Сабақтың тақырыбы: XIV xvi ғасырлардағы музыка өнері



Дата18.02.2018
өлшемі37,79 Kb.
#37958
түріСабақ
Умырбаева Бибігүл Төлегенқызы

Маңғыстау облысы,Қарақия ауданы ,Жетібай ауылы,

3 орта мектептің музыка пәнінің мұғалімі


Сабақтың тақырыбы: XIV – XVI ғасырлардағы музыка өнері

Сабақтың мақсаты: А) Білімділік: Оқушыларға кәсіби музыка өнерінің даму

сатыларын ұғындыру. XIV – XVI ғасырлардағы музыка

өнерін меңгерту.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап

Сабақтың пәнаралық байланысы: Тарих, өнер

Сабақтың көрнекі-құралдары: портреттер, баян аспабы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Әлем халықтарының кәсіби музыка өнері

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
XIV – XVI ғасырлардағы музыка өнері
Орта Азия, Араб халифаты, Иран, Үндістан, Қытай, Жапон елдерінде феодалдық музыка мәдениетінің ерекше түрі пайда болды. Мұнда халықтық және сарайлық шығармашылық үрдістер жақсы дамыды. Мұқам, мақам, рок сияқты жанрлар айрықша көрініс тапты.

Қайта өрлеу (XIV – XVI ғасырларда) дәуірінде Батыс, Орталық Европа елдерінде музыка мәдениеті буржуазиялық сипат ала бастады. Тұрмыстық әндер мен аспаптық әуендерге қызығушылық басым болды.






Виола аспабын скрипка, виолончель аспаптары ауыстырып, оны жасаушы

А. Н. Амати, Дж. Гварнери, А. Страдивари (Италия) сияқты шеберлердің аттары әлемге әйгілі болды.

Барокко Итальян

опералары

Классицизм Француз


Рококо – француздың аспаптық музыкасы
Иоганн Себастьян Бах (1985 - 1750)

Иоганн Себастьян Бах – неміс халқының ұлы композиторы. Ол «Матфейге іңкәрлік», «Иоанға іңкәрлік» және «Құдіретті месса» сынды ірі вокалды – аспаптық шығармалар жазды. Діни тақырып, адам баласының дүниедегі орны өмір мен өлім туралы терең философиялық толғанысына арқау болды. Оның оркестрге арналған «Бранденбург концерттері» деп аталатын 6 концерті, оркестрлік сюиталары, органға арналған шығармалары, партиталары және т.б. көптеген шығармалары бар.

ІV.Музыкалық сауаттылық

Концерт – музыканың көлемді жанрының бірі. Концерт сөзінің екі түрлі мағынасы бар: бірінші, өнер шеберлерінің қатынасуымен өткізілетін музыкалық кеш; екінші, көлемді, әрі күрделі аспаптық музыка.

Месса – католик дініндегі жексенбі күні құдайға құлшылықта айтылатын діни ән.

Рондо – музыкалық аспаптарға арналып жазылған, негізгі темасы бірнеше рет өзгеріп, қайталанып отыратын шабытты шығарма.

Фуга – бір, екі немесе одан да көп теманы бірінен соң бірін барлық дауыста пайдалана отырып, имитация негізінде жүргізіп отыруға негізделген полифониялық шығарма.

Симфония – грек сөзі, «дыбыстар бірлестігі» деген мағына береді.

Классикалық музыкаең биік көркемдік талапқа сай, терең мазмұнды, «уақыт сынынан» сүрінбей өткен, музыка өнерінің алтын қорына енген шығарма.

Менуэт – француз биі. Мену – қазақша аз деген сөз. XVII ғ. бастап менуэт жанры биге айналды.

Прелюдия – музыкалық аспаптарға арналып жазылған, пьесалардың алдында ойналатын шағын бөлім.

Кантата – музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен орындалатын вокалдық шығарма.

Токката - өте тез, анық екпінде орындалатын фортепиано немесе органға арналған виртуозды аспаптық пьеса.

Полифония – бір уақытта естілетін – көп дауысты музыка.

V. Бекіту сұрақтары

VІ.Бағалау

VII. Үй тапсырмасы.
Үйге тапсырма: XIV – XVI ғасырлардағы музыка өнері
Каталог: uploads -> doc -> 0580
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0580 -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Ассамблеясы
0580 -> Абай Құнанбаев ескерткіші
0580 -> Сабақ тақырыбы: Сен қанша тіл білесің?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет