәптерімен жұмыс.
А)Ф ф әрпінің жазба түрімен таныстыру.
Қос бүйірін таянып,тұратұғын қай әріп?
Ә)Ф әрпінің баспа,жазба түрімен таныстыру
Б)Тақтада жазылуын көрсету,түсіндіру
В) ф әрпін ауада жазып көріп,дәптерге жазу.

Сергіту сәті:


1,2,3
Бойға жинап күш
Қолға қалам аламыз
Әсем етіп жазамыз
Г)Дәптермен жұмыс,отыру ережесі.
Ғ)Бір жол кіші әріп,бір жол бас әріп.
VII.Шығармашылық тапсырмалар:
А)Сөздерді сызықшамен буынға бөліп көрсет,дыбыстардың астын дауысты,дауыссызға тән шартты белгімен көрсет.
Футбол,ферма,телефон,фабрика
Ә)Сөзде неше әріп бар екенін цифрмен көрсет:
Туфли ,фирма ,факс ,физика ,марафон .
Б)Қай әріпті жоғалттым? ойыны
Қай буынды жоғалттым? ойыны
В) «Адасқан әріптер» ойыны ф м а с б т к р о н е
VIII.Сабақты бекіту
«Жалғасын тап» ойыны.
Шарларға буындар жазылған.Шар ұстаған бала шарында жазылған буынның жалғасын табуы қажет.
IX.Сабақты қорытындылау.
-Сонымен қандай жаңа дыбыспен таныстық? -ф дыбысы қандай дыбыс? -ф дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?-ф дыбысы бар сөздерге мысал келтіру.
X.Марапаттау
XI.Үйге тапсырма:Ф дыбысы берілген бетті оқу.
Тақырыбы Ауызша және жазбаша тілде сөйлеу

Білімділік: Дыбыстардың жазылуы туралы білімдерін тереңдету, байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Дыбыстардың түрлерімен таныстыру және әріптердің жазылу үлгісін еске түсіру


Дамытушылық: Сөздік қорын молайту, қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Сөз мағынасын түсіне, әдеби тілде сөйлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, мақалдың мағынасын ашу,
Көрнекілігі: суреттер, тапсырамалар, таблица,
Оқыту нәтижесі
Топқа бөлу Сыныпты «Пазыл» арқылы топқа бөлу суреттің бетіне жуан, жіңішке сөздері, келесі бетіне әріптер жазылған.
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы Жанымды менің жайнатып,
Баураған өзің, мұғалім.
Өзіңмен бірге таң атып,
Өзіңмен күліп шығар күн. Ұран бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бақылағаннан кейін сабақты бастауға мүмкіндік жасаймын.
Үй тапсырмасын сұрау Өткен сабаққа байланысты сұрақтар қою
Өткен сабақты пысықтау «Миға шабуыл» Сөйлеу не үшін қажет?
Сөйлеу не арқылы жүзеге асады?
Сөйлеу
Ауызекі сөйлеу ----------------------------------Жазбаша сөйлеу
Үн арқылы берілетін сөйлеу ----------------Жазылып берілетін хабар
Жаңа сабақ 1-жаттығу Түсіндіру
Көп нүктенің орнына й, и, ый әріптерінің тиістісін қойып жаз.
Сұ ... йық зат, б ...ік ағаш, ...ір мү...із, с...мды зат, т...істі баға, бағалы с...лық, ала с...ыр, сұлу таб...ғат
Сый, тый сөздері қандай ережеге бағынбайды?
1-топ 1-жаттығу
Екі қатардағы сөздерді салыстырып оқы. Э, е дыбыстарының айтылуына көңіл бөл.
Экспонант, энциклопедия, эстон, эфир.
Егеменді, елбасы, елші
2-топ 2-жаттығу
Сөздерді көшіріп жазып, жазылуын есте сақта
Экология, экскаватор, экран, экватор, эстрада.
Э – дауысты дыбыс
3-топ 4 – жаттығу
Көшіру
4-топ 5-жаттығу
Эскимостар
Э дыбысы кездесетін сөзді тап.
Сергіту сәті Шөңге теру
Етік кию жоқ ойда, Астымда атым – таяғым,
Жалаң аяқ тоғайға Қайттым ізбен баяғы.
Жидек теріп барып ем, Қолым теріп бүлдірген,
Жүргізбейді шоңайна. Шөңге терді аяғым
Сабақты пысықтау 1. Жылт - жылт еткен, жылғадан өткен. (су)
2. Тәтті, тәттінің іші қатты, қаттының іші тәтті. (өрік)
3. Кішкентай ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар. (қой)
4. П - дан егер бастасаң,
Зоопаркте тұра алам.
Т - дан егер бастасаң,
Ойыңды сыртқа шығарам (піл - тіл)
5. Шыр - шыр етеді,
Ұстай алсаң сөйлеп кетеді. (телефон)
6. Аулада бар елде жоқ,
Дауылда бар, желде жоқ. (у әрпі)
Үй тапсырмасы 3 - жаттығу 19-бетте Күнделіктеріне жазады

Тақырыбы В дыбысы

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «В» дыбысының ұяң дауыссыз дыбыс екенін және орыс, тілдерінен енген сөздерде кездесетінін түсіндіру, білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: Тақырыпты игере отырып, оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру, білімдерін айқын жеткізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Әр түрлі әдістерді пайдалана отырып пәнге қызығушылығын арттыру, сыйластыққа, ұжымшылдыққа жұмылдыру.
Сабақтың түрі: Аралас.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, плакаттар, сызбалар.

Сабақтың барысы:


1. Ұйымдастыру:
а) Сәлемдесу.
б) Оқушылардың зейінін сабаққа аударту.
2. Үй тапсырмасын сұрау: 32 бет, 3 жаттығу.
3. Жаңа сабақ:

Плакатпен жұмыс: - Балалар, бүгінгі сабағымызда бота бізге бір тапсырманы жіберіпті. Сол тапсырманы біз орындасақ, бүгінгі біздің тақырыбымыз белгілі болады. Қанекей, барлығымыз назар аударайықшы!


Шарты: Тақтаға әріптері түсіп қалған сөздері бар суреттер ілінеді. Оқушылар жоқ әріпті тауып, жазады. Суреттің ортасында сұрақ белгісі тұрады. Барлық сұрақтың жауабы табылғаннан кейін, сұрақ белгісі алынып тастап, белгісіз әріп ілінеді.

Ережемен жұмыс: Балалар біз бұл сұрақтың жауабын таптық. Белгісіз әрпіміз «В» екен. Ал енді балалар біз сендермен «Нені білемін» деген жерге «В» дыбысы туралы нені білетінімізді жазайық. Балалар, «В» - ұяң дауыссыз дыбыс. Ол сөздің барлық буынында кездеседі. «В» дыбысы орыс және шет тілдерінен енген сөздерде қолданылады. Біз оны дауысты дыбыстардың көмегімен ғана дауыстап айта аламыз. Ол сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі. Мысалы: вагон, аквариум, диван.


Көркем жазу: - Ал енді балалар мен тақтада сендерге «В» әрпінің бас және кіші әрпін жазамын. Сендер соны дәптерлеріңе жазып шығыңдар.

Жаттығумен жұмыс:


1 - жаттығу. Оқушыларға жаттығудың берілгенін оқу, салыстыру жұмыстарын жүргізу. 4 - жаттығу.

2-жаттығу


Мәтінмен жұмыс:
5 - жаттығу. Оқушыларға мәтінді оқытқызу. Шығармашылық жұмыс:
Оқушыларға сурет бойынша, керекті сөздерді қолданып әңгіме құрастыртқызу.
4. Сабақты бекіту: Оқушылардың бүгінгі тақырыпта алған білімдерін тиянақтау, қорытындылау.
Сұрақтарға жауап беру:
В дыбысы қандай дыбыс?
В дыбысы сөздің қай буынында кездеседі?
В дыбысы кездесетін сөздерге мысал келтір.
5. Қорытынды: Оқушылардан сабақта нені білгенін, нені үйренгенін және нені білгісі келетінін жазғызу.
6. Үйге тапсырма: 5 - жаттығу.
7. Бағалау: Оқушылардың бүгінгі сабақта алған білімдерін бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Щ,Ч дыбыстары

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға щ,ч, дыбыстарының дауыссыз екендігін, орыс


тіліндегі сөздерде кездесетіндігін, оның айтылуы, жазылуы,
ерекшелігін таныта отырып алған білімдерін одан ары кеңейту.
2. Көркем жазуға, сауаттылыққа баулу.
3. Оқуға, білімге деген қызығушылықтарын арттыру,
ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: СКТ, сұрақ, жауап, түсіндіру.

Көрнекілігі: Кеспе әріптер, қаптама, парақшалар

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Психологиялық дайындық

Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара тілім.

2. Үй тапсырмасы тексерілді.



ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.

1. - Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? ( жуан, жіңішке)

-Үн мен салдырдың қатысына қарай қандай дауыссыз дыбыс түрлері бар?

-(қатаң, ұяң, үнді)

-Біз қандай дыбыстарға ерекше тоқталып жатырмыз?

-Орыс тілінен енген сөздерде кездесетін дыбыстарға тоқталып жатырмыз.

2. -Балалар, суреттегі заттардың атын атайық.

-Щетка , чемодан.

-Енді, осы сөздер қандай дыбыстан басталып айтылып тұр?

-Щ,ч.


-Бүгінгі , сабақта че, ща, дыбыстары туралы білімдерімізді ары қарай толықтырамыз.

3. - Че, ща дыбыстары туралы не білеміз?

- СКТ бойынша дыбыстарды үн мен салдырдың қатысына қарай, айтылу , жасалу тәсіліне қарай, жасалу орны мен дыбыстау мүшелерінің қатысына қарай талдайды.

( Оқушылар тақтаға кезек-кезек жазып шығады)


Ч Щ


Бұл

1. Бұл Қатаң

2. Қатаң

Ызың


3. Шұғыл

4. Тіл алды Тіл алды




Каталог: uploads -> doc -> 0093
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0093 -> І. Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті ісім спорт
0093 -> «Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз» атты интеллектуалды танымдық ойын


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет