Шамсутдинова Гулбану Шамсутдиновна Математика пәні мұғалімі Қ. Абаханов атындағы орта мектеп Атырау облысы, Индер ауданы, Өрлік селосы Тақырыбы: «Сынып дарабозы»



Дата28.01.2018
өлшемі99,83 Kb.
#34383
Шамсутдинова Гулбану Шамсутдиновна

Математика пәні мұғалімі

Қ.Абаханов атындағы орта мектеп

Атырау облысы, Индер ауданы, Өрлік селосы

Тақырыбы: «Сынып дарабозы»

Мақсаты : 1.Оқушылардың әр салада білімдерін кеңейту, білім деңгейін,

шығармашылық ізденісін байқау.

2.Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру.

Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру.

3.Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу

 

Көрнекі құралдар: суреттер, сұрақтар комьютер арқылы көрсетіледі.



Әдіс-тәсілдер: ойын, сұрақ-жауап.

Жүру барысы:

Сынып оқушылары түгелдей қатынасады. Жеңіл тапсырмалардан бастап күрделіге қарай ауыса береді. Сайыс соңында сыныптың ең үздік, мықты деген оқушысы дараланып шығады.

  Сайыс 5 бөлімнен  тұрады.

І бөлім  – “ Бәйге”.

ІІ бөлім –“Полиглот”.

ІІІ бөлім – “Білімпаз”

ІҮ бөлім – “Тіл өнері “

Ү бөлім – “Тапқырлық”



ҮІ бөлім – “Жорға”деп аталады.

І бөлім “Бәйге” бөлімінде қатысушылардың әр қайсысына 3сұрақтан қойылады., тез және нақты жауап беруі керек. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.Егер жауап бере алмаса кезек жауап берем деген оқушыға беріледі. Ең ұпайы аз 6 оқушы ойыннан шығарылады.

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. ( қазақ тілі)

  2. Қ.Р. ақшасы қашан енгізілді? ( 15.11.2003 ж)

  3. Басты байлық. ( денсаулық )

  4. 12 ай (жыл )

  5. Күйді орындаушы адам ( күйші )

  6. Заттың атын білдіретін сөз табы ( зат есім)

  7. Қазақша жылдың басы не? ( тышқан)

  8. Қ.Р. мемлекеттік рәміздерін ата.

  9. Әнұранның авторлары?( Ж.Нажмиденов, Н.Назарбаев, Ш.Қалдаяқов)

  10. Қ.Р. тұңғыш ғарышкері кім? ( Т.Әубәкіров)

  11. Көру мүшесі не? (көз)

  12. 100 жыл ( ғасыр)

  13. Заттың қимылын білдіретін сөз табы? (етістік)

  14. 9 мамыр қандай күн?(Жеңіс күні)

  15. Абылайдың шын аты кім? ( Әбілмансұр)

  16. Осы жыл қай жыл?(жылқы)

  17. Орман дәрігері? ( тоқылдақ)

  18. Қ.Р. тәуелсіздігі қашан жарияланды? ( 16.12.1991)

  19. Дүниедегі ең үлкен арал ( Гренландия)

  20. Қиылыспайтын екі түзу (параллель)

  21. Патша әйел Томирис қай тайпадан шыққан?(сақ)

  22. Қазақстанның қай қаланың жанында ядролық полигон орналасқан? (Семей)

  23. Қазақстанның эмблемасындағы қай жануар Қызыл кітапқа енгізілген? (барыс)

  24. Ақшадай және заттай құрбандық (садақа)

  25. Үйлердің жобасын сызып, үйлерді салатын өнерді не деп атайды (сәулет өнері)

  26. Қасиетті рухани тілек. (Бата)

  27. Қазақстанның жаңа әнұраны ресми түрде қашан қабылданды? (10.01.06)

  28. Дүние жүзінде қанша қазақтар тұрады? (14 млн)

  29. Қазақ хандығы қашан пайда болған? (1465ж.)

  30. Гүл – Наурыздың белгісі (қызғалдақ, сарғалдақ)

  31. Сәулет құрылысы, биіктігі астанамыздың Алматыдан Астанаға көшкен жылына сай (Бәйтерек)

  32. Киіз үйдің төбесі қалай аталады? (шаңырақ)

  33. Қыс мезгілінің екінші айы (қаңтар)

  34. Абайдың шын аты (Ибраһим)

  35. Шығыстың Аристотелі кім (Әбу Насыр әл-Фараби)

  36. Қар жана ма? (Иә. Қалауын тапса, қар жанады)

  37. «Қара Көже» атанған кейіпкер қай шығармадан? ( «Менің атым Қожа» Б.Соқпақбаев)

  38. Қазақ әліпбиінде қазаққа тән неше дыбыс бар? (9)

  39. «Ханнан қырық туғанша, қарадан бір-ақ тусайшы» кімнің өлеңінен үзінді?(Махамбет)

  40. Барлық бұрыштары тік фигура (тіктөртбұрыш)

  41. Қышқыл, жасуша, метафора, квадрат-қандай сөздер?(термин)

  42. Әлемдегі Екінші Ұстаз. (Әль-Фараби)

  43. Бір қазанға қандай бастар сыймайды?(бір қазанға екі қошқардың бас сыймайды)

  44. Толықтауыштың мағыналық түрлері. (жанама, тура)

  45. Ердің сыншысы-... (ел)

  46. «Мемлекетке тәуелді» сөз тіркесі қалай байланысқан? /меңгере/.

  47. «Күйші» поэмасының авторы.(Ілияс Жансүгіров)

  48. «Итмұрын» жасалу жолына қарай қандай сөз? (біріккен сөз)

  49. Кімдер бір-біріне бөле болады? (апалы-сіңлілі қыздардың балалары)

  50. «Биік» сөзінің антонимі (аласа)

  51. «Мынау –Күршім өзені» сөйлеміндегі баяндауыш қайсысы?(Күршім өзені)

  52. Кім қартаймайды? (анасы бар адам қартаймайды)

  53. Шырай нешеу? (4)

  54. Қодар, Бекежандар қандай кейіпкерлер?(жағымсыз, жанама)

  55. Дауысты дыбыс нешеу?(12)

  56. 3 арсыз(күлкі, ұйқы, тамақ)

  57. 7 күн (дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, дүйсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)


ІІ бөлім. Полиглот.

Жұмбақтардың шешуін тауып, жауабын қазақ, орыс тілдерінде айту.

Мен – ақ қалам, ақ қалам,

Жазған сайын жоқ болам. ( бор – мел)


Қарап тұрсаң өзіне,

сурет түсер көзіңе.

Ол суретің ұқсайды,

Дәл қазіргі кезіңе. ( айна – зеркало)


Күні бойы сен оны

екі аяқтап басасың.

Жатар кезде өзіңнен

Аулақтатып қашасың. ( етік – сапоги)


Күндіз бәрі қашады,

түнде аспанды басады. ( жұлдыз – звезда)


Ағайынды бәрі.

Шықса жасыл,

Түссе сары. ( жапырақ – листья)
Шидиген ұзын сирағы,

тастай керең құлағы.

Сөйтіп жүріп көп жерге,

Аспалы торлар құрады. ( өрмекші – паук)


Жазда қыдырады,

қыста тынығады. ( аю- медведь)


Жатып- жатып инелер,

жүгіріп жаныңа тез келер. ( кірпі – ежик)


Қыста ғана болады,

ұстасаң қолың тоңады. ( қар – снег )


Үй ішін аралап,

түнде көп жортады.

Қаптарды жарып,

Мысықтан қорқады. ( тышқан – мышь)


Ән салады чемодан,

ішінде жүр көп адам.

Естімейді сөзіңді,

Сөйлесең де сен оған. ( теледидар – телевизор)


Өзі жап-жас, мұрты бар.

етпен сүтке ұмтылар,

тастамайды жылы үйде,

түкті тонын шұп-шұбар.( мысық – кошка)


Төрде жатып шалқиған,

дәу қарны қампиған. ( жастық-подушка)


еркін самғап ұшсын деп,

мәпелейміз, баптаймыз.

Бейбітшілік құсы деп,

Қайсы құсты атаймыз? ( көгершін – голубь)


жерде де мекен етеді,

көлде де мекен етеді. ( бақа- лягушка)


жұпар иісі еседі,

жайнап бақта өседі.( гүл – цветок)


көкпеңбек еді көктемде,

қызарды күзге жеткенде. ( алма – яблоко)


сыртта қапырық болып тұр,

үйде ол селкілдеп тоңып тұр. ( тоңазытқыш – холодильник)

жерге тырс- тырс тамады.

Сайға қарай ағады. ( жаңбыр-дождь)


жарға шығып ойнайды,

ойынға бір тоймайды.

Болса-дағы сақалы,

Секеңдеуді қоймайды. ( ешкі –коза)


мен жүгірсем – жүгіреді,

мен мүдірсем – мүдіреді ( көлеңке – тень)


сүрткен киімі тазарып,

өзі қалды тым арып. ( сабын – мыло)


күндіз де жүреді,

түнде де жүреді.

Аяғы жоқ, қолы жоқ,

Не жүрген жолы жоқ. ( сағат – часы)


отырмайды, тұра алмайды,

түзу жолда бұраңдайды. ( жылан – змея)


Гүл өссе – жердің көркі,

. . . өссе – елдің көркі (қыз-девушка )

Ел іші – алтын ... (бесік – колыбель)

Білімді өлсе,

Қағазда ... қалар (есімі- имя )
... - үлкен мектеп (Өмір – жизнь)
... – алтын қазына ( тіл – язык)
... – отбасынан басталады (отан – родина)
... – ақылдың көркі (Білім – знание)
... - білім бұлағы (оқу - учеба)
... – ғылым – тілсіз мұғалім ( кітап – книга)
... алды – қызық тіл (өнер – искусство)

Ұпайы аз 5 оқушы ойыннан шығарылады


ІІІ бөлім – “ Білімпаз”. Кестенің атын, санын атап сұрақтарына жауап беру.

Жауап бере алмаған жағдайда қарсылас ойыншы сол сұраққа  жауап бере алады.

Ақындар”.

10-  Бес жақсы, бес жаман әдет туралы жазған ақынды ата.( Абай)

20- Кезінде “қазақ даласының жұлдызы” атанған ақын, жазушыны ата.

( Ыбырай)

30- Төрт жасынан бастап мектепке барған ақынды ата. ( Мағжан Жұмабаев)

Ойлан,тап”

10- 2 сағат 15 минут неше минутқа тең? ( 120+15 )

20-Шанаға қосарланып жегілген екі ат 20 км жүріп өтті. Әр ат қанша км жүріп өтті? ( 20 км)

30-  Сәуле, Әсет, Батыр – туыстар. Сәуле – Әсеттің қызы; Әсет- Батырдың ұлы. Сәуле Батырға кім болады? ( немере)

Табиғат

10- Ең алғашқы пайда болған өсімдікті ата ( балдырлар)

20- Бұл кітап өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлерінен жер бетінен жоғалып, құрып кету қаупі төнгенін ескертеді. (Қызыл кітап)

30-“құс патшасы” деп қай құсты атайды? ( аққу)



Пәндер

10-Математика.

Отбасында жеті ұл бала бар. Әрқайсысының қарындасы бар. Отбасында неше бала бар? (8 бала)

20. Қазақ тілі.

– ға,-ге қай септікте жазылады? (барыс септікте)

30.Ағылшын тілі.

«Ағылшын грамматикасының патшасы» деп қай етістікті атайды?

(To be)


10.Қазақстан тарихы.

1836-1838 жылдары Батыс Қазақстанда әділетсіз байларға қарсы Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілісі бесталады. Көтеріліс көсемінің бірі, оның бас ұраншысы, ақын кім?(Махамбет Өтемісұлы)

20. География.

Бұл шыңның биіктігі 8848 метр.Оны Непалда Сагарматха деп атайды екен. Аспан әміршісі деген сөз.Ал Үндінің геодезия жүйесінде қызмет еткен ағылшын полковнигі әлемнің ең биік шыңы осы деп есептеп, байлам жасаған. Бір ғажабы, ол бұл шыңның басына шықпақ түгіл, етегінде де болмаған. Оның тапқыр да дәл есебін бағаланған.Сондықтан осы полковниктің атың қойған. Сол полковниктің және шыңның атын айтыңдар. (Эверест)

30.Арнайы сұрақ .Өнер.

1925 жыл. Париж. Дүниежүзілік көрмедегі қойылған этнографиялық концертте қазақтың халық әндрі «Ағаш аяқ», «Жалғыз арша» орындалды. Орындаушы екінші орын алды және күміс медальға ие болды. Ол кім? (Әміре Қашаубаев)

Ұпайы аз 3 оқушы шығарылады.

 

ІҮ бөлім  – “Тіл өнері.”

Таңдаған тақырып бойынша мақалдарды айту. Көп мақал айтқан ойыншыға 10 ұпай. Тақырыптары: “Отан”, “ Еңбек”, “ Білім”, “ Жақсы, жаман”.

 Ұпайы ақ 3 оқушы шығарылады.


 

Ү бөлім – “Жорға”

1 минут ішінде берілген сұрақтарға жауап беру.

 1-ші ойыншыға қойылатын сұрақтар:

 

1.Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы (домбыра)



2. «Дружба» сөзінің қазақшасы қалай? (достық)

3.Халқаралық тіл (ағылшын)

4.Экология апатқа ұшыраған теңіз (Арал)

5. Үш байлық деген не?(денсаулық, ақ жаулық, он саулық)

6.Бала дәрігері (педиатор)

7.Астана қаласының символы (Бәйтерек)

8.Мұсылмандар діні (Ислам)

9.Жаздан кейін не келеді? (күз)

10. Күрестің бір түрі. «Өзін-өзі қарусыз қорғау» дегенді білдіреді. Ол күрестің қай түрі? (самбо)

11.Бір жылда 12 не бар? (ай)

13.Наурыз көжеден ауыз тию қандай ұғымды білдіреді? (тоқшылық)

14. 61 жас неше мүшел (5)

15. Атақты суретшіні ата. (Қастеев)

 

2-ші ойыншыға қойылатын сұрақтар:

 

1.4-ші мүшел неше жас? (49)



2. Бетінде оюлары бар киізден жасалған үй жабдығы (сырмақ)

3. Ең үлкен жұмыртқа салатын құс қалай аталады? (Түйеқұс)

4.Қазақтың ішекті аспабы (домбыра)

5.Жер серігі (Ай)

6.Иттер туралы ғылым (кинология)

7.Қазақтың тұңғыш 1909 жылы дүниежүзілік чемпионы атағын алған палуан? (Кажымұқан Мұнайтпасов)

8.Христиандардың ең басты мерекесі қалай аталады? (пасха)

9.Қазақ алфавитінде неше әріп бар? (42)

10.Қыран құсты баулып, аңға салатын адам? (құсбегі)

11. Қазақ қыздарының ұзатылғанда киетін бас киім (сәукеле)

12.Үш арсыз (ұйқы, күлкі, тамақ)

13.Сүйекті пайдаланып ойнайтын ойын (ақсүйек)

14.Құстарды зерттейтін ғылымды қалай атайды? (орнитология)

15. әр мезгілге нешеайдан келеді(3)



ҮІІ. Қорытынды.

Жеңімпаз оқушыны анықтап қорытындылау.
Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет