Сабақтың тақырыбы: Тырнақша. Сабақтың мақсаты: а білімділік



Дата04.07.2018
өлшемі45 Kb.
#46475
түріСабақ
Сабақ жоспары
Күні: 11.04.2012 жыл

Сыныбы: 9-сынып

Пәні:қазақ тілі

Оқытушы:Қорғанова Қ.

Сабақтың тақырыбы: Тырнақша.

Сабақтың мақсаты:

а)білімділік: Оқушылардың пунктуациядан алған білімдерін шыңдау, жетілдіру, ойды білдірудегі тыныс белгілерінің қызметін түсіндіру, тырнақшаның қолдану орнын, ерекшеліктерін ұғындыру;

ә)дамытушылық: Оқушыларға өзіндік ізденіс жұмыстарын жүргізуге бағыт беру, шығармашылыққа баулу, ойларын еркін, нақты жеткізе білуге үйрету;

б)тәрбиелік: сауатты жазуға дағдыландыра отырып, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: , Сұрақ-жауап, байқау, баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,сәйкестендіру тесті, кестелер, оқулық

Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі 1 мин.

II. Үй тапсырмасын сұрау, қорытындылау 7 мин.

207-жаттығу.

Тапсырма:

Сөйлемдерді көшіріп жазып, жақшаның қойылу себебін айтыңдар.

Қарамен жазылған сөздердің синонимдерін табыңдар.

Пысықтау сұрақтары мен кеспе қағаздары арқылы үй тапсырмасы қорытындыланады.

III. Жаңа сабақ 20 мин.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Өтілген материалдарды, тыныс белгілерінің түрлерін еске түсіру,

тақырыптық байланыс жасау..

Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында төмендегідей тапсырма беремін.

Сәйкестендіру тесті

1– Енді о балаңыз...азамат

боп кеткен шығар .

2 Біз, қазақ, ежелден

еркіндік аңсаған ?

3 Байлық–қанағат

пен еңбекте !

4 Ана сұлулығын түсініп,

қастерлеп өскен адам

жаман болмайды қашанда.. !

5.Биылғы қыс ызғарлы келді .
Ендеше бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы:

Тырнақша

(Тақтаға күн реті, сабақтың тақырыбы жазылады )

Жаңа сабақты түсіндіру.

Балалар, бұған дейін де өтілген материалдарды еске түсіре отырып, тыныс белгілердің қандай жағдайларда қойылатынын кім айтып береді...(Оқушылар айтып береді )

Жаңа сабақ

Слайд арқылы интерактивті тақтадан кестені көрсетемін.

(Кестеде тырнақшаның қойылатын орны мен мысалдары келтіріледі.)

Дайын кестені көрсетпес бұрын өздері (әдебиет сабағымен байланыстырып) өткен шығармаларын мысал ретінде келтіре отырып, оқушылардың өздеріне анықтатуға болады.

Содан соң жаңа сабақты қорыту мақсатында кестеге топтап кеткен жөн.

Оқулықпен жұмыс.

210-жаттығу

Тапсырма:

1. Мақал-мәтелдерді тауып, тырнақша қойыңдар.

2.Ризық, нәсіп,торпақ сөздерін басқа сөздермен тіркестіріңдер.

3. «Қоянда қамыс, ерді намыс өлтіреді.» (Синтаксистік талдау жасау.)

214-жаттығу

Тапсырма:

1.Керек жеріне тырнақша қойып, оның қойылу себебін түсіндіріңдер де, көшіріп жазыңдар.

Интерактивті тақтадағы тапсырманы орындау.

Интерактивті тақтаға кесте сызып, сол кестедегі тырнақшаның орнын қойылған орнын табу.

Жаңа сабақты бекіту мақсатында оқушыларға тест сұрақтарын беремін.

Жауаптарын жауап парағына қойдырып, кейін оқушылармен бірге жауаптарын тексеремін.

IV. Сабақты бекіту. 5мин.
V. Оқушы білімін бағалау. 2 мин.
VI. Үйге тапсырма: 2 мин.
213-жаттығу.


Тапсырма:

1.Тырнақша қойылатын орындарды тауып,сол сөйлемдерді дәптерлеріңе жазыңдар.

2.Қарамен жазылған сөздерді мағынасына қарай талдаңдар, синонимін табыңдар.

Оқушыларды бағалау.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин
2015 -> Абай және кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет