Семинар №9 Тақырыбы: Қазақ тілі емле ережелеріне қатысты ұсыныстар


Латын әліпбиіне көшу жайлы алғашқы пікір



бет2/8
Дата20.05.2020
өлшемі0.7 Mb.
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8
Латын әліпбиіне көшу жайлы алғашқы пікір акад. Ә.Қайдардың 1993 жылдың 24 қазанындағы “Ана тілі” га-зетінде жарияланған “Латын әліпбиінің болашағы зор” атты мақаласынан бастау алды. Ғалым қазақ жазуының жедел түрде орыс графикасына көшуінің мынадай себебін келтірді: “Түркия елінің ғалымы, профессор Тимур Қожаоғлу “Жаңа түсінік” га-зетіне (09.08.1991) былай деп жазады: “Кеңес үкіметі 1927 жылы КСРОдағы бүкіл түркі халықтары қолданып келген араб жазуын латын алфавитімен ауыстырды. Бірақ Түркияда да 1928ж. латын алфавиті түрік жазуы болып қабылданғандықтан кеңес басшылары Анатолия түріктері мен Кеңес Одағындағы түркітілдес халықтардың мәдени байланысының арта түсуінен қауіптеніп, 1939-1940жж. кейін оларға міндетті түрде кирилл алфавитінің бір-бірінен парқы бар алты түрін қабылдатқызды”. Сол себеп-ті ғалым ендігі әліпби ауыстыру саясаттың араласуынсыз еркін таңдауда болатынын және ол “ұлтаралық, халықаралық, жалпы дүниежүзілік таралу деңгейі жоғары”, әрі “тілдік фактілерді” дәл таңбалаудың үлгісі ретінде ресми түрде халықаралық фонетикалық транскрипция болып қабылданған латын жазуы болу керектігін пайымдайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет