Сабақтың түрі: Ашық сабақ. Сабақтың әдісі: Тірек сызба, әңгімелесу, сұрақ жауап, баяндау, топтастыру



Дата14.12.2016
өлшемі77,1 Kb.
#3840
түріСабақ
Тақырыбы: Әдепті балалар
Мақсаты: Оқушылардың мәтін туралы түсініктерін кеңейте түсу, сөздік қорын, ой - өрісін дамыту, әдептілікке тәрбиелеу.
Міндеті:
1) Берілген сабақты толық игерту.
2) Оқушыларды әдептілікке, инабаттылыққа, имандылыққа тәрбиелеу.
3) Алған білім негізінде қорытындылай білуге жаттаған мақал - мәтелдерін өмірде қолдануға өз ойын дамыта білуге үйрету.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ.
Сабақтың әдісі: Тірек сызба, әңгімелесу, сұрақ - жауап, баяндау, топтастыру.
1 cлайд.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Смайликтер арқылы балаларды 4 топқа бөлу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2cлайд.

Психологиялық дайындық.

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі, әрі нәзік жарық мейірімді ,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.


Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген өлеңді мәнерлеп оқуы.

Әр топтан 1 оқушы шығып мәнерлеп оқиды.

3 cлайд.

Ребус шешу.

Сонымен бүгінгі біздің тақырыбымыз “Әдепті балалар”.

Жаңа сабақ
Жаңа сабақтың тақырыбына байланысты кіріспе әңгімеде Әдібай Табылды туралы өмір жолы таныстыру.

4 cлайд.

Әдібай Табылды –ұстаз-ғалым,ақын, жазушы.Ол 1926 жылы 2 қаңтарда қазіргі Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданындағы Жаңатұрмыс ауылында дүниеге келген.

5 cлайд.

Сөздікпен жұмыс
Жалғыз бала - бір бала
Қамқоршы көмекші
Топ басшытопты ұйымдастырушы
Ағынан жарылыпбар ниетімен, шын ықыласымен


4 топқа мәтіннің бөлігі тасталады. Әр топ қима қағазда жазылған бөлігін бір оқушы шығып мазмұндайды.

Әр топқа тапсырма беріледі:

1-топ: Берілген сөздерден мәтіндегі бар сөздерді атау. (Жалғыз, инабатты,ата, келістік, сынып, дастархан, бесінші, бәріміз, жайып,кетті, ауылдың,сый-сияпат.

2-топ: Берілген суреттерден өз бөлігіне керек суреттерді жабыстыру.

3-топ: Әдептілік деген сөзден сөздер құрастыру.

4-топ: Көрініс.

Әдепті балалар.

1-топ: Біздің ауылдың ақсақалы Асан атаны бәріміз жақсы көреміз. Жақында Асан атаның жалғыз баласы қызметке тұрып, қалаға көшіп кетті.
Біз бесінші сынып оқушыларынан топ құрап, Асан ата мен Әсем әжемізге қамқоршы болуға келістік.

2-топ: Топбасшымыз Толағай:

Бүгіннен бастап нақты іске кірісейік.Ер балалар мал күтуге көмектессін, ал қыздар үй тірлігін жасасын, -деді.

Балалар сөздерінде тұрып, күн сайын сабақтан соң Асан ата мен Әсем әжеге көмекке келді.

3-топ: Әдеп сақтап, салтымызды құрметтеп, ата сыйлағандарыңа рақмет! Өркендерің өссін, халқымыз сүйетін қадірлі азамат болыңдар. Алла жарылқасын! – деп, Асан ата ағынан жарылып, батасын берді.

4-топ: Ізетті, инабатты, иманды балаларым, бірлік пен татулықтарың үшін ризамын. Ана сыйлағанды Алла жарылқайды, -деп Әсем әже дастарқан жайып сый-сияпат көрсетті.

Әр топқа әңгіме мазмұнына байланысты сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Әңгіме не туралы?
2. Мәтіндегі балалардың істері туралы әңгімеле?
3. Ата - балаларға ризашылығын қалай білдірді?

4. Әдепті деп қандай балаларды айтады?

6 cлайд.

Ойын «Жалғастыр»
«Не істеуге болмайды?» Мен сендерге бастапқы сөзін айтамын, ал сендер ойланып жалғастырып айтуларын керек.
Не істеуге болмайды?
- үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды;
- кішкене баланы жылатуға болмайды;
- құстарды атуға болмайды;
- сабақтан кешігуге болмайды;
- сыныпта айғайлауға, жүгіруге, шашуға, секіруге болмайды;

Не істеу керек?
- үлкенді сыйлау керек;
- үлкендердің тілін алу керек;
- кішілерге қамқор болу керек;
- оқу құралдарын күтіп, таза ұстау керек;
- сабақты жақсы оқу керек;

7-слайд.



Дәптермен жұмыс.

132-жаттығу.

Мақал-мәтелдердің жалғасын тауып көшіріп жазу,

Мақал-мәтелдер.


  1. Әдепті балда-арлы бала, әдепсіз бала-сорлы бала.

  2. Өнерлі бала өрге жүзеді.

8-слайд.

Сергіту сәті.

Суретпен жұмыс.Әр топқа сурет беру. Сол суретің мағынасын ашады.

Жағдаяттарды шешу

1-жағдаят

Анасы қызына алма сатып әкеліп оны түскі астан соң жерсің деді.Алма сондай қызыл дәмді еді.Қыз анасынан: Анашым рұқсат етіңізші, түскі тамақты тауысып ішемін деді.Біраздан соң ағасы мектептен келіп, алмаларды жеп қойды.Ағасының бұл қылығы дұрыс па?

2-жағдаят

Әже ауырып жатыр. Ернар теледидардың дауысын қатты шығарып, күліп отыр.Ернардікі дұрыс па?

Оқушылар әдептілік туралы жаттаған мақал-мәтелдерін айтады.




  1. Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергені.

  2. Әдепті бала-арлы бала, әдепсіз бала- сорлы бала.

  3. Әдептің не екенін

  4. Әдепсіз адамды көргенде білерсің.

  5. Үлкенге құрмен, кішіге ізет.

  6. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.


Ойын «Сиқырлы сөздер»

Балалар шеңберге тұрып, допты лақтырып-қағып алу арқылы бір-біріне әдепті сөздер айтады.


Қазір сендерге мен жұмбақ жасырамын. Ал сідер жасырасыздар.

«Не деу керек?»


1) Апаң сенің базардан
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін, жақсысын
Саған таңдап әперді.
Не деу керек? (Рахмет апа) деу керек.

2) Балалар жүр көшеде,


Естіледі шу - айқай.
Сен де шықтың, көршіңді
Қағып кеттің байқамай.
Мұндайда не деу керек? ( Кешіріңіз!) деу керек.

3) Осы келген бетіңде


Допты қудың, жарыстың.
Көшенің сол шетінде
Кезікті бір танысың.
Ұмыттың сен не деуді? ( Сәлеметсіз бе?) деу керек.

4) Үй артында қоқысты

Жатқан көптен үйіліп,

Тазалайды қарт кісі

Белі зорға иіліп.

Не дегенің жөн еді?

“Көмектесейін”-деу керек.
Сұрақ-жауап:

• Әдепті бала қандай деп ойлайсыңдар? Әдепті бала болғың келе ме?


• Әдепсіз дегенді қалай түсінесіңдер? Әдепсіз бала қандай болады?
• Сыпайылықты бізге кім үйретеді?

Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, бір-бірімізге кешірімді болуды, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата – анамыз.


Бекіту
- Бүгін қандай тақырыпты өттік?
- Әдепті деп қандай баланы айтады?
- Әңгіме не туралы айтылған?
Баға ағашы рефлексиясы.

Баға қою.
9-слайд.

Үйге тапсырма беру: 82-83 бет мазмұндау.
Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет