Саламатсыздарма! Құрметті қонақтар, балабақша қызметкерлері, балалар! Сіздерді " Балдәурен" тобының " Алтын күз" мерекелік шарасын тамашалауға шақырамыз. Қош келдіңіздер



Дата03.11.2022
өлшемі13,18 Kb.
#156397
Байланысты:
алтын күз
МХЭЖА лек 1-4, Физика 10 сынып ЖМБ өзгерген 2019-2020, Методичка ENS8 2, Викториналық сұрақтар.doc, Ðåöåïò 1 Àë Ãåêñàìåòèëåíòåòðàìèí (ìåòåíàìèíà) 2,0 Öèíêà îêñèä³

Саламатсыздарма! Құрметті қонақтар, балабақша қызметкерлері, балалар! Сіздерді " Балдәурен" тобының " Алтын күз" мерекелік шарасын тамашалауға шақырамыз. Қош келдіңіздер! Кезекте кішкентай бүлдіршіндеріміздің тақпақтарына беремін!
1) Нұрислам:
Келді міне күз,
Айнала сары түс.
2) Айғаным:
Керемет, тамаша,
Қандай әсем күз!
3) Айкөркем:
Жеміс-жидек пісті,
Қамбаға астық түсті.
4) Айшабану:
Күз байлық береке,
Алтын күз мереке.
5) Білімхан:
Қарашы күз келді,
Жапырақ жауыпты іздерді.
6) Әділ:
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр-сыбдыр етеді.
7) Әмина:
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
8) Нұрхан:
Жапырақ ұшты,
Суықта түсті.
Сонда да бізде,
Қызық көп күзде.
9) Аяла:
Алақай-алақай
Шаттанды балақай!
Береке - салты күз
Мереке Алтын күз!
Жарайсыңдар балалар! Балалар Қазір жылдың қай мезгілі? Күз мезгілінде ауа райы қандай болады? Ендеше күз мезгіліне арнап қыздардың дайындаған "Жапырақтар" биін тамашалайық.
Би "Жапырақтар".
Біздің ер балаларымыз дайындаған " Көңілді саңырауқұлақтар" биін көріңіздер.
Би " Көңілді саңырауқұлақтар".
Біздің балаларымыздың дайындаған " Алтын күз" мерекесі осымен аяқталды. Сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет