Сабақтың тақырыбы: Тұрақты электр тогы тарауын қорытындылау Экспериметтік жұмыс



Дата22.05.2018
өлшемі101,91 Kb.
#40626
түріСабақ
Пән: Физика Сабақ жоспары


Сабақтың тақырыбы:

Тұрақты электр тогы тарауын қорытындылау

Экспериметтік жұмыс


Мектеп: Қарағанды облысы, Шет ауданы «Мойынты жалпы орта білім беру мектебі» КММ




Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Мажманова Балжан Даркановна




СЫНЫП: 8

Оқушылардың саны: 24

Сабақта жоқ оқушылардың саны:

Сабақтың оқу

Мақсаттары

  • Тұрақты электр тогытарауын еске түсіру және логикалық тез ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.




Сабақтың

Міндеттері

Оқушылар орындай алуы керек:

  • Өткен тақырыпты қайталау барысында топпен жұмыс жасай отырып, оқушылар бір – бірін тыңдап,ортақ шешім қабылдауға үйренеді;

  • Тақырыпқа сәйкес тапсырмаларды орындайды;

  • Үш тілді терминологиялық сөздіктерді меңгереді;

  • Оқушылар формуланы пайдаланып есептер шығарады;

  • Алған білімдерін пайдалана алады.




Тілдік

Мақсаттар

Оқушылар өздерінің түсініктерін көрсететін жаңа сөздерді пайдаланулары керек. Электр тогы, Ток күші, Электр кернеуі, Электр кедергісі, Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы, Меншікті кедергі,Электр қуаты, электр жұмысы, қыздырғыштар.

Топпен жұмыс жасау нәтижесінде есеп шығару дағдыларын қалыптастыру, өз беттерімен шешім қабылдай алуларына жағдай жасау.



Арнайы пәндік лексика және терминология:

Элект тогы, қуат, жұмыс, қыздырғыш, уақыт, ток күші, кернеу, кедергі.

Диалогқа / жазуға қажетті сөз тіркестері:

-Еркін электр зарядтарын тасымалдаушылардың реттелген қозғалысы-электр тогы;

-ток көзінің энергетикалық сипаттамасы-электр қозғаушы күш;

-өрістегі зарядтар орын ауыстырғандағы электр күші атқаратын жұмыс;

-уақыт бірлігі ішінде жасалған токтың жұмысы электр тогының қуаты.





Өткен сабақ

Материалдары

8 сынып тұрақты электр тогы




Жоспар




Уақытты

Жоспарлау

Жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

0-1

Сыныпта ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру

Оқушылардың көңілін сабаққа аудару.







1-5

Терминологиялық сөздік

Қазақша

Русский

English

Электр тогы

Электрический ток

Electric current

Заряд

Заряд

Charge

Кернеулік

Напряжение

Voltage

Көлем

Объем

Volume

Электр өрісі

Электрическое поле

Electric field

Тізбек

цепь

Circuit

Кедергі

сопротивление

Resistance

Параллель жалғау

Параллельное соединение

Parallel combination

Тізбектей жалғау

Последовательное соединение

Series combination


Таратпа материал


5-30

Зертханалық жұмыс




30-40



Біліміңді тексер” (кестені толтыр)



Таңбалануы

Атауы

Формуласы

Бірлік атауы




Ток күші










Электр кернеуі










Электр кедергісі










Заряд










Электр қозғаушы күші










Токтың жұмысы










Токтың қуаты










Жылу мөлшері










Меншікті кедергі







«Ой қозғау»



Сұрақ-жауап

  1. “Электр тогы” дегеніміз не?

  2. “Электр қозғаушы күш” деп нені айтады?

  3. Ток көзі ішінде 10 Кл заряды оның бір полюсінен екінші полюсіне тасымалдау үшін бөгде күштер 30 Дж жұмыс атқарады. Ток көзінің ЭҚК-і неге тең?

  4. “Ток күші” деп нені айтады?

  5. Қыздыру шамы арқылы 0,4 А ток өтеді. Бір секундта шамның көлденең қимасы арқылы еркін зарядтардың қандай мөлшері өткен?

  6. “Электр кернеуі” деп нені айтады?

  7. Тізбектің бөлігі үшін Ом заңын тұжырымдаңыздар.

  8. “Кедергі” деп нені айтады?

  9. Өткізгіштен 0,40 А ток өткенде, өткізгіштің қштарындағы потенциалдар айырымы 8,0 В болды. Өткізгіштің кедергісі неге тең?

  10. 24 В адам өміріне қауіпті ме?

  11. Электр сорғыту қондырғысының кернеуі 45кВ. Су мен мұнай араласқан щоспаның кедергісі 15кОм болса, онда қоспа арқылы өтетін токтың шамасын есептеңдер.

  12. “Өткізгіштің меншікті кедергісі” дегеніміз не?

  13. Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда, тізбектің жалпы кедергісі неге тең болады?

  14. Параллель жалғағанда ше?

  15. Джоуль-Ленц заңы қалай жазылады?

  16. Қыздыру шамының құрам бөліктерін атаңдар.

Сәйкестікті табу

Мына таңба дұрыс па?

І – ток күші

R – кернеу

U – кедергі

E – жұмыс

q – қуат

Ƿ - меншікті кедергі

 А - ЭҚК

Р – заряд

Мына өлшем бірліктер дұрыс па?

І (А)


Р (Ом)

A (Дж)


U (Кл)

q (В)


E (В)

R (Вт)


Шартты белгілерін сызып көрсет

Өткізгіш сым

Қосылмаған сымдардың түйісуі

Қосылған сымдардың түйісуі

Гальвани элементі

Генератор

Қыздыру шамы

Кедергі


Кілт

Қысқыштар

Вольтметр

Амперметр

Гальванометр

Аккумулятор, баттарея



Таратпа материал

Презентация

«Power Point»

Форматында





Есептер шығару

Жеке карточка бойынша өздік жұмыс



  1. 3,5 А ток күшімен 12 В кернеуге есептелген электр шамының 20 с ішінде жұмсайтын энергия шығынын анықтаңдар. (Жауабы: 840 Дж.)

  2. Электр қозғалтқышының қуаты 3 кВт. Егер трактор 1000 В кернеуде жұмыс істесе, онда оның электр қозғалтқышының тұтынатын ток күшін анықтаңдар. (Жауабы: 3 А.)

  3. Егер велосипедтің шамындағы кернеу 4 В және ол 1 с ішінде 0,8 Дж энергия жұмсаса, онда шамдағы ток күшін есептеңдер. (Жауабы: 0,2 А.)

  4. Электр құралы 45 мин ішінде 5 А токпен 162 кДж жұмыс жасайды. Құралдың кедергісі қандай? (Жауабы: 2,4 Ом.)

  5. Көтергіш кран 6 т жүкті 2 мин ішінде 12 м биіктікке көтереді. Егер жүкті көтерген кезде кранның электр қозғалтқышының ток күші 51 А, кернеуі 380 В болса, онда кранның ПӘК-і қандай? (Жауабы: ~ 31%.)

  6. Қыздырғышта тұрған 4,5 л суды 23°С температурадан қайнағанға дейін қыздыру үшін 0,5 кВт*сағ электр энергиясы жұмсалады. Қыздырғыштың ПӘК-і неге тең? (Жауабы: 80%.)

  1. Қуаты 100 Вт электр шамы күніне 6 сағ. жанады. 1 ай (30 күн) ішіндегі токтың атқарған жұмысын тап, 1 кВт*сағ қалада 7 теңге тұрады? (А=18 кВт*сағ, құны 119 теңге)

  2. 2А ток күші мен 220 В кернеуінде 10 м биіктікке массасы 100 кг жүкті 30 с аралығында көтеретін электр двигателінің ПӘК-ін анықтау. (76%)

Қорытындылау,Рефлексия

Үйге тапсырма:



Таратпа материал

Каталог: 2018
2018 -> Сабақ: Уақыт. Уақыттың өлшем бірліктері. Aқтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Мәртөк селосы
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> «дизайн» бойынша Қалалық олимпиадасы
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың мақсаты: ден 10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту тәсідерін қайталау. Апта күндерін ретімен меңгерту
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет