Семинар №10. Жоғары оқу орындарындағы оқыту әдістері мен құралдары Тәжірибелік (семинар) сабағының жоспары



Дата08.04.2020
өлшемі32,83 Kb.
#62004
түріСеминар
Байланысты:
10-cеминар

Таңсықбай Ә.Қ.

МҚТӘ-11


Семинар №10. Жоғары оқу орындарындағы оқыту әдістері мен құралдары

Тәжірибелік (семинар) сабағының жоспары.

1. Жоғары мектептегі оқыту әдістері

2. Жоғары оқу орнындағы оқытудың белсенді әдістері

3. Оқыту құралдары


Оқытудың әдістемесі мен формасы: мультимедиялық семинар (аналитикалық талдау жасау).


        1. Ш.К.Беркімбаева, А.Қ. Құсайынов және т.б. Жоғары мектеп педагогикасы. -Алматы, 2009 -168 б.

  1. Ж.Р.Баширова, Н.С. Әлқожаева, Ұ.Б.Төлешова және т.б. Жоғары мектеп педагогикасы. -Алматы, 2015 -190 б.

3. Шалгынбаева К.К., Албытова Н.П., Сламбекова Т.С. Педагогика Астана, 2015

4. Е.Жұматаева Жоғары мектеп педагогикасы. -Алматы: «Эпиграф», 2016 –

5. Ахметова Г.К., Исаева З.А. Педагогика: учебник для магистратуры университетов. – Алматы: Қазақ университеті, 2006.

6. Смирнов С.Д. Педагогика и психология высшего образования. М., 2005



Семинар сабағына дайындыққа әдістемелік нұсқаулық

              1. Жоғары мектептегі оқыту әдістерінің классификафиясын жасаңыз.

Оқыту әдістері:

 

Ауызша                     Көрнекілік                           Практикалық        



-Әңгіме                 -Суретпен сипаттау        -Лабораториялық жұмыстар                                              

-Әңгіме кеңес                -Демонстрация                    -Практикалық жұмыстар     

-Лекция

-Кітаппен жұмыс


Дидактикалық әдісті ұстаған педагогтар И.Я.Лернер мен М.Н.Скаткин оқыту әдісінің бес түрін ұсынады:

Оқыту әдістері:

1.Түсіндіру әдісі: сипаттау әдісі, әңгіме, лекция, көрсету. Оқулықпен жұмыс істеу, жазба жаттығулар.

2. Қайталау  әдісі: жаттығу әңгіме, өз сөзімен қайта айту

3. Проблемалық баяндау әдісі: оқытушының дәлелді түрде баяндауы

экскурсия, демонстрация

4. Ізденіс әдісі: эвристикалық әңгіме байқау,  жоспар жасау

5. Зерттеу әдісі: тәжірибе, байқау, класпен жұмыс, құжаттармен жұмыс, сурет салу.

И.П.Подласый оқу-әдісін бес топқа бөледі;

а) Іс-тәжірибе, жаттығу, оқу-өндірістік еңбек яғни практикалық;

б) Көрнекілік: иллюстрация, демонстрация, оқушылардың бақылауы;

в) Сөздік: түсіндіру, анықтау, әңгіме, лекция, дискуссия, диспут;

г) Кітаппен жұмыс әдісі: оқу, жаттығу, мазмұндау, конспектілеу, цитаттау;

д) Бейне таспа әдісі: көріп оқыту, электронды мұғалім, интерактивтер;

Ю.К.Бабанский оқыту әдісін үлкен үш топқа бөледі:

Бірінші топ. Ұйымдастыру және оқу-таным іс-әрекетін іске асыру әдісі. Олар: а) оқытудың сөздік әдісі: (дәріс, әңгіме, сұхбат;) б) көрнекілік әдісі; (иллюстрациалау, карталар, плакаттар, іс-тәжірибе жасау);  практикалық оқыту әдісі: (жазба, жаттығу, шеберханада оқыту, лабораториялық жұмыс).

Екінші топ. Оқыту процесінде оқушылардың оқу іс-әрекетін ынталандыру әдісі. Оларға: а) танымдық қызығушылығын арттыру; б) оқыту дискуссиясы; в) білім беру ситуациясын жасау; г) оқытудағы талап қою тәсілі; д) мадақтау әдісі.

Үшінші топ. Оқытудағы өзін-өзі бақылау және бағалау әдісі.

а) Оқыту барысында бақылау жүргізу.

б) Жазба жұмыстарына текесеру жүргізу.

в) Лабораториялық жұмыстарды байқап бақылау.

г) Машина мен бақылау.

д) Өзіндік бақылау жасап бағалау.



              1. Жоғары мектептегі оқыту әдістерінің классификафиясына сипаттама жасаңыз.




Оқыту әдістерінің тобы

Оқыту әдістерінің тобына жататын әдістер

Сөздік әдістер

Баяндау. Мақсатына байланысты бірнеше әңгіме түрлері бар: баяндап айту, әңгімелеп баяндау, әңгімелеп- бекіту. Лекциялық әдіс. Әңгіме. Жаңа білім игертуде катехизикалық (сұрақ-жауап, қарсы шықпау, жауаптарды есте сақтау), Сократтық (ыңғайлы, оқушының ыңғайына қарай, қысқа тұжырымды пікір білдіру), эвристикалық (оқушыға талап жүктеп, мұғалімнің берген сұрағына нақты жауап алу) әңгімелер қолданылады. Кітаппен өзіндік жұмыс.

Көрнекілік әдістері

Бакылау Демонстрация. Иллюстрация әдісі (карта, портреттер, фотографиялар, суретттер, схемалар, репродукциялар, жалпы модельдер және т.б. )


Практикалық әдістер

Жаттығу. Лабораториялық әдіс.

Табиғи обьектілерді танып білу және анықтау.

Құбылысты бақылап есепке алу.

Эксперимент жасау.



Индуктивті және дедуктивті әдістер

Аналитикалық әдіс, синтетикалық әдіс, салыстыру, жалпылау, нақтылау, негізгіні анықтау, жобалау әдісі,

Репродуктивті әдістер

Түсіндіру-иллюстративті, ойын


Проблемалық-ізденістік әдістер

Проблемалық оқыту әдісі, Ішінара-ізденіс әдісі, Өз бетінше ізденіс әдісі

Өзіндік жұмыс әдістері

Конспект жазу, мнемотехника, «Матрешка» әдісі, символдар әдісі, әңгіме, түсіндіру

Оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдістері

Жарыс, мадақтау, жазалау

Оқытудағы бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері


Педагогикалық бақылау әдісіне: оқушыларды бақылау; тәрбиелік деңгейін анықтау үшін әңгіме жүргізу; сауалнама (анкета, ауызша) жүргізу; қоғамдық пайдалы әрекетке талдау жүргізу; оқушылардың өзін-өзі басқару қызметін талдау; тәрбиеленушілердің мінез-құлық, іс-әрекеттерін бақылайтын ситуация тудыру жатады

Тәрбие ісін бақылау



              1. Жоғары оқу орнындағы оқытудың белсенді әдістерін синтездеп, анализ жасаңыз.



Жартылай кәсіби іс-әрекетті модельдейтін және іскерлік, дағдыны қалыптастыруға

бағытталған тәсілдер



Проблемалық сұрақтар, іскерлік ойындар, кәсіптік жағдаятты талдау, тренинг.

Білім, іскерлік, дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тәсілдер

Проблемалық

есептер, жағдаяттар, «дөңгелек үстел», эвристикалық әңгіме, «миға шабуыл», оқу

пікірталасы, «кейс-стади», өзіндік жұмыс. 

Аталған әдіс бірыңғай жоғары деңгейде оқу материалын меңгерген, бір-бірімен іс-әрекет стилі өте ұқсас бола тұра өздерінің жеке қасиеттері: дауыс ырғағы, үндестілік, сөйлеу екпіні, қимыл-қозғалыстары, мимикасы және т.б. арқылы ерекшеленетін пікірлес әріптестер арасында қолдау тапты. Оқытушы өз ассистентімен (бұл оның әріптесі, оқытушы-тәлімгер, жақсыдаярланған студент те болуы мүмкін) бірлесіп дәріс оқиды.



Студенттер аталған әдістің қолданылуымен өткен сабақты жоғары бағалайтынын практика жүзінен көруге болады. Біріншіден, оқу материалы дайын күйінде берілмей, проблемаларды оқытушымен бірлесе шешу арқылы диалог құру нәтижесінде меңгеріледі. Сонымен қатар, көп көлемдегі ақпаратты азайтады, тек нақтылы фактілер келтіріліп, нақтылы теориялық материал беріледі. Екіншіден, студенттердің аяқастынан дәрістік сабаққа екінші оқытушы араласқан сәтте еріксіз түрде өз назарын бір субьектіден екінші субьектіге аударуы сияқты психологиялық аспектілері өте құнды. Студенттер назары бақылау, салыстыру, оның іс-әрекетін талдауға ауады. Осылайша назарын басқаға аударудың психологиялық механизмі студенттің өз пайдасына жұмыс істей бастайды.

Кесте-2 Оқыту әдістерінің нәтижесі бойынша талдау


Оқыту әдістері



Шешілетін міндеттер

Қалыптастырады

Дамытады

білім

іскерлік

Ойлау

есте сақтау

сөйлеу

Сөздік

+




+

+

+

Көрнекілік

+

+

+

+




Практикалық

+

+

+

+




Кітаппен жұмыс

+




+

+




Мультимедиямен жұмыс




+

+


+




Өзіндік жұмыс

+




+

+




Ауызша және жазбаша бақылау

+

+

+

+

+


Пікірталас, «дөңгелек үстел», «миға шабуыл» және т.б.

+

+


+




+

              1. Оқыту құралдары дегеніміз не? Оқыту құралдарын жіктеп көрсетіңіз және оқыту нәтижесіндегі тиімділігін дәлелдеңіз? Мысал келтіріңіз.

Оқу құралдары –

1. белгілі авторлық ұстаныммен бір оқу пәні бойынша ғылыми білімнің негізін баяндайтын кітап;

2. белгілі бір оқу пәндері бойынша әдістемелік материалдары, түсіндірмелері, кепілдемелері бар мұғалімдер мен оқушыларға арналған кітаптар;

3. оку-тәрбие процесінде білім беру ретінде қолданылатын арнайы дайындалған табиғи заттар мен материалдар

Оларды төмендегідей топтарға бөлуге болады.



  • Баспасөз әдісімен жасалған -  оқулықтар, анықтамалар, есептер мен жаттығулар жинағы, нұсқаулар, нұсқау технологиялық картталар плакаттар карточкалар, оқыту программалары.

  • Экранды құралдар – диапоизтивтер дияфильмдер транспоранттар кинофильмдер бейнежазбалар, телехабарлар.

  • Дыбысты құралдар – грамжазбалар радиохабарлар магнит лентадағы жазбалар.

  • Көлемді құралдар – нақты обьектілер модельдер макеттар, муляждар.

Кейбір жағдайда экранды оқыту құралдарын дыбыстылар қатарына да жатқызуға болады (дыбысты кинофильм не телехабар, дыбысталған дияфильм).

Оқу-іс-әркетіндегі пайдаланылатын формасына байланысты оқыту құралдарын басқа да топтарға  бөлуге болады:



  • Оқушылардың фронтальды жұмысын ұйымдастыру;

  • Оқушылардың топтық жұмысын ұйымдастыру;

  • Оқушылардың жекелей жұмысын ұйымдастыру;

Дидактикалық тұрғыдан алып қарастырғанда, оқу құралдарын жіктеудің  С.Г.Шаповаленко ұсынған жобасы:

1.Табиғи обьектілер нақты зерттеп білу мақсатында объективтік шындықтың заттарын қамтиды. Олар: тұрлі материалдардың, шикізаттардың, кұралдардың, бөлшектердің, өсімдіктердің, гербарийлердің, жануарлардың, тұлыптардың (чучело), микропрепараттардың, реактивтердің және т.б. үлгілері мен коллекциялары. Оқу кұралдарының бұл тобына табиғи көрнекі кұралдар, өндірістік-оқу, демонстрациялык, зертханалық кұралдармен қоса оқушылардың кәсіби тәжірибелері мен шеберліктері шындалатын өндірістік-оқу құрал-жабдықтарын да жатқызуға болады.

2. Материалдық объектілерді суреттеу мен бейнелеу тобына жататындар: ұлгілер, муляждар (бедерлер), макеттер (ұлгілер), кестелер, иллюстрациялық материалдар (фотосуреттер, суреттер, портреттер), экрандық-дыбыс құралдары (диафильмдер, диапозитивтер (слайдтар) сериялары, кинофильмдер, транспаранттар, дыбыс және видео жазбалары, күй табактары, радио және теледидар хабарлары).

Мысалы, үлгілер:

1) түпнүсқаны ауыстыру тәсілі бойынша - материалдық және идеалдық (саналық, белгілік және рәміздік);

2) объектінің ішкі құрылымы бойынша (құрылымдық, функционалдық және аралас);

3) функционалдық қызметі бойынша (демонстрациялық, таратушылық);

4) затты бейнелеу тәсілі бойынша (динамикалық, көлемдік, аралас, статикалық, жазыктық).

Оқудың видео жазбаларының кино, радио, телевидение, диафильмдер, диапозитивтер сияқгы жекелеген экрандық-дыбыстық оқу кұралдарына тән болып келетін хабарлардың барлығын да біріктіре алатындай мұмкіндігі бар.

Бір артықшылығы, видео жазбаларды қажет болған жағдайларда бірнеше рет кайталауға, тіпті бейнелерді экран бетінде көрсетуге де болады (стоп-кадр), көрсету барысында кадр мен оның жекелеген жактарының көлемін өзгертіп отыруға да мұмкіндік туады және видео жазбалар уақытында тұрлі тұсті «көрсеткіштер» қолданылып, нәтижесінде экрандағы кадрлар-да қажетті жазбалар пайда болады. Сонымен қатар таймердің көмегі аркылы автоматтық режимде кез келген телевизиялық хабарларды жазып алуға болады.

Видео жазбалар окытушылар мен оқушылардың оқу процесіне қажетті маңызды материалдарымен қатар білім берудің мазмұндық-хабарламалық, уақытша параметрлері мен ұйымдастырушылық және әдістемелік тәсілдерін де тан-дап алуларына жол ашып береді. Видео камералардың табиғи көріністерді тұсіру мұмкіндіктері өте мол болып келеді. Оларға жататындар: жергілікті объектілер, ғалымдар мен атақты адамдардың видео әңгімелері, білікті мамандардың еңбек ету барысында алдыңғы қатарлы жұмыс тәсілдері мен әдістерін қолдануы; эксперименттік сабақгар өткізу барысынан алынған видео материалдар; окушылардың жауаптары, пікірталаста-ры, видео баяндамалар. Телеэкран бетіндегі видео жазбалар-ды кез келген уақытта қолданудың арқасында оқытушылардың теледидардың уақыттық, мазмұздық және әдістемелік параметрлеріне деген тәуелділігі жойыла бастады.

5. Берілген тест тапсырмаларының дұрыс жауабын анықтаңыз.

1. Оқытудың 5 әдісін бөліп көрсетіп, олардың орындайтын қызметін сипаттап, өз бетімен орындайтын жұмыс пен шығармашылық қабілетінің біртіндеп өсу дәрежесіне қарай дамып отыратынын ұсынған ғалымдар.

А) И.Ф.Харламов және М.Н.Скаткин

В) И.Я.Лернер және М.Н.Скаткин

С) Т.А.Ильина және Ю.К.Бабанский

D) Ю.К.Бабанский және И.Я.Лернер

Е) Т.А.Ильина және И.Ф.Харламов



2. Тақырып (бөлім) бойынша алдын-ала анықталған сұрақтарға жауап алу мақсатында оқытушы тарапынан ұйымдастырылған пікірталас.


А) Лекция

В) Семинарлар

С) Лабораториялық сабақтың басты функциясы

D) Өздік жұмыстың басты функциясы



Е) Ғылыми конференция


3. Бұл әдіс ойлау процестерін белсенді етіп, семинарда, коллоквиумда танымдық қызығушылықты арттырады.


А) Проблемалық баяндау әдісі.

В) Түсіндірмелі-иллюстративті әдіс.

С) Репродуктивті әдіс.

D) Зерттеушілік әдіс.



Е) Эвристикалық әдіс.
4. Өн бойына оқу материалын репродуктивтік, проблемалық, интеграциялық және диалогтік баяндау элементтерін жинақтаған оқыту тәсілі.

А) Оқытудың жекеленген жүйе әдісі

В) Тірек конспектілер әдісі

С) Жұптасқан дәріс әдісі

D) Пікірталас әдісі

Е) Кейс-стади әдісі
5. Лабараториялық сабақ пәндік ерекшеліктерге орай бөлінеді:

А) Формальды



В) Ақпараттық, экспериментальды, проблемалық ізденіс жұмыстары

С) Формальды емес

D) Ұжымдық

Е) Топтық


6. «Әдіс» сөзінің грек тілінен аударғандағы мағынасы

А) Білім беру мен оқыту теориясы

В) «Сыртқы бейне», «түр» - деген мағына береді

С) «Оқу»



D) «Танымдық және тәрбиелік қызметтің жолы, тәсілі»

Е) «Қалыптасу мен даму»

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет