Семинар-практикум «Келісілген»



Дата23.08.2017
өлшемі491,84 Kb.
#25402
түріСеминар
Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинеті

Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі

«Жаңартылған білім беру жағдайында инновациялық технологиялармен

оқытудың тиімділігі» тақырыбындағы облыстық семинар-практикум

«Келісілген» «Бекітемін»

Бейнеу гуманитарлық-экономикалық Маңғыстау облыстық ТжКББ оқу-

колледжі директорының оқу ісі әдістемелік кабинетінің директоры:

жөніндегі орынбасары:

_________________ Сариева Г.Н. __________________ Камашева Р.Г.

«____» _______ 2014ж «____» _______ 2014ж

Шеберлік сыныбы

М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясының «Қарлы кесек» ойыны бойынша сабақ үлгісі.

Дайындаған: Жаңбырова Г.С

Бейнеу – 2014 жыл



Тақырыбы: М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясының «Қарлы кесек» ойыны бойынша сабақ үлгісі.

Мақсаты: сабақтар өткізу барысында модульдік оқыту технологиясын қолдана отырып оқушыларға сапалы білім берудің тиімділігін   көрсету.

Міндеттері:

- Модульдік оқыту технологиясының мазмұнымен таныстыру;

- Модульдік оқыту технологиясының құрылымын анықтау;

- Модульдік оқыту технологиясының тиімділігін анықтайтын сабақ үлгісін көрсету;

- Модульдік оқыту технологиясында қолданылатын белсенді ойын формасы «Қарлы кесек» ойынын жүргізу жолдарын үйрету.

Көрнекіліктері: Интерактивті тақта, таратпа материалдар, слайд.

Шеберлік сыныбының жоспары:

І кезең: Теориялық бөлім:
І.1. М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы

І.2. Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі мен ұтымдылығы

І.3. М.М.Жанпейісова технологиясының құрамды бөліктері: кіріспе, сөйлесу,

қорытынды.

І.4. Оқу модулінің сөйлесу бөлімінде қолданылатын белсенді ойын формалары.
ІІ кезең: Практикалық бөлім:
ІІ.1. М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясының белсенді ойын формаларының бірі «Қарлы кесек» ойыны бойынша сабақ үлгісі.

Қазіргі таңдағы егеменді еліміздің болашағы дарынды, білімді, ізденімпаз жастарға байланысты. Осыған орай бүгінгі күн мектеп алдында тұрған басты міндет — өзіндік айтар ой-пікірі бар, жоғары сапалы, белсенді азамат тәрбиелеп шығару. Қоғамдағы түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесінің алдына жаңа адамды қалыптастыру, дамыту мақсаттарын қойып отыр. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, ой-пікірінің дербестігі мен еркіндігін кеңейту, олардың өз бетімен білім алуға деген ынтасын арттыру, оны өз тәжірибелерінде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, яғни біліктіліктерін қалыптастыру және дамыту болып табылады. Педагогикалық үрдістің тиімділігінің артуына мүмкіндік беретін білім беру мен тәрбие бірлігін сақтай отырып, оқушыға берілетін білімнің үйлесімділігімен қатар, әрбір жеке тұлғаның ерекшелігін ескере отырып, білімділігіне сәйкес бағдар беру, танымдық ізденімпаздығын дамытудағы оқытудың прогрессивтік қадамының бірі – модульдік оқыту.



Модульдік оқыту технологиясы – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді. Ал «модуль» дегеніміз – іс-әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгілеген деңгейіне (жоспарланған алдағы нәтиже) жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модульдік бағдарламаның негізгі құралы. Басқаша айтқанда, адамның өзіндік дамуының шамасы. Жалпы «модуль» сөзі «оқытудың мазмұны мен технологиясын» білдіреді. «Модуль мазмұны» өзіндік мағына беретін оқу материалының көлемі ретінде ұсынылады. Модуль – оқу мазмұны мен технологияны біріктіріп тұрған мақсатты функционалды байланыстырушы.

Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі:

1) қысқаша сызбалар арқылы түсіндірілуі;

2) оқушылардың әрбір сабақта іс-әрекетін бағалау үшін диалогтық қарым-қатынас негізінде танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру,

3) барлық тақырыптар бойынша тест, сынақ жүргізу.

М.Жанпейісованың технологиясын ұтымдылығы:



  1. Жеңілден-қиынға арттыру, тарау мазмұнына бірнеше қайтара оралу

  2. Сыныпта микротоптар бөлу арқылы ақтық үрдіс негізінен оқушылардың өзара қатынасы арқылы іске асырылады.

  3. Оқу материалын әр оқушыға тыңдауғы, жазып алуға, көруге, қайталап айтуға мүмкіндік береді.

  4. Сөйлеу білімі өзін-өзі бағалау арқылы жүзеге асырылады да ешбір оқушы шет қалмайды.

  5. М.Жанпейісованың модульдік технологиясын сабақта қолдану- мемлекеттік тілді оқытуда сабақтың білім сапасын көтерудің факторы болып табылады.

«Модульдер дегеніміз- белгілі бір тақырып ішіндегі бөліктердің өзара топтастырылған жүйесі». (С.И. Ожегов).

М.М.Жанпейісованың технологиясында модуль  3 құрамды бөліктен тұрады:

1.Кіріспе

2.Сөйлесу

3.Қорытынды.

Әр оқу модулінің сағаты әр түрлі болады. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесі 7-12 сағаттан тұратын оқу модулінің неғұрлым тиімді екенін көрсеткен. Осы оқу модулінің ерекшелігі жалпы сағат санына қарамастан кіріспе және қорытынды бөліміне 1 немесе 2 сабақ саны бөлінеді, ал қалған сағаты сөйлесу сағаты болады.

Кіріспе бөлімде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттеріментаныстырады. Сонан соң осы оқу модулінің барлық уақытына есептелгеноқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде) сызба, кесте, және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді. Оқушылар бұл кезеңде бағдарламаның аталған тарауын неге және не үшін оқып үйренулері керектігін, өздері нақты нені меңгеріп, үйренулері тиіс, алдағы жұмыстың негізгі оқу міндеті қандай екенін түсінуі қажет.

Сөйлесу бөлімінде оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейі, қарапайым білік пен дағдыларын және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы жүзеге асырылады.Тақырып мазмұнына «өсу» бағытымен  — қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмалар мен зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралып отыру әр оқушыға оқу материалымен жұмыс істей отырып, өз қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын, жазбаша және ауызша тілін дамытуға мүмкіндік береді.Оқушылардың танымдық қызметі әрбір оқушының әрбір берілген оқу материалын сабақта үш күрделілік деңгейінде тыңдау, жазу, көру және айтуға мүмкіндігі болатындай етіп құрылған.

3,4-сабақтардан бастап оқушыларға стандарт талаптарына сай тапсырмалар беріледі (ІІІ және ІІ деңгейлер) І деңгей тапсырмалары дарындылықтың екі түріне, яғни интеллектуалдық және креативтік дарынды балаларға арналған. Бұл технология, біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ оқушылардың ойлау, елестету мен есте сақтау қабілетінің, ынтасының, белсенділігінің, білім сапасының дамуына көмектеседі. Әр оқушының кемінде мемлекеттік (стандарттық) деңгейде білім алуына кепілдік береді. Модельде 3 деңгейлік тапсырмалар: тест сұрағы, сынақ тапсырмасы, шығармашылық жұмыс бойынша жұмыс жүргізіледі. ІІІ деңгей – мемлекеттік стандарт деңгейі, бұны барлық оқушылар орындауы, білуі міндетті. ІІ деңгей – бұған қарағанда күрделірек, ал І деңгейді – өзіндік пікірін жеткізе алатын, өз ойын шығармашылықпен дәлелдей алатын қабілетті, озат оқушылар ғана орындай алады.

Оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білік пен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы сөйлесу бөлімі сабақтарында жүзеге асырылады.

Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс сыныпты 2 - 6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы, негізінен, оқушылардың өзара әрекет етуіне құрылған. Оқушылар қандайда бір деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмаларды қарапайымнан күрделіге қарай кезең – кезеңімен орындау міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдауға ерікті.

Оқу модулінің сөйлесу бөлімінің тағы бір ерекшелігі бар. Зерттеу көрсеткеніндей, оқытудың белсенді және ойын формаларын кеңінен қолдану оқушылардың оқу материалына бірнеше мәрте 13-тен 24 ретке дейін қайта оралып жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бұл бөлімде жоғарыда айтып өткеніміздей, төмендегідей түрлі белсенді ойын формаларын қолдануға болады.


  • «Қарлы кесек» ойыны

  • «Брейн-ринг» ойыны

  • «Не? Қайда? Қашан?» ойыны

  • «Кім әділ бағалайды?» ойыны

  • «Сот » сабағы

  • «Бетпе-бет» ойыны

  • «Бірін-бірі үйрету» сабағы

  • «Кім білгір, кім алғыр?» ойыны

  • «Ғажайып алаң» ойыны

  • «Әдебиет лотосы» ойыны

  • «Мені түсін» ойыны

  • «Өрмекші» ойыны

  • «Бақытты сәт» ойыны

  • «Хан талапай» ойыны

  • «Пресс-клуб»

  • Конференция сабағы

  • «Алтын сақа» ойыны т.б.

Тағы бір ескеретін жай, бір сөйлесу сабағында жеңілдігіне қарай бірнеше ойын түрін қолдануға да болады.

Оқу бөлімінің қорытынды бөлімі – бақылау. Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір - біріне көмегі, бірін - бірі оқытуы, түрлі ғылыми көздерді пайдалануы құпталынып келсе, енді қорытынды бөлімде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білгі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс.


Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, зертханалық жұмыстар немесе эксперименттік есептер оқу пәнінің ерекшелігіне орай, оқу модулінің қорытынды бөлімінде беріледі.

Модульдік оқыту технологиясының жеке тұлғаның өз - өзін дамытуға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыратын бірден - бір технология.

Егер сөйлесу бөлімінде оқушыларға үш деңгейлік (жеңілдетілген стандарт, стандартты, стандарттан жоғары)  тапсырмалар берілсе, қорытынды бөлімде барлық оқушыларға мемлекеттік білім стандартына сай бірдей тапсырмалар беріледі. Зерттеушілік сипаттағы тапсырмалар бөлек есептеледі. Олар баяндама, хабарлама, реферат түрінде болуы және оқушылардың ғылыми қоғамына (ОҚҒ), конкурстарға ұсынылуы мүмкін.

Оқу модулін құрудың тағы бір ерекшілігі- тәрбиешінің даярлық жүйесі. Тәрбиеші  бір оқу модуліне бөлінетін сағат санын анықтап алғаннан соң, оның мақсатын, мазмұнын және нәтижелерін, сондай-ақ осы модуль сабақтарын ұйымдастырудың формасын ойластырып, оқу модулін құрайды.

Бұл технология:

-баланың тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға;

-танымдық процестерін дамытуға;

- жағымды қызығушылық қалыптастыруға;

-белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға;

-тұлғаны қиындықтарға даяр болу және білу, қарым-қатынас, ойын, танымдық, қауіпсіздік, сыйласу,  шығармашылық, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді.

Модульдік оқыту технологиясы – баланың белсенді оқу қызметін ұйымдастырады, бала өз әрекетін жоспарлай, талдай, өз бақылай білуге үйренеді.

Оқу процесінде жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологияларын қолдану мен оны озық тәжірибемен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының маңызды міндеттерінің бірі.

Соңғы он жылдықта оқу-тәрбие процесіне жеке тұлғаны дамытуға бағытталған оқыту технологияларын енгізу мен жеке тұлғаның шығармашылығын дамытуға үлкен мән берудің өзі Қазақстанда болып жатқан өзгерістерді жаңаша тұрғыдан қарастыруды талап етуде.

Осы уақытқа дейін арнаулы оқу орындарында оқу процесі жаңаша педагогикалық ойлауға орай ұйымдастырылмады, оқу процесінде субъект – субъектілік қатынас жүзеге аспады. Өйткені, оқу процесі дәстүрлі оқытуға негізделді. Атап айтсақ, білімді толық меңгерту әдістемесінде оқытушының жұмысы мынадай жүйеде құрылады (М.М.Жанпейісова бойынша):



  • Оқушыларды оқытудың мақсатымен таныстыру;

  • Топта берілген блок (мазмұны бойынша жақын) тарау бойынша жалпы оқыту модулінің мазмұнымен таныстыру;

  • Оқытушының материалды қысқаша түсіндіруі (сызба, график, кесте және т.б.);

  • Оқушыларға оқу материалын зерттеу жұмысы негізінде беру;

  • Оқушылардың әрбір сабақта іс-әрекетін бағалау үшін диалогтық қарым-қатынас негізінде оқушының танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру;

  • Жалпы тарауды, тақырыпты 4-7 рет қайталау негізінде оқу материалын меңгерту;

  • Барлық тақырып бойынша тест (сынақ, сынақхат, бақылау жұмысы, т.б.) жүргізу.

  • Бұл технологияның ерекшелігі дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс жасауға мүмкіндік туғызады.

Модульдік оқытудың өзегі – оқу модулі. Оқу моделі ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламаны табысты жүзеге асыру үшін берілген оқытушының нұсқауларынан және оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады. Модульдік оқыту білім мазмұны , білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істеу алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.

Қорыта айтқанда, модульдік оқытудың өзегі – оқу модулі. Оқу моделі ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламаны табысты жүзеге асыру үшін берілген оқытушының нұсқауларынан және оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады. Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істеу алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді. Модульдік   оқыту   технологиясының  жеке тұлғаның өз-өзін дамытуға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыратын бірден-бір технология. Оқушыларға тілдік коммуникативтік білім беруде М.М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде өте жоғары деңгейде. М.М.Жанпейісованың модульдік оқыту жүйесі арқылы тіл дамыту іске асады.

Модульдік оқыту технологиясын қолдану арқылы мынадай жетістіктерге қол жеткізуге болады:

1. Уақыт  үнемделеді.

2. Сабақтың  сапасын  көтереді.

3. Оқу  әдісі  мен  құралдарын  таңдауға  мүмкіндік  тудырады.

4. Оқушылардың  белсенділігін  мен  қызығушылығын  арттырады, сондықтан  оқу  үлгерімі  көтеріледі.

Модульдік оқыту технологиясын енгізе отырып, білім беру мен тәрбиелеу ерекшелігі мынада:



  1. Оқу материалдарын белгілі бір жүйеге келтіріп, тірек-сызба арқылы беру.

  2. Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін бекіту, еске түсіріп үнемі қайталап отыру.

  3. Оқушыларды білімге қызықтыру және бірлесе отырып жұмыс жүргізуге үйрету.

  4. Оқушылардың бұрыннан игерген білімдерін тереңдете түсу

  5. Оқушының білім деңгейін дәл анықтау.

Модульдік оқыту технологиясын сабақта қолдану - мемлекеттік тілді оқытуда сабақтың білім сапасын көтерудің факторы болып табылады. Модульдік   оқытудың  сөйлесу бөлімінде оқушылар көбінесе топтарға бөлініп,өтілген материалды қайта жаңғыртып, терминдерді, негізгі ұғым-ережелерді біледі.

Модульдік   оқытуда  интерактивті тақтаны пайдалану өте тиімді. Өйткені, қажетті сызбаларды, электронды оқулықты, зертханалық тәжірибелерді керек болған жағдайларда пайдалануға мүмкіндік береді. Қазір арнайы пәндерді нәтижелі үйрету, оқыту әдістемесін жетілдіре түсу – бүгінгі күннің маңызды мәселесі. Сол себепті білім жүйесінде көптеген жаңа технологиялар қолданылып жүр. Оқушыларды еңбекке, шығармашылық пәндерге деген ынта-ықыласын арттыру үшін дизайн мамандығына осы жаңа технологиялардың бірі — модульдік оқыту технологиясын қолдануға болады.

Модульдік оқытудың ерекшелігі: мұғалім көп сөйлегеннен гөрі, баланы көбірек тыңдауға мүмкіндік береді; Модульдік оқытуда тағы бір ерекшелік бағалау парағын қолдану болып табылады. Сабақ жеке жұмыс, топпен жұмыс  болуы мүмкін. Бала ескерусіз қалмас үшін әр жұмысқа балл қою арқылы қорытынды баға қойылады. Қазіргі таңда оқушыларға тек білім беріп қана қоймай, сонымен қатар оларды өмірге қажетті өз болашағына азық болатын тәрбие беру де қолға алынуда.

Модульдік оқыту технологиясының сөйлесу бөлімінде қолданылатын ойындардың ішінде оқытушы үшін тиімді, белсенді ойын формаларының бірі – «Қарлы кесек» ойыны. Бұл ойынды жүргізу қаншалықты тиімді болғанымен,соншалықты оқытушы тарапынан ізденуді қажет етеді. Оқытушы бұл ойында «Жүру бағыты» парағын дайындауға аздаған уақытын бөлуі керек. Бір топ оқушылары үшін бір парақ әзірлеп алса жеткілікті. Оқытушы сабаққа қатысатын бала санын алдын-ала нақты білуі және сол бала санына сай бұл ойынға қажетті материалдарды дайындауы керек. Сондай-ақ, «Жүру бағыты» парағын дайындауда бір столда кездескен барлық ойыншының қайта-қайта бір-бірімен кездесіп қалмауын ескеру керек. Ол үшін ойыншыларды номеріне қарай дұрыс «шаша» білу қажет. Мен сіздердің назарыңызға «Қарлы кесек» ойынын ұйымдастыру әдістемесін ұсынамын. Яғни, теориясын түсіндіріп, әрі қарай практикалық тұрғыдан «Шеберлік сыныбын» өткізетін боламын.

«Қарлы кесек» ойыны

Ойынға қажетті көрнекілік құралдар:



  1. «Жүру бағыты» парағы (қатысушы студенттер саны бойынша), №1 қосымша

  2. Қатысушы студенттер нөмірі жазылған жетондар, №2 қосымша

  3. Стол белгілері, №3 қосымша

  4. Бағалау парағы (тақтаға сызуға да болады), №4 қосымша

Ойын шарты:

1-нұсқа.

Қатысушылар саны әр түрлі болуы мүмкін, «Жүру бағыты» парағы мен белгішелер (жетондар) қатысушылардың санына байланысты дайындалады.

Әрбір қатысушыға «Жүру бағыты» парағы мен белгішелер (жетондар) беріледі. Қатысушылар белгішелерді кеуделеріне тағып алады да, белгішесінде А әрпі барлар А столына, Б әрпі барлар Б столына отырады. Оқытушы ортаға ортақ бір мәселе, проблемалық сұрақ немесе қандай да бір тапсырма береді. Мұндай тапсырманы әр топқа бөлек-бөлек те беруге болады. Әр топтағы 5 адам тапсырманың күрделілігіне байланысты 5,7 минут ішінде оқулық, қосымша материалдардан ізденіп, тапсырманы орындайды. Сұрақ жауабының тезисін жазады. Уақыт аяқталғанда І тур жарияланады. Студенттер «Жүру бағыты» парағында көрсетілген бағыт бойынша өздерінің жаңа орындарына отырады. Оқытушы уақытты өзі реттеп тұрады. Барлық ойынға қатысушылар өз жауаптарын айтып үлгеруі керек. Топ ішіндегі уақытты жүргізуші қарап отырады. Бірінші А белгішесіндегі қатысушы сөйлейді, сонан соң кезекпен Б,В,Г,Д белгішесіндегі қатысушылар сөйлейді. Жауаптар тыңдалып болған соң әр қатысушы «Жүру бағыты» парағына өзіне нақтылық, ақпараттық, танымдық, қызықтылық жағынан ұнаған қатысушының номерін белгілейді. І турдан кейін қатысушылар «Жүру бағыты» парағы бойынша тағы да орындарын алмасып отырады. Ойын осылай жалғаса береді. Барлық тур аяқталған соң оқытушы «Жүру бағыты» парақтарын жинап, бағалау парағына қатысушылардың ұпайларын шығарады. Сөйтіп, ең үздік топ пен ең үздік ойыншы анықталады.

2-нұсқа.

Бұл нұсқада «Жүру бағыты» парағының қажеті жоқ. Қатысушылар топтарға бөлініп А,Б,В,Г,Д столдарына отырады. Әр топ тапсырмаларын алып, 10-15 минут дайындалады. Дайындалып болған соң мына үлгіде отырып, өз тақырыптарын қорғайды: №1 столға А-1,Б-1,В-1,Г-1,Д-1, №2 столға А-2,Б-2,В-2,Г-2,Д-2 т.б.



І тур жарияланады. Әр қатысушы өз тақырыбын сызба, жоспар, тезис т.б түрде басқа қатысушыларға таныстырады. Оқытушы мен қатысушылар жауаптың өзектілігін, нақтылығын, дұрыстығын, қалай қорғағандығын бақылап отырады.

Барлық тур аяқталған соң қорытындысы шығарылады.
Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет