“Саяси билік”



бет1/3
Дата22.12.2022
өлшемі8,66 Mb.
#163894
түріҚұрамы
  1   2   3
Байланысты:
Саяси билік Байдаулетов Данияр 101АО(1)
анат рк 1 1, Анализ СОЧ 6 классы

“Саяси билік”

Байдаулетов Данияр 101АО

Кіріспе

  • Саяси биліктің мазмұны мемлекеттік биліктен де кеңірек. Саяси билік – ол мемлекеттік биліктің құрамын қалыптастыратын жүйе. Саяси билікке жататындар: қоғамда ресми қабылданған саяси топтар, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, сайлау жүйелері мен сайлаушылар. Кейбір елдерде парламентті қалыптастыратын көппартиялық жүйе (Франция, Италия), ал кейбір елдерде екіпартиялық жүйе (АҚШ, Англия) орныққан.

Кіріспе

  • Саяси билік адамзат тарихында ежелгі заманнан бар. Мысалы, қазақ даласы тарихындағы ақсақалдар, ақсүйектер, билер кеңесі болса, ал славян халықтарында X-XIV ғасырларда вече, рада болды. Бұл саяси билік өзі тікелей билік етпегенмен, әулеттің көптеген өкілдерінің ішінен кім хан, кім князь болуын ұйғарып отырды. Бұл қазіргі демократия тәртібіндегі саяси партиялар мен әртүрлі қоғамдық топтарға ұқсайды. Ал мемлекеттік билік ол саяси биліктің ұйғарған уәкілділігін іске асыратын жүйе. Сайлаушылар, саяси партиялар президент сайлайды, парламент қалыптастырады, яғни мемлекеттік биліктің құрамын құрастырады. Осы мемлекеттік билікке қоғамның барлық мүшелері тегіс бағынады. Ал саяси билікте ондай өкілеттік болмайды. Мысалы, саяси партия саяси биліктің құрамында болғанымен саяси партиядан қоғам мүшелері тәуелсіз, партияға бағынатындар әрбір партияның өз мүшелері ғана.

Саяси биліктің мақсаты

  • Саяси биліктің негізгі мақсаты – мемлекеттік билікті қалыптастыру. Мемлекеттік билік саяси биліктің ең жоғарғы сатысы болып табылады. Мемлекеттік билік саяси биліктің қолдауынан туындаса, саяси билік қоғамның мүддесінен туындайды.Саяси билік негізінен қоғамның,халықтың қалауына байланысты қалыптасатын тарихи үрдіс.Мемлекеттік биліктің заңды болуы оның легитимдігімен, халықтың мойындауымен анықталады.
  • Саяси биліктің легитимдігі жөнінде ғалымдар ерте заманнан бастап-ақ әртүрлі пікірлер айтып, тұжырымдамалар жасаған.Солардың негізгілеріне тоқтала кетейік.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет