Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері : сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену



Дата22.01.2017
өлшемі40,78 Kb.
#7565
түріСабақ
Тақырыбы: Біріккен сөз

Сабақтың мақсаты: Біріккен сөз жайында алғашқы түсінік беру. Сөйлем ішінен біріккен сөзді табу , одан әрі білімдерін тереңдету; оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру сөйлеу дағдыларын дамыту; адамгершілік, экологиялық тәрбиелеріне баулу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену



Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.. ІІ Үй тапсырмасын тексеру: 4-жаттығу.ІІІ Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. Жан-жақты білімдерін тексеру Күрделі сөз дегеніміз не? Мысал келтір. Ү Жаңа материалды түсіндіру «Фигураны тап» ойынымен басталады




  1. фигураларды тақтаға тізіп жазып шығады. Мысалы: шаршы, төртбұрыш, үшбұрыш, көпбұрыш, кесінді. Балалар, осы сөздердің ішінен күрделі сөздерді табайық: төртбұрыш, үшбұрыш, көпбұрыш. Бұлар қалай жасалған? Екі түбір сөздің бірігіп айтылуынан жасалған

Осылайша екі түбірдің бірігуінен жасалған күрделі сөздің бір түрі біріккен сөз деп аталатынын оқушылар өздері пайымдайды. Осы тұста біріккен сөздердің үнемі бірге жазылатыны ескертіледі.

1) аң, құс, жәндік, өсімдік атаулары: қосаяқ, тас-бақа, егеуқұйрық, жолбарыс, көкқұтан,текесақал, ала-бота, аққу, итмұрын, саңырауқұлақ, бәптерек, бәйшешек, т. б.;



2) географиялық атаулар (жер, су, планета аттары): Жетіқарақшы, Темірқазық, Ақбозат,Көкбозат, Сарысу, Қызылорда, Әулиеата, Алакөл, т. б.;

кісі аттары: Орынбасар,Сейілбек,Мұхаметжан,Ерасыл, Аманжол,Есенәлі,
Бейсенбай, т. б.;

дене мүшелері (анатомиялық атаулар): асқазан, тоқішек, ұлтабар, мойыномыртқа,сегізкөз, тазқарын, т. б.;

5)ауру атаулары: алаөкпе, көкжөтел,қарасан, т. б.;

ойын атаулары: алтыбақан, ақсүйек, балтамтап, доптаяқ, орынсатпақ, т. б.;

ән, күй, өлең аттары: Сарыжайлау, Сарыарқа, Қароторгай, Кісенашқан,т. б.;

8)қоғамдық өмірге,күнделікті тұрмысқа байланысты әр түрлі атаулар:баспасөз,қолбасшы, кәсіпорын, шекара, еңбеккүн, отағасы, ақсақал

9)мезгілге байланысты

атаулар:,қыстыгүні,жазғытұрым,күздігүні,т. б.;

10) белгісіздік,болымсыздык мәндегі атаулар: ешкімқайсыбіреу,әлдекім,әрқайсысы, ешқашан,кейбір, әрбіреу,әлдеқашан, т. б.

ІҮ Дәптермен жұмыс. 1-жаттығу берілген сөздерді оқып, сөз құрамына талдау. Осы арқылы бұл сөздердің біріккен сөз екені байқатылады. 2-жаттығу сөздерді көшіріп жазу. 3-жаттығу біріккен сөзді тауып, астын сызу. 4-жаттығу өздік жұмыс. Сергіту жаттығуы

Біз бақытты баламыз,

Ойнап күліп аламыз.

Жетілсін деп санамыз,

Оқып білім аламыз.
Сөзжұмбақ шешу:


  1. Бір түбірі тағам сөзімен мәндес, екінші түбір тағам пісіретін ыдыс аты.

Ол қандай сөз? (Асқазан)

  1. Үй жануарының бірінің аты мен сезім мүшесі айтылған сөз ол ненің аты? (Итмұрын)

Берілген біріккен сөздерге сөйлем құрап жаз: аққұтан, көкжиек, шекара.

Дәптермен жұмыс: Сөзжұмбақтың жауабына байланысты сөйлем құрап жазу.



«Хайуанаттар бағына саяхат» тақырыбына әңгіме жазу. Біріккен сөз келетін аң – құстарды қатыстырып жазу.

Қорыту:

I-топ

II-топ

III-топ

Кісі аттары

Жер-су аттары

Өсімдік атауы


Түртіп алу әдісі:


Білемін

Білдім

Білгім келеді ?


Білімдерін бағалау:

Үйге тапсырма: Біріккен сөз. 6-жаттығу
Каталог: uploads -> doc -> 03f0
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
03f0 -> Бағалау Ребус Тест тапсырмалары
03f0 -> Тақырыбы: Бақытыңды балаңнан ізде


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет