Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Сабақтың типі: жаңа білім игеру. Көрнекілігі



Дата31.12.2019
өлшемі26,69 Kb.
#55230
түріСабақ
Тақырыбы: Аққу, Шортан һәм Шаян. Ахмет Байтұрсынұлы
Мақсаты: Қазақ халқының ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлы шығармасының мазмұнымен таныстыра отырып, мысал жанры туралы түсінік беру; оқушының ауызша сөйлеуін, мәнерлеп, түсініп оқуын, өз ойын жүйелі айта білуін, шығарманы талдай алу, шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін дамыту; Ахмет Байтұрсынұлының тұлғасын үлгі ете отырып, мысалдың мазмұнын айқындай келе, ынтымақтастыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың типі: жаңа білім игеру.
Көрнекілігі: 1. А. Байтұрсынұлы мен И. А. Крылов портреті
2. Мысал бойынша салынған сурет.
Әдісі: аквариум әдісі(топтық жұмыс), түсіндіру әдісі, іздендіру, өздігінен білім алу әдісі.

Пәнаралық байланыс: дүниетану,бейнелеу,қазақ тілі,орыс тілі,ағылшын,музыка.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық.
Өнер де, ой да, білім де,
Өркендер ана тілінде.
Ананың тілін сүйгендер,
Саналы білім үйренер.
Оқушылар хормен:
Алу үшін сапа, білім,
Ардақтаймыз ана тілін!
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
« Қауын мен Қарбыз»
• мазмұнын айту,
•Мазмұны бойынша сурет салу.
стратегия«Кубизм»
1. Ертегіні кім жазған? Жолтай Әлмашев
2. Ертегіде неше кейіпкер бар? Қауын, қарбыз, ата, бала, автор.
3. Қауын кіммен кездесті? Баламен, атамен.
4. Не үшін кездесті? Ен далада өлмеу үшін.
5. Қауынның шыққан мекені? Египет.

6.Қарбыздың отаны. Африка


ІІІ. Жаңа сабақ.
- Балалар, бүгінгі сабағымызда біз аққу, шортан, шаян жайлы мағлұмат алатын боламыз. Ол үшін олар жайлы шығарма жазған А. Байтұрсынұлының өмірбаянымен және «Аққу, шортан, һәм шаян» атты мысалмен танысамыз.
ІV. Балалар топқа бөлінеді. Топқа бөлу шарты: Төрт бұрыш қағазға салынған Аққудың, Шортанның, Шаянның суреттері таратылады. Сол сурет бойынша аққулар бір топқа, шортандар бір топқа, шаяндар бір топқа бірігеді.
Оқушыларға алдын ала әр түрлі үй тапсырмалары берілген, олар әрқайсысы өз сұрақтары жөнінде ізденіп, оны тірек - сызбалары арқылы салып, соған жазып түсіндіруі керек.
1 - топ. Ахмет Байтұрсынұлының өмірі.
2 - топ. И.А.Крылов туралы.
3 - топ. Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері,мысалдары. Мысал деген не?
Топ оқушылары бір - бірден шығып үй тапсырмаларын қорғап, Ахмет Байтұрсынұлы жайында мағлұмат береді.(кластер арқылы)
Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938) қаңтар айында Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келген. Ахмет қоғам қайраткері, ақын, әдебиеттанушы, аудармашы, ағартушы-ғалым, ұлт ұстазы. 1895-1909 жылдары ұстаздықпен айналысып, бала оқытады.
1909 жылы И. А. Крыловтың мысалдарын аударып, «Қырық мысал»жинағын шығарды.
Иван Андреевич Крылов (1769-1844) жылдар аралығында өмір сүрген. Орыс халқының атақты мысал жазушысы, сатирик, драматург.
1809 жылдың басында И. А. Крыловтың ең бірінші мысалдар кітапшасы шықты. Оның ішінде 23 мысал болды. Олар: «Ворона и лисица», «Музыканты», «Лебедъ, шука и рак», «Ларчик».
А. Байтұрсынұлы орыс халқының атақты мысалшысы И. А. Крыловтың мысалдарын аударған. Сол аударған мысалдарын «Қырық мысал» деген атпен кітап етіп шығарады. Соның бірі - бүгінгі «Аққу, Шортан һәм Шаян» мысалы.
Мысал деп адам бойындағы кемшіліктерді сынап, адалдық, әділдік, қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап жазатын шығарманы атайды. Мұндай шығармада өсімдіктер, жануарлар және құстар кейіпкер етіп алынады. (ҮШ ТІЛДЕ ӨЛЕҢДІ ОҚУ)

Когда в товарищах согласья нет,

На лад их дело не пойдет,

И выйдет из него не дело, только мука

Однажды Лебедь, Рак да Щука

Везти с поклажей воз взялись,

И вместе трое все в него впряглись;

Из кожи лезут вон, а возу все нет ходу!

Поклажа бы для них казалась и легка:

Да Лебедь рвется в облака,

Рак пятится назад, а Щука тянет в воду.

Кто виноват из них, кто прав,- судить

не нам;


Да только воз и ныне там.

 

When partners can't agree

Their dealings come to naught

And trouble is their labor's only fruit.

Once Crawfish, Swan and Pike

Set out to pull a loaded cart,

And all together settled in the traces;

They pulled with all their might, but still the cart refused to budge!

The load it seemed was not too much for them:

Yet Crawfish scrambled backwards,

Swan strained up skywards, Pike pulled toward the sea.

Who's guilty here and who is right is

not for us to say-



But anyway the cart's still there today.


V. «Ой қозғау»
Әр топ өз тапсырмасын тақтаға шығып қорғайды.(постер)
1 - топ: Аққу қандай құс? (СУРЕТІН САЛУ)
- Аққу – сұлу, нәзік, өте сезімтал, сақ құс. Ол көлде сырғып жүзеді. Аққу қамыстың ішіне ұя салады. Оның өзгеше сұңқылдаған дауысы бар. Аққулар табиғаттың аса ғажап, қазір сирек кездесетін туындысы. Біздің елімізде оларды аулауға тиым салынған. Аққу-лебедь- Swan (суан)
2 - топ: Шортан қандай балық? (СУРЕТІН САЛУ)
- Шортан - ірі жыртқыш балық. Қазақстанның барлық табиғи су айдындарында кездеседі. Дене пішіні жебе тәрізді, басы жалпақ, түсі тіршілік ететін ортасына байланысты құбылып отырады. Қорегін шөп арасында жасырынып тұрып, атылып барып ұстайды. Дәмі, еті үшін көп ауланады.

Шортан-шука- Pike (паік)
3 - топ: Шаян жайлы не білесіңдер? (СУРЕТІН САЛУ)
- Шаян - қысқа құйрықты, басы кішкентай, мұрттары қысқа. 4000 - нан астам түрлері бар. Олар теңіз, тұщы су қоймаларында және құрғақта өмір сүреді. Олар өлексе және омыртқасыздармен қоректенеді.
Шаян-рак- Crawfish (крауфиш)
VI. Оқулықпен жұмыс.
1. Өлеңді мәнерлеп оқу.
2. Оқушыларға оқыту
3. «Аққу, шортан, шаян суреттері салынған сюжет бойынша әңгімелеу.
Сұрақтар:
1 - топқа: Бұл мысалда кейіпкерлер не істемекші болды?
2 - топқа: Олар жүкті неге орнынан қозғалта алмады?
3 - топқа: Мысал бізді неге шақырады?
VII. Сөздік жұмысы. (Дәптерге жазу)
Ғибрат - үлгі, тәрбие, өнеге.
Һәм - және
Дүркін - дүркін - қайта - қайта
Машақат – әурешілік
VIІ. Сергіту жаттығуы
Ал, балалар, тұрайық,
Қане қанат жазайық.
Аққу болып ұшайық,
Көлде жүзген балықтай,
Жүзіп, жүзіп алайық.
Шаянға ұқсап, былпылдап,
Қане, айналып, қарайық.

VIІІ. Шығармашылық жұмыс.
І топ. «Аққулар»
- А. Байтұрсынұлының түйінді ойы қай жерде жазылған?
- Бұл мысал бізді неге шақырады?
(Мысалдың тәрбиелік мәні балаларды бірлікке, ынтымаққа шақыру)
ІІ топ. «Шортандар»
«Бірлік, ынтымақ» туралы білетін мақалдар айту.
ІІІ топ. «Шаяндар»
Осы мысалды сахналық қойылым ретінде дайындайды
Бұл тапсырмада балалар алдын ала мысалды диалогке айналдырады.

Мысалы, автор «Бір күні Аққу, Шаян, Шортан үшеуі кездесіп қалады. Олар үстіне жүк тиелген арба тауып алып, қатты қуанышқа кенеледі.
Аққу айтады: - Достар, келіңдер мына арбаны әуеге тартып шығарайық,
Шортан айтады:
- Мұны көлге апарайық,- дейді.
Шаян айтады:
- Жоқ онан да мұны құмға апарайық.
Автор:
- Сөйтіп үшеуі үш жаққа тартып, арбаны орнынан қозғалта алмайды
Осылайша балалардың әрқайсысы өз ойларын айтып, мысалды әр түрлі импровизация жасайды.

ІХ. Қорытынды:
- Не үйрендік? Не білдік?
- Мысалдың аты: «Аққу, шортан, һәм шаян!
- Авторы –И.А.Крылов аударған А. Байтұрсынұлы.
- Аллегориялық образы: аққу, шортан, шаян.
- Сонда ақын бұл образдар арқылы қандай адамдарды бейнелеп отыр?
- Ақын бұл образдар арқылы ақылсыз, тату емес, ынтымағы жоқ адамдарды бейнелеген.
- Мысалда түйінді ой болады дедік, ол не?
- Түйінді ой дегеніміз – ақынның айтар өсиеті.
- А. Байтұрсынұлының мысалынан түйінді ойды кім тауып оқып береді?
- Сонымен, мысалда түйінді ой шығарманың басында, немесе аяғында беріледі. Мысалдың міндетті түрде тәрбиелік мәні болады. Ол түйінді ой арқылы ашылып, айқындалады.
- Мысал бізді неге шақырады?
- Мысалдың тәрбиелік мәні балаларды бірлікке, ынтымаққа шақыру. Ақынның айтар ойы, өсиеті де осы.
- Сендер біріге жұмыс жасап өз білімдеріңді көрсеттіңдер.
- Біз де осы ғалым атамызға еліктеп, көп жұмыстар атқардық

- Сендер біріге жұмыс жасап, үш топта өз білімдері мен біліктілігін көрсетті. Бүгінгі сабақта сайыста «достық» жеңді. Бірге жұмыс атқарғандықтан барлығына бір баға «5» қоямын. Талаптарыңа нұр жаусын!
Х. Үйге тапсырма:
Мысалды мәнерлеп оқып, түсініп келу.
Кейіпкерлердің суреттерін салып, әрқайсысына мінездеме жазу.
ХІ. Бағалау
Каталог: uploads -> doc -> 0a4e
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0a4e -> Сабақтың тақырыбы: Отбасы жарастығы
0a4e -> X – тарау. Қазақ хандығының XVI-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығының дамуы
0a4e -> Күні: 23. 09. 2016 ж БҚО. Бөрлі ауданы. "Приурал мбк"
0a4e -> Атырау қаласы, №23 жалпы орта мектебі «ххі ғасыр көшбасшысы»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет