Семинар сабақтарын жүргізу жаднамасы құрастырғандар : псих.ғ. к., доцент Ли Е. П



Дата13.02.2017
өлшемі163,75 Kb.
#9323
«ТҰРАН» УНИВЕРСИТЕТІ МЕКЕМЕСІ
Магистратура және докторантура департаменті

Дәріс және семинар сабақтарын жүргізу ЖАДНАМАСЫ

Құрастырғандар: псих.ғ.к., доцент Ли Е.П

психология магистрі Ихсанова Д.Т.




АЛМАТЫ 2012

1 ДӘРІСТІ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ ЖАДНАМАСЫ
Дәріс жоғарғы мектептегі оқу-тәрбие процесінде жетекші орын алады. Оқытушылардың кең көлемде, жүйелі түрде, логикалық құрылған, дәйекті түрде баяндалған оқу материалдары, яғни дәріс сабақтары ЖОО-ң барлық мамандық пәндері бойынша жүргізіледі. Дәрістің басты мақсаты – баяндалған пән бойынша студенттерде жүйелі түсінік қалыптастыру, болашақ мамандардың ғылыми-практикалық салаларға сәйкес даму заңдылықтары мен принциптерін, сонымен қатар алынған білімдерді қолдану тәсілдерін игеруді қамтамасыз ету.

Дәрістің әдістемелік құралдары болжайды:



  • курс мазмұнының және әрбір дәрістің тұтастығы мен дидактикалық негізделуі (жүйелік, материал мазмұнының логикалық құрылуы, кіріспе және қорытынды бөлімнің болуы және т.б.);

  • ЖМ оқытушысының кәсіби этикалық ережелерін сақтауға негізделген лектордың студенттермен қажетті қарым-қатынасты жүзеге асыруы (олар аудиторияда талап қоюшылық пен жағымды қатынас орнатуға, пәнге деген қызығушылықты арттыруға, курс материалдарын баяндауға түрлі дидактикалық әдістерді пайдалануға, мысалы, баяндаманың айқын әрі жеткілікті болуы, аудитория назарының дәріс курсының негізгі сәтіне аударылуы, заңдылықтар, оқиғалар мен құбылыстардың нақты ашылуы және түсіндірілуі, ғылыми терминологияның анықтығы, дәріс мазмұнының еркін стилі, оқу материалдарын игерудегі қиын мәселелерді түсіндіру әдістерін тиімді пайдалану, тыңдаушының қызығушылығы мен белсенділігін көтеру тәсілдеріне бағытталған зейін түрлері және т.б.);

  • жаңа оқыту әдістерінің әдістемелік тәсілдері мен элементтерінің рационалды сәйкескелуі (диалог, эвристика элементтері және т.б.);

  • қосымша оқыту құралдарын әдістемелік негізделген және тиімді пайдалану (көрнекі құралдар және т.б.);

ЖОО дәрісті дайындау және жүргізуде келесі талаптарды ескерген жөн:

  • дәріс мазмұнының типтік және оқу жұмыс бағдарламасына (силлабусқа) сай келуі;

  • студенттердің зейінін жетекші идеяларға аудару;

  • дәрісте ғылыми және педагогикалық ойлардың жаңа жетістіктерінің, нақты мәселені қарастыру жетістіктерінің көрініс табуы;

  • ішкі және пән аралық логикалық байланыстың жүзеге асуы, дәріс мазмұнының, студенттердің аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыстарының әрқалай түрлері мен координациясы;

  • түрлі әдебиеттерді пайдалану және дәрісте қойылған мәселеге байланысты түрлі көзқарастардың бейнеленуі;

  • дәріс барысында дәстүрлі, продуктивті және репродуктивті жұмыс түрлерінің өзара әрекеті;

  • лектордың материал мазмұнын еркін игеруі;

  • тыңдаушылар зейінін тұрақтандыру;

  • қосымша тәсілдерді, көрнекі құралдарды пайдалану;

  • алдыңғы дәріс сабақтарында игерген материалды тексеруді жүзеге асыру; тексерудің түрлі формалары;

  • аудиторияны безендірудің эстетикалық талаптарға сай болуы;

  • аудиторияда сабақты ұйымдастыру барысында санитарлы-гигиеналық ережелердің сақталуы.


ДӘРІСТІ ӨҢДЕУ ӘДІСТЕМЕСІ
1. Ғылыми материалдарды жинақтау, оқу және жалпылау.

  1. Бағдарламаға сай материалдарды топтастыру, оны тақырып бойынша және курс бойынша бөлу.

  2. Түрлі тақырыптарға иллюстрациялық материалдар таңдау.

  1. Аудиовизуалды құралдардың, оқу кинофильмдерінің әрқандай түрлерін таңдау.

  2. Курсты оқудың жұмыс бағдарламасын жасау.

  1. Әрбір дәрісті өңдеу:

  • дәріске жинақталған материалдарды оқу;

  • тақырыпқа байланысты әдебиеттерді оқу;

  • иллюстративті материалдарды өңдеу.

7. Дәріс баяндамасы.
ОҚЫТУШЫ МІНДЕТТІ:
1. Дәріс түрлерін игеруге (ақпараттық, мәселелік, екі адамдық дәріс, алдын-ала жоспарланған қателермен дәріс, дәріс-пресс-конференция).

  1. Болашақ студенттердің оқылатын ғылымның принциптері мен заңдылықтарын шығармашылық игеруін қамтамасыз ету.

  2. Студенттердің оқу-танымдық іс-әрекетін, олардың аудиториялық және аудиториядан тыс өзіндік жұмыстарын белсендіру.

  3. Көрнекіліктердің әрқандай түрлерін пайдалану (табиғи, символдық).

5. Оқытудың техникалық тәсілдерін кешенді пайдалану.

6. Студентпен заңды түрде емес, пікір алмасушы, дәріске өзінің жеке ойымен бөлісуші ретінде келгендей қарым-қатынас жасау.

7. Студент құқығын өзіндік пікірі бойынша қабылдау.

8. Талқылау жүйесінің көмегімен жаңа білімдердің шынайылығын дәлелдей алу.
ДӘРІСТІ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУДЫҢ МЫСАЛ РЕТІНДЕГІ СЫЗБАСЫ
1. Дәріс тақырыбы, оның міндеттері (дидактикалық мақсат), жоғарғы міндет (дамытушы, тәрбиелеуші мақсат).

2. Дәрістің мазмұндылығы (оның ғылымилығы, күрделілігі, теория мен практикадағы байланысы).

  1. Мәселелегі (жиі, аз немесе мүлдем болмауы).

  2. Көрнекіліктер мен үлгілерді пайдалану.

  3. Дәлелдігі (дәйекті, дәлелді).

  4. Студенттердің кәсіби іс-әрекетімен байланыс.

  5. Дәріс құрылымының нақтылығы.

  6. Лектордың студенттермен қатынасы (талап қоюшы, немқұрайлы, назар салушы т.б.).

  7. Аудиториямен және жеке студенттермен қатынасы.

  8. Дәріске қатысу.

  1. Конспектілеудің жеңілдігі.

  2. Лектордың мінез-құлқы (сенімді, еркін).

  3. Оқу мәнері (тартымды, тірі, жалықтырғыш).

  4. Лектор қойған мақсатына жете алды ма немесе дәрістің негізгі қызметін қаншалықты жүзеге асырды:

а) ойлаудың эвристикалық белсенділігі;

б) эмоционалды - уайымдау;

в) этикалықсенім тудыру;

г) әдістемелікзейін мен қызығушылығын қамтамасыз ету;

д) коммуникативті бақылау және кері байланыс (сұрақтарға жауабы);

е) басқарушылықбарлық аталған функциялардың интеграциясы.
ДӘРІС ТАЛДАУЫНЫҢ КРИТЕРИЛЕРІ:


  • студенттердің теориялық білімді игеруі;

  • теориялық ойлаудың дамуы;

  • оқу пәнінің мазмұынына және болашақ маманның кәсіби мотивациясына танымдық қызығушылығын қалыптастыру;

  • студенттермен қарым-қатынас барысында оқытушының диалогты қолдануы:

  • мәселелік сұрақтардың саны;

  • ақпараттық сұрақтардың саны;

  • көрнекіліктерді пайдалану деңгейі;

  • тыңдаушылардың кеңістікте орналасуы;

  • тыңдаушылар назарын оқу пәніне аудару;

  • студенттердің білімін өзектіндіру.

2 ЖОО СЕМИНАР ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ ЖАДНАМАСЫ
ЖОО оқу жұмысының негізгі түрінінің бірі семинар сабағы болып табылады, ол көп жағдайда студенттердің өзіндік жұмысын және ойлау деңгейін кеңейтеді. Олар дәрісте алынған білімдерін кеңейту мақсатында қолданылып, студенттің өз пікірін білдіретін талас сұрақтарын анықтауға мүмкіндік береді. Семинар сабақтарын жүргізу үшін педагог келесі талаптарды ескеруі тиіс:

  • семинар сабағы барысында талқыланатын жағдайларды анықтау үшін мәселелік, кілттік сұрақтарды бөліп алу;

  • семинар сабақтарының тақырыбын жүйелі ұйымдастыру, олардың өзара байланысын анықтау;

  • нақты мәселені ашатын ғылыми жұмыс шеңберін анықтау;

  • сұрақтарға байланысты пікір-талас ұйымдастыру:

  • негізгі баяндамашының және оның қарсыластарының көзқарасын анықтау;

  • мәселені қоюды кеңейту жолымен аудитория назарын белсендіру;

• семинар сабақтарындағы шығармашылық және ойын элементтеріне кіріспе;

  • теориялық және практикалық талқылаулардың өзара байланысы;

  • семинар сабағының барлық сұрақтарын жалпылау мен қайталауды ұйымдастыру;

  • семинар сабағы шеңберінде қорытынды жасау;

  • осы семинар сабағының келесі сабақпен байланысы туралы қосымша ақпарат беру;

  • келесі сабақта тыңдалатын ақпаратқа дайындалуды ұйымдастыру.

Практикалық сабақтың орындалуы осы ғылымды теориялық меңгеру мен оның практикада қолданылуының арасындағы маңызды түйін болып табылады. Олар студенттердің өзбетінше жұмыс істеуінің дамуына, оқу материалын белсенді түрде игеруге көмектеседі, болашақ маманның кәсіби сапаларын қалыптастырудың алғышарты болып табылады.
СЕМИНАР САБАҒЫН ЖҮРГІЗУ ТАЛАПТАРЫ


  • Практикалық сабақ дәріс соңынан жүргізілуі керек.

  • Олар теорияның практикамен байланысын қамтамасыз ететін тапсырмаларды қарастыруы керек және кәсіби маңызды міндеттерді шешудегі теорияның мәнділігін көрсетуі керек.

• Практикалық сабақтарда міндетті түрде жетіспеген ақпаратты алу көздерін қарастыратын мәселелік тапсырмаларды қарастыру керек.

Семинар және зертханалық-практикалық сабақтардың өнімділігі көп жағдайда студенттердің шығармашылық белсенділігіне және олардың іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыруына тәуелді.

Семинар сабағына дайындалу барысында мақсатқа сәйкес жұмыстағы бірізділікті сақтау керек:

1. Ұсынылған әдебиеттерді оқу.

  1. Психологиялық-педагогикалық бақылауға сәйкес өзіндік педагогикалық тәжірибеге талдау жасау.

  2. Көрсетілген әдебиеттерді оқу нәтижесінде жеке тәжірибелерін теориялық мағлұматтармен, әдістемелік ұсыныстармен салыстыру.

4. Семинар сабағы жоспарының әрбір сұрағына теориялық және практикалық қорытынды жасау және өз педагогикалық іс-әрекетін жетілдіру перспективасын анықтау.
СЕМИНАР ЖҮРГІЗУГЕ АРНАЛҒАН ҰСЫНЫСТАР
- Семинар сабағында маманның кәсіби дайындық сапасын анықтайтын курстың басты тақырыбы ашылады.

- Әрқилы семинар түрлерін жүргізу мүмкіндігі: дәстүрлі, семинар, семинар-пікір-талас, семинар-зерттеу.

- Семинар және практикалық сабақтарда ынтымақтастық және өзара көмекті жүзеге асыру ұсынылады.

- Әрбір студенттің теориялық көзқарастарды талқылауға белсенді әрі жан-жақты қатысуына мүмкіндік беру.

- Семинарда іскерлік ойындарды мақсатқа сай пайдалану. Кей жағдайда семинар жүргізушісі ретінде студетті тағайындау.

Семинар немесе практикалық сабақтарға қатысқаннан кейін оларға талдау жасау керек. Талдау жүргізу барысында келесі сұрақтарды қозғау ұсынылады:


  1. Студент баяндамасының негізгі жағдайын анықтайтын сұрақтарды қалыптастыру.

  2. Талқылаудағы қарсы көзқарастарды белгілеу.

  3. Студетенттердің инициативасы.

  4. Студенттердің сенімділік жағдайын жасау ептілігі.

  5. Ойын кәсіби тілде қалыптастыру.

  6. Ауызша сөзді игеру.

7. Басқаларды тыңдау және есту, түсіне білу.

8. Индивидуалды және жауапты, өзіне талап қоя білу, өзін ұйымдастыра алу.



СЕМИНАР САБАҒЫН ТАЛДАУДЫҢ МЫСАЛ

РЕТІНДЕГІ СЫЗБАСЫ


  1. Семинардың тақырыбы, мақсаты мен міндеті

  2. Сұрақтарды таңдау және қою семинардың мақсаты мен міндетіне қаншалықты сәйкес келеді?

  1. Семинар жүргізу тәсілдері: индивидуалды, жұмыстың топтық түрі, олардың қатынасы мен тиімділігі.

  2. Оқытушы студенттердің ойлау іс-әрекетін белсендіретін қандай интенсивті әдістерді қолданды және оның тиімділігі?

  1. Семинарда мәселелік жағдай туғызу қабілеті.

  1. Оқытушының қосымша сұрақ қоюға қабілеттілігі және студенттер ойын мәселені шешуге бағыттау.

  1. Оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың қандай принциптері семинарда жетекші орын алды (өз бетінше, өзін ұйымдастыру, даму, ұжымдық, рөлдік қатысулар).

  2. Оқытушының барлық топ мүшелерімен және жеке студентпен жұмыс істей алуы.

9.Аудиториямен кері байланыс жасау сипаты.

10. Семинардың басты қызметі қалай шешілді:

а) тереңдету, нақтылық, білімдердің жүйелігі;

б) өзіндік жұмыс дағдыларын дамыту, шығармашылық кәсіби ойлаудың және өзіндік көзқарастың қалыптасуы;

в) білімді игерулеріне бақылау жасау.
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТЫ ТАЛДАУДЫҢ МЫСАЛ

РЕТІНДЕГІ СЫЗБАСЫ
ЖОО практикалық (лабораториялық) сабақ студенттердің оқуын ұйымдастырудың негізгі формасының бірі болып табылады. Ол студенттерді шынайы іс-әрекетке жақындастыратын әрекеттерді орындауға, алған теориялық білімдерін практикада қолдануға мүмкіндік береді.

Практикалық сабақты талдау келесі сұрақтарды қарастырады:

  1. Практикалық сабақтың оқу бағдарламасына және оқытушының күнтізбелік-тақырыптық жоспарына сәйкес келуі.

  2. Сабақтың мақсатын қою және оны студенттерге айту. Қандай ептіліктер мен дағдылар қалыптасуы қажет?

  1. Сабақты жүргізу жағдайын жасау:

а) студенттердің сабаққа дайындалу, дәріс материалдары жайлы білімдерін тексеру тапсырмалары (оның ішінде индивидуалды);

б) студенттердің сабаққа дайындығы (әдебиеттермен танысу, конспектілеу, материалдарды жинақтау, бақылау, тапсырмаларды шешу және т.б.);

в) лабораторияны, оқу бөлмесін дайындау (құралдар, материалдар, көрнекі құралдар, оқытудың техникалық құралдары және т.б.).

  1. сабақ мазмұнының ғылыми-теориялық деңгейі (ғылымилық принципін сақтау, дүниетанымдық сипаты, қарастыру материалдарының толықтығы, теория мен практиканың байланысы).

  1. құрылымдық сабақ (құраушы бөлімдер, кезеңдер, олардың арасындағы уақытты бөлу).

6. Оқыту әдістері:

а) қолданылған оқыту әдістерінің құрамы, олардың тұрақтылығы;

б) студенттердің танымдық іс-әрекетін белсендірі, мәселелік оқытудың элементтері;

в) студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытушы әдістер мен тәсілдерді қолдану.

7. оқу-лабораториялық құралдарды, техникалық құралдарды және көрнекі құралдарды пайдалану

8. сабақ процесінде студенттерге индивидуалды бағыт жасау.

9. студенттердің сабаққа белсенділігі:

а) сабаққа қатысып отырған және келмеген студенттердің саны;

б) олардың орындаған жұмыстарының көлемі, қандай жұмыс түрі ептіліктер мен дағдыларды қалыптастырды;

в) инициативаның көрінуі (оқытушыға сұрақ және т.б.).

10. студенттер әрекетін бағалау. Олардың ептіліктері мен дағдыларын түзету.

  1. педагог тұлғасының тәрбиелеуші рөлі.

  2. мақсат, принциптер мен әдіс-тәсілдердің кешені

  3. сабақ туралы қорытынды (жағымды жағы және кемшілігі).

  4. практикалық сабақты жақсартуға ұсыныстар.



Каталог: uploads -> files
files -> Гүлсім Оразалықызы оржановтар әулеті қазақ МҰнайының ардақтылары «Қазақ мұнайының ардақтылары»
files -> Гүлсім Оразалықызы Нұртас Оңдасынов туралы естеліктер
files -> Шахмардан есенов
files -> Конкурса научных работ среди школьников «turan-junior-2016» Секция «Физика, техника, науки о земле и космосе»
files -> «Қазақ мұнайының а р дақтылары»
files -> Ізтілеуова салтанат далбайқызы
files -> Махамбет қай жылы туғАН? Тұрлыбай Бақыт Серікқызы
files -> ҚазақТЫҢ хас батыры -аттила (еділ батыр)


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет