Ш. А. Амонашвилидің «Улыбка моя, где ты?» атты еңбегіне пікір өзін-өзі тану пәні мұғалімі Толеубаева Жазира Токтыбаевна Педагог Ш. А. Амонашвилидің «Улыбка моя, где ты?»



Дата15.12.2021
өлшемі25,5 Kb.
#101078
Байланысты:
Пікір
Пікір, ИКТ

Ш.А.Амонашвилидің «Улыбка моя, где ты?» атты еңбегіне

ПІКІР

Өзін-өзі тану пәні мұғалімі

Толеубаева Жазира Токтыбаевна

Педагог Ш.А.Амонашвилидің «Улыбка моя, где ты?» еңбегін оқып отырып қайран қалдым. Педагогика ғылымы туралы айтқан әрбір ойын дәлелмен шебер жеткізе білгені маған қатты әсер етті.

Ізгі педагог Күлкінің құндылығы туралы ерекше тебіреніп жазғандығы сонша, оқып отырған әр адамды ойға қалдыратыны анық.

Ол өз еңбегінде : « Кез –келген педагогика оқулықтарын алып, «күлкі» деген сөзді іздеп көріңіз. Таба аласыз ба? Мен де «күлкі» сөзін педагогикалық оқулықтардан, сөздіктерден, энциклопедиялардан іздедім, бірақ таппадым» - деп жазады. Бұл жерде педагог «арзан күлкі» емес, өмірді нәрлендіретін, өмірге сәуле шашатын шынайы күлкі туралы ой толғайды.

«Жүзінде күлкі табы жоқ мұғалім - оқушыларға бөтен адам»- деген сөздің өзінде де көп мағына жатыр. Расында да, біз мұғалімдер қазіргі таңда басқару, бақылау, тексеру, бағалау, тестілеу сияқты сөздерді жиі қолданып жүріп, бір-бірімізге күліп қарауға уақытымыз болмай, бір-бірімізге деген жылулықты жоғалтып бара жатқандаймыз. Өзіміздің қатыгездігімізбен қатыгез ұрпақ тәрбиелеп жатқандаймыз. Менің мұндай ойға келуіме Ш.А.Амонашвилидің тағы бір мысалы түрткі болды.

«Бұрынғы заманда табиғат аясында, тау арасында бір ел өмір сүрген екен. Олардың тыныш өмір сүргендері сонша, айналасындағы әлем жайлы естімепті де, білмепті. Өйткені, кішілері үлкендерін, үлкендері кішілерін сыйлап, бір отбасындай өмір сүрген екен. Олар жылау, қызғаныш, қайғы, өзімшілдік, өтірік дегенді білмепті. Себебі, олардың туғаннан өмірінің ақырына дейін жүздерінен күлкі табы кетпеген екен. Үлкен де, кішісі де табиғатпен үйлесімде өмір сүріпті.

Заман өзгеріп, сол елге « Мен мұғаліммін» деп бір адам келеді. Ол мұғалім келгелі сол елдің адамдары мүлде өзгерді. Үлкендер бір-бірімен жауласып, жерге таласты, балалар бір –бірімен төбелесіп, өшігіп, өтірік күлетін болды. Бір-біріне деген сенімділіктен айырылды. Есесіне, әр үйде тұрмысқа қажетті техниканың бәрі болды. Адамдар жарқын күлкілерін ұмытып, дарақы күлуге үйренді. Күлуді үйрене алмаған «Мұғалім» мылқау елді қазіргі заманға бейімдегеніне масаттанды»,-дейді.

Ендеше, қазіргі жаңартылған білім жүйесіне енуде, әр ұстаз өзіміздің рухани жан-дүниемізді де жаңартуымыз қажет деп ойлаймын.



«Өмірдегі барлығы бақыт пен күлкіден тұрады. Адам сеніммен, жасампаздықпен күледі, бала осы шақпен, болашақпен күледі, кім күлсе сол өмір сүреді, күлмесе, кеуіп қалады. Өмірді ұстап тұрған мектеп те күлу керек. Мектептің күлкісі-мұғалім. Мұғалімнің күлкісі-жүрегі»,-деп Ш.А.Амонашвили айтқандай біздің жылуымыз бен күлкімізден нәр алып өсетін шәкірттерімізден нұрымызды аямайық, құрметті әріптестер!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет