Садуақас Ж. А сапарғалиева А.Ғ



Дата12.10.2019
өлшемі141,76 Kb.
#49691
Байланысты:
МЕТРОЛОГИЯ
9 сынып Физика пәнінен мектепшілік олимпиада Школьный тур олимпиады по физике 2021-2022, Ақсай қаласының 2021 мектепке жол 2121, Зорлық - зомбылықсыз отчет

Е.А Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Метрология-өлшем туралы ғылым

Орындаған: ТФП-219 студенттері

Садуақас Ж.А

Сапарғалиева А.Ғ

Сентябрь М

Тексерген: Кутумова Ж.Б

Қарағанды 2019 жыл

1.Кіріспе 2. Негізгі бөлім: 1. Метрология 2. Метрологияның негізгі мәселелері 3. Өлшемдердің түрлері 3.Қорытынды

Жоспар:


Медицинадағы өлшеулердің көпшілігі физикалық және физика- химиялық өлшеулер болып табылады. Мысалы, сандық диагностикада қанның қысымы, биопотенциалдардың уақытқа тәуелділігі, көздің оптикалық күші және т.б. шамалар қолданылады.

Зертханалық талдаулар жүргізу кезінде қанның тұтқырлығы, зәрдегі қанттың мөлшері т.б. анықталады.

Кіріспе

Науқастарды әртүрлі әдістемелермен емдеу кезінде иондаушы сәуле дозасын (мөлшерін), гальванизация кезінде ток күшін, ультрадыбыспен емдегенде оның күшін (интенсивтілігін) т.б. білу маңызды. Осындай маңызды мәліметтің болмауы тек қана емдеу дәрежесін төмендетіп қоймай,зиянды әсер етуі де мүмкін..

Метрология («метро» – өлшем, «логос» – ғылым деген грек сөзінен шыққан) өлшемдер, олардың бірлігін және қамтамасыз ету әдістері мен құралдары, қажет дәлдікке жету тәсілдері туралы ғылым. 

Бүгінгі күнде Республикада метрологиялық қызмет «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес жүзеге асырылады. 

Мерологияның тарихы



Метрология ғылымы практикалық түрде бұрынғы заманда пайда болған.Әр өлшем жүйесінің өз ерекшеліктері бар. Ол тек қана заманымен ғана емес, менталитетімен де ерекшеленді.Метрологияның күрт дамуына 1875 ж. Метрикалық конвенцияның (құрамында 17 мемлекет бар) қорытындысы (Өлшеу мен таразылар және өлшеудің метрикалық эталонын жасаудың халықаралық мекемесі) себепші болды. Қазіргі кездегі Метрология физика, химия, т.б. жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін пайдаланып, физикалық тәжірибенің жоғары дәлдігіне сүйенеді. Қазақстанда алғашқы метрологиялық мекеме 1923 ж. Семей қаласында ұйымдастырылды. Қазақстанның эталон базасын құруға және оны жетілдіруге үлес қосқан ғалымдар: М.Адайбеков, М.Басаров, А.Садықов, В.М. Кошелев, Ж.Нығметов, С.Үмбетаев, И.Ермекбаева, т.б. Республиканың метрологиялық қызметінде тексеру жұмыстарын жүргізу үшін 20 жұмыс эталоны (мыс., қысым, температура, масса, ұзындық, электрлік сыйымдылық, электрлік кедергі, түзу, түзу сызық, т.б.) қолданылады

Метрологияның негізгі мәселелеріне:


  • өлшеудің жалпы теориясы;
  • физикалық шамалардың және оның жүйелерінің бірліктерін ұйымдастыру;
  • өлшеудің әдістері мен құралдары;
  • өлшеудің дәлдігін анықтау әдістері (өлшеудің қателіктер теориясы);
  • өлшеу бірлігін және өлшеу құралдарының метрологиялық жарамдылығын қамтамасыз ету (заңды метрология);
  • эталондар мен өлшеу құралдарының үлгілерін жасау;
  • эталондарды бірлік өлшемдерін тарату әдістері жатады.





  • Метрология алғашқыда өлшеудің әр түрлі тегін (сызықтық, сыйымдылық, салмақ, уақыт) жазумен, сонымен қатар бірнеше мемлекеттерде қолданылған ақша және олардың ара қатынасын табумен айналысты.

    Қазіргі заманғы метрология 3 түрден тұрады: заңнамалы, фундаменталды (ғылыми) және практикалық метрология.

Физикалық шама бірлігінің өлшемі берілетін метрологиялық тізбек мынадай бөліктерден тұрады: эталондар- өлшеудің үлгілі тәсілдері- өлшеудің жұмыстық тәсілдері. Медицинада қолданылатын техникалық құрал- жабдықтар жалпы түрде медициналық техника деп аталады. Оның көп бөлігі медициналық аппаратураға жатады.

Өлшеулердің физикалық түрлері:

1.Механикалық өлшеулер

2.Жылулық өлшеулер

3.Электрлік және магниттік өлшеулер

4.Оптикалық өлшеулер

5. Атомдық және ядролық өлшеулер

Механикалық өлшеулер: дененің антропометриялық параметрлерін, дене бөліктерінің, қанның, ауаның орын ауыстыруын (ығысуы), жылдамдығы мен үдеуін өлшеу, акустикалық өлшеулер, қанның, ағзадағы сұйықтардың , қоршаған ортадағы ауаның қысымын өлшеу, тербелмелі өлшеулер және т.б.

Жылулық өлшеулер: мүшелердің, дене бөліктерінің және қоршаған ортаның температурасы, биологиялықобъектілердің, тағам өнімдерінің колориметриялық өлшеулері және т. б.

Электрлік және магниттік өлшеулер: биопотенциалдарды, жүректің магнит өрісінің индукциясын өлшеу, диагностикалық мақсатта биологиялық обьектілердің импедансын (толық электрлік кедергісін ), электромагниттік өрістің параметрлерін және емдік ерітінділердегі иондардың концентрациясын өлшеу және т.б.

Өлшеу дегеніміз физикалық шаманы бірлік ретінде алынған басқа физикалық

шамамен салыстыру. Өлшеу нәтижесі өлшенетін шамада қанша бірлік не бірлік бөлігі қолданылғанын көрсететін санмен өрнектеледі.

Өлшеулерді тура және жанама деп бөледі. Тура өлшеулерде анықталатын шаманың сандық мәні оны не өлшем бірлігімен салыстыру нәтижесінде, не өлшенетін шама бірліктерінен тұратын көрсеткіші бар өлшегіш құралдан тікелей анықталады.

Жоғарыда айтылғандай өлшеу кезінде медика- биологиялық көрсеткіштер өзгеріп тұруы мүмкін. Қайталап өлшегенде алынған шамалар алғашқылардан өте үлкен айырмашылықта болуы мүмкін. Сондықтан әрбір медика- биологиялық өлшеулерге өте мұқият дайындалып, өлшеу әдістерін дәлме-дәл орындау керек. Осындай жағдайда пайда болатын қателіктер негізінен құралдардың өлшеу дәлдігіне байланысты деп қарастыруға болады.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер:


  • Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества: Учебное пособие / Под общей редакцией К.А. Тазабекова – Алматы.: Казахстанская ассоциация маркетинга. 2003. – 564 с.
  • Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу құралы / Г.Х. Шәкібаева, Х.К. Оспанов, Р.Р. Сыздықов, Л.И. Сыздықова. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 242 бет.
  • Әубәкіров Ғ. Метрология, стандарттау және өнім сапасын басқару: Оқулық. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1996. – 140 бет.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Назарларыңызға рахмет!!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет