Саяси тәртіптердің (режимдердің) түрлері Саяси тәртіптердің (режимдердің) түсінігі. Тоталитаризм XX ғ. құбылысы ретінде



бет1/8
Дата08.02.2022
өлшемі55,14 Kb.
#123020
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
7 Саяси Режимдер
7 Саяси Режимдер, 7 Саяси Режимдер, Лекция № 10 СИК, 7 Саяси Режимдер, 7 Саяси Режимдер, 7 Саяси Режимдер, 7 Саяси Режимдер

Саяси тәртіптердің (режимдердің) түрлері


1.Саяси тәртіптердің (режимдердің) түсінігі.
2. Тоталитаризм XX ғ. құбылысы ретінде
3.Авторитаризмның тарихи бастаулары. Қазіргі кездегі авторитаризм
4.Демократиялық саяси режим, оның мәні мен сипатты белгілері.


1.Саяси тәртіптердің (режимдердің) түсінігі.
Саяси тәртіп деп саяси билік, қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдер жиынтығын, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің демократиялық дәрежесін айтады.
Қазіргі саяси тәртіптерді демократиялық және демократияға қарсы (антидемократиялық) деп үлкен екі топка бөледі, төменде біз оларға тереңдегідей сипаттама береміз.
Демократиялық тәртіпке халықты биліктің қайнар көзі деп санап, оған мемлекеттік істерді шешуге құқық берілген және ол үшін қажетті жағдайлар жасалған биліктің түрі, қоғамның мемлекеттік-саяси құрылысы жатады. Мұндай тәртіпте азаматтардың негізгі құқықтары мен еркіндіктеріне кепілдік беріледі, әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін көздеуші саяси партиялар, ұйымдар, мекемелер кедергісіз жұмыс істейді. Саяси өмір демократиялық негізде кең өріс алады. Саясат мәселелері ашық талқыланады, биліктің шектен тыс шоғырлануына жол берілмейтіндей тетік жасалады, азаматтарға колайлы құқықтар мен еркіндіктер, олардың саяси көңілін білдіру түрлері айқындалады, жалпыға бірдей сайлау құқығы орнатылады.
Сонымен қатар демократиялық тәртіп мынадай белгілермен сипатталады:
1. Адал, шынайы сайыс арқылы, жүйелі түрде өткізілетін сайлау. Ол амал-айласыз, қулық-сұмдықсыз жүргізілсе және оны шынайы өткізудін жолы табылғанда ғана адал болады. Егер мемлекеттік билік бір партияның қолында болса да сайлау адалдыққа жатпайды. Шынайы сайыс арқылы дегенде өзінің кандидатурасын еркін ұсынуға мүмкіндігі бар әр түрлі топтар мен жеке тұлғалар болуын айтады. Егер бір топтар қатысып, екіншілері қатыса алмайтындай болса, ондай сайлау жарыс арқылы өтпегені. Жүйелі түрде деп сайлаудың белгілі бір мерзімде өткізілуін айтады.
2. Үкіметгің сайлау арқылы дүниеге келуі. Демократияны камтамасыз ету үшін сайлаудың жүйелі түрде жүргізілуі жеткіліксіз. Мысалы, Латын Америкасында сайлау жиі болып тұрады, бірақ содан кейін кеп үзамай әскери төңкеріс жасалып, билік басына басқа біреу келіп отырып алады. Бұл дұрыс емес. Себебі өкімет басына сайлау аркылы келу керек.
3. Демократия жеке тұлғалар мен аз ғана адамдардың да құқығын қорғайды. Әдетте, демократияға азшылықтың көпшілікке бағынуын айтады. Бірақ ол аз. Көпшіліктің үкіметі жеке тұлгалар мен аз ғана адамдардың құқығын корғағанда ғана демократиялы бола алады.
Демократиялық тәртіп президенттік және парламенттік болып екіге бөлінеді.
Антидемократиялық тәртіп тоталитарлық және авторитарлық болып бөлінеді.
Тоталитарлық (латынның бүтіндей, тұтас, жалпы деген сөзінен) тәртіп деп қоғам, адам өмірінің барлық салалары тұтасымен мемекеттік бақылауға алынған метекеттік-саяси құрылымды айтады. Онда өндіріс, экономика, бұқаралық ақпарат құралдары, білім, мәдениет, адамдардың жеке өмірі және т.б. — бәрі тегіс бақылаудың астында болады. Азаматтардың конституциялык кұкықтары мен бостандықтарына, демократиялық ұйымдардың жұмыстарына тыйым салынады, жазалау, қуғын-сүргін күшейеді, террорлық полициялық бақылау орнайды.
Тоталитарлық тәртіпте жалғыз көпшілік партия қалыптасады. Билікті сол жүргізеді. Ол партия оған кірген мушелердің өз еркімен және демократиялық жолмен ұйымдаспайды. Көсемнің ырқымен, соның айналасында (Гитлер, Сталин) құрылады.
Ондай коғамда идеологияның рөлі үстемдік етеді. Ол барлық бұқара ақпарат кұралдарын пайдаланады. Солардын күшімен жұртшылықты өз теориясының "шындығына" сендіруге тырысады. Идеологияны көсем анықтайды. Ол өз әрекеттерін биік бір арман, мұратқа жету мақсатымен бүркемелейді. Ол Гитлердің айтқанындай, басқалармен салыстырғанда бір нәсіл не ұлттың (немістердің) пешенесіне жазылған артықшылығы, Франконың христиандық қоғамы, Сталиннің бұрмаланған социализм идеялары сиякты болуы мүмкін. Басқаша ойлауға мүмкіндік бермейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет