Сауатты жазу-білім негізі Егер адамның сөйлесуі де, жазғандары да



Дата28.01.2018
өлшемі35,03 Kb.
#34236
Сауатты жазу-білім негізі

«Егер адамның сөйлесуі де, жазғандары да

күңгірт және байламсыз болып шықса,

оның ойы да шала, тиянақсыз болғандығы»

Б.М.Теплов

Адамның қабілет ерекшелігіне,психологиялық жағдайына жазу тікелей байланысты. Оқушыны жазуға қызықтыру маңызды. Анық, әдемі жазуды оқу да жеңіл, ондай жазумен берілген ойды түсіну де оңай. Әріп таңбаларын әдемі көркем етіп салуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстардың оқушы бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы зор. Жазба жұмысына көңіл бөлмеу көп жағдайда оқушының өз ісіне салдыр-салақ қарауына, жауапкершілікті сезінбеуіне келіп соғады.

Оқушыларымыз қазақ мектебінде оқыса да қазақша ауызекі сөйлеу тілінде де, жазба тілде де қателер жіберетіні жасырын емес. Бұл баланың ынтасына, мектептегі немесе үйдегі тілдік ортаға байланысты. Кейбір балалар ана тілінде жетік сөйлеп, сауаттылық танытқанымен, кейбір оқушылардың сөздік қорының жұтаңдығы көрініп тұрады. Балалар жазба жұмысын орындау кезінде, сөйлем құрағанда әріп тастап кету, орнын алмастыру, сөз тіркестерінің бірге жазылуы, жалғауларды түрлендіріп қолдану, тыныс белгілерінің қалып қоюы сынды қателіктерді жиі жібереді.

Оқушы қатесін тауып, оған жете мән бергенде ғана шәкірттеріміздің сөйлеуі мен жазу дағдылары дұрыс қалыптасады. Күнделікті сабақта кейбір оқушыларымыз өтілетін материалды, жеке ережелерді дұрыс айтқанымен, білгенін іс жүзінде қолдана алмайтынын байқаймыз.

Қазір сауаттылыққа талап күшейді, бала жаңашылдыққа ұмтылады. Десек те ой әсемдігін мәнерлі сөзбен қалай жеткізу керек болса, сол ойды сауатты жаза білу де маңызды.

Жазба жұмыстарын жазарда мұғалім баланың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырушы. Оқушымен жүйелі жұмыс жүргізіп жазуына, ой - толғанысына жағдай жасап, оған үлкен сенім білдіру – мұғалімнің міндеті. Ол үшін баланы психологиялық дайындықтан өткізіп, баланың шабытын оятып, құлшындырып: «Сенің қолыңнан бәрі келеді!», «Жаз», «Үйрен», «Сен қабілеттісің» -деп сенім білдіріп, қолдап - қолпаштау қажет.

Сабақта жаңа технологияның тиімді әдістерін қолданып,орфографиялық норманы сақтауды,сөздерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып, сөз тіркесін сөйлемде дұрыс орналастыру, сөйлем арқылы өз ойын басқаға түсінікті етіп жеткізу жазба тілдің маңыздылығын көрсетеді.

Жан-жақты жұмыс түрлерімен бірге оқушымен жеке жұмыстану баланың дүниетанымын кеңейтуге, оны дамытуға жағдай жасайды.

Диктант,мазмұндама, шығарма, эссе жалпы жазба жұмысын бағалауда оқушылардың дәптерін тексеру қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің күнделікті атқарылатын негізгі жұмысы. Оқушылардың жазба жұмысын мұқият тексеріп отыру олардың сауаттылығын арттыруға көмектеседі. Тексеру барысында емлелік қателерді түзете отырып ортаңғы сынып оқушыларының жіберген қателерін өздері табуға жетелеймін, орфографияны түсініп ажырата білу белсенділігін арттыру бағытында жұмыстанамын.

Олардың білім дәрежесіне бақылау жасаймын.Өз тәжірибемде жазба жұмысының түрлерін орындау барысында әрдайым оқушыға бағыт-бағдар беріп отырамын.

Оқушы шағын әңгіме, мәтін құру барысында логикалық жағынан ойлап, қиялын ұштастырып, нақты не нәрсені жазу керек екенін қалыптастыра білуі керек. Балалар эссе жазу, өлең шығару, өздеріне ұнаған кейіпкерлеріне сипаттама беру кезінде өз ойлары мен қиялдарына ерік береді. Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын өз сабақтарымда қолдану нәтижесінде оқушылар өз ойларын жүйелеп, еркін жазуға үйренеді, шығармашылық жұмыстарда кейбір оқушыларымның ашыла бастайтындығы байқалады. Өтілген мәтіннен қандай әсер алғанын, қандай ой түйгендерін жазатын болды. Оқушының күнделікті сабаққа тыңғылықты қатысуы мен үй тапсырмасын уақытында, тиянақты орындау – баланың заман ағымына сай адами келбетінің қалыптасуына, рухани дамуына әсер етеді. Сауатты оқып, жаза білуіне жаңа технологияларды қолдану көп септігін тигізеді.

Мектепте мұғалім, үйде ата-ана баланың жазуына жете көңіл бөліп, оның жіберген қатесін түзетіп отырғанда бала намыстанып, сауатты жазуға талпынады. Оқушы өзін өзгелермен салыстыруды үйренеді, қасындағы жолдастарына қарап, өмірге көзқарасы өзгеріп, алдына мақсат қоя біледі. Шығармашылық жұмыстарға көңіл бөледі, білімге деген сенімі артып, өзіндегі жауапкершілікті сезінеді, танымдық қабілеттері артады.

Кейбір қиындық заман талабынан туындайды. Қазіргі таңда заманауи ақпараттық технология мен ұялы байланыстардың соңғы үлгілерін өз қажеттігіне қарай пайдалана білу баланың дүниетанымын кеңейтетіні сөзсіз. Оларды қолдану білім сапасын жақсартып, тез мәлімет алуға маңызды болғанымен «таяқтың екі ұшы бар» екенін ұмытпайық. Оқушыларды сауаттылыққа, әдемі жазуға үйрету -әр мұғалімнің шығармашылық ізденісіне байланысты. Жазу барысында көптеген идеялар туатынын ескерсек баланың дербес жұмыс жасауына ықпал етіп, алған білімін өмірде пайдалануға үйрету біздің негізгі мақсатымыз.

А.С.Бижанова

Батыс Қазақстан облысы

Ақсай қаласы



№6 ЖББОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


Каталог: doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
doc -> Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық және жаңашылдық
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет