Сабақтың тақырыбы: «Тотығу тотықсыздану реакциясы»



Дата22.06.2017
өлшемі71,32 Kb.
#19530
түріСабақ
Батыс Қазақстан облысы

Казталов ауданы, Қарасу ауылы

Қарасу ОЖББМ-нің математика

Сыныбы 8 пәні мұғалімі Досатова

Құралай Қыдырқызы

Сабақтың тақырыбы: «Тотығу – тотықсыздану реакциясы»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға тотығу – тотықсыздану реакциясын электрон –

баланс әдісімен теңестіру дағдысын қалыптастыру



Дамытушылық : Оқушылардың логикалық қабілетін дамыту, есте сақтау,

танымдық,шығармашылық қабілеттерін дамыту.



Тәрбиелік : Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып,

ұқыптылыққа, мақсатқа жете білуге тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: Жаңа білімді бекіту сабағы.

Сабақтың типі: СТО элементтері, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың әдісі: Практикалық жұмыс, сұрақ-жауап, топтық жұмыс.

Көрнекілігі : Кесте, топшамалар, үлестірмелі қағаз, формула

жазылған плакат.



С А Б А Қ Т Ы Ң Б А Р Ы С Ы:
Ұйымдастыру бөлімі

  1. Сәлемдесу

  2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

  3. Сәттілік тілеу – психологиялық дайындық.

Сабақтың жоспары:

І кезең.

Қызығушылықты ояту

  1. Танымдық сұрақтар беру

  2. «Кім жүйрік»

ІІ кезең. «Бәрін білгім келеді» (жаңа ақпартпен танысу)

ІІІ кезең. Бекіту бөлімі. Жаңа білімді игеру деңгейін анықтау.

а) «Кім жылдам» в) «Миға шабуыл»

ә) «Ойлан тап»

Қорытынды.

Үйге тапсырма.

Бағалау.

І. Қызығушылықты ояту. Танымдық сұрақтар беру


  1. Тотығу дәрежесі дегенміз не?

  2. Жай заттардың тотығу дәрежесі нешеге тең?

  3. Қосылыстарда материалдар қандай тотығу дәрежесін көрсетеді

«Кім жүйрік».

  1. Тотығу дәрежесі +4 ке тең?

а) CO2 ә) KO2 б) HF в) H2O

  1. Қай қосылыста тотығу дәрежесі нөлге тең?

а) FeS ә) F2 б) CaF2 в) Ca3(PO4)2

  1. Қосылыстардағы хлордың +7 тотығу дәрежесін анықта

а) KClO3 ә) HClO4 б) HCl в) Cl2

  1. Қосылыстағы металл атомдарының тотығу дәрежесі

а) үнемі оң ә) үнемі теріс б) бірде оң, бірде теріс в) нөльге тең

  1. Күкірттің төменгі тотығу дәрежесі неге тең?

а) -6 ә) -4 б) -2 в) 0

  1. Тотығу дәрежесі +5 ке тең элемент

а) H2S ә) KMnO4 б) SO2 в) HNO3

  1. KClO3 формуласында Cl-дың тотығу дәрежесі нешеге тең?

а) +2 ә) +3 б) +6 в) +5

  1. Тотығу дәрежесі қосылыстарда теріс болатын элемент

а) Na ә) Ca б) O2 в) Fe

  1. Электртерістігі ең үлкен элемент

а) Cl ә) F б) B в) N

  1. Күкіртте қандай тотығу дәрежесі болмайды?

а) +2 ә) +4 б) +5 в) +6

ІІ кезең. «Бәрін білгім келеді». Жаңа ақпаратпен таныстырылады. Оқушыларды шығармашыққа баулу мақсатында тақырыпқа сәйкес қосымша ақпарат бере отырып, бүгінгі сабақтың өзектілігін ашуға тырыстым.

Тотығу – тотықсыздану реакциясы процесіне

Электорлиз Жану Коррозия Фотосинтез

Бұған дейін біздер коррозия мен фотосинтез процесімен таныстық.

Коррозия металдардың ауада өздігінен тотығып бүлінуі, тат түзуі.

Фотосинтез процесінде өсімдіктер ауадан көмірқышқыл газын сіңіріп сумен әрекеттесіп, органикалық затпен оттегі бөліп шығарады. Ал адамдарда тыныс алу процесі кезінде фотосинтезге кері процес жүреді. Тотығу – тотықсыздану реакциясын анықтауда А.Л.Лавуазьенің еңбегі көп. 1920-1930 жылдар химияда электрондық түсініктің қалыптасуына байланысты оттек қатыспайтын реакциялардыңда тотығу – тотықсыздану реакциялары көбінесе электрондық теңдеулермен өрнектеледі. Зарядтардың сақталу заңына қайшы келмес үшін тотығу – тотықсыздану реакциялар кезінде тотықтырғыштың қосып алған электрондар саны тотықсыздандырғыштың берген электрондар санына тең болуы керек деген жалпы ереже сақталады.

Сабақты бекіту мақсатында деңгейлік тапсырманы ойын элементтері түрінде бердім.

ІІІ кезең. Бекіту.

А) «Кім жылдам?»

1. K2Cr2O қосылысындағы хромның тотығу дәрежесін анықтаңдар.

2. Мына қосылыстардағы атомдардың тотығу жәрежесін анықтаңдар: SiCl4, Mgl2, SF6, NaBr, HCl, H2O, NH3.

3. Периоттық жүйеге сүйеніп:

а) натрий мен магнидің

ә) оттек пен күкірттің қайсысы электронды оңай беретіндігін анықтаңдар

Ә) «Ойлан тап»

1. берілген үрдістерде элемент қанша электрон қосып алады немесе береді

а) Cu0 – Cu+2 ә) Fe+2 – Fe+3 б) Br20 – 2Br в) S0 – S+4



2. Тотығу – тотықсыздану реакциясын анықтап, реагенттердегі және реакция өнімдеріндегі элементтердің тотығу дәрежелерін көрсетіңдер:

Al + O2 HgO

Mg + HCl Zn + CuSO4

Б) «Миға шабуыл»

1. Тотығу – тотықсыздану реакциясы теңдеуін жазыңдар.

Fe0 + Cl0 = Fe+2 Cl2 Al0 + O20 = Al2 O3

2.Мына реакция теңдеулеріндегі тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты анықтаңдар:

2FeO + C = 2Fe + CO2 SO + 2MgO + S



CoO + H = Co + H2O Fe + CuSO4 = FeSO4 + Cu

Оқулықпен жұмыс. № 7 жаттығу

Үйге тапсырма. §64, № 8 жаттығу

Шығармашылық жұмыс: Табиғаттағы химиялық құбылыстардан кездесетін тотығу – тотықсыздану реакцияларына мысал келтіріп жазып келу.
Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет