Семинар Дидар Амантай мен Таласбек Әсемқұлов шығармаларындағы метапроза



Дата09.04.2020
өлшемі16,26 Kb.
#62096
Байланысты:
Дидар Амантай мен Таласбек Әсемқұлов шығармаларындағы метапроза

Алмат Орынкүл

12-семинар

Дидар Амантай мен Таласбек Әсемқұлов шығармаларындағы метапроза

Метапроза – бұл шығарманы тудыру үдерісі үстінде өзін-өзі бақылай, зерттей отырып баяндау түрі, сондай-ақ баяндаудың бұл түрінде оқырманға өзінің көркем шығарма оқып отырғанын ұмыттырып осы үдеріске қатысуға мүмкіндік беріледі. «Метапроза, сондай-ақ кейде метабаяндау (англ. metafiction) – басты тақырыбы әдеби мәтінді қалыптастырып дамыту үдерісі, зерттеу болып табылатын көркем шығарма».

Метапроза әдісімен Дидар Амантай және Таласбек Әсемқұлов шығармаларын талдап көрейік.



Жазушы Дидар «Тәңір кітабы» атты роман жазбақ болған жазушы Әлішер туралы роман жазған. Нарратологиялық дискурс тұрғысынан талдасақ, шығарма бірнеше баяндау деңгейінен тұрады, реалды автор Дидар Амантай болса, шығарманың баяндаушысы-нарратор немесе эксплицитті автор Әлішер. Романның осындай құрылымдық деңгейлерден тұруы метапрозалық әдіске тән. Метапрозалық шығарма кейіпкері жазушы-Әлішер жазушы-Дидардың сыңары немесе өкілі тәрізді. Роман құрылымы оқырман назарын бірде сыртқы Әлішердің өмірі, жан күйзелісі, оның басынан өтіп жатқан оқиғаларға, бірде мәтін ішіндегі мәтінде орын алған тәңірді ардақтаған түркілердің басынан кешіріп отырған оқиғаларына алма-кезек аударып отырады. Нәтижесінде оқырман жазушы Дидар мен кейіпкер-жазушы Әлішердің әлі аяқталмаған «Тәңір кітабының» жазылуы мен қайта жазылуына куәгер бола отырып шығармашылық ойынның жанама түрде қатысушысына айналады. Мысалы, «Ол жазу үстелі үстінде жатқан қолжазбасын дар еткізіп, екі айырып жыртты да, темір шөңкенің ішіне салып, сіріңке тұтатып, жағып жіберді. Біраздан кейін үйді кеулеген көк түтін мен меске ішіндегі қара күйе ғана қалды. Сосын қайыра беташар тарауын жазып көрді. Есіне киелі кітаптар құрылымы түсті. Біздің жыл санауымызға дейінгі екі жүз жетпіс сегізінші жылдан бергі уақытты қамтыған бірінші томның бірінші кітабы. Ол тағы тоқтады. Енді шежірені қайта бастау қажет. Әлішер өзінің қажығанын сезді. Бірақ, қаламы жүріп кеткен». Оқырман санасында романның (сыртқы мәтіннің) бірінші бөліміндегі түркілер тарихы туралы романынан (ішкі мәтіннен) қалыптасқан бейне, әсер бәрі жоққа шығып, қайтадан жаңа жазылып жатқан мәтіннің жазылу барысына араласып, бірге жаңа оқиғаларға, жаңа түсініктерге, жаңа әсерлерге бойлайды. Ішкі мәтіннің жиырма бес жырдан тұратын түркі тарихының жаңа беттеріне куә болады. Әлемдік Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы 170 әдебиетте мұндай әдіс ертеден бар құбылыс, мәселен шығыстың әйгілі «Мың бір түн» ертегісінен, испандық жазушы Сервантестің «Дон Кихот», Ричардсонның «Памелла», Джефри Чосердің «Кентерберийлік әңгімелер» шығармаларынан көрініс тапса, постмодернистік тұрғыдан бұл әдісті дамытқан Хорхе Луис Борхес, Владимир Набоков, Джон Барт болды. Романды постмодернистік шығарма деуге негіз екінші дәйек ол – фрагменттілік. Фрагменттілік – әдебиетте модернистік және постмодернистік шығармаларға тән әдіс. Ол – шығарма сюжеті тұтастығының бұзылуы, яғни автор ойынын жүзеге асыру үшін пастиш, коллаждар немесе шығарманы деңгейлерге бөлу арқылы әдейі жүзеге асырылады. Д.Амантайдың шығармасында бұл пастиш, коллаждар арқылы жүзеге асқан. Романда шығарманың желісіне тікелей қатысы жоқ гүлдер атауының, қаламгерлер атауының, кітаптар атауының тізбектеле берілуі орын алған. Сол тізбектелген тізімнің арасында гүлдердің латын тіліндегі атаулары да кездесіп отырады. Романнның «Кітаптар» атты тарауының «Моби Дик немесе Ақ кит», «Анна Каренина», «East of Eden», «Ағайынды Карамазовтар», «Қызыл мен қара», «Иосиф және оның ағалары», «Қылмыс пен жаза», «Бесін», «Дерсу Узала», «Қош бол, Гүлсары»... «Tender is the Night», «Ақ гвардия», «Будденброктар... ». «Гүлдер» тарауының «Жарайды, көлеңкеге төзе білетін қылқан жапырақты монстера, сингониум, қырыққұлақ, scinndapsus pictus, philodendron melanochrysum, spathiphyllum blandum, schott, аспидистра, шырмауық, tradescantia virginiana, зербина, саркококка, фикус жайында байсалды әңгіме мен қозғайын» деп берілуі немесе Григориян күнтізбесі тәріздес етіліп көне түркілер шежіресінің сызбасы ендірілуі романның сюжеттік желісінің тұтастығын бұза отырып оқырманмен ойын әдісі жүзеге асқан. Сондай-ақ бұл тәсіл романға көпқабаттылық дарытқан, яғни түрлі сападағы оқырманға арналады. Ол мейлі ботаник болсын, яки гүлқұмар гүл өсіруші болсын, тарихшы не кітапқұмар білімпаз болсын әрқайсы өзіне керегін тауып, оқиғаны өзінше өрбіте алады. Романдағы кейіпкер жазушы Әлішердің қисындауындағы түркілер тарихында, яғни мәтін ішіндегі мәтінде Тәңірге табынған түркілер қосынына түрлі дін өкілдерінің келіп уағыз айтуы, 70 жыл бойы құдайсыздық дәуірін бастан кешіріп, жалған идеология жетегінде кеткен халықтың өз жүрегіндегі иманның иесін іздей бастауы, дәл осы жағдайда түрлі дін өкілдерінің де қаптап келіп насихаттарын ұсына бастаған Қазақстан жағдайына аллюзия іспетті. «Әуелі таяғын сүйретіп ала сәлделі дәруіш келді. Ел кезген пазыл асқабты көруге жан-жақтан мол қаралы жиын жиналды. Ол түз халқына тамаша бір жұмбақ биін көрсетті... – Исламда зорлық жоқ, – деді дәруіш төрге жайғасып болып... Араға жылдар тастап Еңгүдейдің ауылы тағы дүрлікті. Киіз үйдің шаңырағына қиюластырып орнатылған белгіні ұстап крістиан деген шалғайдағы жұрттан сүйретіліп қауға сақалды ақ жүзді абыз қария жетіпті... Көп ұзамай Батығай, Сембекі, Бөкүтей рулары басқа өңірге қоныс аударды. Бірақ жолда келе жатқан салқар көш қарсы алдынан төбесіне оймақтай тақия қондырған жолаушыны кездестірді... ». Түркілердің бір бұтағы Бөкүтей руы барлық діндерге жол ашады, демек бұл Қазақстанның құдайсыздық дәуірінен кейінгі рухани ізденістеріне, сол тұстағы оқиғаларға барабар. Сондай-ақ сан ғасырларды артқа тастаса да түркілер тарихындағы рухани дағдарыстың қайта-қайта қайталанып отыруына деген ирония, астарлы кекесін де жасырынып жатқандай. Қорыта айтқанда, бүгінгі әдебиет тек классикалық әдебиетпен ғана шектеліп қалып отырған жоқ, оған тың серпін беріп, әртараптандырып, экпериментке бой ұрып жүрген жүрген жазушыларымыз баршылық. Дидар Амантайдың «Гүлдер мен кітаптар» романын да автордың өз дәуірінің өкілі ретінде әдебиетке қосқан үлесі деп білеміз. Шығарманы зерттей келе, жазушының түрлі эксперименттерге бой ұрғанына және тынымсыз ізденістеріне куә боламыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет