Семинар сабағы өткізілді



Дата25.08.2017
өлшемі34,58 Kb.
#27671
түріСеминар
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысты оны болдырмау және алдын-алу» Заңы бойынша семинар сабағы өткізілді

Ср, 02/03/2016 - 16:12


Мұнайлы аудандық сотында  судьялар мен сот қызметкерлерінің қатысуымен   «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысты оны болдырмау және алдын-алу» Заңы бойынша семинар сабағы өткізілді.

Семинар сабаққа төрағалық етуші судья Ерлан Ильясов шараны  ашып, «Ағымдағы жылдың қаңтар айында бірнеше жаңа заңдар заңды күштеріне енді, олардың ішінде Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексі және  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» Заңы, Еңбек кодексі бар. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл, оның алдын алу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын болдырмау жалпы барлығына бірдей іс,  өйткені ол мемлекетіміздің беделіне, оның экономикалық дамуы мен азаматтардың құқықтарына ықпал ететініндігін» атап өтті.

Семинар барысында жоғарыда көрсетілген заң нормалары талқыланып, қатысушылар өзара пікірлерімен алмасты.

Қайнар: 


Мұнайлы аудандық сотының Баспасөз қызметі

Дөңгелек үстел өткізілді

Ср, 02/03/2016 - 15:10


Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сыбайлас жемқорлық» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға  судьялар мен сот қызметкерлері қатысты.

Аталған шарада сөз алған сот төрағасы Азат Избасаров қылмыстық істерді қарау барысында сот мәжілісінде судьялар мен сотқа қатысушылар арасында ешқандай процессуалдық емес байланыстың болмауын атап өтті. Сонымен қатар, сот мамандарына барлық сот актілері іске қатысушы тұлғаларға арыз жазу негізінде мемлекеттік баж салығын төлеп, заңда көрсетілген тәртіпте берілу қажеттігін ескертті.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарын сақтау қажеттілігі жөнінде шешім қабылданды.

Қайнар: 

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының Баспасөз қызметі



http://mng.sud.kz/ Ақтау қалалық сотында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар сабақ өткізілді

Бс, 04/02/2016 - 16:12


Ақтау қалалық сотында Маңғыстау облысы бойынша Ішкі қауіпсіздікті сақтау және соттарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар сабақ өткізілді.

Семинарға Ақтау қалалық сотының төрағасы Мұрат Әубәкіров және сот судьялары, Маңғыстау облысы бойынша Ішкі қауіпсіздікті сақтау және соттарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің басшысы Бекжігіт Тұрлыбек, кеңсе қызметкерлері қатысты.

Шара барысында Ақтау қалалық сотының төрағасы Мұрат Әубәкіров бүгінгі күні жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері өзекті болып отырғандығын жеткізді.

Сонымен қатар, семинарда сөз алған Бекжігіт Тұрлыбек «Сотта жемқорлықтың алдын алудағы  өткізілетін шаралардың бірі – сот ғимаратына өту режимін нығайту болып табылатындығында,  сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалармен қызметтік емес байланыстардан аулақ болып, өз қызметтерінде беделін түсіретін жағдайларды болдырмау, қызметтік міндеттерін адал атқару тиіс екендігіне» тоқталып өтті.

Іс шараға қатысушылар өздерінің осы бағытта туындаған мәселелері және оларды шешу жолдары туралы өзара пікірлерімен бөлісті.

Сот төрағасы Мұрат Әубәкіров әр маманға бұрмалаушылықтарды болдырмау мақсатында барлық көрсетілген нұсқаулықтарды қатаң сақтау және өз міндеттерін адал орындау туралы ескертіп, семинар сабақ қорытындыланды.

Қайнар: 

Ақтау қалалық сотының Баспасөз қызметі



Бүгін Маңғыстау облыстық сотында «Сот жүйесі автокөліктерінің GPS бақылау жүйесіне енгізілген өзгерістер мен модульдерді талқылау жөнінде» семинар сабағы өткізілді.

чт, 17/03/2016 - 15:41


Бүгін Маңғыстау облыстық сотында «Сот жүйесі автокөліктерінің GPS бақылау жүйесіне енгізілген өзгерістер мен модульдерді талқылау жөнінде» семинар сабағы өткізілді.

Шараға Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бөлімі, Қаржы бөлімі, Соттардың  инфрақұрлымын қамтамасыз ету және дамыту бөлімі, Ақпараттық технологиялар және ақпараттарды қорғау бөлімінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Шарада Ақпараттық технологиялар және ақпараттарды қорғау бөлімінің басшысы А.Айдарбаева Маңғыстау облысы бойынша соттар әкімшілерінің теңгеріміндегі барлық автокөліктерінде GPS бақылау жүйесінің жұмыс жасап тұрғандығын айтып, GPS бақылау жүйесінің пайдаланушы нұсқаулығын семинарға қатысушыларға кеңінен таныстырды.

Семинарға қатысушылар жоғарыда аталған жүйеге қатысты туындаған сұрақтарын ортаға салып, бір-бірімен пікір алмасты.



 Қайнар: 

Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі
Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет