Сабақтын тақырыбы : Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері. Пернетақта Сабақтын мақсаты



Дата09.06.2017
өлшемі88,12 Kb.
#18286
түріСабақ
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

«_________» ________20 ж.

Күні: 07.10.2015ж.

Класы: 5а, 5ә, 5б/ 5в, 5г

Сабақтын тақырыбы: Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері.

Пернетақта



Сабақтын мақсаты

Білімділік: Оқушыларды ДК-мен, оның негізгі блоктарымен, және олардың

міндетімен таныстыру. ЭЕМ-нің мүмкіндіктерін көрсету. Компьтердің

негізгі құрылғылары –процессормен, ЖЖҚ-мен таныстыру;

Тәрбиелік: Оқышылардың тәрбиелікке, ұқыптылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық –абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт.тақта, электронды оқулық

Сабақтың өту барысы:

1. Оқушыларды ұйымдастыру.

2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3. Жаңа тақырыпты тексеру.

4. Тапсырмаларды орындау.

5. сабақты бекіту.

6. Үйге тапсырма беру.

Жаңа түсініктер:

Компьютер “сөзі” есептеуіш” дегенді білдіреді, яғни есептеуге арналған құрылғы.компьютер-деректерді бағдарламалап өңлдеуге арналған электрондар құрылғы.Қазіргі компьютерлер тек есептеп қана қоймай, цифрлық емес (мәтіндер,дыбыстар, графика және т.б.) ақпаратты өндейді, әр түрлі технологиялық процесттерді, деректер базасын және басқаларды басқарады.Бұл типті компьтерлерді дүние жүзінде жүздеген өндірушілер шығарады.Олар өзара өнімділігімен, жадының сыйымдылығымен және бірқатар функционал мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. ДК-сі. Бірақ.ДК-лердің барлық типтерінің ақпарат өндеу және адаммен қарым-қатынас жасауының негізгі принціптері бірдей. Дербес компьютер өнеркәсіп бұйымы ретінде өзара жалғастырушы кабельдермен байланыстырылған бірнеше блоклардан тұрады.

Блоктардың номенклатуруасы әр түрлі болуы мүмкін,бірақ кез келген компьютер жұмыс істеуі үшін, үш блоктан тұратын жинақ керек. Басқа құрылғылардың барлығы қосымша деп аталады.Оларға принтер, ыбыс колонкалары, құлаққап, микрофон, модем, сканер, маус, трекбол, терте жатады. Компьютердің аталған негізгі жинағының басты элементі-жүйелік блок. ДК жүйелік блогы – компьютердің негізгі тораптары орналасқан тік төртбұрышты қорапша, онда: микропроцессоры мен жедел жады және т.б. аналық тақша, адаптерлер, қоректендіру блогы, иілгіш және қатқыл дискідегі жинақтауыштар, контролер ажыратпалар орналастырылған.

ДҚ (дербес компьютер деп аталуының – бір-ақ адам қолданады) қазіргі кезде көпшілік арасында кең тарай бастады. Кез-келген компьютерлер бірнеше құрылғыдан тұрады.



Монитор, жүйелік блок, пернетақта, мультимедиа колонкасы, модем, маус.

Бұл құрылғылардың ең негізгісі Монитор, жүйелік блок, пернетақта.



Компьютердің барлық құрылғылары оның артындағы ажыратып қосқыштар арқылы ажыратылады. Компьютердің процессоры мен жедел жадысынан басқалары оның сыртқы құрылғылары болып табылады.Олар: монитор, пернетақта,принтер,маус,модем.Әрбір сыртқы құрылғы процессормен арнайы блоктар – адаптер немесе контролер арқылы жалғасады. Контролер немесе адаптердің міндеті – процессордан келіп түскен ақпаратты құрылғылардың жұмысын басқаратын сәйкес сигналдарға айналдыру.

Жүйелік блок-мұнда компьютердің негізгі құрылғылары орналасқан. Компьютерді қосып өшіру батырмасы, дискжетек, компакт-дискіні оқитын CD-ROM орналастырылған. Жүйелік блоктың ішінде аналық плата, процессор, CD-ROM, бейнетақташа, дыбыс тақташасы мен т.б. бар.

Процессор- компьютердің ең басты бөлігі.Ол компьютердің «миы». Ол бүкіл компьютердің жұмысын басқарады және бағдарламадағы барлық командаларды орындайды. Іс жүзінде компьютердің орындайтын жұмысының бәрін оның бас микросхемасына – микропроцессор атқарады. Қазіргі кезде ең көп тараған «пентиум» процессор. Сондықтан компьютер де пентиум деп аталады.Процесор жадпен жұмыс істейді.Жад микросхемасынан процесор өзіне қажетті ақпаратты алады.

Жедел жад-бұл компьютердің ішкі жады.Жедел жад немесе оперативті жадтайтын құрылғы (ОЖҚ) – ол қажет ақпараттарды өзіне жылдам жазуға және одан оқуға мүмкіндік береді.Бірақ онда ақпараттар уақытша сақталады, яғни компьютерді өшіргенше.Егер компьютерді өшірсе онда жедел жадтағы барлық ақпарат өшеді. Компьютердің ішкі жадысының екі түрі бар:тұрақты жадтайтын құрылғы ТЖҚ (ОЗУ) – ақпартты уақытша сақтайтын жад. Енгізу құрылғылары: пернетақта, маус,джойстик,өлшеу аспаптары, сканер. Шығару құрылғысы – принтер, диспей, графопроектор.

Дисплей – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Дисплей: электрондық – сәулелі түтікшеден (ЭСТ) (электронная лучевая труба ЭЛТ), қоректендіру блогынан және сәулелі басқарушы электрондық блоктан тұрады. Монитор түрлі түсті монохромды болады.

Монитор-ақпаратты компьютер экранына шығару құрылғысы. Мониторды екі белгісі бойынша жіктеуге болады.

Бейнелеу түсі бойынша

Шығаратын ақпараты бойынша

Монохромдық (қара, ақ, градияциясы сұр)

Символдық, (тек мәтіндік ақпаратты бейнелейді)

Түрлі түсті

Графикалық (графиктерді, суреттерді шығаруға мүмкіндік береді)

Пернетақта (Клавиатура)

Пернетақта - компютерге ақпарат енгізетін құрылғы. Онда 101 немесе 105 перне болады .Таңбалық деректерді енгізу қызметін атқарады және негізгі енгізу құрылысы болып табылады.

Пернетақтаның әрекетерінің прициптері:

1.Пернені басқанда пернетақтаға орнатылған арнайы микросхема идентификациялайтын скан-код жіберіледі.

2. Скан-код микросхемаға түседі, ол өз кезегінде процессорға бекітілген нөмірі бар түзу береді.

3. Үзуді алып, процессор ағымдағы жұмысын кейінге қалдырып, түзуге нөмірі бойынша түзуге қызмет жасайтын бағдарламаныңадресін табады.

4. Үзуді өңдегеннен кейін процессор аяқталмаған іске қайта оралады.

5. Енгізілген (бірақ өңделмеген) символдар пернетақтаның буферіне түседі де, оған арналған бағдарлама оларды алып кеткенше сақталады.



Шартты түрде пернетақтаны 5-бөлікті бөлуге болады:

-басу пернетақтасы (алфавитті- цифрлық және таңбалық ернелер)

-функционал пернелер: F1-F12

-арнайы операциялар пернелері: Enter, Esc, Tab6, Ctrl, Alt, BackSpace

-меңзерді басқару және редакциялау пернетақтада.

-сандық пернетақта.



Функционалдық пернелер- Олар символдық пернелердің үстінде орналасқан. Олар компютердің күрделі операцияларын тез орындай. Әр түрлі программаларды әр түрлі қызмет атқарады.

Символдық пернелер – пернетақтаның негізгі бөлігі. Символ, цифр енгізуге болады.

Нұсқаушы немесе меңзерді экранда басқару пернесі. Меңзерді экранда жылжытуға арналған.

Цифрлық-қосыма NumLock пернетақта арқылы қосылып ажыратылады.

Enter - енгізу пернесі – белгілі бір әрекетті аяқтағанда басылады.

Бос орын – символдарды бір-бірінен ажыратады.

немесе Backspace пернесі алдыңғы символды өшіреді.



Shift - бұл кіші әріптерді алкен етуге және керісінше орындауға болады.

Caps Lock - алкен әріптер енгізіледі.

Delete - меңзердің оң жағында орналасқан символдарды өшіреді.

кейбір амалдарды орындау үшін пернелердің комбинациясын пайдаланады. Ctrl Alt



Тышқан. Қазіргі кездегі компьютерлер тағы да бір ақпараттарды енгізу құрылғысы – «Тышқан» манипуляторымен жабдықталған. Бұдан былай оны тек тышқан (маус) деп қана атайтын боламыз. Оның аты тышқан деп бекер аталмаған. Себебі ол-сұр түсті, тышқанның құйрығына ұқсайтын компьютерге жалғанған иілгіш сымы бар қорап. Ол алақанға ыңғайлы және кілемше бетінде еркін жылжитын арнайы құрылғы.

Джойстик. Джойстик деген компьютерлік ойындарда экрандағы жылжитын обьектілерді басқаруға арналған рычагты манипулятор.

Принтер. Ақпараттарды қағазға басып шығаратын құрылғы. Ол дисплейге не шығарылса, соның бәрін қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді. Принтерге мәтіндік, кестелік, графикалық ақпараттарды шығаруға болады. Принтердің үш түрі бар: матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік.

Матрицалық принтерлер – бұл қарапайым басу құрылғылары. Деректер қағазға инелердің бояйтын таспа арқылы соғуының нәтижесінде пайда болады.

Лазерлік принтерлер полиграфиялық баспадан кем емес баспа сапасын қамтамасыз етеді.Олар минутына бет баспаға шығу жылдамдығымен өлшенеді. Сия бүріккіш принтерлер. Кескін бояудың тамшыларының қағазға түсуінің нәтижесінде айда болады. Сиябүріккіш принтерлер түрлі түсті баспадан кеңінен қолданылады

Сыртқы жад – сыртқы жад ретінде магнитті диск пайдаланылады. Дискілер қазіргі дербес компьютерлерде ақпарат тасушы болып табылады, олар ақпаратты тұрақты түрде сақтауға арналған. Магнитті дискілердің екі типі болады. Бірінші типке иілгіш, алмалы-салмалы дискілер немесе дискеттер жатады.

Компакт –дискілер. Компакт дискіні лазерлік дискі деп те атайды. Оның сыйымдылығы өте үлкен, олардағы ақпаратты тек оқуға болады. CD-R компакт –дискілеріне басқа жаңа ақпараттар жазуға немесе ақпараттарды қайта жазуға болмайды. Ал CD-RW дискілеріне ақпаратты жазуға, қайта жазуға болады.

Флэшка - жинақтауыштар және жады карталары. Флэшка – ақпаратты сақтау үшін ең қолайлы контейнер болып табылады. Оларға 32 Мбайт-8 Гбайт дейін ақпарат сақтауға болады. Салмағы жеңіл, қолайлы флэшкаларды USB –портқп қосады, секундына 1-10 Мбайт жылдамдықпен ақпарат жазуға болады.

Сканер - қағаздағы кескінді (жазуды , суретті) түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы. Оның көмегімен суретті, графикті, мәтіндерді сканерлеуге (түсіріп алуға) болады.

Тапсырмалар: Электронды оқулықпен жұмыс тапсырма №1,2,3

  1. Пернетақта тренажерімен жұмыс істеу.

Үйге тапсырма: Дербес компьютермен. Компьютермен танысу. Компьютердің құрылымы.

Тест жұмысы. 5 класс


  1. Компьютердің негізгі бөліктері қандай?

А) принтер, пернелік, монитор

В) монитор, динамик, микрофон

С) жүйелік блок, монитор, пернелік


  1. Терезе деген не?

А) экранның төртбұрышты аумағы

В) компьютердің негізгі бөлігі

С) жүйелік программалар тобы.


  1. Windows жүйесінде жұмыс столының қызметін не атқарады?

А) монитор экраны

В) принтер

С) жүйелік блок


  1. BackSpace пернесі қандай қызмет атқарады?

А) оң жағындағы символды өшіру

В) сол жағындағы символды өшіру

С) жаңа жолға ауысу


  1. Enter пернесі қандай қызмет атқарады?

А) парақтың соңына көшу

В) парақтың басына көшу

С) жаңа жолға ауысу


  1. Мыналардың қайсысы ақпаратқа жатпайды?

А) жазу

В) компьютер

С) дыбыс


  1. Ақпарат - …

А) істің ақиқат жағдайын толық ашатын мәлімет.

В) белгілі бір нәрсе туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобы.


С) компьютердің жұмыс нәтижелері.

  1. Мыналардың қайсысы ақпараттың қасиетіне жатпайды?

А) толықтылығы

В) дәлдігі

С) көлемділігі


  1. Информатика - …

A) техникалық тасымалдаушыға ақпаратты орналастыру туралы ғылым.

В) ақпаратты жинау сақтау, өңдеу, оның қасиеттері, берілу әдістері туралы ғылым.


С) ЭЕМ арқылы ақпаратты жинау, сақтау, түрлендіру, тасымалдау және оны пайдалану заңдылықтарын зерттейтін жаңа ғылыми пән.

  1. Программа - …

А) белгілі бір атпен магниттік дискіде жазылып, өздігінен іске қосылатын командалар жиыны

В) белгілі бір атпен магниттік дискіде жазылып сақталып, жұмыс істеуші адамның командасымен іске қосылатын, машина тілінде жазылған нұсқаулар жиыны.

С) белгілі бір нәрсе туралы таңбалар мен сигналдар арқылы берілетін мәліметтер тобы.

11.Компьютерді қалай өшіреміз?

А)Пуск  Завершение работы

В)Пуск  Программы  Выключить компьютер

С)Файл  Закрыть

12.Бір байтта қанша бит бар?

А) 4.

В) 8.


С) 16.

13.Бір килобайтта қанша байт бар?

А) 1000.

В) 1024.


С) 1440.
Каталог: uploads -> doc -> 0011
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0011 -> Сабақ Тақырыбы: Сүйінбай Аронұлы. «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңі Пәні: әдебиет Сыныбы: 7 «Б» Пән мұғалімі: Жақсылықова М. А
0011 -> Біз жеке тұлға тәрбиелеудеміз


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет