Сабақтың тақырыбы: Төтенше жағдай ошағындағы хирургиялық профильдің емдеу әсері және диагностиканың ерекшелігі. Жарақатар



Дата01.04.2020
өлшемі14,47 Kb.
#61303
Байланысты:
Орынгуль сабак

Сабақтың тақырыбы: Төтенше жағдай ошағындағы хирургиялық профильдің емдеу әсері және диагностиканың ерекшелігі.

Жарақатар –бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептердің аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененің сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттардың әсерінен ұлпалары мен органдары тұтастығы мен қызметінің бұзылуы. Әсер механикалық, техникалық, химиялық спецификалық болуы мүмкін. Балалар жарақатының көпшілігі механикалық әсерлерден болады, сіңірдің созылуы, буынның шығуы, аяқ-қолдың шығуы.

Механикалық жарақаттар ашық және жабық болуы мүмкін. Жабық зақымдану- бұл тері жамылғылары мен кілегей қабықтар тұтастығы бұзылмайтын зақымдану түрлері. Бұған терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, жұмсақ ұлпалардың ажырауы, буын мен сүйектің зақымдануы жатады.

Ашық зақымдану бұл органдар ұлпаларының зақымдалуы, артынша тері жамылғылардың кілегейлі қабықтардың тұтастығы бұзылады (жарақаттар, сүйектің ашық сынуы). Организм ұлпасында бір сәтте, кездейсоқ, қатты әсер ету нәтижесінде пайда болған зақымдану қатты жарақат деп аталады, аз күштің көп мәрте және тұрақты әсеріненпайда болған жарақат созылмалы жарақат деп аталады.

Кез-келген жарақат бір орындағы ұлпалардың бұзылуымен қатар организмде басқа да белгілі бір жалпы өзгерістерді тудырады (жүрек-тамыр қызметінің, тыныс алудың, зат алмасуының бұзылуы).Бұл құбылыстар орталық нерв жүйесінің тітіркенуінен, қанның кетуінен, өмірлік маңызды органдардың зақымдалуынан, уланудан пайда болады. Қатты сырқырататын және қан көп кеткен ауқымды зақымдану кезінде сырқаттың жалпы жағдайы өте жедел және күрт нашарлайды.



Талықсу-адам миының қансыздануы нәтижесінде естен кенеттен уақытша айрылу. Талықсу көбінесе психикалық жарақат деп аталады (қорқу, қанның түрі, дененің аяқ асты сырқырауы).

Барлық механикалық зақымданулар ашық және жабық болып бөлінеді. Ашық зақымданулар немесе жарақаттанулар, барлық уақытта тері жамылғысының немесе кілегей қабаттың бүтіндігінің бұзылуымен жүреді, сыртқы, кейде ішкі қан кетулер, құрсақ, кеуде, бас қуысына.



Жарақаттардың жіктелуі. Жарақаттаушы зат пен қарудың түріне байланысты кесілген, тесілген, жыртылған, езілген, тістелген, атылған жарақаттануларды ажыратады.
Жаралану инфекциясы.

Микробтар жараға жаралаушы затпен бірге кіреді, киімдер бөліктерімен, ағаштар бөліктерімен, топырақпен, ауамен, сонымен қатар жараны әрқашан да көп мөлшерде микробтар бар қолмен ұстағанда. Микробтармен залалданған жаралар инфекцияланған деп аталады, ал бұдан шыққан ауру-жаралы инфекция. Әсіресе, ауа болмаған жағдайда дамыған инфекциялар өте қауіпті болады- анаэробтар. Олар жерде, нәжісте, мал нәжісінде көп. Олардың көбеюіне қолайлы жағдайлар аяқтар мен жамбас бұлшықеттерінің жыртылған-езілген жарақаттануларда туады. Бірнеше сағат не күннен соң өте ауыр ауру дамиды- анаэробты немесе газды гангрена, столбняк. Газды гангрена, столбняк- жұқпалы аурулар. Алдын-алу шараларына дер кезінде таңу қою және алғашқы 12 сағат ішінде ерте хирургиялық ңдеу жүргізу.



Антисептика және асептика.

Жаралардың микробтар жұғуымен күресуде антисептика және асептика маңызды роль атқарады.



Антисептика- жараға түскен микробтарды антисептиктер деп аталатын антибиотиктер, химиялық және заттарды қолдану арқылы бактерияларды жою.

Асептика- жараларды микробтармен залаладанудан қорғау. Бұл үшін стерилизация жүргізу керек.

Қан кету түрлері- артериалды, венозды, капиллярлы, паренхиматозды қан кетулерді ажыратады. Артериалды қан кетуде қан зақымдалған артериядан үзілмелі ағады және ашық қызыл түсті болады. Мұндай қан кету қауіпті, себебі қысыммен аққан қан тез ағып кетеді. Венозды қан кетуде қан қара қызыл түсті болады, зақымдалған қантамырдан үзіліссіз ағады. Каппилярлы қан кетуде жарадан губкадан шыққан сияқты тамшылап шығып тұрады. Мұндай қан кетуде әдетте жараға таңу қоюмен тез оңай тоқтайды.

Паренхиматозды қан кету ішкі паренхиматозды ағзалардан қан кету. Егер қан кету ашық жарақаттан сыртқа ағып тұрса сырттай қан кету деп аталады. Қан әлдебір қантамырдан ұлпаға немесе дененің бір қуысына ақса іштен қан кету деп аталады.



Қан кетуді тоқтату. Бұл жарақаттануларда көрсетілетін көмектің ең алғашқы тапсырмасы болады. Майда артериальды, венозды, капиллярлы қан кетуде қан әдетте қантамырда қанның ұйып бітелуімен тоқтайды.

Қан кетуді уақытша және біржолата тоқтатуға болады. Уақытша қан тоқтату қысатын таңу қою, артерияны сүйекке қысу, жгут қою арқылы жүзеге асады.



Жедел қаназдық.

Қан кетудің адам өміріне қауіптілігі оның мөлшеріне, қан кету жылдамдығына, адамның жасына және жынысына байланысты болады. Үлкен адам үшін 150-200 мл қан жоғалту айтарлықтай қауіпті болмайды, 1,5-2 л қан жоғалту қауіпті болады. Белгілері- ентігу, бас айналу, шөлдеу, көздің қарауытуы, құлақтағы шу, жүрек айну, құсу, тері бозғылттығы, әсіресе ерін мен аяқтар, мұздай тер, жиі кейде әлсіз әрең анықталатын пульс, аяқ-қолдың мұздауы, кейде естен тану жағдайы. Көп мөлшерде қан кетсе науқас есін жоғалтып өледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет