Сабақтың түрі: баяндау, талдау сабағы Сабақтың әдіс тәсілі: түсіндіру, сұрақ жауап, жаттығу, салыстыру



Дата25.06.2017
өлшемі39,43 Kb.
#19943
түріСабақ
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға ашық және қысаң дауыстылар туралы түсінік беру, олардың жасалу жолдарын меңгерту.
2. Тәрбиелік: оқушыларды табиғатты, қоршаған ортаны сүюге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың дауысты дыбыстардың түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру, ойлауы мен тілін, зейінін дамыту.
Сабақтың түрі: баяндау, талдау сабағы
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте, үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

II. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Дауысты дыбыстар, жуан, жіңішке дауыстылар туралы түсінік.
2. 104 - беттегі тапсырмаларды орындау.

ІІІ Білім тексеру:
Өздік жұмыс.
Төмендегі берілген сөзге фонетикалық сатылай кешенді талдау жаса.
мектеп
Үлгі: ана
Үш дыбыс, үш әріп
Екі дауысты(а, а), бір дауыссыз дыбыс бар(н)
А - жуан, ашық, езулік дауысты дыбыс.
Н – үнді дауыссыз дыбыс
А - на бір буынды сөз, а - ашық буын, на – ашық буын.

Тест сұрақтарына жауап беру.
1. Қазақ тілінде қанша әріп бар?
А) 42 ә) 37 б) 36
2. Дыбыстың белгісін табыңыз.
А) айтылады ә) жазылады б) көрінеді
3. Жуан дыбысты сөздерді табыңыз.
А) а, ә, о, ө. Ә) ғ, г, д, ж. Б) о, ы, ұ, а.
4. Қай дыбыс дауысты да, дауыссыз да бола алады?
А) у, ә) ы б) й

ІV Жаңа сабаққа дайындық
1. Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2. Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Жақтың ашылу қалпына қарай дауысты дыбыстар ашық және қысаң болып екіге бөлінеді.
Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды ашық дауыстылар дейміз. Олар: а, ә, о, ө, е, э.
Жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды қысаң дауыстылар дейміз. Олар: ы, і, и, у, ү, ұ.

VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
Шығармашылық диктант
Төмендегі сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жазыңдар.
Мұндай, тұқым, үлкен, күрес.
Бұлбұл, мазмұн, мағлұмат.
Бүрсігүні, Бибігүл, аққұтан.
Жұлдыз, ұшқыш, күндіз.
Сөздерді кестеге орналастыр.
Ауыл, елорда, астана, өкіл, тіл. кең, әсем, өсімдік, пайдалы, тәуелсіз, ұлт, күш, дыбыс, катаң, ата - ана, кітап, қазір.
Ашық дауыстылар ---------- Қысаң дауыстылар --------- Аралас дауыстылар

VІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1. Оқулықпен жұмыс
244 – жаттығу
Мәтінді көшіріп, ашық дауыстылардың астын сызыңдар.

245 – жаттығу
Мына жұмбақтардың шешуі қай дыбыс? Дауыстылардың қайсысына жатады?

– жаттығу
Мәтіннен ашық дауысты дыбыстарды бір бөлек, қысаң дауысты дыбыстарды бір бөлек теріп жазыңдар.

VІІІ. Сабақты бекіту:
Сөйлемдердің дұрыс - бұрыстығын анықтаңыз.
1. Дауысты дыбысты айтқанда ауа еркін шығады.
2. Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырға қарай бөлінеді.
3. Дауысты дыбыс тілдің қатысына қарай қатаң - ұяң болып бөлінеді.
4. Әріптердің қатары алфавит деп аталады.
5. Қазақ тілінде ең көп дыбыстың түрі - ұяң дыбыстар.

Сұрақтарға жауап бер.
1. Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстар қайсы?
2. Қандай дауысты дыбыстар жуан - жіңішке болып жұптасады?
3. Әріп деген не?
4. Әріп пен дыбыстың айырмасы не?
5. Алфавит қазақша қалай аталады?
6. Жақтың қатысына қарай дыбыстар қалай бөлінеді?
Бағалау
Үйге тапсырма беру:
Ашық және қысаң дауыстылар
246 - жаттығу
Каталог: uploads -> doc -> 04ee
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
04ee -> Сабақтың тақырыбы : Алдаркөсе мен салт атты. Сабақтың мақсаты
04ee -> Сабақ Күні: 28. 10. 2016 Сынып: 4 «в» Мұғалім: Толегенова Ж. Т сабақтың тақырыбы: Қыстырма сөз
04ee -> БАҒдарламасы курсқа арналған Мамандығы : 1504000 «Фермерлік шаруашылығы»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет