Сакен Жунисов. Жапандагы жалгыз уй



Pdf көрінісі
бет1/17
Дата17.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#102284
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
(pdf) Cәкен Жүнісов — Жапандағы жалғыз үй.apk




Мазмұны 
Роман
 
БІРІНШІ БӨЛІМ
 
ЕКІНШІ БӨЛІМ
 
ЭПИЛОГ
 


Роман 
ПРОЛОГ 
Әкем Нұрмаққа, 
анам Мағрипаға 
арнаймын. 
Автор 
Ескі  жұрт  –  көршілес  салған  он  шақты  үйдің  орны.  Шымнан  қалаған  қабырғалары 
ұзақ жылдар бойы жел өтіне мүжіліп, құлай-құлай жатаған төмпешікке айналған. Кісі 
бойындай  алабота,  жусан  аралас  өлі  қурай  басқан  үй  орындары  өткен  өмірден  қалған 
көне белгі ғана. 
Көктемнің  алғашқы  шуағы  қары  кетіп,  дегди  бастаған  жалпақ  өңірді  сәскеге  қарай 
қыздыра  тусті.  Әлі  де  тас  төбеге  жақындамай  орағыта  жылжыған  күн  кірпігі  ескі 
жұртқа  көлбей  қадалып,  дымқыл  бүйірін  жылыта  бастады.  Қар  суы  сіңген  кәрі 
төмпешіктер  шуаққа  бусанып,  әр  жерінен  сыздықтап  дем  шығады.  Мәңгі  бұқтырып 
қойған алып қара қазанға ұқсайды. 
Машинадан  түскен  үш  адам  ескі  жұрттың  қасына  таяным,  үнсіз  қарап  тұр:  «Бұл 
арада да бұрын адамдар тұрған, өздерінше қаракет жасап, тіршілік еткен. Талай қарт, 
талай қыршын жас осы жұртта демі таусылып, дүние салған. Олар да көз жұмғанша 
адам  баласына  тән  арман,  қиял  арқалап,  қадари  халінше  жақсы  тұрмысқа  ұмтылған. 
Мүмкін  жайлы  өмір  кешкен  болар.  Бәлкім,  әмірлері  өксумен  өткен  шығар».  Бұл  өлкенің 
табалдырығын  тұңғыш  аттаған  Федор  Моргунға  ол  арасы  бимағлұм.  Бар  сырын 
бауырына  басқан  қалың  жусанды  төмпешіктер  үнсіз,  тілсіз.  Томаға-тұйық,  сулық 
жатыр. 
Төмпешіктердің  астында  қалған  өткен  әмір  тек  Райханға  ғана  аян.  Қазір  оның  көз 
алдында мына иесіз меңіреу жұрт емес, қатар қоныс тепкен үйлер тұр. Бұдан табаны 
жалпақ  отыз-қырық  жыл  бұрын  іргесі  көтерілген  үйлер.  Талай  жас,  талай  қарт 
құлағына сыбырлап, сөйлесіп тұрғандай. Неше бір таныс көздер өзіне таңырқай қадалып, 
әлдекім  естілер-естілмес  күбірлейді:  «Айналайын-ай,  келдің  бе?!  Өз  көзіме  өзім  сенейін 
бе, сенбейін бе?! Осы сен шын Райханбысың? Әзің мүлдем өзгеріп кетіпсің ғой. Самайыңа 
ақ  кіріпті.  Өңің  сынық.  Көзіңде  мұң  бар.  Сені  көрмегелі  талай  жылдар  өтті.  Қайда 
жүрсің ? Неге келмей кеттің? Жақсылықтан күдеріңді мүлдем үзгенің бе! Сен жасыңда 
қандай пысық едің. Лаулап тұрған от едің-ау. Затың әйел болғанмен, ер жігітке бергісіз 
қажырлы, қайсар ең. Енді бақсам, ащы өмір зардабы жасытқан ба, қалай? Өзің жылап 
тұрсың  ғой.  Жарайды,  жылап  ал.  Ұялма,  жыла.  Ішіңдегінің  бәрін  ақтар.  Білем,  сен 
қуаныштан жылап турсың. Қайта оралдың, қайырлы болсын. Бар ауыртпалық көзіңдегі 
осы жаспен бірге кетсін. Бірақ осыдан соң қайтып жылама. Ал қазір жыла, жылап ал!» 


Райханның  көңілі  босап,  қарашығы  мол  үлкен  көздерінен  ыршып  шыққан  бір  түйір 
моншақтай  жылы  жас  кірпігіне  іліне  бере  үзіліп  түсті.  Қайрат  қылып  көз  жасын 
тыяйын  деп  еді,  іші  қалтырап  ырық  бермеді.  Биік  шың  басында  мәңгі  жатқан  қарға 
ыстық күн аунап түсіп арқасын тірегендей, ұзақ жылдар бойы мұз боп қатқан көз жасы 
ери жөнелді. Райхан ернін тістеп, үнсіз жылап тұр. 
Қасындағы  жолдастары  жаңа  аңғарды.  Ә  дегенде  не  дерін  білмей,  бір-біріне  үнсіз 
қарап, жаутаңдап қалды. Көз жасында терең бір сыр барын сұрамай-ақ ұқты. Бұл арада 
көлденең сөз шықса, еркін аққан көз жасы үрейленіп, тыйыла қалатындай көрінді. 
Мына  жер  ықтасын  ба,  қалай?  Жаңа  ғана  иен  даланы  баяу  желпіген  жел  де  тым-
тырыс тына қалды ғой. Әлде ол да Райханның көз  жасын көріп, елең етіп құлақ  түрді 
ме? 
Райхан басқа жолаушылардан жырылып, ескі жұртты аралап келеді. Орта тұстағы 
жалпақ төмпешік сыртында жаңа қылтиып, тебіндеген балапан көкке бір жамбастай 
отырды.  Маңайдағы  жусан  иісі,  баланың  еңбегіндей  былқылдаған  жер  иісі  –  бәрі,  бәрі 
таныс.  Бәрі  баяғы  қалпы.  Әттең  құшағы  жетсе,  осы  аумақты  түгел  бауырына  басып 
құшар  еді.  Маңайда  бөгде  адамдар  болмаса,  жалаң  аяқтанып  алып,  қос  тұлымы 
желкілдеген сонау қыз күндегісіндей туған жердің топырағын ыстық табанымен басып, 
жүгірер ме еді. 
Қап,  мына  бір  жетім  қарға  қайдан  шықты?  Барқ-барқ  етіп,  ойын  бөліп  жібергенін 
қарашы. Ә, анау жалғыз үй жақтан қылт еткен аттылыны көрген екен ғой. 
Кебеже қарын қара биеге мінген төртбақ адам жай бүлкекпен жақындай берді. Қара 
санынан келетін саптама етік, сыртын кеңірек қара барқытпен тыстаған түлкі тымақ 
киген  адамның  бетіндегі  жалпақ  қап  анадайдан  көрінеді.  Құйрығын  шарт  түйген  семіз 
ту  бие  таянған  сайын  үзеңгілес  тұрған  қос  машинаға  құлағын  қайшылай  үрке  қарап, 
танауы  делдиіп,  тағы  малдарша  ойқастай  басады.  Біреу  оқыс  жөтеліп  қалса-ақ,  ала 
қашатындай елең-елең етіп ойнақшып келеді. Өңкей кісі мойын қара иттер екі жағына 
алма-кезек шығып, үздік-создық сумаң-сумаң етеді. 
Бұл  –  «Малжан  ағашы»  дейтін  бір  шоқ  қайыңның  бауырындағы  жалғыз  үй  иесі  – 
Қарасай.  Жаңа  үйінің  тап  тұсынан  өте  шыққан  жеңіл  машиналарды  көрген.  Аудан 
басшыларының  бірі  боларсың-ау  деп,  жазбай  танып,  биесін  ерттей  сила  осылай  қарай 
беттеп еді. 
Тізгінді  ердің  үйрек  бас  қасына  тас  қып  орап,  қара  биені  кекжите  қаңтарды  да, 
анадайдан  жаяу  келді.  Алдымен  райкомнан  келген  өкілге  сәлем  беріп,  сосын  Моргунның 
қолын алды. 
–  Ағайындар-ау,  бұларыңыз  қалай,  біздің  үйді  аттап  өтіп,  ескі  жұртқа  сәлем  беріп 
тұрғандарыңыз. 


– Ескі жұрт деймісіз... Біз  жер қарап жүр ек.  Осы араға орнайтын болашақ  совхоз 
директоры – Моргун жолдас. Ал мына ақсақал – Қарасай Талжанов, осы араның тәңірі, – 
деп  өкіл  қалжыңдай  таныстырып,  жемтік  аңдыған  құзғындарша  шоқиып  отырған  бір 
топ ұяласқа қарап күлімсіреді. 
– Бұл маңға сіздер келгелі де біраз уақыт болды-ау деймін. Үйге жүріңіздер. Алыстан 
келген қонақты қарсы алу, ата дәстүрін көрсету парыз емес пе. «Келіннің бетін кім ашса 
– сол ыстық» дейді. Жалғыз үй болсақ та, жолаушыға боранда пана, ыстықта саямыз. 
Жүріңіздер. 
–  Ол  дұрыс.  Шынында  да  ас  ішетін  мезгіл  болды-ау  деймін.  Қарсы  емеспіз.  Қазақ 
даласында  асхана  табыла  бермейді,  Федор  Васильевич.  Бірақ  қонақжай  жөнінде  қам 
жемеңіз,  –  деп  өкіл  енді  Райханға  қарап,  Қарасайға  көз  қиығын  тастады.  –  Ана  келе 
жатқан  кісі  осы  совхоздың  бас  инженері.  Негізі  осы  жақтың  адамы.  Білетін  де 
боларсыз. 
Үстінде желбегей қысқа қара көк плащ, аяғында күрең былғары етік, басында бұрын-
соңды  көрмеген,  тігісі  бөлек  жұпыны  құндыз  бөрік  киген,  қырықтардың ішіндегі  денесі 
кесек,  ұзын  бойлы  мосқал  әйелді  Қарасай  анадайдан  таныған  жоқ.  Мына  ұсқынын 
алыстан  жаратпай: «Бұл шөпжелкесі  кім  ?  Киім киісі,  сырт қияпаты келіссіз  екен»,  – 
деп бөрік астынан бұйралана шыққан сұйық шашын да ұнатпай қалған. 
Көзін қол орамалмен сүртіп, сәл еңкіштеу басып келе жатқан Райхан жолаушыларға 
екі-үш  қадам  қалғанда  басын  көтеріп,  қалшиып  тұрып  қалды.  Терең  әжім  көмкерген 
жұқа  қабақтың  астындағы  мұңды  көз  бір  сәт  сабырлылығынан  айрылып,  әлденеден 
үрейленгендей  Қарасайға  тесіле  қарап,  жылап  арбаған  торғайдың  көзінше  ешқайда 
бұлтара алмай, шарасынан шығып барады. 
Жаңа ғана күліп, бипаздап сөйлеген Қарасай да Райханды көргенде тілі күрмеліп, тап 
алдынан аяқ-қолына жан біткен тірі аруақ шыға келгендей әп-сәтте өңі өзгеріп кетті. 
Үстіне құдия сорғалаған бүркіттен зәресі ұшып, кірерге жер таба алмай, әр тал қылына 
дейін  қалтырап,  бір  уыс  боп  жер  бауырлай  дәрменсіз  көжекше,  көзінің  жанары  сөніп, 
жасаурап, қас қаққанша мүшкіл халге енді. 
Райханның көзі баяу жылжып Қарасайдың бетіндегі көк бауыр түстес жалпақ қалға 
тірелгенде,  Қарасайдың  көзі  тайғанап  барып  Райханның  ақ  қырау  шалған  самайына 
түсті.  Тотияйын  араластырғандай  талаураған  жалпақ  қалдың  бояуы  өшпепті.  Баяғы 
қалпы.  Тек  үстіндегі  сирек  үш  тал  қара  қыл  ғана  күзгі  боз  шөптей  қуарып,  қылау 
тартқан.  Бүкіл  кәрілік  тауқыметі  сол  үш  талға  кеп  жиналғанда,  Райхан  тартқан 
батпандай ауыр жылдар жүгі самайдағы шашқа түскен секілді. 
Екеуі де бір-біріне тіл қатыспады. Тек көздер ғана сөйледі. Еркектің көзі! «Сен өлген 
жоқ па едің», – деп тұрса, әйелдің кезі: «Сен әлі тірі екенсің ғой», – деп тұрды. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет