Семинар Жаңартылған білім беру «Әдебиеттік оқу»



Дата22.09.2022
өлшемі0,62 Mb.
#150442
түріСеминар
Байланысты:
2 семинар Жаңартылған білім беру Әдебиеттік оқу 2-4 сыныптарға арналған үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын талдау
дидактика 1




2 семинар


Жаңартылған білім беру «Әдебиеттік оқу» 2-4 сыныптарға арналған үлгілік оҕу бағдарламасының мазмұнын талдау.
Тапсырма:
1. Жаңартылған білім беру «Әдебиеттік оқу» 2-4 сыныптарға арналған үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны.
2. Жаңартылған білім мазмұнының ерекшелігі.
3. Әдебиеттік оқу пәнінің мақсат міндет мазмұны. Әдістемелік нұсқауға сүйеніп көрнекі бағдарларды қолданудың сатыларын талдау. БФЕ шаблоны

1.Жаңартылған білім беру «Әдебиеттік оқу» 2-4 сыныптарға арналған үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнынына қысқаша тоқтала кететін болсақ:


1 тарауда Жалпы ережелер берілген.
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
2. "Әдебиеттік оқу" пәнінің мақсаты – бастауыш сынып білім алушыларының кӛркем шығарманы сезіммен қабылдауы, түсінуі, санасында қайта жаңғырта алуы және шығармадан қабылдағанын өзінің шығармашылық әрекетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арқылы функционалдық сауаттылығын ҕалыптастыру.
3. "Әдебиеттік оқу" пәні бойынша төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру көзделеді: 1) әдеби көркем шығармаларды оқыту арқылы қазақтың рухани қазынасын меңгерту; 2) коммуникативтік (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым) дағдыларды қалыптастыру; 3) ауыз әдебиетінің, отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру арқылы білім алушыларға адамдардың өзара түсінісуі, сыйластық, құрмет сезімдері, адамгершілік қасиеттері, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарай білуі сияқты ізгілікті қасиеттерді қалыптастыру; 4) оқу сапасын (
2-тарау. "Әдебиеттік оқу" пәнінің мазмұнын ұйымдастыру 6. "Әдебиеттік оқу" пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 1) 2-сынып – аптасына 3 сағат, оҕу жылында – 102 сағат; 2) 3-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат; 3) 4-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағатты құрайды
3-тарау. Оқу мақсаттарының жүйесі 12. Бағдарламада оқу мақсаттары кодтық белгімен белгіленген. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлім және бөлімшенің ретін, төртінші сан оқу мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. 3.2.1.1. кодында: "3" – сынып, "2.1" – бөлім мен бөлімше, "1" – оқу мақсатының реттік нөмірі.


2. Жаңартылған білім мазмұнының ерекшелігі
Жаңартылған білім мазмұнының негізінде «Әдебиеттік оқу» пәнін меңгеру оқушының: ˗ қазақ балалар әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерін талдай отырып, ұлттық және жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды бойына сіңіруіне; ˗ көркем шығармадағы тілдік қолданыс ерекшеліктеріне бақылау және талдау жасай отырып, коммуникативтік (айтылым, тыңдалым, оҕылым, жазылым) дағдыларын қалыптастыру; тілдік құралдарды саналы түрде дұрыс таңдауына және өмірлік тәжірибесінде қолдануына; ˗ алған білімі мен дағдыларын өмірлік жағдаяттарда және басҕа адамдармен қарым-қатынас барысында пайдалануына көмектеседі.


3. Әдебиеттік оқу пәнінің мақсат міндет мазмұны
«Әдебиеттік оқу» пәнінің мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарманы сезіммен қабылдауы, түсінуі, санасында қайта жаңғырта алуы және шығармадан қабылдағанын өзінің шығармашылық әрекетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Ал, «Әдебиеттік оқу» міндеттеріне тоқтала кететін болсақ:
Әдеби көркем шығармаларды оқыту арқылы қазақтың рухани қазынасын меңгерту; ˗ коммуникативтік (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым) дағдыларын қалыптастыру; ˗ ауыз әдебиетінің, отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру арқылы оқушыларға адамдардың өзара түсінісуі, сыйластық, құрмет сезімдері, адамгершілік қасиеттері, өзінің және өзгенің ісәрекетіне жауапкершілікпен қарай білуі 2 сияқты ізгілікті қасиеттерді қалыптастыру; ˗ оқу сапасын (дауыстап, түсініп, іштей, мәнерлеп, көз жүгіртіп, болжап оқу) жетілдіру.
Оқу бағдарламасының мазмұны көркем шығармалар арқылы оқушылардың сөздік қорын жаңа сөздермен байытуды, көркем туындылардағы айтылған ойларға пікірін білдіруді және оны дәлелдеуді, белгілі бір таҕырыпҕа байланысты өз ойын толық, жүйелі, түсінікті етіп ауызша және жазбаша жеткізе білуге дағдыландыруды, шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетіне баға беруді, мәтін бойынша өздігінен сұраҕтар құрастырып, мүмкін болатын жауаптарды болжап, өзін-өзі бақылауды, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды, көркем шығармаларды басқа өнер түрлерімен салыстыруды, көркем шығармалардың элементтерін ажыратуды қамтиды.

1-фактор

Артықшылықтар\иә

Кемшіліктері\қарсы



Қызықты факторлар

Критериалдық бағалау жүйесі

1.Алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы болады.
2.Анық, айқындылығы (дескриптор) бар.
3.Бағаның әділдігі, әр тапсырманың балл арқылы берілуі бойынша болуы.
4. Балаға өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі.



1.Оқушыларға, ата-аналар мен педагогтарға түсінікті, жоспарланған оқыту нәтижелеріне қол жеткізуді бағалаудың нақты критерийлері жоқ;
2.Педагог әрбір оқушының бірыңғай критерийлерге қол жеткізуіне емес, жалпы сынып білімінің орташа деңгейіне бағдарлана отырып, белгі қояды.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет