Сабақтын түрі : аралас сабақ. Сабақтын әдісі:, сто элементтері,баяндау, талдау, ой қозғау, ой түйін



Дата10.06.2017
өлшемі99,65 Kb.
#18855
түріСабақ
Тақырыбы: Витаминдер

Білімділік

Дамытушылық

Тәрбиелік

Оқушыларға дәрумендер өсімдік пен мал өнімдерінен алынатынын, азық- түліктерде болатынын түсіндіру, дәрумендердің организмдегі ролі және дәрумендер жетіспегенде болатын аурулар, олардың алдын алу шаралары жайлы түсінік беру.

Оқушылардың дәрумендер туралы ой өрісін қалыптастыру, танымдық ойлау қабілетін дамыту.

Оқушыларды ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу

Сабақтын түрі: аралас сабақ.

Сабақтын әдісі:, СТО элементтері,баяндау, талдау, ой қозғау, ой түйін.

Көрнекілігі: «ДӘРУМЕНДЕР» кестесі, «ВИТАМИНДЕР» көрмесі,

«ҒАРЫШ КЕМЕ» сұрақтары.



Пән аралық байланыс: медицина, химия.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу;

ә) Оқушыларды түгелдеу;

б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



II. Үй тапсырмасын сұрау.

Үй жұмысы: §50. «Зат және энергия алмасу».

– Үй жұмысын бастамас бұрын келісіп алайық, әрбір жақсы жауап берген оқушыға «Әуе маркасын» сыйға тартамын. Сабақ соңында жинаған «Әуе маркасын» есептеп баға қойылады.

- Ендеше ұшақ ұшатын «Әуежай алаңынан» бастайық.



«Әуежай» айлағы.

Бұл алаңда оқушылар үй жұмысы бойынша үш топқа бөлініп, сұрақтарға жауап береді..



«Зат алмасу »айла никалық қосылыстар» айл «Бейорганикалық заттар» айлағы

III.Өткен сабақты пысықтау.

Сонымен балалар үш айлақтың тапсырмаларын орындаған оқушылар ұшақ саяхатына дайын деп есептеп, енді алғашқы ұшу саяхатымыз – бүгінгі жаңа сабақпен байланысты.



IV.Жаңа сабақ.

§51. Витаминдер және олардың маңызы.

-Ұшақ әуежайдан көтеріліп, қажетті айлаққа келіп аялдады. Алғашқы айлақ



1. «Витаминдер айлағы»

Бүгінгі тақырыбымыз «Витаминдер және олардың маңызы». Витаминдер өсімдік пен мал өнімдерінен алынатын азық – түліктерде болады. Адам әр түрлі тағам ішу арқылы өзіне қажетті дәрумендерді алып отырады. Күнделікті ішіп отыратын тағамдарымыздың кейбіреулерінің құрамында адам организміне аса қажетті дәрумендер жетіспейді. Демек, тағамда дәрумендер жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға жиі шалдығады. Соған қарағанда «Ас дәмімен тәтті» немесе «Ас жүрген жерде ауру тұрмайды» деп жұрт бекерге айтпаған. Дәрумендер адам өмірінің арқауы, онсыз адамның денсаулығы ойдағыдай болмайды, тіпті адам тіршілік ете алуы да мүмкін емес. Олай болса дәрумендерді қарапайым тілмен айтқанда тіршілік нәрі, өмір серігі деуге болады.



Витаминдер деп химиялық табиғаты әр түрлі органикалық заттарды айтады. Витамин латынша vіtа – өмір, тіршілік; vitman – тіршілік амині деген мағынаны білдіреді. Олар тағамдық заттармен организмге түсіп, зат алмасуға, организмнің өсіп-өнуіне әсерін тигізеді. Организмнің қорғаныштық қабілетін арттыруда витаминдердің атқаратын міндеті өте зор. Егер тамақтану дұрыс жолға қойылмаса, яғни күнделікті пайдаланатын тағамдарымызда организмдерге қажетті витаминдер мөлшері жеткіліксіз болса, онда организм әлсіруіне себепші аурулар гиповитаминоз, авитаминоз. Витамин жетіспесе – авитаминоз, витамин шектен тыс көп болса –гипервитаминоз ауруларына шалдығуы мүмкін.

Витаминдердің ішінде табиғат пен күнделікті тіршілікте кеңінен таралып, жиі кездесетін, әрі өмірімізде көп пайдаланылатын, су мен майларда еритін витаминдерге тоқталамыз. Витаминдерді латын бас әріптерімен белгілейміз.

Қазіргі кезде 30 мыңға таяу витаминдер топтамасы бар.

Енді балалар ұшақ келесі аялдамаға көтеріліп,д яғни дәрумендерді зерттеген ғалымдарға тоқтады.



2. «Ғалымдар айлағы »

Жеткіліксіз тамақтанудың салдарынан туындайтын аурудың себептерін алғаш ашқан орыс дәрігері Н.И.Лунин болды. Ол ал-ғаш рет тағам құрамында дәрумендердің болатындығын 1880 жылы дәлелдейді. Жас ғалым тағам құрамындағы минералды заттардың рөлін зерттейді.

Ол кісі тышқандарды зертханалық жолмен алынған жасанды қоспалармен тамақтандырды. Осындай тамақтармен қоректенген тыш-қандар 11-ші күні қырылып қалған. Бұдан соң Н.И.Лунин химиялық таза белок, май қосылған тағамдармен қоректендірілген кезде де тышқандар түгел өлген. Ал сиыр сүтімен қоректендірілген тышқандар ауырмай дұрыс тіршілік ете берген. Тәжірибе нәтижесінде Н.И.Лунин сүттің құрамында май, казеин, қант, тұздардан басқа тіршілікке қажетті бір зат бар деген қорытындыға келеді. Кейінірек Н.И.Луниннің тәжірибесін голландиялық ғалым Пакельхоринг 1904 жылы және ағылшын химигі Гипкинс 1906 қайталайды. 1911 жылы поляк ғалымы Функ күріш қауызынан құрамында амин тобы бар кристалл зат бөліп алады. Осы затқа Функ дәрумен деп ат қояды. Латынша «вита» – тіршілік, ал «амин» – азотты химиялық қосылыс. Кейінірек табиғатта химиялық құрамы әр түрлі дәрумендердің болатындығы кейбірінің құрамында амин тобы болмайтындығы дәлелденді.

1922 жылы ғалым Бессонов венгер Сант – Дьерм мен бірге С дәруменін ашты. С дәрумені жетіспесе адам цинга (қырқұлақ) ауруына шалдығады. 1535 жылы белгілі саяхатшы Жок Карье Атлант мұхиты арқылы Ньюфоундленд аралына саяхатқа шығады. Экспедиция құрамындағы 103 адамның 100 Канада жағалауына келген кезде ауыр дертке дұшар болады. Жоғарыдағы жергілікті тұрғындар теңізшілерге қарағай жапырағының тұнбасын бірнеше күн ішкізген соң олардың жағдайы жеңілдей бастайды. Бұл С дәруменінің жетіспеуінен болатын цинга ауруы еді. Цинга ауруының белгілері: қызылиектің қанауы, сүйектердің, буынның зақымдануы, қаназдық, тістің босауы, түсуі.

Голланд ғалымы Эйхман 1890–1897 жылдары Ява аралында жүргізілген зертгеулері кезінде мынаны байқады: адамның жегенінен қалған таза күріш берілген тауықтарда «бери – бери» ауруларының белгілері пайда болған. Ал, әр түрлі қалдықтары берілген тауықтар бұл аурумен ауырмаған. Осы байқауларға сүйене отырып жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде XX ғасырдың басында «бери – бери» ауруының негізгі себебі күріштің кебігінде көп кездесетін В витаминінің (тиаминнің) жетіспеушілігінен екені анықталған. Е витаминін 1921 жылы Иванс деген зерттеуші ашты. Жануарларды қолдан тек жасанды тамақпен; 54/жүгері крахмал, 18/қа зейін, 15/шошқа майы, 9/ сары май, 4/ тұздың қоспасы және 5/ құрғақ сыра ашытқыларымен қоректенгенде, олардың ұрықтарының өсіп – өнуі тоқталып төлдемейтіндігі анықталды. Бұл құбылыс Е витамині жетіспеушілігінен екен. 1936 жылы Тванс бидай тұқымы ұрығынан Е витаминін бөліп алды, ол 7 ~ токоферол (грек тілінде токоs — үриақ, рһtго — алып жүру, жалғастыру деген мағынаны білдіреді).

Витаминдер

Химиялық

атауы


Құрамында витаминдер

бар


азықтық тағамдар

Витаминдердің физологиялық әсері

С

Аскорбин қышқылы

Бұрыш, аскөк, көкжуа,

қызан,


қырыққабат, картоп,

лимон,


құлпынай, итмұрын.

Құрқұлақ ауруына ұшыратады,тіс түбі қанайды.

В

Тиамин

Бидай, бұршақ, бауыр,

бүйрек


, жүрек.

Бери бери ауруына ұшырайды, жүрек, асқазан жұмысы бұзылады.

В2

Рибофлавин

Бидай, бұршақ, ет,

жұмыртқа, сүт.



Көздің мөлдір қабықшасы қабынып, катаракта ауруына ұшырайды.

В5

Пантотен

Бидай, бұршақ, бауыр,

бүйрек,


жүрек, балық.

Жүйке ауруына ұшыратады.

В6

Пиридоксин

Бидай, бұршақ, сыр, қой

еті, теңіз

балықтары


Қояншық, селкілдеу

BC

Фолий қышқылы

Қырыққабат, асжапырақ, қызан, с

әбіз, сиыр еті, жұмыртқа, салат



Қан аздық п.б

B12

Цианкобаламин

Балықта сиыр бауырында және

бүйрегінде болады.



Қан аздық п.б



Никотин қышқылы

Сиыр еті, бауыр, бүйрек, жүрек,

албырт балығы,

майшабақ.


Бауырдың қызметіне әсерән тигізеді.

A

Ретинол

Мал майлары,

ет, балық,

жұмыртқа, сүт.


Көзге және көбеюге әсерін тигізеді, бойдың өсуі баяулайды.

D

Кальцийферол

Балықтың

уылдырығы, теңіз

балығы, бауыр,

құс еті, жұмыртқа



Мешел ауруы пайда болады.

Е

Токоферол

Өсімдіктің майы

көкөністің жасыл

жапырақтары,

жұмыртқа


Қаңқа бұлшық етінің бұзылуы

К

Филлохинон

Асжапырақ,

қырыққабат,

қызан


Қанның дұрыс ұюына әсер етеді.

Н

Биотин

Асбұршақ, түсті

қырыққабат

саңырауқұлақ,

бидай,


жұмыртқаның

сарысы,


бауыр бүйрек,

жүрек.


Дерматит ауруына ұшырайды.

3. Сақтау қоймасы

Организмді дәрумендердің қажетті мөлшерімен қамтамасыз ету үшін олардың қандай азық – түлік құрамында мол болатындығын білу жеткіліксіз, сонымен қатар, оларды тағам құрамында қалай сақтау жолдарында білуіміз керек.

Қайнату, мұздату, кептіру, жарық т.б. факторлар дәрумендерге түрлі әсер етеді. Ең тұрақсызы С дәрумені, 60°С градусқа қыздырған кезде ыдырай бастайды. Ауа, күн сәулесі, ылғалдылықтың жоғарылауы, бұл дәруменді ыдыратады. А дәрумені жоғары температураға төзімдірек, бірақ ауада оңай тотығады. Дәруменді қышқылдық ортада қайнатуға төзімдірек келеді, ол сілтілік ортада тез ыдырайды. В тобы дәрумендері кулинарлық өңдеу кезінде өте аз бұзылады. Е дәрумені жоғарғы температураға өте төзімді. Ұзақ сақтау, кептіру А, С дәрумендеріне кері әсерін тигізеді, ал Д, Е, В1, В2 дәрумендерге әсері болмайды. Азық – түліктерді ауасыз, жарықсыз. Құрғақ, салқын жерде неғұрлым қысқа мерзімге сақтасақ соғұрлым көбірек құрамындағы дәрумендерде сақталады. Тамақты қақпағы жабық ыдысқа пісіру керек. Қалған тамақты қайта-қайта ысыту, дәрумендерді жояды. Ең негізгі тағамның түрі – сүт тағамдары. Сүт басқа ешқандай азық – түліктерге тең келмейтін аса бағалы тағамдық өнім. Сүтті қақпағы ашық ыдыста қайнату, оның құрамындағы дәрумендерді (А,С) азайтады.

Ү. Сабақты бекіту.

-Ұшақ осымен балалар Әуежайға қайтып оралды, яғни, сабағымыз қорытынды бөліміне келіп жетті. Сонымен, организм үшін бірден бір қажетті дәрумендер екенін білдік. Енді оқушылар стол үстінде дәрумендер жиынтығы тұр. Осы дәрумендер арқылы сабағымызды жинақтаймыз. Мына дәрумендерден біреуін аласыңдар.

«Дәріхана»

-«А» дәруменін кім алады?

Оқушы алады, қысқаша түсінік береді. Жақсы жауап бергенге ұшақ маркасы ұсынылады.

Витаминдер біртіндеп беріледі.

«Ғарыш кемесі» сұрақтары?

1Тағамдағы Витаминдерді қалай сақтауға болады?

2 С витаминін қандай ғалымдар ашты?

3 Суда еритін витаминдерді ата?

4.Луниннің тәжірибесін кім жалғастырды?

Суда еритін витаминдерге: тиамин, рибофлавин, панготен қышқылы, никотин қышқылы, пиридоксин, кобаламин, никотинамид, аскорбин қышқылы, биотин, инозит, холин, рутин, фолий қышқылы, парааминобензой қышқылы және т.б. (В1, В2, В3, В5, Вб, В12 В5, РР, С, Н, Р және т.б.) енеді.


Майда еритін витаминдерге: ретинол, кальциферол, токоферол, филлохинон, убихинон, алмастырылмайтын май қышқылдары (А, Д, Е,К) және т.б. кіреді.

Бағалау:


Үйге тапсырма
Каталог: uploads -> doc -> 1173
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1173 -> Сабақтар «Мемлекеттік стандартқа»
1173 -> Күнтізбелік –тақырыптық жоспар 8- сынып Аптасына 2 сағат, барлығы 68 сағат
1173 -> Сабақтың тақырыбы: Сұрақтар қою


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет