Сабақтың түрі: ашық сабақ Өткізу әдісі: сұрақ жауап, түсіндіру, деңгейлік тапсырмалар



Дата21.07.2017
өлшемі69,14 Kb.
#21628
түріСабақ
                             

Тақырыбы: Вирустық жұқпалы аурулармен зақымдану және аурулардың таралуы

Мақсаты:

Білімділігі:Оқушылардың вирус құрылысы туралы білетіндерін еске түсіре отырып, тірі организмдерді уландыру жолдары, бактериофаг, вирус арқылы таралатын ауру түрлері туралы мағлұмат беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың прокариоттар, эукариоттар және жасушасыз тіршілік құрылымы туралы білімдерін дамыта жетілдіре түсу.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды өз бетімен ізденіп оқуға тәрбиелеу
Салауатты өмір салтын ұстануға бағыттау

Сабақтың түрі: ашық сабақ
Өткізу әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, деңгейлік тапсырмалар
                                         І  Ұйымдастыру кезеңі

А) Амандасу

Ә)Назарын сабаққа аудару

                                       ІІ Үй тапсырмасын тексеру

Тақтада бағалау категориясы ілініп тұрады,үй тапсырмасы сол бойынша бағаланады

1-тапсырма

Сұрақ-жауап

1.Вирус латын сөзінен аударғанда қандай мағына береді?

2.Вирустарды кім және қай жылы ашты?

3.Вирус терминин ғылымға кім енгізді?

4.Вирустардың құрылысы мен  пішіні  қандай?

5.Вирустар қалай көбейеді?

6.Фаг немес бактериофаг дегеніміз не?

7.Вирус неге паразит деп аталады?

8.Вирусты қалай көруге болады?

9.Иммунитет деген не?



2-тапсырма

Вирустар туралы  дұрыс берілген пікірлердің рет санын торкөздерге жаз

                                           Вирустар

 

 

 

 

 

 

 

 1.Нуклеин қышқылынан және нәруызды қаптамадан тұрады

2.Прокариоттарға  жатады



  1. Тірі жасушаға еніп алып,оны зақымдайды

 4.Көлемі жағынан бактериялардан аз ғана үлкен

5.Біржасушалы ағзалар

6.Микроскоппен ғана көрінетін жасушасыз бөлшектер

7.Жасушаның ішінде және сыртында көбейеді

8.Жасуша ішінде өмір сүретін паразиттер


  1. Споралардың көмегімен көбейеді

10.Тірі жасушада көбейеді

11.Жоғары температураға,құрғақшылыққа төзімді



3-тапсырма

Биологиялық  диктант

1.................. - тірі организмдердің жасушасыз тіршілік иесі.
2.Оның құрлысы............... және............... тұрады.
3.Вирустарды  1892жылы ..................  ашты.  

  1. ......................ғана көрінетін  жасушасыз  бөлшектер  

5...................... ағзаның ауру қоздырғыштарын қабылдамайтын қасиеті                      

                                  Жаңа сабақты түсіндіру

Ағылшын ғалымы, Нобель  сыйлығының иегері  Медавр Питер Браун  «Бұл (Вирус) ақуыздың түйіршік ішіндегі  жағымсыз  жаңалығы» деп неліктен  айтқан? сұрағына оқушылар өз пікірлерін айтты.

                                    

   Вирус бактериядан да кішкентай,жай көзге көрінбейді.Вирустардың басқа тірі ағзалардан ерекшелігі-тірі жасушадан тысқары тіршілік ете алмайды. Вирус-жасушасы жоқ кішкене бөлшек,яғни жасушасыз құрылым.Вирус –жасуша ішінде тіршілік ететін паразит.

Вирус адам және өсімдік,жануар ағзасына еніп,олардың тіршілігін бұзады,ауру туғызады.

Вирустардың омыртқалыларды 500дей, өсімдіктерді 400дей  уландыратын түрі бар.
Бактериофаг – бактерияларды зақымдап, ерітіп жіберетін вирустар. Бактерия және вирус арқылы таралатын ауру түрлері

  Вирустар мыңнан астам өсімдік ауруларын қоздырады.Вирус зақымдаған өсімдіктердің жапырағында,басқа мүшелерінде түрлі түсті дақтар,жолақтар пайда болады.Вирустардың әсерінен кейбір өсімдіктердің бойы өспей,пішіні өзгереді.Астық дақылдарын зақымдаған вирустар оның түсімін төмендетеді


      Вирустар негізінен өсімдіктер цитоплазмасында тіршілік етеді және сол плазманы бірнеше рет сұйылтқанның өзінде ол активтігін жоймайды. Мәселен, темекіні теңбілі 1:100 000 есе сұйылтқанда да өзінің вируленттік, яғни ауру қоздырғыштық қасиетін жоғалтпайды. Вирустар ауру өсімдіктерден сау өсімдіктерге бірнеше жолмен ауысады. Сорушы насекомдардың сілекейлері арқылы вирус клеткаға ауысады. Кейбір насекомдар ауру өсімдіктердің шырынын сорып қоректенетіндіктен, бүкіл тіршілігі бойынша осы вирусты тасымалдаушы болып есептеледі. Өсімдіктердің қай мүшесінде болмасын келіп түскенде вирус олардың басқа мүшелеріне лезде таралады.
Сұлыдағы қуыршақтану ауруы сары аурудың біріне жатады. Мұның басты белгілері өсімдіктің өсуі, түлегі кейбір морфологиялық өзгерістер, мәселен, аталықтар жасыл болғанына қарамастан кішірейіп кетеді, жапырақтарға теңбіл түседі. Оны қоздыратын қоңыр белоктары кристалл және паракристалдар түрінде келеді. Оны өсімдіктер шырынынан кристал күйінде таза бөліп алуға болады.
Астық тұқымдастарға бұл ауру көбінесе Сібірде, Қиыр Шығыста және Солтүстік Қазақстанда таралған. Агротехникалық шаралардың дұрыс жүргізіліп, қатаң сақталған жерде бұл ауру тудырмайды. Көбінесе жерде жыртқанда бұл аурудың таралуы едәуір тежеледі.
Помидор қошқылданып ауруы – сары аурудың бір түрі. Ол көбінесе еліміздің оңтүстік аудандарында таралған.

Өсімдіктердің вирустық ауруларына қарсы күрес жолы – сұрыптау немесе селекция әдісі, Мәселен, Терновский никотина глютиноза мен иикотина табакумды шағылыстыру арқылы вирус ауруына төзімді сорт шығарды. Картоптың лорх сорты да вирустық ауруға тым төзімді келеді.


К.С.Сухов пен А.М.Вовок (1949) тұқымдық картопты вирустан сақтау үшін оңтүстік облыстарда оны себудің мерзімін өзгерту керек деген ұсыныс жасалды. Мәселен, вирусты тасымалдаушы орнганизм маусым айының аяғы шілденің басында шыға бастайды. Суармалы жерлерде тұқымдық картоп шілденің бірініші он күндігінде отырғызу аурудан сақтайды.
Насекомдар арқылы баратын виркстық аурулармен күресуде инсектицидтер жақсы нәтиже береді. Сонымен қатар ауыспалы егісті дұрыс жеткізу ауару өсімдіктерді дер кезінде құрту да бұл саладағы пайдалы шаралардың бірінен саналады.

ЖҚТБ-жұқтырылған қорғаныш тапшылық белгісі

ЖИТС-жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы

АҚТҚ-адамның қорғаныш тапшылығының  қоздырғышы

СПИД-синдром приобретенного иммунодефицита

ВИЧ-вирус иммунодефицита человека

 

   СПИД-ті тарататын вирусқа 1986 жылы АИВ (адамдағы иммундық  тапшылық вирусы. Оның орысша аты  ВИЧ (вирус  иммунодефицита человека).



        АИВ-ына алғаш 1938-1939 жылдары американдық Роберт Галло мен француздық ғалымдар Люк Монтанье сипаттама берді.

    1981 жылы АҚШ-ның Калифорния штатында алғаш рет есірткі пайдаланатындардан ЖҚТБ ауруы тіркелді. Американдық ғалымдар бұл аурудың қоздырғышын тарататын вирустарды Африкадағы адамдардан тапты.Дәл осыған ұқсас вирус кейіннен шимпанзе маймылының қанынан да табылды.

                                         ЖҚТБ-ның таралу жолдары

1.Ортақ шприцтерді инелерді бірге пайдаланғанда (мысалы,тамырға енгізетін есірткілерді тұтынғанда

2.АҚТҚ жұқтырылған донордың қанын құйғанда  немесе оның органдарын және тіндерін басқа адамға салғанда;

Стерильденбеген құралдармен құлақты тескенде,денеге татуаж салғанда

3.АҚТҚ жұқтырылған адаммен сақтанбай жыныстық қатынас жасағанда

4.АҚТҚ жұқтырылған анадан балаға жүктілік кезінде ,босанғанда,емшек сүтімен тамақтандырғанда

 

1.Әрбір адам өзінің жеке басының гигиеналық ережелерін сақтау.



2.Салауатты өмір сүру салтын ұстану

3.Оқтын-оқтын қан тапсырып,тексеруден өтіп тұру.

   Бізге ашық сабаққа сарапшылар  қонаққа келді,олар сендерге сары ауру,қызылша,тұмау жөнінде мәліметтер оқып береді,қарсы алыңыздар.

  Полиомелит- тез таралатын ауру.Полиомелит вирусы тұмау вирусымен салыстырғанда өте кішкентай болады.Бұл ауру әсіресе балалар арасында кең таралған.Оның қоздырғышы-су,тағам және ауа арқылы таралады.Бұл аурудың алдын алу үшін алдын-ала екпе беріледі.

                            ІV  Жаңа сабақты бекіту

Ой қозғау бөлімі

Не білемін

Не үйрендім

Нені білгім келеді

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

               

           Вирустар тудыратын аурулар туралы кластерді тақтаға шығып, кезекпен жазу

           Вирустық аурулардың алдын-алу шаралары

                                   V Үйге тапсырма:



  • 2 «Вирустық жұқпалы аурулар және олардың алдын алу» бойынша эссе жазып келу

                                  VІ Білімін бағалау

 
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет