Сабақтың түрі : саяхат сабақ Сабақтың әдіс тәсілдері : әңгімелеу, сұрақ жауап, жаттығу, т б



Дата11.01.2022
өлшемі18,33 Kb.
#110990
түріСабақ
Байланысты:
Қаратөбе-киелі мекенім


Бекітемін: ТІЖО: А.Шугылова

Күні: 11.09.20

Тақырыбы: «Қаратөбем - киелі мекенім!»

Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ - жауап, жаттығу, т. б.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, Power Point бағдарламасында
жасалған слайдтар.
Пәнаралық байланыс: тарих, география.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

1. Амандасу


2. Оқушы назарын сабаққа аударту.
3. Сабақ мақсатымен таныстыру.
ІІ. Жаңа сабақ. Қызығушылығын ояту
Мұғалім сөзі:- Жаңа сабағымызды Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен бастағалы тұрмын:
"Біз өзіміздің белгілі тарихымыз бен өзіндік болашағымыз бар еуразиялық елміз" (Интерактив тақтадан оқу)
- Осы сөздердің ішіндегі қай сөздер сендерге ой салады?
(тарихымыз бен болашағымыз)
- Ал тарихымыз бен болашағымызды не байланыстырады?
(тарихи тұлғалар, ескерткіштер, ежелгі қалалар)
- Ауданымыздағы қандай киелі жерлерді білесіңдер?
(Құныскерей үңгірі, Аққұм, Қоске Әулие)

Слайд: Қаратөбе өңірінің суреті


– Балалар, мына суретте қай жерді көріп тұрсыңдар? (Бұл суретте Қаратөбе өңірін көріп тұрмыз).
–Қаратөбеде нелер бар? (Аудандық аурухана, мешіт, базар, Қаратау би кесенесі,Астана саябағы бар).
– Сонда бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай қала туралы деп ойлайсыңдар?
Ақынның осы өлең жолдары біздің сабағымыздың эпиграфы болады.

Біздің ұранымыз: Қазақстаным – жүрегім,

Қаратөбем– тірегім!



Біздің төсбелгіміз:

Біздің әнімі: «Қаратөбем» әні

Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше, ол – саяхат сабағы. Сабақта біз Қаратөбе ауданына саяхат жасап, осы мәліметтерді пайдалана отырып, білімдерімізді шыңдаймыз.

– Ал саяхатқа шығу үшін бізде не болуы керек?

– Карта.


– Дұрыс айтасыңдар, ендеше мен сендерге қазір саяхат картасын көрсетемін

Бүгін 2 топ сабақта  жұмыс істейді.

1-топ – «Зерттеушілер» тобы, 2-топ – «Тарихшылар» тобы.

Бірінші аялдамамыз «Әңгімелесу бағы» аялдамасы

Блум түймедағы (Терең және жеңіл сұрақтар қойылады) слайд

Сен қай ауылда тұрасың?

Сенің Отанын қай ел?

Қазақстан қандай мемлекет?

ҚР бас қаласы қандай қала?

Туған жер туралы қандай мақал-мәтелдер білесің?

Келесі аялдамамыз «Сөздік алқабы»

Мұғалім сөзі: - Ал, енді осы көргенімізді, естігенімізді толықтырайық.


Сөздермен жұмыс:

қасиетті – священный – sacred

кесене – мавзолей – mausoleum
көне – древний – ancient
саяси орталық - политический центр – political center
келешегі зор - огромное будущее – great future

Видео «Қаратөбе мекені»

Саяхатымызды жалғастырамыз «Білім шыңы»

–Қаратөбе мекенін көру  үшін  «Алтын қақпа» ойының ойнаймыз.

Ойын 2 кезеңнен тұрады.
1 – кезеңдегі тапсырма орындалса «Күміс қақпа» ашылады.
2 – кезеңдегі берілген тапсырма орындалса «Алтын қақпа» ашылады.

«Алтын қақпа» ашылғаннан кейін көмбеде «Алтын сандық» бар. Алтын сандықтың да өз тапсырмасы бар.

«Күміс қақпада» мынадай  тапсырма жасырынған: Мәтінмен жұмыс жасаймыз.

Мәтінді екіге бөліп оқимыз, жартысын бірінші топ, жартысын екінші топ. Мәтінді оқып, талқылайсыңдар, топтың ішіндегі көшбасшысы 2 топқа түсіндіреді.



Сергіту сәті

Біздің сұлу қыздарымыздың орындауында керемет би

2 – кезеңдегі берілген тапсырма орындалса «Алтын қақпа» ашылады.

«Қаратөбе ауданы» атты тарихи-географиялық экскурсиялық бейнебаяннан үзінді көріп, жақынырақ танысайық.

Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады.

Алтын қақпа ашылу үшін мынадай тапсырма: Қаратөбе мекені туралы  қосымша мәлімет жинау болатын.

Бізді осы ежелгі, қасиетті өңірмен«Зерттеушілер» тобы таныстырады.

«Тарихшылар» тобы  Қаратөбе өңірінің тарихы тереңде жатқанын дәлелдеп отыр.
Зерттеушілердің  хабарламасы: Батыс Қазақстандағы .үлкен, киелі құт-дарыған аудантардың бірі Қаратөбе ауданы .
Қаратөбе– қасиетті рухани өлке...

Қасиет пен құт қонған киелі мекен– Қаратөбе ауданы. Ғасырға жуық тарихы бар Қаратөбе – талай дүлдүлді дүниеге әкелген қасиетті мекен.


Тарихшылар хабарламасы:
«Алтын қақпа» ашылғаннан кейін көмбеде «Алтын сандық» бар.

Алтын сандықтың да өз тапсырмасы бар.

1-тапсырма: Балалар өздерінің Қаратөбе туралы өлең шумақтарын айту

«Алтын сандық» ашылды. Ішіндегі сыйлық сізге арналған, «Алтын сандықтың да» тапсырмаларын орындадық.

Қорытынды. Рефлексия: Киелі мекеніміз жарқырап жанып тұрсың  десеңдер, стикер-жұлдызшаларға жазыңдар өңір туралы не білдік  жапсырайық, қандай сөз естеріңде қалды.

Балалар, бағдаршамның үш түсі жатыр сабақ түсінікті болса жасыл түсті  көтересіздер, түсініксіз болса қызыл түсті, сұрақтарын болса сары түсті.



Осымен, балалар, біздің саяхатымыз аяқталды.  Балаларға көп-көп рақмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет