Семинар сабағының тапсырмалары: Педагогиканың басқа ғылым салаларымен байланысы туралы талқы



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі22,74 Kb.
#82213
түріСеминар
  1   2
Байланысты:
2дәріске семинар




2 дәріске семинар сабағының тапсырмалары:


1.Педагогиканың басқа ғылым салаларымен байланысы туралы талқы.
2. Педагогика ғылымының пәні, объектісі
3. Философия, психология, анпропология, әлеуметтану т.б. және педагогика
4. Педагогика ғылымының ерекшелігі.
5. Ғылым мен практиканың бірлігі жайлы.


1.Педагогика ғылымы басқа ғылымдармен тығыз байланысады. Өйткені, адамды жан – жанты тәрбиелеу проблемасын шешу үшін педагогика басқа ғылымдардың нақты мағлұматтарына сүйенеді. Олар: философия, психология, жас ерекшелігі физиологиясы, мектеп гигиенасы, социология, кибернетика т.б.
Педагогика білім беру, педагогикалық шындық туралы ғылым ретінде педагогикалық процестің дамуы мен қызмет етуінің заңдылықтарын зерттейді, теориялық білімдерді жинақтайды және жүйеге келтіреді, педагогикалық шындық тәжірбиесін зерттейді, яғни практика үшін педагогикалық шындықты қайта құру үшін негіз жасайды.
Педагогикалық ой алғашқыда жалпы философиялық білімдер жүйесінде , діни ілімдерде, саясаттануда, заңда, әдебиетте дамиды.қазіргі замандағы педагогика психологиямен тығыз байланысты. Психология адам психасының дамуының заңдарын, ал педагогика – тұлғаның дамуын басқаруды зерттейді.
Педагогика ол организмнің материалды – энергиялық түрлілігіш ашып көрсететін физиологияға , соның ішінде жоғарғы нерв қызметінің заңдылықтарына (и.п. Павлов, п.к. Анохин) сүйенеді. Мұндай білімдерді меңгеру танымдық іс-әрекет және тұлғаның әлеуметтану процестері табиғатын терең түсінуге мүмкіндік береді.
Педагогика ғылымдарының даму мүмкіндіктерінің маңыздылығы олардың медицинамен байланыстылығында, себебі педагогикалық шындықтың бірқатар құбылыстарын (тәртіпсіздік, жалқаулық, еріксіздік, олақтық) балалардың денсаулығын зерттеу барысында ғана түсіндіруге мүмкін болады.
Педагогиканың ғылыми аралық байланыстары белгілі бір проблеммаларды зерттеу барысында басқа ғылымдарға – тарихқа, этнологияға, этнографияға, юриспруденцияға, экономикаға, демографияға, экологияға және т.б. таралады.
Педагогика—кең ауқымды ғылым. Оның пәндік құрамының күрделілігі соншама: тәрбие мәні мен оның барша байланыстарын жеке бір ғылым шеңберінде қамту
мүмкін емес. Педагогиканың іргетасы — философия, дәлірек айтсақ,
тәрбие мәселелерімен арнайы шұғылданатын оның тәрбие философиясы
атамасын алған тармағы. Тәрбие философиясы өз алдына білім саласы
ретінде тәрбиелік тәжірибеде әртүрлі философиялық жүйе идеяларын
пайдаланады. Философия -педагогикаға танымның жалпы бағыт-бағдарын, педагогикалық құбылыстар мен үдерістерді зерттеудің әдістәсілдерін көрсетеді. Сондықтан да, философияны оның біртұтас және жүйелік, құрылымдық талдау әдістерімен бірге педагогиканың әдіснамалық негізі деп атау қабылданған.

Философия – бұл адамды күш идеялық сенімге, айқын түсінебілушілікке тәрбиелейді.
Психология – адамның мінез-құлқын қалай тәрбиелеудің әдістері мен
тәсілдерін іздестіреді
. Адам физиологиясы – бала организміндегі
жоғары нерв қызметі, тыныс алу, қан және жүрек
тамыр жүйесін физиологиялық ерекшеліктерін қарастырады

Әлеуметтану – жас ұрпақты дамыту, тәрбиелеу және қалыптастыру проблемаларын
зерттеу барысында педагогика ғылымы әлеуметтік ортамен тәрбие жайындағы
мәліметтерді әлеуметтану ғылымы негізінен қарастырып, шешім қабылдайды.
● мектеп гигиенасы – жас ұрпақтың денсаулығын сақтау, нығайту және дамыту
жайындағы ғылым.

Этнография – белгілі бір халықтың экономикасын, қоғамдық және рухани
мәдениетін тұрмысының зерттейді.
Археология – өткен ғасырындағы ескерткіштер арқылы халықтардың әдет-ғұрып, мәдениетін,тарихын зерттейді.
Сондай-ақ, педагогика ғылымы медицина, экология, экономика, әдебиет,
тарих және т.б. ғылымдармен тығыз байланысты


2. Педагогика пәні. Білім, білімдену процесі тек педагогиканың ғана меншікті зерттеу аймағы емес, оның зерттеуімен философия, әлеуметтану, жантану, экономика және де басқа ғылымдар шұғылданады. Мысалы, экономист білім жүйесінде өндірілген «еңбек ресурстарының» шынайы мүмкіндіктер деңгейін анықтай отырып, олардың дайындығына жұмсалатын қаржы мөлшерін белгілеуге тырысады.
Осыдан, педагогиканың пәні- арнайы әлеуметтік мекемелерде: отбасы, білім беру және мәдени- тәрбие орындарында – мақсат бағдарлы ұйымдастырылған шынайы біртұтас педагогикалық процесс ретінде көрінетін жүйеленген білім саласы. Бұл тұрғыдан педагогика әрбір адамның бүкіл өмір бойы дамуының кепілі және құралы болған педагогикалық процестің мәні мен мазмұнын, заңдар мен заңдылықтарын және оның бүгінгі бағыт-бағдары мен болашақ өркендеу жолын зерттеуші ғылым жүйесін аңдатады.
Педагогикалық процесс мұғалім іс – әрекетінін обьектісі.Адамның қандай да болмасын іс – әрекетінің заттық саласы қалайда білімдер жүйесінде көрінеді. Сондықтан синтетикалық сипатының біртұтастық объектілері жасалмайынша субъектінің іс -әрекетінің сәтті болуы мүмкін емес. Сананың тұтастық объектілері белгілі бір шындық саласындағы білімдерді меңгерудің нәтижесінде пайда болған объектілері, субъектінің іс – әрекетінің сыртқы талаптарды орындау тәсілдері мен адамның субъекті -тұлғалық құндылықтарына бағыт табу болып табылады.Педагогикалық іс – әрекетте еңбек субъектісі мұғалім болады»’ Мұғалімнің еңбек құралдарының өзіңдік сипаттары – ол оның білімі, білігі, тұлғалық қасиеттері. Осыған байланысты, білім «сананың біртұтастық объектісі» болып есептелуі керек. (Н.И. Непомнящая), мұғалімнін іс – әрекеті, оның білімі және тәжірбиесі кәсіби шеберліктің деңгейіне тікелей қатысты екендігі анық. Қажетті тәжірбиені жинақтауға әкелетін іс – әрекет мұғалім тұлғасын қалыптастырудың шарты болады, ал ол «оқу-әдістемелік» құралдарының өзінде орныққан. Бірақ бұл іс – әрекет тиімді болуы мүмкін емес, егер еңбек объектісі толық айқын болмаса, еңбек субъектісінің зейіні теріс түсініп объектіге аударылса. Бұндай жағдайда еңбек субъектісінің әрекеті объективті өмір сүретін кәсіби іс – әрекеттің объектісіне сәйкес болмайды. Педагогикалық процесті тұтас объект ретінде қайта жасауға бастапқы абстракция көмегімен ол жанама бөліктердің күрделену шынжыр буыны ретінде көрінуі керек. Олар арқылы объективті сол процестің өзара қарама – қайшы мәндерді шарасыз өтулері керек.


3. Философия - табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдарын, түбегейлі мәселелерін зерттейді, өмір шындығын танып-білу жөніндегі көзқарастың негізгі жүйесі болып табылады, адамды күшті идеялық сенімге, айқын түсіне білушілікке тәрбиелейді. 
Ғылыми философия тұрғысынан қарағанда, мысалы, теріске шығару зақының мәнін былайша түсіндіруге болады: ескінің орнын жаңа басады, дамудық бір кезеңі екінші кезеңімен ауысады. Мысалы, қоғамның тарихи даму барысында бір формация екінші формациямен ауысады. Ғасырлар бойы табиғи дамудық негізінде жануарлар мен өсімдіктердің ескі түрлерін жаңа түрлері теріске шығарады. 
Ғылыми философия әр түрлі заттарды, құбылыстарды, оқиғаларды терең және жан-жақты зерттей білуді талап етеді. Сондықтан ол басқа ғылымдар сияқты педагогиканы диалектикалық әдіспен қаруландыра отырып, тәрбие және оқыту мәселерін ғылыми тұрғыдан шешуге көмектеседі. 
Кейбір жалпы мәселелер философия мен педагогика ғылымдарының бірігіп зерттеуін қажет етеді.Оларға тәрбиедегі жұртшылықтың рөлі, адамды қалыптастыруды тұқым қуалаушылықтың, ортаның және тәрбиенің рөлі, т.б. жатады. 
Педагогикалық психология - білім беру мен тәрбиелеудің психологиялық негіздерін зерттейді және жастың даму (жас ерекшелігі) психологиясымен тығыз байланысты, өйткені, білім беру мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын оқитындардың жас шамасын және даралық ерекшеліктерін ескермейінше дамыту мүмкін емес. Педагогикалық психология саласындағы зерттеулер білім беру мен тәрбиелеудің мәнін дұрыс түсінуге, оқулықтар мен оқу құралдарына қойылатын әр түрлі талаптарды анықтауға, оқушылардың ақыл-ой әрекеті мен мінез-құлығын басқара отырып, олардың дамуын қамтамасыз ететін білім беру және тәрбиелеудің тиімді тәсілдерін тауып негіздеуге мүмкіндік береді. Педагогикалық психология педагогтар мен оқушылардың арасындағы өзара қатынас мәселелерін, педагогтың жеке басына қойылатын талаптарды зерттейді, педагогикалық қабілеттер мазмұны мен қалыптасу үрдісін ашады. Сонымен қатар оқушылар ұжымындағы өзара қатынастармен, олардың психологиялық даралық ерекшеліктерімен санасып отырудың мүмкіндіктерін іздестіреді. Оқу-тәрбие жұмыстарын және балалардың психологиялық ерекшеліктерін қарастырып, бірқалыпты даму зандылықтарынан ауытқыған балалармен тәлім-тәрбие жұмысын жүргізу әдіс- тәсілдерінің психологиясын зерттейді. Сондай-ақ, ересек адамдармен жұмыс істеудің ерекшеліктерімен және оларды қалай оқыту мәселелерімен де шұғылданады.
Антропология — адамның шығу тегін, дамуын, дене құрылысын, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін жалпы биология ғылымының қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысы бар саласы. Антропология (грекше arthropos – адам, logos – ілім) терминін алғаш рет Аристотель енгізді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет