Сабақтың тақырыбы Түстер палитрасы сабақ нұсқа



Дата25.04.2020
өлшемі0,89 Mb.
#64682
түріСабақ
Байланысты:
1 АКТ 3 сынып 5Бөлім Түстер палитрасы 1 сабақ 2 нұсқа Сабақ жоспары


Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспарда қарастырылған бөлім:

3.3А Шығармашылық және компьютер

Мектеп:


Мұғалімнің аты-жөні: Сейдахметова А.Т




Күні:

Қатысқан оқушылар саны:




СЫНЫП: 3

Қатыспағандар:




Сабақтың тақырыбы

Түстер палитрасы 1 сабақ 2 нұсқа.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.2.1 қарапайым графикалық редактор құралдарын қолдану

3.2.4.2 арнайы тақырыпқа сай фотосуреттерді қолдану



Сабақтың мақсаттары

Оқушылар...

  • Графикалық редактордың мәзір командалары арқылы жұмыс жасайды(ашу, сақтау).

  • Түстер палитрасын қолданып суретті графикалық редактор арқылы бояйды.

Бағалау критерийлері

- суретті бояу үшін графикалық редактордың құралдарын қолдану

- суретті бояу мақсатында арнай түстер таңдайды



Тілдік мақсаттар

Оқушылар...

Графикалық нысандардың сырт келбетін өзгертетін және нысандар құруға графикалық редакторды қолдану

Үзінділермен жұмыс жасаған кезде графикалық редактордың құралдарын қолдану

Графикалық редактордың мәзірлер командаларын қолдану (нысанды қиып алу, айналдыру, өлшемін өзгерту);

Графикалық редактормен жұмыс жасау үшін дайын фотосуреттер қолдану.

Тілдік оқу мақсаты

Оқушылар

Суреттерді өңдеуге арналған терминалогияны қолданады.

Мәзір командаларының реттік іс әрекетін сипаттайды

Пәндік лексика және терминалогия:

графикалық элемент, палитра, фотосурет, қылқалам, бүркіш.



Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестер:

Бояуды бүрку эффектісін жасау үшін...

Мен бояу үшін ... түс тандадым



Ерікті сызықтарды салуға...

Құндылықтарды дарыту

Өздеріне және басқаларға құрметпен қарау және жұптасып, топта жұмыс істеу кезінде және өздігінен зерттеу - академиялық адалдық, құндылықтар дарытады, біртұтастық, жүйелілік, белсенділік, саналылық.

Пәнаралық байланыс

Сурет сабағы

математика



АКТ қолдану дағдылары

4 Бөлім оқып меңгерген кезде оқушылар графикалық редактормен жұмыс жасаған.

Осыған дейін меңгерілген білім

Графикалық редакторда сурет салу дағдылары қалыптасқан.

Жоспар

Сабақ кезеңдері мен жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы
4 мин
6 мин

  1. Ұйымдастыру кезені

Сыныптағы оқушылардың қатысымын тексеру. Қауіпсіздік ережесін пысықтау

Сабағымызды бастамас  бұрын психологиялық дайындалып жіберейік.  «Жақсы сөз жанымызды жадыратады дегендей, қане бір бірімізге алақанымызды беріп, бір бірімізге жан жылуымызды сыйлайық».  «Бірлік жоқ болса, ұйымшылдық жоқ болса күйің жоқ»,  «Береке басы –бірлік» 

Миға шабуыл.

- Сен қағазға салынған суретті түрлі түсті етіп бояуды білесің. Ал компьютерде салынған суретті қалай бояу керектігі жайлы білгің келе ме?

Жаңа тақырыпқа еңбес бұрын кеспе қағазда берілген есепті шығарып бояйық.



2 Мақсатты тұжырымдау

  • Сіздің ойыңызша, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай? (оқушылар өз жауаптарын береді).

Сабақтын тақырыбы мен сабақ мақсаты түсіндіріліп, оқушылар жаңа сабақтың атын дәптерге жазады.



Сабақтың ортасы

10 минут


15 минут

5 мин




3 Жаңа тақырып

Суреттерді не арқылы боядыңыз?

Компьютерде берілген суреттерді бояу үшін қандай құрылғы қолданамыз?

Paint –та  бір уақытта екі  түспен сурет алуға болады:  қалам түсімен (оны негізгі түс деп атаймыз),  және фон түсімен (фондық).

Палитраның сол жақ шетінде  бірі екіншісінің  ішіне орналасқан  кішкене екі тіктөртбұрыш  тұр,  осылардың  үстіңгісі – негізгі, ал астыңғысы – фондық  түстерді көрсетеді.



Кез-келген  сәтте  түстерді  өзгерту  мүмкіндігі бар,  ол үшін курсорды палитрадағы  жаңа  түске апарып,  тышқанның  сол жақ батырмасын шерте  отырып,   негізгі түсті,  ал оң жақ батырмасын  басу арқылы – фондық  түсті  өзгертуге болады.

Бояу үшін құю құралын пайдаланамыз. Оның көмегімен тұйық контурды бояуға болады. Егер контур тұйық болмаса, сендер осы құралды қолдансаңдар, онда бояу бүкіл экранға төгіледі.

Paint графикалық редакторын ашып балдарға бояу құралдарын көрсету.

Бүріккіш құралы бояуды бүрку эффектісін жасау үшін қолданылады.

Қылқалам (кисть) ерікті сызықтарды салуға, бояуға болады.

Проблема қою

Оқушы құю құралын қолданып үйдін шатырын боямақшы болды. Қоңыр түсті таңдап құю құрылғысын қолданып еді, сурет толайымен қоңыр түсті болып боялып кетті. Не себепті екенің түсіндір.

Оқушылар өздерінің түсініктерін білдіреді.

4. Сергіту сәті

Жаттығу жасау.



  1. Орнымыздан тұрамыз.

  2. Қолымызды иық деңгейіне қойып, алға-артқа айналдырамыз 2 рет

  3. Басымызды оңнан-солға, солдан-оңға айналдырамыз 2 рет

  4. Көзімізді ашып - жұмамыз

  5. Көзімізді шеңбер бойымен айналдырамыз 2 рет

  6. Қолымызды алға созып, кейін төбеге, белге, қайта орнына қоямыз 2 рет

5. Практикалық жұмыс

1 тапсырма. Жұмбақ жауабының суретін құрастырып, Paint терезесінде сал

1 - нұсқа:

Алдымда әр түрінен жібек жіптің,

Аспанға әшекейлеп кесте тіктім.

(Кемпірқосақ)
2- нұсқа:

Таңмен нұрын шашады,

Әлемге көзін ашады.

(күн)

2 тапсырма Оқушылар файылдарды жүктеп алып, есептерді шығарып сәйкес түспен суреттерді бояйды.

**1 нұсқа «Әтеш» файлы




**2 нұсқа «Серуен»




5 мин


Дескриптірлер

- файлды мәзір командасын қолданып жүктеп алады.

- сурет салуда әртүрлі құралдарды пайдаланады.

- суретті түстер палитрасын пайдаланып бояйды;

- файлды мәзір командасы арқылы сақтап қояды.

Оқушылар практикалық жұмысты орындауға кіріседі.

Саралау мақсатында тапсырмалар өсу ретімен күрделенеді.

Дескрипторлар арқылы өзара бағалау.

Алдын ала құрастырылған дескрипторлар арқылы оқушылар жұптасып бір бірінің жұмыстарын бағалайды.






Сабақтың соңы

38-40 минут



Рефлексия

Бүгінгі сабақта не үйрендік?

Сіздерге не ұнады?

Сіздерге не күрделі болды?

Сабақта алған білімдеріңіз арқылы тағы не сала аламыз?



Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)


Практикалық тапсырма орындау кезіңде саралау шығармашылықтың кезеңі бойынша іске асады: тапсырмалар өсу ретінде берілген. Тапсырманы орындаған жағдайда мұғалім сұрақтар арқылы немесе нұсқау картасында қадам бойынша алгоритм қолданып қолдау көрсетеді.

Оқушылардың барлығы:

  • Жұмбақтын шешімін табуып суреттін салып бояйды;

Оқушылардың көбісі:

  • Файлды жүктеп алып, берілген есептердің жауабы бойынша суретті бояйды.

Бағалау сабақтың әр кезеңіңде жүзеге асырылады:

- қиындықтарды анықтап қолдау мақсатында оқушылардың жауптарын қадағалау (жұптық жұмыс).

- теориалық материалды түсіну кезеңінде интерактивті тапсырмаларды бағалау үшін қолдану;

- практикалық жұмысты орындау кезіңде бағалау дескрипторлар арқылы жұптасып орындалады.

- өз-өзінің жұмысын бағалау мақсатында, кері байланыс түрінде сабақтың соңында, оқушылар өз жұмыстарын бағалайды, жетістіктері мен қиындықтарын талдайды.


Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін сабақ барысында топтық жұмыс, сергіту сәті қарастырылған.

Компьютермен жұмыс жасап отырған кезде оқушылар дене мүсіні дұрыс болуына, көзбен монитор экранының ара қашықтығына көңіл аударып, жағымсыз ситуациялар пайда болған жағдайда мұғалімге хабарлайды.



Практикалық жұмыс орындаған кезде «Дүниетану» пәнімен байланысады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет