Сабақтың тақырыбы:



Дата11.11.2016
өлшемі28,96 Kb.
#1479
түріСабақ
Әдебиеттік оқу

2-сынып


«Көкжайық орта мектебі» КММ-нің

бастауыш сынып мұғалімі

Жакашбаева Айнаш Әскербековна

Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан» Қ.Аманжолов.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қ.Аманжоловтың өлеңімен таныстыра отырып, оқушылардың «Қазақстан», «Отан», «туған жер» туралы түсініктерін кеңейту;

Дамытушылық: туған жерге, Отанымызға қамқорлық жасау іскерліктерін дамыту;

Тәрбиелік: Отанымызды сүюге, қадірлеуге, патриоттыққа тәрбиелеу.

Оқу нәтижесі: оқушылардың Отан туралы түсініктері кеңееді, Қ. Аманжоловтың өмірбаянымен, шығармашылығымен танысады.

Түйінді идеялар: оқушылар Қазақстан Республикасын мақтан тұтып, құрмет ете білуі қажет.

Дереккөздер және жабдықтар: оқулық, әдістемелік құрал, нұсқаулық, Ғаламтор, интербелсенді тақта.


Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті


І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық

Білімнен бақыт табамыз.

Өнерменен өрістеп,

Өсе берсін санамыз.
Оқушылар оқу үлгеріміне, белсенділіктеріне қарай 3 топқа бөлінеді.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1-топ: Өлеңді жатқа айту

2-топ: Кластер құру
3-топ: Желтоқсан оқиғасы туралы ойларын жазып келу.

ІІІ. Қызығушылықты ояту

Ребус шешу «Қазақстан»

Сабақтың тақырыбын ашу үшін.
ІҮ.Мағынаны тану

Қ. Аманжоловтың өмірбаяны, шығармашылығы туралы баяндау



Қасым Аманжолов 1911 жылы Қарағанды облысында Қызыларай қыстауында дүниеге келген.Әке-шешеден жастай жетім қалған, ол біраз жыл ағасының қолында өседі.Алғашында жаңадан ашылған ауыл мектебінде оқып, сауатын ашады. Кейін Семей қаласындағы интернатқа орналасады.Қасым онда 1927 жылға дейін тәрбиеленеді.

Қасым Аманжолов алғашқы өлеңдерін Семейде жазған.Оның азамат болып қалыптасуына Орал қаласы үлкен әсер етті.Мұнда ақындық,әншілік,артистік таланты жұртшылыққа танылды.Сонымен қатар атақты ақын-жазушылардың шығармаларын қазақ тіліне аударды. Қасым өз өлеңіне ән шығаруды өте қызық көрген.

Ү.«Қазақстан» өлеңін ИТ тыңдау. Талдау.

ҮІ.Сергіту сәті «Қамажай»


Өлеңді 2-3 оқушыға оқыту

Видео. Жас ақын Жамбыл Дүйсеновтың шығармашылығынан «Дүниеге келер әлі талай Қасым» .
Шығармашылық жұмыс.

Синквейн құру
«Менің елім Қазақстан» фильмін көру
Талдау

Бағалау. Үй тапсырмасы: Достық пен келісімде өмір сүру үшін барлық ұлт өкілдері орындауға тиісті заңдар мен ережелер ойлап табу
Рефлексия

Оқушылар орындарынан тұрып, дайындықтарын көрсетеді.

Ребусты шешеді


3-4 оқушы айтып береді.

Топтық сұрақтар

1-топ «Бақытты қазақ баласы» деп өлеңнің қай шумағын атауға болады?

2-топ Ақын неге қуанып, шаттанады?

3-топ Өлеңде ақын қолданған қандай сөздерді төмендегі сөздермен тіркестіруге болады?

... құл ...

... жеріміз ... жанбыз
... азат жігіт

... қазақпыз қыз


Оқушылар сергіту сәтін орындайды


Мәнерлеп оқып береді.

Көріп, тыңдайды

Отан, Шығыс Қазақстан, Көкжайық туралы

шығармаларын оқып береді.
Топпен жұмыс

Алған білім-білік, дағдыны оқушылар талдайды





Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Ғабиден Мұстафин. Сабақтың мақсаты: Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет