Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр» поэмасы Сынып: 8 Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата25.08.2017
өлшемі52 Kb.
#27067
Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр» поэмасы

Сынып: 8

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік:

Қазақ әдебиетінің ғана емес, жалпы түркі әлемінің ойшыл, дана тұлғасы ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығының туындысы Қалқаман-Мамыр поэмасынан жас ұрпақты хабардар ету.

2. Дамытушылық:

Өтілген материалды тиянақты меңгерту, жүйелі ойлау, ойды әсерлі жеткізуге үйрету.

3. Тәрбиелік:

Тақырыптың тәрбиелілігі ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің өкілі, ақын Шәкәрім шығармашылығын насихаттау арқылы оқушыларды өнер-білімге баулу, иманжүзділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд, карточка, қалта, тірек - сызба



Сабақтың түрі: понарамалық сабақ

Сабақтың әдісі: СТО технологиясының элементтері

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеп, назарларын сабаққа аудару

Психологиялық тренинг «»Жүректен жүрекке»

ІІ.Үй тапсырмасы

(Үй тапсырмасына орай сұрақтар «Тіке тест» арқылы жүреді)



1.Ауыз әдебиетінен мол сусынды Абай кімдерден алған?

Ұлжан,Зере

2.Абай Құнанбайұлының шын есімі кім?

Ибраһим

3.Абай қай жылы дүниеге келді?

1945

4.Құнанбай қандай адам болған?

Шешен,ақылға бай,қажы,болыс

5.Әкесі Құнанбай туралы Абайдың айтқан өлеңі

«Арғы атасы қажы еді»

6.Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,Ол ақынның білімсіз бейшарасы.Қай өлеңнен үзінді?

«Өлең- cөздің патшасы,сөз сарасы»

7.Әбдірахман кім,оған арнаған өлеңі қалай аталады?

Ұлы, «Әбдірахман өлгенде»

8.Абайдың неше қарасөзі бар?

45

9.Он жетінші қарасөзінде «Ақыл,қайрат,жүрек»кімге келіп жүгінеді?

Ғылымға

ІІІ.Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту

1.Абайдың туысы болып келетін ақын

2. «Бес арысымыздың»бірі

3. «Қалқаман -Мамыр» дастанының авторы

Шәкәрім Құдайбердіұлы-үлкен ақын,жазушы,аудармашы, тарихшы,ойшыл. Қазақ қоғамының рухани өсуіне үлес қосып, жастарды ғылым-білім,өнер-өнеге ге баулуды мұрат еткен ұлы Абай

мектебінің шәкірті,талғамы биік талант иесі Шәкәрім 1858 жылы 11-шілдеде Шыңғыс тауы

бөктерінде қазіргі Семейдегі Абай ауданында дүниеге келген.Әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған Демек,Шәкәрім Абайдың немере інісі. Шәкәрім жеті жасында хат танып,әрі қарай өз бетінше ізденіп оқыған.Араб,парсы,түрік тілдерін жетік білгендіктен, Фирдауси, Низами, Сағди, Физули, Науаи сынды шығыс классиктерінің шығармаларын талдап оқыған.Солардың әсерінен “Ләйлі-Мәжнүн” атты ғашықтық дастанын жазған.Ол Абайдың тапсырмасымен “Еңлік-Кебек”ті де жазып,сәтті аяқтаған.Сонымен бірге батыс әдебитінен де көп


мағлұмат алып,А.С.Пушкиннің “Дубровский” повесін поэма етіп қазақ тіліне аударады. Ол 1895-1906 жылдары хажылық сапармен Меккеге барған уақытында Стамбул кітапханаларының бай мұраларымен танысады.

«Қалқаман -Мамыр» поэмасы

Оқиға желісі осы Қалқаман мен Мамырдың шынайы сезімінен өрбиді де,бір рудан болған екі ғашық бір ұшырасқанда Мамыр өз әкесінің өзге біреуге ұзатқалы жатқандығын білдіреді.Бұған көнбейтіндіктерін білдірген қос ғашық ел назарынан тыс жерде қашып өмір сүре береді.

Бұл істі білген ру биі Әнет баба Мәмбетей еліне білдіреп,жастарды жөніне қалдырып есесіне қалың төлеп елді татуластырмақ болады.Бұл іске сірә көнбеген Мәмбетей кектеніп алады.Күндердің күнінде Мамыр еліне төркіндеп келе жатқанда оны Мәмбетей қолбасшысы Көкенай көріп қалып бұл жүзіқара неғып жүр мұнда деп Мамырды оққа жығады.Соң елді жинап біз Мамырды жазаладық,енді Әнет баба неге Қалқаманды жазаламайды деп оны да өлтірулерін тілейді.Бұған көпшілік Тобықты елі көніп алып Әнет бабаны мәжбүрлей бастайды.Осы жайттан және сол тұстағы Қалмақ елі шапқыншылығы үдегенін жақсы білген Әнет баба ел бірлігі үшін бұған шарасыздан көнеді.Оның шарты бойынша Қалқаман Көкенай алдынан атпен шауып өткенде оққа тұтсын тисе,тілегені болсын,тимесе Қалқаманды бұдан былай жөніне қойыңдар деп шешеді.Осы шарт орындалады,бірақ Қалқаман аман қалады да өзін оққа тосқан елден кетіп Ұлы жұздегі нағашысы Еділбайды паналап Бұхар жаққа кетеді.Сол жақта тұрмыс құрып ұрпақ жалғастырады.

Ало осы оқиға болған 1722 жылдан соң 1723 жылы тарихта белгілі Қалмақтар шапқыншылығы боп қазақ сорына “Ақтабан шұбырынды” оқиғасына жалғасады.Осы тарихи кесапатты Шәкәрім Қалқаман-Мамыр таргедисына байланыстырып,соның салдарының қарғысы деп түсіндіргісі келетін сияқты.Олай ойламасқа да болмайды,шынында бұл оқиғалар 1722-1723 жылдары болып өткені ақиқат.Поэма сюжеті қысқаша осы.


Композициялы құрылымына талдау:

Оқиғаның басталуы: Туыстық байланыс

Оқиғаның байланысуы: 1. Мамырдың бойжетуі,

2. Қалқаман мен Мамырдың кездесуі,

3. Қос ғашықтың бірге қашуы.

Оқиғаның дамуы: Мәмбетей мен Көкенайдың баба сөзіне

келіспеуі.

Оқиғаның шиеленісуі: Мамырдың өлімі

Шарықтау шегі: 1. Қалқаманға шығарылған үкім.

2. Қалқаманның елден кетуі

Шешімі: Елдің күйзелісі. Қалқаман ұрпағы.
Оқулықпен жұмыс.

1. «Түсініктеме парағы»

Еркек шора:еркек балаша киінген қыз.Бастаңғы:әке –шещесі үйде жоқта қыз бозбала мал сойып,құрбыларын жинау.Оғат:Оғаш,қателік.Халал:адал.Асық:Ғашық.Шаһит болу:дін жолында қаза болу, «ақ өлім».

2. «Ізден,тап»

1.Мамырдың соңғы сөзі.

2.Әнет бабаның Қалқаманға шығарған үкімі.

3.Қалқаманның елімен қоштасу сөзі.


«Сергіту сәті»
«Білім мен дәстүр»сыны

(жеті қалташаға жеті сұрақ салу)


1-қалта

Мамырды неге еркек шора дейді?

«Жеті қазынаға» нелер жатады?

2-қалта


Қалқаман мен Мамыр алғаш қай жерде кездесіп сөйлеседі?

«жеті қат көкті» ата.

3-қалта

Мамыр дүниеден қалай озды?



«Жеті атаны» ата

4-қалта


Әнет баба Қалқаманға қандай үкім шығарды?

«Жеті жұтты» ата

5-қалта

Қалқаман Бұхараға кімдерді паналап кетті?



«жеті күнді» ата.

6-қалта


Бұл поэмада қандай соғыс сөз болады?

«Жеті жоқты» ата

7-қалта

Көкенай кім,мінезі қандай?



«Жеті жетімді» ата

Ой толғаныс бөлімі

«Жеті атасын білмеген жетесіз», «Салтыңды қадір тұт» (эссе жазу)



«INSERT» стратегиясы бойынша сабақты қорытындылау.


Білетінім

Үйрендім

Білгім келеді











Үйге тапсырма

Поэманы оқып,мазмұндау;



Қалқаман мен Мамырдың алғашқы жұмбақтап айтқан жерін жаттау.

Бағалау (жетон бойынша)
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет