Северное селолық округі әкімінің 2011 жылдағы жұмысы туралы есебі



Дата28.01.2018
өлшемі117,15 Kb.
#34463
Северное селолық округі әкімінің

2011 жылдағы жұмысы туралы есебі
Северное селолық округін 3 елді мекен қосады – Феклистовка, Северное, Ермаковка, жалпы есеп бойынша - 692 адам (2011 ж. басына – 705 адам). Олардың ішінде ер адам – 327, әйел адам – 365, оқушылар – 64, мектепке дейінгі балалар саны – 41. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны- 434 адам. Олардың ішінде жұмыс істейтіндер – 234 адам, өзі – өзі қамтитындар- 140 адам. Аз қамтамасыз етілген отбасы саны- 3. Жағдайы төмен – 3 отбасы. Барлық зейнеткерлер саны- 110 адам.

2012 жылдың 1 қаңтарындағы санақ бойынша округ халқының қосалқы шаруашылығы мынадай:

Ірі қара мал- 1071 бас(77 басқа өсу бар), Ұсақ мал-1447(303 басқа өсті), шошқа саны-448 (27 басқа өсті ), жылқы саны-104, (8 басқа өсті), құстар- 3073 (1208 басқа өсті), қояндар – 63 (30 басқа өсті), омарта – 551 (28 – ге өсті). 2012 жылы ІҚМ және Ұсақ мал басының көбейту жоспарланып отыр. Есеп бойынша округте 2331ц .ет , 12316 ц сүт сауылса, 170755 дана жұмыртқа алынған.

Округ аймағында 26 субъект шағын бизнес тіркелген, соның ішінде 5 дүкен, 1 жолаушыларды тасымалдайтын жеке кәсіпкер.

Округте негізгі бағытта ауыл шараушылық өнімі орын алады. Осы бағытта 16 шаруа қожалығы мен серіктестік жұмыс атқарады. 2011 жылы дәнді дақылдар көлемі - 4177 га, күнбағыс -1597 га, картоп – 5,0 га жерге салынды. Орташа бункер салмағымен астық өнімі -13,9 ц/га, күнбағыс- 9,3 ц/га, картоп-130 ц/га болды. 2012 жылдың астығына күзде 50 га қара бидай, 610 га қысқы бидай салынды. Шаруашылықтарда 2195 га немесе барлық жердің 42,4 % жыртылды. Шағын бизнес шаруашылығында 120 адам жұмыс істейді. Есеп беру жылында «Тан» кәсіпкерлігінің әрекетсіз қалуына байланысты басшылық ауыстырылды. Аз уақыт ішінде көптеген жұмыстар атқарылды: ауданы 66,0 га. қысқы бидай салынды, қосымша жерлерді конкурс бойынша ұтты, Северное ауылында 300 басқа арналған малшаруашылығы базасы толығымен құрылды. 180 тонна шөп дайындалды, мал шаруашылығымен айналысатын отбасылар және басқа да жұмысшылар үшін үй салынды. Атаулы кәсіпкерліктің жоспарында бұзылған ғимаратты (ескі ферма) қайта қалпына келтіріп, жылыжай кешенін ашу жоспарланып отыр, сонымен қатар құс және ірі қара малды да өсіру жоспарда. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20- жылдығын тойлауда «Кировск» қыстағында 60 бас ірі қараға арналған мал шаруашылығы базасы «Семенов» шаруа қожалығы болып қызметке кірісті. Сонымен қатар, жұмысшыларға үй салынды, осы шаруа қожалығы болашақта мал, шошқа шаруашылықтарын дамытып, сүт және шошқа өнімдерін өндіру цехтарын ашуды жоспарлап отыр. 2012 жылдың жоспарының бірі – осы мал өсіруді дамыту болып отыр.

Жыртылатын жердің барлығы шаруа қожалықтарына бөлінген, бос қалған жерлер ағымдағы жылда конкурсқа қойылып, ұтылды. «Еламан» ЖШС есеп беру жылының желтоқсанында мал сою алаңына берілген ғимаратқа реконструкция жасады, ағымдағы жылда осы алаң эксплатацияға кірді.

2011 жылдың қорытындысы бойынша «Еламан» ЖШС директоры Жунусов Ж.М. Зырян ауданы әкімінің грамотасымен марапатталды. Салық және еңбекақы бойынша қарыздары жоқ.

Северное селолық округінде 4 дүкен жұмыс істейді, олар халықты нанмен, ет- сүт, ұн тағамдарымен қамтамасыз етіп отырады. Үнемі сатылымда жеміс- жидектер, кондитер тағамдары болып тұрады.

Округ кәсіпкерлері ауылдың әлеуметтік - экономикалық дамуы жөніндегі сұрақтарға белсене қатысады.

Жыл сайын шағын бизнес кәсіпорын басшылары Мүгедектер мен Егде адамдар күніне, әр түрлі шаралар мен мереке күндеріне демеушіліктерін ақшалай көмекпен көрсетіп тұрады.ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «20 игі іс» акциясына тек шаруа қожалықтары ғана емес округ тұрғындары да белсене қатысты. Жыл ағымында округ бойынша 772 мың теңгеге демеушілік көмек көрсетілді. Ол «Мектепке жол» акциясы, ҰОС ардагері Орлова А.М. шатырын ауыстыру, жөндеу, жалпы жұртшылықпен өткізілген балық мерекелік шаралар. Қазіргі уақытта округ кәсіпкерлері мешіт салуға ыңғайлы орын іздестіріп, таңдау үстінде. Бақшашылық бригадасы да шеткері қалған жоқ; олар да аз қамтылған отбасыларға және Серебрянск қаласындағы жетім балалар интернатына өз картоптарынан жіберіп көмек қолын ұсынды.

Округ аумағында «Таулы – Үлбі орман шаруашылығы»ММ орналасқан, (басшысы Воробьев А.Ю.) ауылдағы тұрғындардан 24 адам жұмыс істейді. 2011 жылы пирамидалы терек ағаштарын отырғызу қолға алынған, 2011 жылы көшет отырғызу кеңейді: теректен басқа алма, қайың, емен, жөке көшеттері отырғызылып, қайың тұқымы шашылды. 3000 пирамидалы терек көшеті біздің республикамыздың қалаларына жөнелтілді. Орман шаруашылығындағы қызметкерлер жол тазалауға,ҰОС ардагерлеріне материалдық көмек көрсетуге, басқа да мерекелерді өткізуге демеушілік көмек көрсетеді.

2011 жылы «Зырян ауданы жұмыспен қамту орталығы» ММ есепте тұрған тұрғындар саны 20 адам болды, қоғамдық жұмыспен 20 адам қамтылды. Оның 12 бақшашылық бригадасы құрамына енді, олар картоп отырғызып, қажетті өнім ала алды. Өнімнің бір бөлігіін Өскемен қаласында демалыс күндері өтетін жәрмеңкеге сатылымға апарып жүзеге асырса, бір бөлігін көктемге тұқым ретінде сақтауға қоймаға салды. Жәрмеңкеде картоптан басқа ет өнімдерін де сату жүзеге асырылды 700кг сиыр еті, 120 кг. қой еті сатылды. Демалыс күнгі жәрмеңкеде келесі округ тұрғындары Абдошев Курманбай, Матей Анеш, Матей Ризабек, Сали Муратхан, Сакшекен Куаныш, Сакшекен Канат, Кадыкен Долда, Аукадыр Мурат

ерекше белсенділік танытты.

Жаз уақыттарында жеке меншік малдарды жаюмен 4 адам айналысты.

Северное және Феклистовка ауылдарындағы су құбырлары иесіз қалып округ әкім аппараты балансына берілген. Барлық ауылдарда су құбырлары істен шыққан.Бүгінгі таңда округ тұрғындары бұлақ, құдық, «Смолянка», «Иртыш» өзен суларын пайдаланады. Ауыз су сапасы Санитарлық ереже нормаларының талабына сай, дегенмен Смолянка өзенінің суының сапасы көктем- күз мезгілдерінде төмен.

2011 жылы тұрғындар денсаулығын сақтау жөнінде үлкен көлемде жұмыстар атқарылды. Басты назарда тұрғындарды қолжетімді және тегін алғашқы медико - санитарлық көмекпен қамту мәселесі. 5 жасқа дейінгі

балалар тегін медициналық көмекпен қамтамасыз етіліп отыр. Есеп беру жылының сәуір – қыркүйек айларына дейін 15-49 жасқа дейінгі әйел адамдардың барлығына алдын ала тексерулер жүргізіледі. Тексеру қорытындысына байланысты құрамында темір мен йоды бар жабдықтар беріліп отырылады. Азаматтардың аурушаңдығына байланысты дәрі- дәрмекпен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Әкім аппараты шұғыл жағдайларда көмек көрсетеді, ауруды ауруханаға дейін жеткізу, ауруды қажет жабдықтармен жабдықтау т.б. 2011 жылы округ бойынша 6 нәресте дүниеге келді, дамуларында ауытқулар жоқ, екпелерін дер кезінде алып жатыр. Округ бойынша құрт ауыруымен ауыратын науқас – 1. Манту нәтижесі бойынша күдік тудырған 3 бала емделді. Диспансерлік есепте 100 адам, барлығы тексеруден өткен, жеңілдік бойынша дәрі – дәрмекпен жабдықталған. Аурулар есебі тізімде тұрған науқастар 2012 жылы тегін дәрі- дәрмекпен қамтылады. ФАП медициналық қызметкермен қамтылған. Фельдшерлік нысан жөнделген, ағымдағы жылда Феклистовка ауылының ФАП- ның шатырын жөндеу жұмысы жалғастырылады. Әкім аппараты төтенше жағдайлар орын алып, науқасқа көмек қажет болғанда үнемі ауруханаға жеткізу шараларында көмек қолын ұсынып отырады.

Жыл сайын жас бойынша зейнеткерлікке шыққандарға, асыраушысынан айырылғандарға, мүгедектерге арналған әлеуметтік жәрдемақы өсіп отыр. Балаға берілетін жәрдемақыны 8 адам алды. 1- адам мекенжайлық әлеуметтік көмекке құжаттарын тапсырған, 1 – еуінің құжаты қайтарылған. Феклистовка және Северное ауылдарында қартайған жалғызбасты азаматтардың тұрмысын жақсарту мақсатында әлеуметтік қызметкерлер жұмыс істейді. Олардың қамқорлығында - 8 адам.

Қамту орталығының қызметінің арқасында округ бойынша жұмыссыздар саны жыл сайын төмендеуде. «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 4 адам еңбекпен қамтылды, 12 адам картоп отырғызды. Округ бойынша тұрақты жұмыс орыны жоқтар -17адам. Жұмыссыздықты азайту мақсатында, 2012 жылы аз қамтылғандарға арналған құрамы 10-12 адамнан тұратын бақшашылық жұмысын жалғастыру, қамту орталығы арқылы саны 11 жұмыссыз азаматтарға Северное ауылындағы «Тан» ЖШС жұмыс орны табылатын болады.

Округтің әкім аппаратында 2011 жылы 11 адам жұмыс істеді, олардың 4-еуі мемлекет қызметкері. Үкіметтің тапсырмасына сәйкес 2010 жылдың қыркүйегінен бастап бас маман мал дәрігері жұмысқа алынды. Ағымдағы жылда мал ауруларының алдын алу бойынша белгілі жұмыстар атқарылды, мәселен, идентификация , мал басының өсуі мен есепке тіркеу жұмыстары. 2012 жылы малды идентификациялау жұмысы жалғастырылады, сонымен қатар мал сою алаңын іске қосу, мал жемтіктерін тастайтын орынның құрылысын анықтау жұмыстары атқарылмақ. Тұрғындардың қауіпсіздігі сақтау мақсатында қаңғырған иттерді жою бойынша жұмыстар өткізіледі.

Әкім аппаратында өз құзіретіне лайық сенімді жұмыс атқаруда мамандар арасында міндеттер бөлінген.

Округтегі белгілі жұмыстарды атқару үшін әкім аппаратында Жұртшылықпен кеңес және әлеуметтік экономикалық даму бойынша комиссиялар құрылған. Комиссия отырыстары өткізіліп, құқықбұзушылықтың алдын алу, ішімдікке әуес әрі жұрттың шырқын бұзатын адамдармен кездесулер, округ дамуы бойынша мәселелер де қаралады.

Халыққа көмек көрсету мақсатында 2011 жылы аппарат қызметкерлері келесі құжаттарды ресімдеді; СТН- 15, қайта тіркелген адамдар саны –21, зейнеткерлер құжаты -8. Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы –2 адамға ресімделді, 1 – адам мүгедектігіне байланысты жәрдемақы алуға дәрігерлік сараптамадан өтті. Сонымен қатар жаңа туған сәбилерге берілетін жәрдемақы – 6 адамға, тұрғын үй субсидиясы – 4 іске, мекенжайлық әлеуметтік көмек – 1 адамға, 18 – ге дейін төленетін жәрдемақы - ешкімге тағайындалған жоқ.

2011 жылы әкім аппаратына 143 шағым, ұсыныс, үндеу түсті. Оның 115 жеке иелік туралы анықтамаға байланысты, өтініш- 5(жер комитеті). Ауызша арыз-шағым- 23. Жазбаша – жоқ. Олардың бәрі қанағаттандырылып, толық ақпараттандырылды.

Северное селолық округі әкім аппараты өз құзырлығында Қазақстан Республикасы заңдарын орындауда, соның ішінде әскери міндеттер, азаматтық қорғаныс сауалдары бойынша өз уақытында мәліметтер беріліп отырылады.

Жылдық есеп бойынша барлық салық түрлері артығымен 100 пайызға жиналды . Әкім аппаратының бюджеті 100% игерілді.Төлемақы төлеу бойынша қарыздар жоқ.

Северный селолық округіндегі учаскелік полиция инспекторы елді мекендердегі санитарлық тазалық пен аббаттандыру бойынша жұмысқа бақылау жүргізеді. Жалпы округтегі санитарлық тазалық қанағаттанарлық. Кей отбасылардың ауласы үнемі тазалықта болады, есік алдарында әр түрлі гүлдер отырғызылғанына қарап қуанасың. Ол семьялар- Удовиктер, Пешковтар,Воробьвтар, Кусаиновтар, Мисиновтар, Кунапьяновтар, Урановтар,. Утешовтар, Филипповтар, Бурнашовтар, Какаулиндар, Дмитриевтар т.б. Үнемі тазалықта Северное селосының дүкені, дәрігерлік пунк, білім мекемелері. Өкінішке орай кей аулалар санитарлық талапқа сай емес, олар ескертулер алды, актілер жасалды. 2011 жылы санитарлық тазалық, көгалдандыру мен абаттандыруға 24 000 теңге бөлінді. Ол қаражат қатты қоқыс қалдықтарын жоюға жұмсалды. Есеп беру жылында қатты қоқыс қалдықтарын тастайтын орын анықталып, оған жер теліміне акт рәсімделді, санитарлы эпидемиологиялық байқау, геолог және жер қойнауы, су ресурстары Комитетінен рұқсат шешімі алынды.

2011 жылы мәдениет және білім мекемесінің қызметкерлері адамның рухани- адамгершілікке тәрбиелеу жолында өз жұмыстарын жалғастыруда. Феклистовка мен Северное ауылдарында кітапханашы және музыка жетекшілері жұмыс істейді. Барлық мейрам күндері мен мемлекеттік мейрамдарда мерекелік концерттер, КВН, спорт шаралары,дөңгелек үстел мен мерекелік дастарханда кездесулер өткізіледі. Жыл сайын аудандық және облыстық деңгейде өтетін сайыстарға қатысып тұрамыз. Олар: облыс әкімі жүлдесі үшін өткізілетін облыстық спартакиада, онда біз киіз үй ұсынамыз, ұлттық – қолөнерден көрме жасаймыз, ұлтық тағамдардан дастарқанға қоямыз. Есеп беру жылында Катон –Қарағай ауданы, Берел ауылында өткен түркі халықтарының «Алтай – алтын бесігім» атты музыкалық халыққаралық фестиваліне қатыстық. Феклистовка ауылының тұрғыны Нұрдыбай Кабира Семей қаласында өткен ұлт шығармашылығы сайысының қатысушысы. Мұндай шаралардың белсенді қатысушылары: Нурдыбай Кабира, Кадыкен Докен, Оразгалиева Фарида, Сакшекен Канат.

Ауыл тұрғындарының рухани дамуын арттыруда біздің мектептер көмек көрсетіп келеді. Округте 2 мектеп бар: Феклистовка ауылында аралас орысша- қазақша мектеп, ал Северное ауылында толық емес орта мектеп. Мектептептерді жұмыс өтілі жоғары педагогтар басқарады.

Мұғалімдер білімінің көрсеткіштері – жоғары. ҚР тілі мен білімі туралы заңдар орындалады. Мектеп оқушылары мектепішілік, аудандық, облыстық сайыстар мен конкурстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. .

Жыл сайын Киров орта мектебінің түлектері ҰБТ өтеді. 2008 оқу жылы 10 түлек тапсырып, сертификат бойынша орта бал - 52, грантқа 4 оқушы түсті. 2009 жылы 8 оқушы жіберіліп, ҰБТ – дан өткен 5 оқушы грант иегері болды, орта бал көрсеткіші - 52. 2010 жылы 5 түлек жіберіліп, орта бал көрсеткіші 61 – ді құрады. 2011жылы – 1оқушы бітірді. Қазір колледжде оқиды.

Өткен жылғы 5 түлектің 5-і БҰТ –ге қатысты. 1 - еуі ЖОО грантқа түсті (Рахиманов Ерсын – Астана қаласы ауыл шаруашылық университеті). 1-і бюджеттік негіздегі Саратов аулындағы колледжге оқуға түсті (Матей Сандуғаш) , 2 -і ЖОО ақылы оқуда, 1- еуі колледжде ақылы сырттай оқиды.

Дайындық тобы өз жұмысын жалғастыруда. 1 қыркүйектен бастап шағын – орталық жұмыс істеуге кірісті. Дегенмен ыстық тамақпен қамту мәселесі әлі шешілген жоқ. Феклистовка аулының мектеп ғимаратының электр желілері жөндеуден өтті. Северное ауылында 4 жастан балалар дайындық тобына барады. Үкіметтік бағдарлама бойынша мультимедиялык кабинет, физика кабинеті, медицина кабинеті, информатика кабинеті жұмыс істейді. Оқу сапасын арттыру жолында мұғалімдерге интерактивті жабдықтардың мүмкіндігін пайдалануға қол жетіп отыр.

Мектепішілік бақылауда оқушылар жоқ, тек құқықбұзушылыққа жол беруге қауіпті оқушы жоқ. Жаз уақыттарында мектепте сауықтыру лагері ашылады. Сонымен бірге бақшашылық бригадасы мен жөндеу бригадалары жұмыс жүргізеді. Аз қамтамассыздандырылған отбасыларға оқу қорынан қаражат бөлініп тұрады.Ағымдағы жылда бұл мақсатқа 660 100 мың теңге бөлініп, 31 бала аяқ-киім және азық – түлік, дәптер қаламмен қамтылды, 9 оқушы Астана қаласына экскурцияға барып қайтты.

Жаңа жолды салғаннан бері біздің елді мекен шетте қалды. Жергілікті жерді жолмен қамту округ әкім аппаратына жүктелген. 2011 ж. жолды тазалауға 3720 мың теңге бөлінген. Ағымдағы жылда жаңа жолды жөндеуге (Ермаковка аулына қарайғы трассаға) 599,9 мың теңге, Феклистовка аулының Гагарина көшесіне – 599,9мың тг, қалған қаражат (2520,0т.т.) қысқы жол тазалығына кетті

Облыстық және аудандық орталықтармен көліктік қатынас бар. Қыс уақыттарында жолдарды тазалап тұруға «Еламан» жеке кәсіпкерлігімен келісімшарт жасалды. «ОблШығысжол»ЖШС Северное аулына дейінгі жолға тазалық жүргізеді. Автобус қатынасы округте жоқ. Жолаушылар жеңіл көлікпен және меншік автобуспен жол жүреді. Жарияланған конкурсқа қатысқан адамдар жоқ. Жол қиындығы қыс маусымдарында көрінеді, әсіресе дәрігерлік көмек қажет болғанда.

Жеңіл көліктер тұрғындарды тасымалдауымен айналысып тұрады.

Қысқы уақыттарда жол жақсы. Дегенмен округтегі елді мекендерде жол жөндеу әлі өзекті мәселе болып тұр. 2011 жылға Феклистовка ауылының көшелерін жөндеу жұмысы жоспарланып отыр.

2011ж. округте телефон мәселесі шешуін тауып, барлық тұрғындарға радиотелефондар орнатылған,округте ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында тағы да 9 телефон тегін орнатылды.

1 қаңтардан бастап Феклистовка ауылында поштасы жабылды, ол свет , телефон төлемдерін жасауға келгенде біраз қиындықтар туғызды. Бірақ пошта жұмыс істейді, әзірше Зырян ауданы пошташысы тұрғындарға қызмет көрсетеді

Северный селолық округінде қылмыстың алдын алу мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр.Учаскелік полиция инспекторы тағайындалып, қызметтік автокөлік бөлінді. 2011 жылы округте келесі құқықбұзушылық анықталды: 2-Ұрланған бағалы заттар қылмысы ашылды, телефон желілерінің ұрлығы ашылған жоқ, Халық алдында балағаттап тіл тигізген және лауазымдық тұлғаға қоқан – лоқы көрсеткен 1 адам округ бойынша анықталды. Тексеру барысында еш рұқсатсыз ішімдік сататын 3 адам анықталды, олардың 2 - уі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жыл көлемінде толтырылған хаттама – 66, соның ішінде құжатсыз, тіркеусіз тұрып жатқандар – 18, байламай ит ұстағандар – 14, аулаларының ластығы үшін – 21, тыныштық бұзғандар -4, тұрмыстық – отбасылық қарым – қатынаста – 1 адамға., қоғамдық орындарда ішімдік ішкені үшін – 8 адамға хаттама толтырылды.

Біздің округте оралмандар тұрады , олар өздеріне ерекше көңілмен қарауды талап етеді. 2011 жылдың соңындаC:\Users\Luda\AppData\Local\Temp\7zOF436.tmp\веное селолы Северное селолық округінде – 22 жанұя тұрады. Олардың ішінен зейнеткер – 4 (жасы бойынша -3, 1 –і көпбалалы ана), медаль алған – 1, жұмыс істейтіндер – 15 адам, көпбалалы – 1. Азаматтық статус – 19 отбасы, оралман деп танылады – 2 отбасы, 2011 жылы 2 отбасы келді. 3 отбасы жеке иеліктерінде шаруашылық ұстамайды. Әр отбасы картоп отырғызып, бақшашылықпен айналысуда. 13 адам қоғамдық жұмысқа алынды. Көбінде ҚХР- нан әкелген техникалары бар. ҚР Заңдарына сай оралмандармен түсіндіру жұмыстарына байланысты отырыстар болып тұрады. Осы отырыстарда аудан әкімінің аппарат бөлімінің басшылары мен көші- қон басқармасы қатысып тұрады. Оралмандармен жұмыс атқаратын алқа құрылған.Кез келген мерекелік шараларға белсене қатысады, әсіресе аудан және облыс көлемінде өткізілген қолөнер бұйымдары көрмелеріне қатысып жүлделі орындарға ие болуда.

2009-2011 жылдарда Феклистовка ауылында тұрғылықты мекенжайда – 8 оралман отбасы, оның ішінде 5 отбасы жәрдемақы алды. 2009 – 2011 жылы округтен ҚХР келген 9 отбасы шығып кетті, Катон – Қарағай ауданы, Медведка ауылына – 2 отбасы, Ұлан ауданы Асубұлақ аулына – 4 отбасы, Ұлан ауданы Завидное ауылына – 1 отбасы, Нұрлы – Көш» бағдарламасы бойынша Ахмирова ауылына – 1отбасы.

Округтің әкім аппаратының мамандары көшіп келушілер құжаттарын ресімдеуде үлкен көмек көрсетеді – СТН, ӘЖК, жеке куәлік, әлеуметтік жәрдемақы, жұмысқа тұру сияқты.



2011 жылға міндеттер:
Тұрғындардың электронды қызметке қолжетімділігін кеңейту, әкім аппараты мекемесіндегі қызметкерлер үшін материалды-техникалық базаны жақсарту,округ бойынша жұмыссыздар санын азайту, мал шаруашылығын кеңейту үшін несиелеуді арттыру, негізгі рейтингті мониторинг көрсеткіш үшін жаңа бағдарлама енгізу, округтің даму тұрақтылығы мен тұрғындардың өмір сүру ортасына тиімді жағдай жасау, иесіз үйлердің санын азайту, округті инфрақұрылым қызметімен қамтамасыз ету, округтегі елді мекендерді кешенді абаттандыру және көркейту жұмыстарымен қамтамасыз ету.
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет