Сабақтың тақырыбы: Виложарыс жеңімпазы (Күрделі етістік) Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата31.12.2019
өлшемі38,52 Kb.
#54951
түріСабақ
Күні: 27. 01.17

Сынып: 4 «Б»

Сабақтың тақырыбы: Виложарыс жеңімпазы (Күрделі етістік)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

1. Спорт түрлері тақырыбының мәнін ұғындырып, оқушының білім алуға деген ынтасын арттыру, виложарыс түріне тоқталу.

Түсініксіз сөздердің мән, мағынасын, аудармасын түсіндіру;

Дамытушылық:

Оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу тілін, логикалық ойлауын, қиялын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.



Тәрбиелік:

Оқушыларға әр мамандықтың өзіндік ерекшеліктерін және олардың қажет екенін түсіндіру. Оқушыларды еңбексүйгіштікке баулу.



Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Түсіндіру, сұрақ-жауап, өзбеттерімен жұмыс, сөз одағын құру, кластер стратегиясы, оқулықпен жұмыс, топпен жұмыс, жұппен жұмыс т.б.



Пәнаралық байланыс:

Дене шынықтыру, тарих, қазақ әдебиеті



Сабақтың көрнекіліктері: слайд, шағын фильм, үлестірмелер т.б.

2. Ауыз екі сөйлеу тілдерін қалыптастыру, сауатты жазуға дағдыландыру;

3. Салауатты өмір салтын жүргізу;

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру, сәлемдесу.

  2. Психалогиялық дайындық

«Спорт шынықтырады,

Ұйқы тынықтырады.



Спорт өмірді ұзартады,

Еңбек ширатады.» дейді халық даналығы. Ендеше бүгінгі сабағымызда спорт түрлері, спорттың адам өміріндегі алатын орны, Қазақстан спортының мақтаныштары туралы сөйлесеміз.

  1. Үй тапсырмасын тексеру: Сұрақ – жауап. Өткен тақырып бойынша сұрақтар қойып үй тапсырмасын қорыту.

  2. Жаңа сабақ.

Ой қозғау.Сұрақ-жауап

Бокстан басқа Қазақстанда спорттың қандай түрлері жақсы дамыған?

Қандай қазақ спортшыларын білесіңдер ?

2012 жылы Лондонда қандай олимпиада өтті?

Қазақстан спортшылары онда қандай жетістіктерге жетті?


  1. Кіріспе әңгіме.

Александр Николаевич Винокуров

Александр Николаевич Винокуров 1973 жылы 16 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында дүниеге келген. Қазақстандық танымал велошабандоз, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Азия чемпионы, 2012 жылғы Лондон олимпиадасының чемпионы, Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері, «Тур де Франс» әлемдік веложарысының қола жүлдегері, әлем чемпионы, Испаниядағы "Вуэльта" көпкүндігінің жеңімпазы.


Винокуров әлемдік деңгейде мойындалған спортшы. Оның спорттық өмірбаяны жарқын жеңістер мен толағай табыстарға толды. Александр көптеген халықаралық жарыстарда бас жүлдені олжалады. «Вуэльта» додасында топ жарды. Әр жылдары «Тур де Франс» көпкүндігінің кезеңдік сайыстарында жеңімпаз атанып, жалпы есепте үшінші орынға табан тіреді. Ол ұзақ жылдар бойы Қазақстан Ұлттық құрамасы мен «Астана» клубының серкесі болды. Әлем чемпионатында екі рет қола медальді иеленді. Азиада да алдына жан салған жоқ. 2000 жылы Сиднейде алауы тұтанған Олимпиада ойындарында күміс медальді қанжығасына байласа, 2012 жылы Лондон Олимпиадасында алтын тұғырға көтерілді. Тұманды Альбион еліндегі жеңісінен кейін 39 жастағы Винокуров үлкен спортпен қош айтысатынын мәлімдеді. Енді ол өзінің сүйікті ісінен қол үзер алдында қоштасу жарысын ұйымдастыруды жөн көрді. «Монакодағы дода мен үшін спорттық карьерамдағы ең соңғы сынақ. Сол себепті де осы жарыс барысында барлық достарымның басын қосқым келеді», дейді әйгілі велошабандоз.

Видеоролик көру:

Күрделі етістік
Екі я одан да көп сөзден құралып, бір ғана мағынаны білдіріп, бір сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметін атқаратын етістіктер күрделі етістіктер деп аталады. Мысалы: Ауылда қосактағы қойлар да маңырап жатыр екен (М. Ә.). 

Бір кішкентай қыз әкесінің шапанын жамап отыр екен (Ы. А.). Ерте барсам жерімді жеп қоям деп Ықтырмамен күзеуде отырар бай (А). Берілген сөйлемдердегі маңырап жатыр екен (қойлар қайткен?), Жамап отыр екен (қыз не істеген?) , жеп қоямын деп (не себепті отыр?), дегендер — күрделі етістіктер. Олар бір ғана лексикалық мағынаны (манырау, жамау, жеу) білдіреді, бір сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметін атқарады.

Сергіту сәті:
Сөздік:

Күрес – борьба

Зор табыстар – большие успехи

Жету – достичь

Бапкер – тренер

Ықпалы зор –большое влияние

Ғумыр – жизнь

Жеңімпаз – победитель

Сайыс – соревнования

Шәкірт – ученик

Демеу бере білу – уметь поддержать

Карточкамен жұмыс

Етістік

                                  Дара                                         Күрделі



Дара етістік

Күрделі етістік

Барды

Келді


Алды

Айтты


Жүрді

Барып қайтты

Келе жатыр

Алып кетті

Айтып отыр

Жүре бастады


 Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлемдер құра.

Өсіп тұр, биледі, емдеп жүр.

 Қайсысы дара етістік, қайсысы күрделі етістік екенін дәлелде.

Көздеді, ойлап жүр, келе бастады, көрді, тоқып жатыр, шомылды.



2.Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құра.
Суреттегі зат атауларын олардың қимылын білдіретін сөздермен айту

______ арсылдайды.______мияулайды._____шырылдайды.Шыбын ______.Әтеш_____.



Карточка 3.

1.Сөйлемнен етістікті тауып,сатын сыз.

Асан құдықтан су тартты.Суды науаға құйды.Қойлар су

ішті.Олардың шөлі қанды.Өрісте шөп қалың.Қойлар

қайтадан жайылды.
2.Сөздерден сөйлем құрап жаз.

1.Ояндық,таңертең,ерте.

2.Атасы,кетті,жолаушылап.

3.Ауамен,біз,дем,таза,аламыз.


Карточка 1.

1.Сөздерді көшіріп жаз.И дыбысының астын сыз,буынға бөл.

Биік,тәрбиеші,қиық,иық,диірмен,жиек.

2.Жаңылтпашты жаз.Дауысты и-дің астын бір,дауыссыз й-дің астын

екі сызықпен сыз.

Ай,ай,Айдарбай,

Иір мүйіз сиырыңды.

Үйіңе айдай бар.


Бекіту: сұрақ жауап

  1. Қандай спорт түрлерін білесіңдер?

  2. Спортпен шұғылдану қажет пе?

  3. Қандай спорт түрлерін білесіңдер?

  4. Спорттың қай түрі ұнайды?

  5. Қандай атақты спортшыларды білесіңдер?

  6. Алтын алқа, күміс, қола алқа қашан беріледі?

Бағалау:

Үйге тапсырма:

Сабақ аяқталды! Сау болыңдар!

№2 Қазанбасы орта мектебі

Ашық сабақ: тақырыбы виложарыс жеңімпазы ( күрделі етістік)

Сынып: 4 «Б»



Мұғалім; Нурмухаметова А. Е

2016-2017- оқу жылы
Каталог: uploads -> doc -> 0ad9
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ad9 -> Білім беру саласы: «Шығармашылық«, «Әлеуметтік» Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Экология, жапсыру
0ad9 -> Сабақ 6-сынып Пәні: ф изикалық география
0ad9 -> Пәні: Қ/қ ә/ті. Сынып: Күні: Бекітемін: С. Мажитова
0ad9 -> Сабақтың тақырыбы: Мәліметтердің айнымалы типтері Сілтеме
0ad9 -> «Ұлттық бірыңғай тестілеуде кездесетін есептерді шығару»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет