Сабақтың тақырыбы: Векторлық және растрлық графиктерді құру. Мақсаты



Дата25.08.2017
өлшемі43,15 Kb.
#26078
түріСабақ
Күнделікті сабақ жоспары

Бекітілді: Пәні: информатика



Класы: 7 «А», 7 «Ә»

Күні: ________________

Сабақтың тақырыбы: Векторлық және растрлық графиктерді құру.

Мақсаты: 1. Программаның негізгі мүмкіндіктері туралы айту және қосымша

ақпаратпен білімдерін толықтыру.

2. жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылуға, өзінше ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

3. Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.


Әдістері: Практикум, баяндау арқылы түсіндіру.

Көрнекіліктер: Компьютер, практикум, тақта.

Міндеттері: 1. Логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, білім білік дағдыларын

қалыптастыру.

2. Оқушының өз бетімен жұмыс істеуі, шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі

А) Оқушыларды сабаққа дайындау, түгендеу

Ә) Ұқыпты, ынталы болуға үйрету

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ

Графикалық бейнелердің редакторлары.


Ақпараттың үлкен бөлігін адамдар көру ағзасы арқылы қабылдайды. Сондықтан да графикалық ақпаратты өңдеу ғылыми зерттеулердің, инженерлік және дизайнерлік шешімдердің, ақпараттық және бағдарламалық құралдардың — қарапайым редакторлардан күрделі бағдарламалық кешендерге дейін (мысалы, Corel Draw және Adobe Photoshop) –көлемді қатпарын құрайды.
Графикалық файлдың сыртқы құрылғыда бейнелеу көрсетімі, яғни өлшемі, шешімі, сығымдау дәрежесі, әдісі және т.б. болады, сонымен бірге әр графикалық редакторға арналған арнайы ақпараты (мысалы, Corel Draw- қисық түзілімдер туралы, Photoshop –қатпарлар,арналар және т.б. туралы ақпараттар) сақталады, белгілі түрде кодтайды.
Графикалық файл пішімі дегенді бейнелеу және оны файлға жазу туралы ақпараттың жиынтығы деп түсіну керек. Барлық графикалық пішімдерді екі топқа бөледі:
-біріншісі – жалпы белгіленген пішімдер. Мұнда бейненің өзі, сондай-ақ сақтауға, көшіруге немесе көруге арналған бейнелер.
-екіншісі — бейнелерді редакциялаудың аралық нәтижелерін сақтауға арналған ерекше пішімдер.
Іскерлік саласында графикаға деген қажеттілікті негізгі үш бағытпен шектеуге болады. Олар: құжаттардағы графика (иллюстрациялар, диаграммалар, ұсыну-көрсетудің тиімді түрі), мультимедиа-презентация графикасы (фон, заставка, динамикалық графикалық объектілер) және бағдарламадағы графика (пиктограммалар, заставкалар және т.б.)
Көптеген графикалық объектілерден бірнеше негізгі түрін бөліп алып, оларды дайындаудың кең тараған және күрделі емес құралдарын қарастыруға болады.
Графикалық элементтердің құжат, презентация немесе бағдарламаның сапасын жақсартуға қабілетті «джентельмендік жиынтығы көп емес». Олар мынадай:
1. иллюстрациялар
2. графикалар мен диаграммалар
3. сәндік жазбалар
4. безендіру элементтері (түрлі сызықтар, геометриялық және стилизацияланған мүсіндер, т.б.)
Иллюстрациялар мен безендіру элементтерінің бір-бірінен өлшемдері ғана басқаша.Оларды жасау әдісі бойынша растрлық және векторлық, фрактальді деп үш топқа бөлуге болады.
РАСТРЛЫҚ БЕЙНЕЛЕР (НЕМЕСЕ БИТ КАРТА-BITMAP) ДЕГЕНІМІЗ –ТҮРЛІ ТҮСТІ НҮКТЕЛЕРДІҢ(ПИКСЕЛЬДЕРДІҢ) ЖИЫНТЫҒЫ.
Растрлық бейнелердің айтарлықтай кемшілігі бар, айталық, ол шығару құрылғысының, мысалы, дисплейдің шешуші қабілетін өзгерткенде, бұрмаланып кетеді. Үлкен өлшемді растрлық бейнелер (фотосуреттер,т.б.) құжаттар мен презентацияларда фон реттенде, сонымен бірге иллюстрация түрінде пайдаланады. Оларды дайындауда бастапқы материал болып сканерден алынған немесе кітапханадан компакт-дискімен келген бейнелер қызмет етеді.
ВЕКТОРЛЫҚ БЕЙНЕЛЕР ДЕГЕНІМІЗ – ӘДІСПЕН ҚҰРАҒАНДА ГРАФИКАЛЫҚ ОБЪЕКТІЛЕР ҚАРАПАЙЫМ ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ, ЯҒНИ ҮЗІК СЫЗЫҚТАРДЫҢ, ДОҒАЛАРДЫҢ, ШЕҢБЕРЛЕР МЕН КӨП БҰРЫШТАРДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ ТҮРІНДЕ КӨРІНЕДІ.
Векторлық графикалық бейнені құрайтын қисық және түрлі түсті құйылмалардың математикалық жазбасы бар. Оның маңызды бір артықшылығы- бейнелердің масштабы өзгере алады. Суреттің өлшемі өзгертілгенде примитивтер теңгерулері қайта есептеліп, сызықтарды құру сол теңгерулер бойынша жүргізіледі. Нәтижесінде растрлық бейнелерге тән объектінің бұрмалауына жол берілмейді.
Құжаттарды немесе презентацияларды дайындау процесі кезінде синтезделетін иллюстрациялардың көбісін кең тараған пакеттердің аспаптарын пайдаланып, векторлық графиканың құралдары арқылы жүзеге асыру мүмкін. Мысалы WORD -2003-ға Бейнелерді бабына келтіру аспаптар панелі және Жиектер қосылған, графикалық примитивтер жиыны кенейтілген геометриялық , мәтіндік және анимациялық әсерлі сәндік жазбалар жасауға үлкен мүмкіндік береді.
ФРАКТАЛЬДІ БЕЙНЕЛЕР ДЕГЕНІМІЗ- МӘТІНАЛҒЫДАН, ДАЙЫН СУРЕТТЕРДІҢ ӨҢДЕЛІП АЛЫНҒАН ТҮРЛЕРІ.
ІҮ. Сабақты бекіту: Бекіту тапсырмалары.

Ү. Бағалау:Оқушыларды біліміне сай бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма: Компьютерлік графика түрлері. Векторлық және растрлық графиктерді құру.
Каталог: uploads -> doc -> 06b5
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
06b5 -> Сабақ жоспары №20 Күні-айы: 06. 04. 2016 Топ: а-01 Курс: I мамандығы: 0508000 -тамақтандыруды ұйымдастыру


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет