Сабақтың түрі: дөңгелек үстел Сабақтың жоспары: Журнал үш беттен тұрады



Дата02.07.2018
өлшемі92,56 Kb.
#45592
түріСабақ
Сарсенбиби Азанова

Маңғыстау Гуманитарлық колледжінің

тарих пәнінің оқытушысы

Жүрегін жалау еткен елі үшін

1-2 курс студенттері үшін

Көрнекілігі:

Сабақтың түрі: дөңгелек үстел

Сабақтың жоспары:

Журнал үш беттен тұрады:

Бірінші беті: Тұрар Рысқұлов кім? Оның есімі халыққа, қазіргі, келер ұрпаққа несімен қымбат?

Екінші беті: Тұрар Рысқұловың өмірі мен қызметі туралы не білеміз?

Үшінші беті: Жүрегін жалау еткен елі үшін

Мұғалім

Жиырмасыншы ғасырдың ең басты оқиғасы атанған Ұлы Қазан социалистік революциясынан кейін жиырма жыл өткен де сол әйгілі әлеуметтік төңкерістің бел ортасында жүргендердің негізгі тобына сталиндік репрессиялардың жендеттік қара қанжары қадалды. Олардың арасында Тұрар Рысқұловта бар еді. Сол 1937 жылғы алапат террордан соң араға тағы жиырма жыл салып, жазықсыз жазаға ұшыраған қайраткерлердің қалың бір бөлігі ақталды, солардың ішінде де Тұрар Рысқұловта бар болатын. Алайда сабырлықпен қараланған қайраткерді еліміздің ең жоғарғы соты тарпынан ақтау оның адал есімін қоғамдық өмірге қайтару, халықына сіңірген еңбегіне әділ баға бере отырып, шын мәнінде қалпына келтіру дегеніміз - ол тұста өкінішке қарай айырмашылығы жермен көктей еді.



Сұрақ-жауап:

Бірінші бет: Тұрар Рысқұлов кім?Оның есімі халыққа, қазіргі, келер ұрпаққа несімен қымбат?

Сұрақтар

1. Неліктен Тұрар Рысқұловтың атын республика жұртшылығы КПСС ХХ сьезі әперген әділеттен соң бірден құшақ жайып қарсы ала алмады?

2. 1960 жылдары тұңғыш рет Тұрар Рысқұловтың кім екені қай газетте жарияланды?

3. Тұрардың обараздық-тұлғалық бейнесі сомдалып өрілген көркем шығарма?

4. Шерхан Мүртаевтың драматургия тілінде кестеленген неше бөлімді драмасы ?

5. Қай кезде рухани өмірімізге-сталиндік заңсыздықта нақақтан құрбан болған ірі тарихи тұлға ретінде-ардақты есімі қайта оралған?



Екінші бет: Тұрар Рысқұловың өмірі мен қызметі туралы не білеміз?

Сұрақтар

1. Тұрар Рысқұлов қай жылы, қай жерде туылған?

2. Не себептен фамилиясын өзгертеді?

3. Меркіге келуіне не себеп?

4. Тұрар Рысқұлов қандай қызметтер атқарады?

Үшінші бет: Жүрегін жалау еткен елі үшін

Сұрақтар

1. Тұрар Рысқұловтың соншалықты қайраткерлігінде ең ерекше,ерен қимылы не?



2. Республиканы сұрапыл аштық жайлайды. Осындай ауыр кезеңде Рысқұлов қандай қызмет атқарды?

3. Екінші - тағы да аштық.Тарихта белгілі 1932-1933 жылдары жаппай коллективтендіру кезеңіндегі бұрмалаушылық.

4. Қиын сын сағаттарда Тұрар Рысқұлов «асыра сілтеу болмасын,аша тұяқ қалмасын» - деп кімге хат жазған?

Қортындылау: Шерхан Мүртазаевтың «Сталинге хат » деген екі бөлімді драмасынан үзінді келтіру


Тұрар Рысқұловтың Сталинге жазған хаты

Қонысынан ауған қазақтар жөнінде Сталин жолдасқажазған баяндау хатымның көшірмесін хабардар ету үшін осы хатпен бірге сізге жолдап отырмын.

Қонысынан ауған қазақтарды орналастыру жөніндегіұсыныстардың жобасын әзірлеу үшін РСФСР Халық Комиссарлары Советінің жанынан құрылған комиссияның төрағасы ретінде мен бұл мәселемен жете танысып, қонысынан ауған қазақтарды ВКП (б) Орталық Комитеті тарапынан ерекше нұсқау болмайынша, Қазақстан мен көршілес өлкелерге түгел орналастыру екіталай екенін анықтадым. Сондай-ақ қонысынан ауған қазақтарды орталықтың көмегінсіз Қазақстанның өз ішінде түпкілікті орналастыру Қазақстанның жалғыз өзі үшін, тегінде, қиын болмақ. Сіздің бұл мәселелерді таяу аралықта ВКП (б) Орталық Комитетінің алдына қоятыныңыз өзінен-өзі белгілі. Совет тарапынан да (атап айтқанда, РСФСР Халық Комиссарлары Советі тарапынан) қонысынан ауған қазақтарға көмек көрсету жөнінде дәл қазір дербес шаралар белгілеу ісімен белгілі бір дәрежеде шұғылдануға тура келеді.

Осы мақсатпен мен ВКП (б) Орталық Комитетінеосы баяндау хатты жаздым. Ондағы мақсат – бұл мәселеге басшы жолдастардың назарын жете аударып, Қазақстанға көмектесу. Сіз мені Қазақстанның ішкі істеріне қол сұққысы келеді екен деп ойлап қалмаңыз, мен қойылып отырған мәселе тек Қазақстан тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге жалпы мемлекеттіктұрғыдан да айрықша маңызды болғандықтан, бұл мәселе жөнінде ВКП (б) Орталық Комитетіне жазып отырмын.



Сіз осы баяндау хатпен танысып, онда айтылған ой-пікірлерді ескереді деп үміт етемін.

Коммунистік сәлеммен Т.Рысқұлов
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет