«шетел тарихнамасының жаңа бағыттары»


Дәріс №7. Діл тарихы мен тарихи антропология



бет4/5
Дата31.12.2019
өлшемі426 Kb.
#55005
1   2   3   4   5

Дәріс №7. Діл тарихы мен тарихи антропология.

  1. Діл тарихы тарихтағы жаңа парадигма ретінде.

  2. Мәдени заманда қалыптасқан адам тұлғасы құбылысын зерттеу.

Тарихи антропология- адами ғылыми-пəндік категория, сондай ақ адамның тарихи табиғатының мəнін түсінуге, оның тарихи білім, таным, ой-сана үлгілерін тудырудағы ролін анықтауға бағытталған ілім.

Əр адам əлемдегі  тарихи  жəне этникалық үрдістерде өзінің орнын, тарихи кеңістік пен уақыт өлшеміндегі өзінің жəне өз ұлтының орнын, оның кешегісі мен ертеңін білгісі келетіні белгілі. Əсіресе қазіргі тəуілсіздік дəуірде, өтпелі кезеңнің қиын-қыстау уақытында кез-кезлген адамның тарихи ойын қозғайды, тарихтың кешегісі  мен  тарихтыңертеңгісін нақтырақ санаға түюді қалайды. Оның үстіне қоғамдағы өзгерістер əрқашан адам санасының, қоғамдық сананың нəтижесі болып табылады. Қоғамдық, оның ішінде тарихи сана қоғамдағы оң өзгерістердің əсерлі факторы.


Дәріс №8. ХХ ғ. ІІ жартысындағы англо-американдық тарихнама. Ұлыбританиядағы «жаңа әлеуметтік тарих».

  1. Жалпы британдық тарихнаманың ерекшеліктері.

  2. Англиядағы «жаңа тарихи ғылымның» ерекшеліктері.

  3. Әлеуметтік тарихқа бұқаралық сипат беруге деген талпыныстар

ХХ ғасырдың басына таман Ұлыбританияда тарихи білімнің мамандану үрдісі жалғасын тапты. 1917 жылы Оксфордта және 1920 жылы Кембриджде тарихи мәселелер бойынша диссертациялар дайындаған университет бітірушілеріне берілетін философия докторлары ғылыми дәрежесі тағайындалды. 1921 жылы Лондонда алғашқы басшысы А. Поллард болған, тарихшы мамандығын жетілдіру үшін жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім ретіндегі тарихи зерттеулер Институты ашылды. уақытылы жүйеге айналған, бірінші ағылшындық – американдық конференциясы өтті. 1930 – жылдары тарихи зерттеулердің лондондық Институты «Графтықтардың викториандық тарихы» атты көп томдық кітапты шығаруды басшылыққа алды. Корольдік тарихи қоғам өз қызметін жалғастырды. 1918 жылы онда мұрағат құжаттарын жариялаумен және дықкомитет құрылды. 1921 жылдан бастап британдық сыртқы саясат тарихы бойынша құжаттар баспаға шыға бастады. 1937 жылдан бастап 1900 жылдан кейінгі кезеңді қамтыған британ тарихының библиографиясы жүйелі түрде шыға бастады. Елде 1930 жылдары мүшелер саны – 4.5 мыңға жеткен тарихшылар ассоциациясы жұмыс істеді. Ол жыл сайын шығатын тарихи әдебиеттің «Тарих» атты шағын журналын шығарды. Аймақтық тарихты зерттеу кеңейе бастады, және бұл үшін жергілікті мұрағаттық және антикварлық қоғамдар мен графтықтар мұрағаттар қызметін үйлестіретін аймақтық тарих бойынша комитет құрылды. 1932 жылы Британдық мұрағат ассоциациясы құрылып, «Мұрағаттар» журналы шыға бастады. 1924 жылы ақпараттық қамсыздандыру бойынша кітапханалық Ассоциация құрылды(«Аслиб» қызметі).

Тарихи ғылымда ары қарай ұйымдасқан түрде мамандану жүрді. 1930 – жылдары оқу орындарында ежелгі дүние тарихы, орта ғасырлар тарихы, жаңа заман тарихының жеке кафедралары құрыла бастады. Бұл тағы да жаңа тарихтың дербес академиялық пәнге айналуымен байланысты болды. XIX – XX ғғ. Шетелдік елдерде университеттер саны өсе бастады, және Манчестрде, Лидсада, Бирмингемде, Шеффилда және басқа да қалаларда «қызылкірпіштілер» деп аталатын қалалық университетер пайда болды. Тарихтан сабақ беретін оқытушылар санының өскені байқалды, 1900 жылы олардың саны 30-ға жуық, ал 1939 жылы 400-ге жетті.

Тарихи ғылымның теориялық – методологиялық негізінде британ тарихнамасында бастаушы таным әдісі тарихы үрдісте өзінің себеп – салдарлық байланыстарын орнатудағы мақсаттарын шектеген және жалпы әлеуметтік заңдарды жариялауға ұмтылған континенттік позитивизмге қарсы шыққан британдық нұсқадағы позитифизм болды. Мұндай позицияны тарихшылардың Кембридждік мектебін құрушылардың бірі, Джон Бьюри (1861 – 1927) болды. Бьюри қоғамның дамуында материалдық және әлеуметтік факторлардың әсерін ескере отырып, тарих барысына дербес еркіндікті анықтау әсерін басып айтып, психологиялық салада тарихи үрдіске айқындаушы әсерді іздеді. Бьюри жаңа тарихты зерттеуге мән беріп, ХІХ ғ. аяғынан бастап жаңа тарих кезеңін ерекше бөліп көрсету керектігін айтты. Тарихшылардың академиялық қауымдастығының басты мәселесі «оның өзі үшін» тарихын зерттеу қажеттілігін түсіну болды және тарихтағы жекелік пен біріңғайлылықты зерттеуге шешуші мән берілді. Тарихта жаратылыстану ғылымдарына тән әдістерді қолдану мүмкін емес деп саналды. Тарихты осылай түсіну тарихты ғылыман гөрі әдебиет пен өнерге жақындатты. Позитивизм бағыты британ тарихшылары ортасында, демек, неокантиандық көзқараспен сай келді.

1930 – 40 – жж. Британ тарихнамасының теориялық – методологиялық ізденістерінде А. Дж. Тойнби және Р. Дж. Коллингвуд идеялары орын алды. 1934 жылы Ұлыбританияда Арнольда Джозефа Тойнбидің (1889 – 1975) «Постижение истории» атты 12 томдық шығармасының алғашқы кітабы шықты. Ол антика, халықаралық қатынастар тарихымен айналысты, Париж бейбіт конференциясы жұмысында британ делегациясы құрамында қатысты, Лондон университетінің саясат және экономика мектебінде халықаралық қатынастар тарихынан сабақ берді. 1926 жылдан бастап халықаралық қатынастардың Корольдық институтын басқарып, 30 жыл бойы оның директоры болды. Әлемдік тарихқа мәдени- тарихи жақындық жолында жұмыс істей отыра, ол өз концепциясында позитивизмді интуитивизм элементтерімен байланыстырды. Үлкен эмпирикалық мәліметтер жинақталған жұмыста келтірілген фактілер ортақ қатынастар үшін келтірілген мәліметтерге қарағанда, дүниежүзілік-тарихи үрдіс ойдан құрастырылған тірек сызбасына тек сурет болған. Тойнби ортақ рухани мәдениеттері бар елдер мен халықтар үшін аймақтық өркениет ұғымын негізді. Ол өркениеттерді біріншілік, екіншілік және үшіншілік деп бөлді. Бұл көрсетулер бойынша, қазіргі әлем бес негізгі өркениеттен (батыстық, православиялық-христиандық, исламдық, индуистік және таяушығыстық) тұрады. Олар әрқайсысы бұдан бұрынғы өркениет белгісін алып отырған. Тойнби бойынша адам үшін прогресс саласы адами рухтың даму болып өткен психология, мораль саласы болды. Батыс өркениетінде Тойнби британ қоғамы мен мемлекетін батыстық өркениеттің маңызды бір құрамы (индустриализм, парламенттік демократия, национализм) деп қарастырды. Тойнбидің еңбегі британ тарихнамасында европацентризмнен алшақтап, әлемдік тарихи үрдістер түсінігіне келуіне әсер етті.

Тағы бір британ тарихшыларының ішінен тарихи таным саласындағы белгілі теоретиктердің бірі Робин Джордж Коллингвуд (1889 – 1943) болды. Оның негізгі еңбектері – «Автобиография» (1939), «Тарихтың идеясы» (1946). Коллингвуд Оксфордта философия және антикалық тарихтытың профессоры болды. Ол позитивистердің тарихи әдісін «қайшы мен желім тарихы» деп атап, қатты сынға алды, өйткені оның пікірінше, тарихшы жинақталған және дәстүрлі қалыптасқан факт ізімен жүрмей, керісінше, айналасында зерттеу жүруі үшін сұрақтар қоя білу керек. Тарихи үрдіс оларға идеалистік тұрғыдан түсінікті болды – бұл дегеніміз, тек танымға ғана мүмкін, ал танымға тек ойлау ғана тән және ойдан басқа тарихи білімнің пәні болып табылатын еш нәрсе жоқ.

XX ғасырдың басында британ тарихнамасында толығымен тарихтың либералды концепциясына деген ұстаным таралды. Осыған сәйкес тарихи үрдіс жаңаның ескімен күресі барысындағы прогресс баспалдағымен мемлекеттің не қоғамның өрлеуі және өкілдік демократия мен жеке дара еркіндіктің түсініксіз кеңеюі сияқты болды. 1920 – 30 – жылдары тарихи таным түсінігінің либералды интерпретация сыны концепциясының кейбір ережелерін өзара түсінуге деген тенденция байқалды. Бұл тенденциялар Кембридж университетінің оқытушысы Герберт Баттерфилдтің (1900 – 1979) «Тарихтың Вигалық интерпретациясы» (1931), «Ағылшындық және оның тарихы» (1944) еңбектерінде көрініс тапты. Баттерфилдтің айтуы бойынша, вигизм тарихнамалық дәстүр ретінде тарихи білімде өз міндетін орындады, ол британдықтарға өткен тарихы бар қазіргі демократиялық қоғамның сабақтастығын түсінуге мүмкіндік берді. Баттерфилд тарихшылардың келешек ұрпақтарының алдында жаңа міндеттер тұрады, және өткен тарихтың мәнін айқын ашу үшін тарихты зерттеуді қазіргі құндылықтарға бағындырудан босату керек деп санады, өйткені тарихқа библиялық көзқарас тарихи дамудың жорамалдық концепциясына сай келетін фактілерді тарихтан таңдап алуға әкеледі. Тарих жеңілдетілген және сызба түрінде болды. Баттерфилд моральдық құндылығы бар «прогрессивтілік» және «кертартпалық» түсініктері тарихшының сөз қорынан жоғалуы тиіс деп санады. Баттерфилд тарихи үрдісті қақтығыс жолымен заттың бір күйден екінші күйге өтуі деп түсінді, сондықтан да библиялық тарихшылар сияқты «тарихты миға сиымсыз логикамен» іздеумен айналысу парықсыз. Тарихи танымның мәні байланысы тарихқа аяқастылық және ғажайып нәтиже беретін бірегей элементтердің көптүрлілігінде жатыр. Тарихшы – шебер маманның ісі жалпы шынайылылық пен заңдарды бекіту емес, тарихи үрдістердегі өзгерістердің барлық үйлесімділігін зерттеу болып табылады. Баттерфилдтің пайымдауы бойынша, «шын мәнісінде тарих – бұл саяхаттар туралы кітаптардағы сипаттамалық шығарманың бір түрі». Тарихшы, оның айтуынша, «сот емес, ақтаушы да емес … ол куәлік беруге міндетті адам ұстанатын жолда жатыр».

Британ тарихнамасында зерттеу тақырыбы негізінен саяси және конституциялық тарих болды, бірақ ақырындап экономикалық және әлеуметтік тарих та қамтыла бастады. Саяси тарихта үлкен орынды сыртқы саясат тарихын зерттеу алды. Дипломатиялық тарих мұрағат және баспа деректерін талдау негізінде дамыды. Париж бейбіт конференциясында британ делегациясы құрамына тарихшылар сарапшы ретінде кірді. 1920 – 1924 жж. Г. Темперлидің редакциясымен 6 томдық «Париж конференциясының тарихы» атты еңбек шықты. 1927 – 1938 жж. ресми түрде 11 томдық «Соғыстың шығуы туралы британ құжаттары, 1898 – 1914» атты еңбек басылып шықты, оның мақсаты Германияның соғыстағы шешуші ролін кінәлі етіп көрсету болды. Осылайша, британ тарихи ғылымы насихаттық функцияны белсенді атқарып келді. Соғыс жылдары Ұлыбританияда сыртқы саясат тарихы бойынша басқа да еңбектер шықты. Лондон университетінде славян зерттеулерінің мектебі ашылып, мұнда Ресей мен Орталық және Оңт-Шығыс Европа елдерінің сыртқы саясаты зерттелді. Зерттеудің бұл бағытына Р. Ситон – Уотсон жетекшілік етті. Сондай-ақ, Британдық отарлық империя тарихын зерттеу жалғасын тауып, 8 томдық «Британ империясының Кембридждік тарихы» (1929 – 1959) шықты. Зерттеудің дәстүрлі бағыты ретінде Ағылшын революциясы қалды. Тарихты библиялық жолмен түсінуді сынға ала отырып, британ тарихшылары ХҮІІІ ғасырдың ортасындағы Англиядағы оқиғалар үшін «Революция» терминін қолданудан бас тарта бастады. ХҮІІІ ғасырдағы Ұлыбританияның саяси тарихын зерттеуде үлкен үлесті концервативтік бағыттың ірі тарихшысы Льюис Бернстейн Нэмир (1888 – 1960) қосты. Ол Манчестер университетінде жаңа тарих кафедрасын басқарды. Оған үлкен атақты «(1760 – 1820 жж. ІІІ Георгтің тақта отырған тұсындағы саяси құрылым» (1929) және «Англия американ революциясы кезеңінде» (1930) еңбектері әкелді. Нэмир нақты тарихқа үңіле отырып, ол ХҮІІІ ғасырда елде парламенттік демократия институттарының күшею үрдісі жүргендігі туралы вигия концепциясының ең маңызды жағдайын сынға алды. Ол саяси көшбасшылардың кеудемсоқтық пен ашкөздік жақтарын, саяси өмірдің шектен шыққан арсыздығын ашты, бірақ бұл моральдық бағамен сүйемелденбеді. Нэмир өзінің айтуы бойынша, «адам іс-әркетінің маңызды мотивациялық факторларын» ашуға тырысқан. Саяси идеялар оған жеке адамдардың өзіндік іс-әрекеті болып көрінді. Нэмир британдық саяси өмірді зерттеу үшін парламент мүшелерінің әлеуметтік байланыстары, карьерасы мен өмірі туралы мәліметтер жинау әдісін байқап көрмекші болды, және қоғамның саяси өмірін идеялар күресі емес, жеке байланыстар негізінде қалыптасқан топтар мен қауымның қақтығысы деп елестетті.

Екі дүниежүзілік соғыс аралығы кезеңінде британ тарихи ғылымының тағы бір даму тенденциясы экономика тарихына деген қызығушылықтың өсуі болды, және университеттерде бірінен соң бірі экономикалық тарих кафедрасы ашыла бастады, 1920 жылы Манчестер университетінде, 1921 жылы Лондон университетінде, Кембриджде – 1928 жылы және Оксфордта 1931 жылы. 1926 жылы Экономикалық тарих Қоғамы құрылды, ал 1927 жылдан бастап «Экономикалық тарихқа шолу» атты журнал шыға бастады. Үкіметтің араласуымен 1938 жылы Лондонда әлеуметтік және экономикалық зерттеулердің Ұлттық институты құрылды. Либералды және радикалды-демократиялық бағыттағы тарихшылар әлеуметтік тарихта өздерінің түсініктерін оңашалады, олардың ішіндегі ең белгілілері Р. Тоуни және Дж. М. Тревельян болды. Олар әлеуметтік тарих астарында әр түрлі тарихи кезеңдегі қоғамның төменгі қабатының жағдайы, тұрмысын және әлеуметтік қозғалыстарды зерттеуді жатқызды. Әлеуметтік тарих бойынша ең белгілі еңбек Дж. М. Тревельянның « Англияның әлеуметтік тарихы» (1944) атты зерттеуі болды, онда әлеуметтік тарихтың пәні өткен уақыттағы берілген ел халықтарының күнделікті өмірі сияқты кең таралды, ол адамзаттық қатынасты, әр түрлі таптардың бір біріне деген экономикалық қатынасты, үй шаруашылығын, отбасылық қатынастар сипатын, еңбек пен демалыс жағдайын қамтыды. Адамның табиғатқа қатынасын, осы тұрмыс жағдайында пайда болған әр кезеңдегі мәдениетті қамтиды. Әлеуметтік тарихқа аймақтық тарихта ене бастады.

Әлеуметтік – экономикалық тарихпен айналысып жүрген зерттеушілер, ағылшын революциясын саяси – конституциялық келіспеушілік ретінде түсіндіруде қанағаттанбаушылықты сезінді. Бұл вигиялық тарихнамаға тән болатын және оның пайда болуын әлеуметтік – экономикалық факторлар әсерінен деп түсіндіруге тырысты. Бұл бағыттағы еңбектердің негізін Ричард Тоуни (1880 – 1962) салды, 1912 жылы « XVI жүзжылдықтағы аграрлық мәселе» атты еңбекті басып шығарды. Ол Лондон университетінің профессоры болды және лейбористік партия әрекеттеріне қатысты. 1926 жылы Тоуни «дін және капитализмнің өсуі» атты еңбегін басып шығарды, онда ол протестантизм капитализм қалыптасуының факторы болды деген пікірді ұстанатын М.Вебермен айтысты. Тоуни капитализм діни феномендер негізінде пайда болды, ал протестантизм капиталистік дамуға дағдыланып, капитализмнің діни ақтау атмосферасын құру бағытында жеке әсер алды. 1941 жылы Р. Тоуни «Джентридің өркендеуі, 1558 – 1640жж» атты мақаланы басып шығарды, онда ол ағылшын революциясының пайда болуын джентрилердің көтерілуімен және экономикада капиталистік құрылыстың дамуымен байланыстырады.

Британ тарихнамасы соғыс жылдары марксизмнің әсерін де байқап көрді. 1938 жылы А. Л. Мортон Британияның қысқаша тарихын марксистік позицияда жазып көруге тырысып бақты. Соғыс аралық кезеңде 1940 жылы Ағылшын революциясын буржуазиялық революция ретінде жазған еңбегін басып шығарған белгілі тарихшы Кристофер Хилл болды.

Британ тарихнамасында елдегі өндірістік төңкеріліс тарихына үлкен мән берілді. Солшыл либералды тарихшылар осы кезеңмен байланысты «өндірістік революция» түсінігін де қолданды. Соғыс жылдары экономикалық тарих бойынша аса ірі еңбекті Джон Клэпэм (1873 – 1946) басып шығарды. Оның 3 томдық «Ұлыбританияның экономикалық тарихы» (1926 – 1938) еңбегінде XIX – XX ғғ. елдің экономикалық дамуы көрініс тапты. Еңбектің авторы «өндірістік революция» түсінігін қолданудан бас тартты. Клэпэм экономикалық тарихқа келгенде ол қатаң санды талдауға негізделуі керек және фабрикалық өндірістің қалыптасу үрдісінде жалданып жұмыс істейтін адамдардың тұрмыс деңгейінің төмендеуі туралы тезисті ұстанды.

Білімнің ерекше саласы ретінде бұл кездері тред-юниондардың пайда болуы және еңбекшілердің әр түрлі топтарының жағдайын зерттеумен айналысатын «Жұмысшы тарихы» да қалыптаса бастады.

Мұндағы ірі тарихшы, Оксфорд университетінің профессоры Джордж Дуглас Говард Коул (1889 – 1959) болды, ол лейбоистердің сол қанатына жатты. Ол жұмысшы қозғалысы тарихы бойынша биографияларды басып шығарды. Коул фабрика жұмысшылары біртіндеп өз жағдайына бейімделіп, тред-юниондар құра отырып оны жақсарту үшін күресті. Ол социализмді түсінуге этикалық ыңғайды ұсынды.


Дәріс №9. Американдық сандық тарих.

  1. Американдық плантациялық құлдықтың экономикалық тиімділігіне байланысты пікірталас.

  2. ХІХ ғ-дағы АҚШ-тың экономикалық тарихын зерттеу.

  3. Клиометрияның теориялық негіздері мен оның американдық «жаңа экономикалық тарихтың» қалыптасуындағы ролі.

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін америка тарихнамасында релятивизм (тарихи танымның обьектитвтілігін жоққа шығару) кеңінен дамыды. Тарихшылар арасында ғылыми теорияның пайдалы жағын анықтайтын философиялық прагматизм таралды. Америка тарихнамасы тарихи заңдылықтар мен тарихшылардың тарихи қайталанбас оқиғаларды жазуын жоққа шығару, неокантианттық идеясын да қабылдады. Сонымен қатар тарихқа шығармашылық өнер туындылары ретінде көзқарастар болды. Бірақ америкалық тарихнама ғылымында негізгі «теориялық факторлар» позитивизм методология бағытын сақтады. «Ұлы депрессия» жылдарында қоғамдық өмірде әлеуметтік және экономикалық жағынан маңызды орын ала бастады.

Көлемдік тәсілдер кейбір жағдайларда мәселені шешуде анағұрлым нақты ақпарат бере алды. Ал бұрын олар туралы тек жалпылама бағалау талдаулары жүргізілетін. Мысалы: жаңа заманда бақылаушылардың айтуынша адамдардың бойының өсу тенденциясы көрсетілді, себебі сол кезде жанұядағы ұлдар мен қыздардың бойлары ата- аналарымен салыстырғанда жоғары болды. Британдық тарихшылар бұл мәселені шешу үшін әскерге алу туралы құжаттар мен қайырымдылық ұйымдардың материалдарын апйдалаеа отырып бұл тенденцияның нақты іске асуын көрсетті. Олар осы құбылыс он тоғызыншы ғкасырдың ортасында атлған құбылыс тоқтап , тіпті әлеуметтікң төменгі қабаттарда керісінше жүргенін айқындады. Сонымен қатар аристократия мен кедейлердің бой мөлшері арасында үлкен айырмашылық болғанын айшықтады. Жуық уақытқа дейін Жаңа әлемге әкелінген африкалықтардың саны шамамен он бес он тоғызыншы ғасырлар арлығында он бес жиырма миллион деп саналды. Және бұл көрсеткішщ негізінде тек болжамдар бойынша айтылды.. Содан кейін Филипп Куртин «Атлантическая работорговля: перепись» (1969) атты зерттеуінде әртүрлі кезең мен аудандар туралы деректерді пайдалана отырып 8 – 10, 5 млн құлдар болғанын анықтады. Бұл мәселе төңірегінде дискуссия жалғасуда, бірақ енді аталғакн санның төңірегінде. Тек көлемдік анализ сонымен бірге әртүрлі құбылыстар бойынша бақылаушылардың келтірген деректерін тексеруге мүмкіндік жасады. Мысалы: жиырмасыншы ғасырдың басында көптеген британдық жұмысшылардың көбі сауатты болды немесе ағылшын әйелдері тұрмысқа кеш шығатыны туралы мәліметтерді тексеру сияқты. Көлемдік тәсілдің сапалық белгілері туралы талқылаулар модификация мен нақтылауға ұшырады. Бұл тек жалпы тенденцияларды ғана емес, сонымен бірге вариациялар мен қосымшаларды анықтауға мүмкіндік жасады.. Көлемдік тәсілдер негізінде көптеген ірі қоғамдығ үрдістер мәселесін шешуге мүмкіндік туды. Мысалы он сегізінші ғасырда қандай факторлар дың әсерінен Англияда халық санынң өсуі жүрді және бұл үрдістің сандық көрсеткіші қандай. Зерттеушілер атаулы мәселерді шешуде тар арнаулы статистикалық тәсілдерге сүйене бастады және көптеген баспа органдарындағы басылымдар, атап айтсақ «Economic History Review», «Journal of Economic History» сияқты зерттеулер арнайы дайындықсыз қолға түсімсіз болды. Бірақ жалпы тарихшылар осы тәсілдердің пайдасы туралы өзіндік түсініктерін қалыптастырды. Көлемдік тәсілдер аса қажет және анағұрлым нәтиже берген тарихи демография мен онымен байланысты демография саласының мәселелерін шешу көлемдік мәліметтерсіз мүлдем мүмкін емес және кейбір кезеңдер үшін қарапайым халықтың саны анықтау аса қиындық тудырады, сонымен қатар қоғамдық өмірді түсіну үшін халықтың жас ерекшелігі, жынысы, шаруашылық көлемі, жұмысшылар туралы мәліметтердің маңызы зор. Және туу көлемі , өлім, неке саны туралы зерттеулердің маңызы да зор. Өмірдің негізгі тіршілік көзі өмірлік әрекет болған индустрия алды кезеңінде демографиялық процесстер әлеуметтік және экономикалық өмірдің басты индикаторы болды..

Американдық тарихи ассоциацияда әскери аралық кезең белсенді әрекет етті. 1945 жылы жергілікті тарихи қоғам саны 833-ке өсті. Бірнеше жалпылама жұмыстар жасалынды: «Америка хроникасы» 50 том (1918 – 1921), «Американдық өмірдің тарихы» 12 том (1927 – 1948). 1945 жылы АҚШ-та 86 тарихи журнал басып шығарылды. Анықтамалық –библиографиялық қызмет, архивтік іс жүзеге асты. 1934 жылы Вашингтонда Ұлттық архив негізі қаланды. Ірі университеттерде және жергілікті тарихи қоғамдарда көптеген құжаттық материалдар сақталынды. 1920-1930 жылдары американдық қоғам және әлеуметтік қақтығыстардың дамуын оқытатын «Прогрессистік мектептің» либералды-реформистік бағыты жұмыс істеді. Тарихшы-прогрессисттер АҚШ-тың тарихи дамуын басқа елдерге «америка ерекшеліктерін» көрсетуге тырысты. Солардың бірі үлкен М.Шлезингер (1888 – 1965) АҚШ-тағы және батыс Еуропа елдеріндегі буржуазиялық қоғамдық құрылысты, машиналық өнеркәсіп, ұлттың құрылуын, қоғамдық мектептердің дамуын, әйелдер мен балалар жағдайына көңіл бөлу, гуманитарлық реформаларды айқандап көрсетті.

Прогресситік мектеп тарихшыларының көзқарасы бойынша америка тарихының негізгі идеясы аристократтарға қарсы күрес, құлдықтан бостандыққа және теңдікке ұмтылу қозғалыстары. Олар америка қоғамын екі негізі топқа бөлді: жоғарғы үстем тап және төменгі таптарға орта және ұсақ буржуазиядан пролетариатқа дейінгі топтар. Америка тарихының әрбір кезеңдерінде - ерте кезең (Солтүстік Америкада құлдықтың пайда болуынан XVIII ғасырдың соңына дейін), орта кезең (1860 жылға дейін), соңғы кезең (1861-1865 жылдар азаматтық соғыстан қазіргі заманға дейін) «жоғарғы» және «төменгі» таптар арасындағы қақтығыстар жалғасып отырды, нәтижесінде саяси күйзеліске әкелді. Прогрессистік мектеп алғаш рет американдық тарихнамада АҚШ тарихының әрбір кезеңіндегі үстем тап әрекеттеріне сараптама жасады. Тарихында прогрессистер әлеуметтік күресті орта таптың либералдық-демократиялық бағытты ұстануының нәтижесі деп көрсетеді.

Прогрессистер Американың шексіз демократиялық даму мүмкіндіктерін қарастырды. 1930 жылы көптеген адамдар Ф.Д. Рузвелттің «Жаңа курс» саясатын АҚШ-тағы үшінші «монополистікке қарсы революция» ретінде таныды. Прогрессистер америка тарихынның 1861-1865 жылдардағы Азаматтық соғысты оқытуда жетістікке жетті. Олар феодолизмнің коллониалдық кезеңідегі әлеуметтік-экономикалық дифференциациясын көрсетті.

Солтүстік Американың коллониалдық экономикасы қара түстілердің және ақ түстілердің қинап еңбек еткізу нәтижесінде жетістікке жетті. Прогрессистердің санауы бойынша 1770 жылы Солтүстік Америкаға 250 мың қара түсті құл және 250 мыңдай тағы ақ түсті құлдар әйелдер мен балалар әкелінді.

Коллониалдық кезеңде тәуелсіздікке қарсы күреспен бірге, 1775 – 1783 жылдары ішкі әлеуметтік қақатығыстар да орын алды.

Прогрессиситік тарихшылар ішінде тәуелсіздік үшін күресті зерттеуші беделді тарихшы Джон Ф. Джеймсон (1850 – 1937) болды. АҚШ тарихнамасында бірінші болып XVIII ғасырдағы Америка революциясын Ұлы Француз революциясымен салыстырып, екеуіне де әлеуметтік революция түсінігін енгізді. Джеймсон пікірі бойынша революциялардың әлеуметтік сипаттамасы, мемлекеттік төңкеріс емес, жалпы халықтық қозғалыс деп сипаттады. Олардың мақсаты жерді пайдаланудағы феодалдық жүйені өзгерту, қысым жасап еңбек еткізу, аристократиялық саяси жүйені өзгерту болды. Прогрессистер демократиялық партияның орта тап мүддесін қорғап, халықтың жаппай көтерілісін қолдауын Э. Джексонның (1829 – 1837) президенттік қызметін, АҚШ-тағы демократиялық реформасын «Алтын ғасыр» деп бағалады.

1920 жылы прогессист- тарихшылар 1861 – 1865 жылдардағы азаматтық соғысты да терең қарастырды. Олар Солтүстіктің экономикалық–саяси капиталистік заңдылығы және Оңтүстіктің құлиеленушілігін тарихи ауытқу ретінде емес, заңдылық ретінде қарастырды.

Прогессистер ішінде азаматтық соғысты зерттеушлер Ч. О. Бирд (1874 – 1948) және Артур үлкен М. Шлезингер (1888 – 1965) көп үлесін қосты. Бирд Азаматтық соғысты дәстүрлі әсери тарих ретінде жазудан бас тартып, сол уақытта болған әлеуметтік әлеуметтік өзгерістерді жазды. Бирд Азаматтық соғысты сипаттай отырып, қара түстілердің әлеуметтік- экономикалық мәселелерін шешпегенін мойындайды. 1940 жылдың басында либералды-реформисті прогрессивтік бағыт американдық тарихнамада дағдарысқа ұшырады, олар америкалық тарихты бағалауда әлеуметтік –сыни бағытқа ауыса бастады. Ч.Бирд соңғы он жыл ішінде 1930-1940 жылдары бағалы эволюциялық идеямен жұмыс істеді. Ф. Д. Рузвельттің «Жаңа курс» бағытына сүйене отырып, америкалық ерекшеліктер теориясын жасады. Бұл туралы әйелімен бірге жазған 4 томдық «Америкалық өркениеттің көтерілуі» (1927-1942) еңбегінде көрсетті. АҚШ-ты ерекше мәдени-психологилық қоғам ретінде, бірегей және тиянақты өркениет ретінде қарастырды. Осыдан кейін Бирд АҚШ Конституциясына сыни көзқарасын өзгертті.

Бирд сонымен қатар тарихи методологияда позитивистік бағыттан бас тартты. Тарихи заңдылықтарды күмән ете отырып, обьективті тарихи фактілерді тарихшының субьективті қабылдау категориясы ретінде жариялады. Соңында Бирд тарихнамада қоғамдық –саяси ойлардың әр түрлеріне теңеді. Тарихшы-прогрессистер американдық тарихтың маңызды факторы ретінде әлеуметтік қақтығыстарды түсінуден бас тартып, реформаларды білім беру және болжағыш президенттер факторы деп жариялайды. Олар тәуелсіздік үшін күресті антиколлониалдық және әлеуметтік қозғалыс ретінде түсінуді қаламады, отарланушылар көтерілісі жеңісінен кейін түпкілікті қоғамдық өзгерістерге ұшырауы мүмкін деген күман туындады.

1920-1930 жылдары оңтүстік штаттар университетінде қара түстілердің дискриминациясын қорғаушылар өз пікірлерін ашық жариялады. Осындай оңтүстік тарихшыларды бірі Ульрих Б. Филипс (1877 – 1934), азаматтық соғысқа дейінгі оңтүстіктік өмірді жазуға тырысты. Құлиеленушілік еңбек пен капиталды біріктіруде адамгершілік жүзеге асырылған үрдіс, құлиеленушілер құлдарға өздерінің қымбатты затындай қарады,-деген пікірін дәлелдеуге тырысты. Сол кезде құлдық жүйесі Филипстің сөзі бойынша «Варварлық нәсілді» өркениеттік қоғамға дайындау мектебі ретіндеболды

Тарихи әскери кезеңде АҚШ-та Джонсон Коммонсон құрған (1862 – 1945) шаруалар көтерілісін зерттейтін ғылыми мектеп жұмыс істеді. Джонсон Коммонстың редакциясымен 10 томдық «Американдық индустриальды қоғамның құжаттық тарихы» атты еңбегі (1910 – 1911), сонымен қатар 4 томдық «АҚШ-тағы гаруалар қозғалысының тарихы» атты еңбегі (1918 – 1935) жазылды. Коммонс зерттеу жұмысының принципін неміс политэкономикалық тарихи мектеп пен К.Бюрхер идеясына негіздеді. Коммонс идеясы бойынша, АҚШ капитализмі дамуының алғашқы кезеңінде каптиталға негізделіп өнеркәсіптік буржуазия қарызға батады, жалдамалы жұмысшы тарапынан кіріс есебін көбетуге тырысады. Өнеркәсіптік капитализмде өнеркәсіпшілер жалдамалы жұмысшыларға қарсы қақтығыспауға тырысады. Коммонстың ойынша тред-юниондар ұйымдастырған жұмысшы қозғалысы ең біріншіден жұмысшы таптар арасында эмигранттар тарапынан мамандандырылған және мамандандырылған емес бақталастық орын алды. Политэкономикалық неміс мектебінің әрбір елдердегі әлеуметтік-экономикалық дамуы концепциясы америкалық жұмысшы қозғаласы кезінде кеңінен тарады. Коммонс назарында Америкалық Еңбек Федерациясының қамқорлығына тред-юниондық қозғалыс американ шаруаларының 20 %-ын қосып алып, радикалды юнионизмге мән бермеді және екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Коммонс мектебі өз дәрежесін жоғалтты.

Американдық тарихнамада әскер аралық кезеңде ашық антимонополистік позицияны жақтайтын солрадикалды бағыт пайда болды. 1920 жылдары бұл бағыттың өкілі Вернон Льюис Паррингтон (1871 – 1929) болды. Ол 3 томдық «Американдық ойдың негізгі ағымдары» (1927 – 1930) атты шығармасы болды. 1962-1963 жылдары орысша аудармасы жарыққа шықты.
Дәріс №10. Американдық «жаңа әлеуметтік тарих».


  1. Ұлттық және нәсілдік мәселелерді зерттеу.»Отбасы тарихы»: демографиялық, құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, психологиялық негіздері.

  2. АҚШ-тағы 1960-1970 жж. әлеуметтік ғылымдардың дамуы, ғылыми –техникалық революция және демократиялық қозғалыстардың өрістеуінің «Жаңа әлеуметтік тарихты» әзірлеу мен тарихты жазудағы толықтыруға әсері.

Американдық тарихтың түпкі мағынасы тәуелсіздік үшін күрес және адам құқығының концепциясы. 1787 жылғы Конституция іс жүзіндегі мақсаты жеке меншіктік құқықты қорғау. Негізгі қаһармандары ұсақбуржуазиялық-радикалды және әлеуметтік –реформистік партиялар тарапынан шықты, дағдарыс кезеңінде екіпартиялық жүйеге еңбек етуші массаның құқығын қорғауға мәжбүр ету. Солрадикалды тарихшылар либералдық реформизмге сыни тұрғыдан қарады. Антимонополистік заң қоғамдық пікірді тыныштандыру үшін ғана, шындығында монополистерге қарсы күрес антимонополистерге қарсы шығу мүмкін емес.

Солрадикалды бағыттың өкілдері АФТ құрамына кіретін оппртунистік кәсіподақ Американың барлық жұмысшылары, мамандандырылғандар және маман еместер, ақ және қара түстілер бірігіп кетсе саяси төңкеріс болады деп жрамалдай отырып, бұған жол бермеуге тырысады.

Америкалық таринамада дара негрелрдің тарихнамасы пайда болды. Бұл қоғам қайраткері Г. Вудсонның (1875 – 1950) іс-әрекетімен жүзеге асты. Ол Сорбонда оқыды, 1912 жылы Гарвард университетінде докторлық диссертация қорғады. 1915 жылы негр халқының тарихын оқытуда Ассоциация негізін қалады. 1916 жылдан бастап «Негр тарихы» атты тоқсандық журнал шығарып отырды. Нерг тарихнамасын жазуда прогрессистік мектептің әсері болды. бірақ сол кезде АҚШ-та «расизм», «шовинизм», «ақтар» тарихнамасына көп назар бөлініп, АҚШ-тағы афро-американдықтардың рөлі деп қана қарастырылған. Негрлік тарихшылар АҚШ тарихында тәуелсіздік үшін күресті, XIX ғасырдағы демократиялық реформа қабылдауды, азамат соғысын жазғанда үнемі сынға ұшырап отырды. Негр тарихшылар көбінесе тарихта Реконструкция кезеңіне мән берді. Бұл мәселені ең жақсы зерттеуші Уильям Дюбу (1868 – 1963). Бл мәселені зерттеудегі ең жақсы жұмысы «Қара реконструкция» (1935). Оңтүстіктегі демократиялық қайта құрудың жүзеге аспау себебі әлеуметтік топтардың қара мен ақ нсілге бөліну себебінен деп көрсетті.

АҚШ-тың латынамерикалық саясат тарихнамасында ең маңызды мәселе Монро доктринасының эволюциясы. Монро доктринасының тарихын оқытушысы солтүстікамерикандық маман Декстер Перкинс (1889 – 1984). Ол АҚШ-тың Латын Америкаға байланысты экспансионистік көзқарасын жасырып қалды. АҚШ пен Латын Америкасының қатынасын зерттеуші маман Сэмуэль Ф. Бимис (1891 – 1973). Ол АҚШ-ты европа мемлекеттерін Латын Америкаға жібермеуге тырысты деп көрсетеді. 1898 жылғы испандық-американдық соғысты бағалауда көптеген американдық тарихшылар, испандық отарланушылар бостандық және тәуелсіздігі үшін күресті деген қағида ұстанды. АҚШ-тың Қытайдағы «Ашық есік» саясатын сынға ала келіп, Қытай өз елін европалық державалардың отарлауынан сақтап қалды дейді.

Американдық тарихнамада радикалды бағыттың өкілдері , американың ішкі саясатында экспансионистік аспектіні сынға аламыз деп, ресми топтардың арасында өзі сынға түсті.


Дәріс №11. Психологиялық тарих.

  1. ХХ ғ-дағы психологиядағы Фрейдтік төңкеріс.

  2. . Э.Фромның авторитарлық тұлға теориясы мен әлеуметтік сипаты.

  3. Мінез-құлықтың әлеуметтік мотивтерін іздеудегі неофрейдизм.

1879 жылы "психологияның атасы" болып танылған Вильхельм Вундт (1832-1920) Германияның Лейпциг Университетінде психологиялық зерттеу зертханасын ашты. Вильям Джеймс, америка пәлсапасышысы өзінің "Психология Принциптері" (1890) атты жемісті кітабын жариялап, келесі жылдарда психологтардың назарын жинақтаған көптеген мәселелерінің іргетасын қалады.Бұл өріске өздерінің үлестерін қосқан, тәжірибелік түрде еске салу, есте сақтау, еске түсіру функцияларын Берлин Университетінде зерттеген Херманн Эбингауспен бірге қазір классикалық шарттастық болып танылған тәлім тану процесін зерттеген орыс физиологы Иван Павловты атап айту керек.1890 жылдары Аустрия дәрігері, невролог, тәжірибелік психологияда бейресми білімі бар Зигмунд Фрейд психотерапияның жаңа әдісі — психоанализді дамытты. Фрейдтың ақыл-ой жөніндегі түсініктері интрепретативттік және интроспективттік әдістемелерге кең шамада негізделген, ақыл-ой дерттілігін шешу мен психопатология үстінде жинақталған. Фрейдтың теориялары кең тараған, оның себебтерінің үлкен бірі — теориялардың сексуалдылық және жаншу психологиялық дамудың негізгі аспектілері ретінде қарастыру сияқты мәселесін қозғау. Бұл сол кездің аттеріс мәселері болып саналған, ал Фрейд болса олардың оқымысты қоғам ішінде кеңінен қарастырылуына жол ашқан. Фрейд теориялары жалпы психология теорияларына ықпалы зор.

Дәріс №13. Итальяндық микротарих.

  1. Итальяндық микротарих амалдарының француз зерттеушілерімен (Б. Лепти, Ж. Ревель) қатар дамуы.

  2. 1970 ж-дағы микротарихтың қалыптасуы

  3. Микротарихшылардың кішігірім тарихи объектілерді таңдаудағы қызығушылығы.

Қайта өрлеу дәуірі өзінің сипаты бойынша Батыс Европа қоғамының тарихында өтпелі кезең болды. Гуманистік дүниетаным ақсүйектік, антишіркеулік сипатта болды.

Италиядағы гуманистік тарихнама өз бастауын Франческо Петрарки (1304 – 1374) и Джованни Боккаччо (1313 – 1375) көзқарастарынан алады.

Петрарка өзінің «О знаменитых мужах» шығармасында Рим тарихын биография негізінде, 21 биографиия ұлы римляндар Ромулдан цезарьға дейін және биографилар Пирр, Александр Македонский және Ганнибал. Петрарканың биографиялар жинағынан оның бәрін еске түсіру үшін жазғандай көрінеді, яғни ол Римнің Италияның XIV ғасырдағы бөлінісінен кейінгі ұлылығы сипатталады. Биографияда идеалданған батырлар Тит Ливидің еңбегінің негізінде жазылған. Алайда, ол ортағасырларды сынауға көшеді.

Боккаччо тарихи шығармалардың үлгілерін түсінген күйінде қалдырды. «О славных женщинах» шығармасында антикалық авторлардан анекдоттық материалдарын жинаған, оның ешқандай тарихи құндылығы болмады. Боккаччо да итальян тілінде «Жизнеописание Данте» шығармасын жазды, бірақ мұнда тарихи жанрды толық сақтады. но и в этой работе он не выдержал полностью жанр исторического сочинения: Данте выступает здесь только как писатель, а его политические взгляды и роль в политической жизни Флоренции остаются в стороне. Жалпы Петрарка және Боккаччо шығармалары, тарихи мысалдағы әдебиет болды, алайда тарихи әдебиет бола алмады.

XIV ғасырдың соңында гуманистік бағыттағы тарихи әдебиетте «тарих» деген атаумен әдебиететр пайда болды. Бұл кезеңге Леонардо Бруни (1374 – 1444) шығармалары жатады. 1405 -1415 жж. Бруни папаның куриясында хатшы қызметін атқарған, 1427 ж. Өмірінің соңына дейін Флоренция республикасының канцлері болған. Оның басты шығармасы– «История Флоренции в 12 книгах», латынь бойынша жазылған. Осы кезеңнен тарихилық және тарих жазу п.б.

Бруни Поджо Браччолини (1380 – 1459), оның шығармасы «Восемь книг истории народа Флоренции». Мазмұны бойын XIV –XV ғғ. Флоренция мен миландық герцогтардың соғысы жазылады. Риторикалық тарихнамаға көп көңіл бөлген Венеция. Тарихнама бұл жерде саяси тапсырыс ретінде. Ұлы венециялық тарихшы Сабеллико (Марк Антонио Коччо) оның кітабы «Тридцать три книги истории Венеции от основания города», Мазмұны бойынша риторикалық шығарма болды, алайда ол сол үшін өмірлік зейнетақыға ие болды. Тағы бір Венецияның тарихшысы Пьетро Бембо (1470 – 1547), «История Венеции в 12 книгах» кітабын жазды.

Лоренцо Валла (1407 – 1457). Ол «Историю Фердинанда, короля Арагона, в 3 книгах», кітабының авторы.

Валлдың тағы бір еңбегі – «Трактат о подложности Константинова дара» (1440). Аталған еңбекте автор деректердің тарихи сынның негіздерін қалады.

Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі буржуазиялық саяси ілімінің негізін қалаушы Никола Макиавелли саяси қайраткер, дипломат және тарихшы ретінде де кеңінен танылады. Мемлекет және құқық концепциясы тарихында оның саяси идеялары қарама-қайшылықтар мен жаңа ізденістерге толы болды. Оның мемлекет пен қоғам дамуы туралы көзқарастарын жақтаушылар мен сынаушылардың көптігі олардың бұл мәселедегі даулы айтыстары да Макиавелли еңбегінің қыр-сырын одан әрі анықтай алады.

1469 жылы Италияның Флоренция қаласында заңгер отабасында дүниеге келген Никола жас кезінен бастап-ақ құқықтану негіздерімен еркін таныса алды. Қаржы қиындығынан университеттегі оқуын толық аяқтай алмаған ол оқуға деген құштарлығы мен ізденісінің нәтижесінде өздігінше оқып ғылымның әртүрлі саласы бойынша терең білім алады. 1948 жылы Флоренция республикасында әртүрлі мемлекеттік істермен шұғылданады, осы дәуірдегі көрнекті саяси қайраткерлер мен жүздеседі. Саяси іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады.

Басқа елдермен Италияның әртүрлі қала-мемлекеттерінде дипломатиялық сапармен болған Макиавелли бұл елдердің мемлекеттік басқару істерімен тереңірек танысады. Осы жылдар аралығында Н. Макиавелли үкіметтік жарлықтар мен заңдарды дайындауға қатысумен бірге мыңдаған әртүрлі деңгейдегі хаттар мен ұсыныстар жазады. Қызмет бабында үлкен тәжірибе жинақтаған ол мемлекет және саясат мәселелері жөнінде мемлекет басшысының сенімді көмекшісі және кеңесшісіне айналады.

1512 жылы Флоренция республикасының құлауына байланысты бірге бүкіл үкімет құрамымен бірге ол да қызметсіз қалады және оған қандай да бір мемлекеттік іспен айналысуына тыйым салынады. Саяси және мемлекеттік қызметтен шеттетілген ол бұдан кейінгі өмірін әдеби шығармашылыққа арнайды. 1513 жылы «Патша», «Тит Ливийдің бірінші онкүндігі», 1519 жылы «Әскери өнер туралы», 1520 жылы «Флоренция тарихы» және тағы басқа еңбектерін жазады.

Макиавеллидің саясат саласындағы ең басты еңбегі- «Патша» шығармасы мемлекет басындағы адамдардың ел билеуде басшылыққа алуына арналған әртүрлі кеңестер мен ұсыныстар және қағидалар берілген туында болып табылады. Ол бұл шығармасында Италияны біріктіретін директорға қажет қасиететрді ежектеп көрсетеді. Макиавелли елді біріктіру мен билік мақсатына жету үшін барлық амал-айланы қолдануға, яғни қол астындағыларды алдауға, өтірік айтуға, уәдені аяққа басуға, зұлымдыққа баруға адамдарды қырып-жоюға, қатал тәртіп пен күш қолдануға және опасыздық жасауға да болады деп үйретті. Бұл үшін, ол билеушінің бойында арыстан мен түлкінің қасиеттері қатар болуы және өтірік пен екіжүзділіктің ұлы өнерін терең меңгеруі керек деп тапты.

Оның айтуынша, билеушіде табиғат пен адамның қасиеттері қатар жинақталуы қажет. Андардың қасиеттерін айтқанда ол арыстан мен түлкінің қылықтарын үйренуге жөн сілтеді. «Егер князь аңдардың әдіс-тәсілдерін үйренуге мәжбүр болса, онда олардың арасынан түлкі мен арыстанды таңдауы керек, өйткені, арыстан жыланнан, ал түлкі қасқардан қорғана алмайды. Сондықтан да жыланмен күресу үшін түлкі, ал қасқырды жеңу үшін арыстан болу керек, тек арыстан болғандар істің мәнін түсіне алмайды» деп жазды Макиавелли.

Итальян ойшылының пікірінше, билеуші өз іс-әрекеттерінде дұрыс деп тапқан әдістер мен шараларды қолдана алады. Ал, бұл мақсатта бұрынғы айтылған уәделер мен анттар бұзылса, әдептілік қағидалары мен адамгершілік принциптері аяққа тапталса, азаматтық бостандық шеттетіліп ескерілмей қалса, онда тұрған ештеңеде жоқ. Билеуші оған бас ауыртып көңіл бөлмеуі керек. Өйтпеген жағдайда саясатта мақсатқа жету қиыныраққа соғады «Макиавеллизм» деген атқа ие болған оның бұл ілімі саясат пен билікте өз мақсатына қалай жетсең де дұрыс деген қағиданың пайда болуына әкеледі. Оның бұл көзқарастары феодалдық және буржуазиялық билеушілердің арасында кеңінен таралды. Макиавеллидің бұл ілімін қазіргі кезеде де қолданатындар бар.

Дегенмен Макиавеллиді зұлымдық пен құйтырқы саясатты ғана уағыздаушы деп түсіну қателік деп түсінуі қателік болар еді. Ол ел билеу мен саяси мақсатқа жетудің бұл әдіс-амалдарын жеке бастың мүддесі үшін емес, мемлекет, қоғам игілігі үшін, елдің тұтастығы мен бірлігі, қуаттылығы және тыныштығы үшін қолдануға кеңес береді. Ол ең алдымен өз заманының патриоты, гуманисі, адал ұлы болды. Оның теориясы, концепциясы, көзқарастары –сол дәуірдің саяси жағдайын бейнелейтін еді. Саясат саласында ол ешқашан да зорлықты, азғындықты, жақтаған жоқ. Керісінше, ол билеуші, саясаткер халықтың пікірімен санасуы керек деп есептеді. Егер саясаткер зорлыққа сүйенсе ол оның жеке мақсаты болмауы керек. Оның айтуынша, зорлықтың мақсаты қирату емес, бүліншілікті қалпына келтіру. Кез-келген зорлық әрекетті мемлекет мүддесі үшін жасалған ғана ақтауға болады.


Дәріс №13. Немістің «күнделікті тарихы»

  1. Тарихи зерттеулерге әуесқойларды тарту.

  2. Кіші қауымды зерттеу және қызықтыратын деректердің аумағын кеңейту.

  3. 1980 жылдардағы ГФР –дағы тарихи ғылымның дамуы.

ХХ ғасырдың көпетегн тарихшыларды зерттеуге итермелеген және тарихнамада ұзақ уақыт жетекші орын алған тарихтағы макросараптамалық қанағаттандырылмаушылығы болды..Бұл мәселелер толық түрде рухани мәдениет мәселелерін зерттеумен айланысатындармен де шешіле алмады. Мысалы ділдер тарихын зерттеуші тарихшылар басыннан бастап аз өзгеретін тұлғалық емес қоғамдық сана құрылымдарына назар аударды. Осыған байланысты тарихшылардың қызығушылығы қатардағы адамнаннемесе орта тұлғадан нақты индивидке ауысты. Бұнда ол біржақты емес, қиын жағдайларда шешім қабылдай алатын индивид еді. 1980 жылдары микротарихтың кең етек алуына байланысты биография жанрындағы жұмыстар көлемі көбейді. Биография жанры тарихтың ерте кезеңдері үшін деректемелік базасында қатаң шектеулерге ие. Әсіресе қоғамның төменгі және жоғарғы қабаттарын зерттеуде бұл ерекше көзге түседі. Сондықтан зерттеуге элиталық қатардың өкілдері анағұрлым оңтайлы. Олардың санасында көбіне гендерлік және әлеуметтік компоненттер айқасқан.

Жаңа жеке тарихта индивидуалды биографиялар макросараптама тұрғысыннан қарастырылады және әлеуметтік контексті анықтауда қолданылады. Биографиялық әдіс микротарих принциптерімен байытылып және бұл гендерлік тарихтағы бірқатар мәселелерді айшықтауға мүмкіндік берді, бұлар-адамның қоғамдағы қабылдануына матриоманиалды статустың рөлі, өмірлік циклдың әр кезеңіндегі психологиялық ерекшеліктері, рөлдік жүктеулер және қысқартулар, қоғамның девианттық әрекетке реакциясы. Қоғамдық сананың ерлермен жасалған стереотипі әйелдердің әрекеттік стереотипін детерминациялағаны көрсетілді. Бұл әйелдердің жыныстық әрекетін басқаруға арналған, тәрбиненің қаталдығын көрсетті, білім жағдайын, киім үлгісін, сөйлеу мәнерін, жұпты таңдаудағы шектеулерді, іскерлік әрекет түрлерінің шектемесін көрсетті. Осы шектеулерден шығудың салдары трагедиялы болды.Осымен қатар әйелдік биография , әйелдік персоналды тарих өзімен бірге ерлер тарихынан ақпаратты қоса ала жүрді. 1990жылдары әйелдер тарихының кезеңдестіру мәселесі қайта ойластырыла бастады , өйткенібұл кезеңдемтіруді екі жыныстың да қатынас тарихын еске ала отырып жүргізу қажет еді. Қазіргі таңда мұндац кезеңдестіру әртүрлі тарихи кезеңдерде бір бірінен өзгешеленетін механизмдерді зерттеу жолында ғана мүмкіндік алады. Олар әйелдердің жыныстардың арасындағы айырмашылықтардың билік ету түсініктерін мойындатуға кепілдік беруге арналған. Ал бұлар өз кезегінде белгілік, мәдени зорлықты іске асырудың әдісі еді. Барлық тарихи дәуірлерде ерлер мәдениеті биліктің патриархалды қатынастарын орнатуға және нығайтуға ұмытылды. Бұл қатынастар тарихи – мәдени түрде қалыптасқан және оларды табиғи, түп негізді әрі бүкіл ортақты етіп көрсетілді. Гендерлік тарихтың кезеңдестіру мәселесінің негізгі мағынасы мынада- әртүрлі тарихи дәуірлер үшін жыныстар арасындағы әлеуметтік рөлдер мен функциялардың айырмашылықтарын құрайтын және көрсететін механизімдерді анықтау. Бұл жолда гендерлік тарих әлеуметтік тарихпен байланысқа түседі және қоғамдағы «әлеуметтік » категориясын түсінігін байыта түседі. Тарихшылармен қатар гендерлік қатынастар мәселесімен философтар да айналысады. Бұл жерде, философиялық ортада гендер әйелдер табиғатының ерекшелігін бейнелейтін « бытийствелік » категория ретінде көбірек қабылданады. Осы категориялар барлық тарихи уақыттарда ерлердің рухани-психолгиялық құрылымынан ерекшеленетін айрықша белгілерге ие. Гендерді зерттеуде философтардың негізгі басымдықтары гендерлік тарихтың әр тарихи кезеңдегі тарихи спецификасын көрсетуге тырысатын тарихшыларға қарағанда олар әйел спецификасы ерлермен салыстырғанда ешқашан жоғалмайды деп көрсетеді және бұл гендерлік қатынастарда таусылмас қайшылықтар туғызады.


Дәріс №14. XX-XXI ғасырлар арасындағы тарихи ойлардың даму тенденциясы .

  1. Тәсілдер плюрализмінің құндылықтарын мойындау.

  2. Сциетизм рухы мен макромәселелердің ажырауы.

  3. ХХ ғасырдың аяғындағы тарихшы шығармашылығы мен ғылым бейнесінің өзгеруі.

Алпысыншы жылдардан Батыстағы гуманитарлық ғылымдардағы аса маңызды бағыттардың бірі постмодернизм болып табылады. Оның пайда болуына әсер еткен негізгі идеялар лингвистика мен жалпы тіл тану ғылымдары аясында пайда болады. Белгілі швейцарлық тілтанудың маманы Фердинанд де Соссюр (1857 – 1913) айтуынша тіл ол ұғымды білдірудің бейтарап және пасық түрі емес..Және сөз бен заттар біртекті үйлесетін екі тілді де кездестіре алмайсыз.. Осыдан Соссюр сөз бен жазуды өзіндік заңдары бар лингвистикалық құрылым ретінде қабылдау керек деген қорытынды жасады.,Тікелей цитатасын келтірсек: «язык – это не окно в мир, а структура, определяющая наше представление о нем». Бұл егер тілдің құрылымы мұндай беделге ие болса, онда мәтіннің мағынасы одан кем емес байланыста. Автор өзінің ойын оқушыға нақты жеткізе алады деген түсінік төңірегінде мәселелер туындады. Мәтіннен тыс тұрған обьективті тарихи методтың болуы іс жүзінде мүмкін емес және тек лингвистикалық ресурстардан құралған санақ нүктесінің интерпритациясы ғана болады. .



Постмодернизмге Ролана Бартаның (1915 – 1980) еңбектері үлкен үлес қосты. . Барт «социолект» немесе «тип письма» ұғымын енгізді. Барттың ойынша тіл және оның мәнерлеу құралдары қзінше бір «жалдама пунктін» еске түсіреді, қйтені өмір сүріп жатқан адам оны әу бастан әдейі арналған деп есептейді. Аталған адамға дейін тілдің барлық бірліктері мен дискурсивті комплекстері көптеген пайдалануларды бастан кешірген және кез келген сөз көптеген ағымды, өзгерісті идеологиялық мағыналармен толтырылған. Барт бойынша «жазу» тілде заттанған идеологиялық сетка, оны кез келген топ, тап, әлеуметтік институт индивит пен нақтылық арасына белгілі категорияларда ойлауға тізе бүктіре отырып, осы сетка маңызды деп санайтын нақтылықтың аспектілерін назарға алып және баға бергізе отырып орналастырады. . Индивид өз тілін әртүрлі жазулардың үлкен қоймаларынан алады. Осы жерде қолданыстағы, әлеуметтенген сөз бөтендендіру билігіне ие. Барт сонымен қатар мағынаның денотативті және коннотативті аспектісіне назар аударды. Коннотативті мағыналар бірнеше заттық белгілерге ие. Біріншіден олар тек дәстүрлі тілдің белгілеріне ғана емес, сонымен қоса әртүрлі материалды заттарға қосыла алады. Екіншіден бұл мағыналар латентті, сондықтан олар не өзектіленеді ,не өзектіленбейді. Үшіншіден кез келген белгіге оңай орналастырыла отырып, коннотативті мағыналар осылайша тез шығып кетуі мүмкін. Төртіншіден бұл мағыналар диффузды, дәстүрлі тіл немесе бір материалды пән бірнеше коннотативті мағынаға ие бола алады. Бесіншіден олар агресивті, олар денотативті белгісі бар бейбіт көршісімен сыйыспай, оны басып тастауға немесе мүлдем ығыстырып шығарып тастауға тырысады. Кез келген тіл айтылған және астыртын айтылған комбинацияларды , денотативті және коннотативті деңгейлердің көрсеткіші болады және астыртын айтылған эксплицациялануы мүмкін, ал эксплицацияланған коннотативті мәтін астына кетіп қала алады. Өткеннің коннотативтері қазіргі зерттеушілермен ереже бойынша үлкен мәселелермен анықталады немесе қазіргі сана мен мәдениет үшін мүлдем ажыратылмайды. Барт тағы бір рет тілдің құралдық қызмет атқаратынын атап өтті. Тілдік номинацияның спецификасы бойынша индивидуалды пән ортақ категорияларға тиесілі. Ал бұл ортақ категориялар ортақ ұғымын мүлдем қабылдамайды. Қатынаста біз тілдің, қабылданған ортақ сөздердің еріксіз құлы болып қала береміз. Сондықтан адам қаншалықты деңгейде тілмен сөйлессе, тіл де соншалықты деңгейде адаммен қатынас жасайды. Бұл тұста Барттың «тіл өлімі » афоризмін еске түсірген жөн. Барттың коннотаттар мен деннотатар идеясын, осының негізінде текстік сараптам жасу ойын әуелі өзгелер, алғашында француз философтары қабылдап алды. Жалпылама мағыналы ұғымды анағұрлым айқын емес түсініктерді іздестіруге жұмсалатын мәтіндік анализ, постмодернистік ортада «деконструктивті » деген атқа ие. Бұл терминді шығарған Жак Деррида (р. 1930). Гуманитарлық ғылымда өзіндік бір «лингвистикалық бетбұрыс» жасалды. Тілді жүйе түріндегі түсінігінен шығатын деконструкция, көптеген текстік интерпритацияларды қажет ете бастады. Олар арқылы тең жағдайда нақты тарихи шындыққа жету мүмкін емес. Біліктіліктің ешқандай деңгейі, жіне зерттеу жұмысының көлемі деконструктарлардың ойынша толық түрде мәтін авторының субьектілігін және тілдің айшықтылығын айналып өте алмайды. Тек мәтіннің жалпы қабылданған іс әрекетінсіз интерпритация жасауы қолдау тапқан. Бұл мәтінде суреттелген шындығ туралы елеулі білімдер әкеліп, мәтіннің тілі туралы және оның авторы жайлы ақпарат береді. Ал одан арғыны талап ету ол аңқаулық таныту және негізсіз оқырманды алдау болып табылады. Мәтінніің тек бір ғана интернпритациясына талап жасау Мишель Фуконың (1926 – 1984), айтуынша өз белгісі бойынша репрессивті және білімге мұндай тисушілік ол биліке деген иқұшталық болып саналады. Ол талқылаудың баршамен қабылданған реттеу шеңберіне- дискурсқа арқа сүйейді. Фуко в 1750 – 1850 жылдары Европада жаңа, қатал ессіздік, жазалау, сексуалдық дискурстардың орнағанын көрсетеді. Бұл осы дәуірдегі әлеуметтік және интеллектуалды прогресс болды деп есептелетін пікірге қайшы келді. . Фуконың жұмыстары нақты тарихи құбылыстарға назар аударумен ерекшеленді. Ал басқа деконструкторлар мәтіннен тыс жерде нақты әлемнің болуын теріске шығарды. Олардың ойынша Дерридің «текстен тыс жерде еш нәрсе жоқ » деген афоризіміне сүйене отырып адамзат қатынасын тіл басқарады деген ойда болды.

А. Я. Гуревичтің айтуынша постмодернизмді тарихтың түсінігінше өзіне тән бейнесіздігі бар марксизм мен структурализмге реакция ретінде қабылдаған жөн. Постмодернизм бұған жауап ретінде шығармашылық индивидуалдылықты шектеулерден босатуды алдына мақсат етіп қойғанын алға тартады. Кейбір постмодернистер тарихи шындықтың бар болуын талқылау мүлдем мүмкін емес деген тұжырым жасайды. Логикаға сәйкес тарихшы тарихи мәтінді ақын мен жазушы қандай сеніммен жасаса, ол да сондай сеніммен жазады. Тарихшының мәтіні постмодернистердің айтуынша ол баяндаушы дискурс,нарратив. Олар көркем әдебиет сияқты риториканың заңдарына бағынады.

Жалпы айтқанда, сөздің мағыналы, яки мағынасыз болмағы шарт. Алғашқысының ішінде кейі қарапайым, басқалары күрделі келмекші. Күрделі сөздің жай айтылуы да, тұспалмен жеткізілуі де мүмкін, әуелгісінің кейбірі көкейден шығады да, кейбірі олай емес. Ой көрігінен сомдалып шыққан сөздің шынайысы да, жалғаны да болады. Жалған айтылғанның ішіндегі кейбірі сөз барысында тындаушының зердесінде бейнеленіп, сонымен тікелей тұспалданса, басқалары бейнеленетін затка байланысты ойда еліктеу туғызады, соңғысы жай поэтикалық қуаттың әсері. Еліктеудің кейбірі жетілген, кейбірі түбегейлі жетілген. Екеуінің жігін ажыратып зерттеу акындар мен поэзия білімпаздарының міндеті, көптеген тіл мен диалектіде бұл хақында әр түрлі шығармалар жазылған.

Бүдан әрі ешкім "софистика" мен "еліктеу" екеуін теркіндес санамауы тиіс. Керісінше, олар кейбір арақатыста ерекшеленсді. Ең алдымен олардың мүддесі әртүрлі: софист тындаушы санасында болмыстан тыс, оған қайшы қайдағы бір елес туғызады; сондықтан ол бар нәрсе жоқ, жоқ нәрсе бар деп ойлайды; ал оған қарама-қарсы еліктеуші тындаушысына үйлесімге орай ой түюге жетелейді. Оған сезім шарапатын тигізеді.


Дәріс №15.XX-XXI ғасырлар арасындағы тарихи ойлардың даму тенденциясы

  1. ХХ ғасырдың аяғындағы тарихшы шығармашылығы мен ғылым бейнесінің өзгеруі.

  2. Көптүрлілік және ойлар диалогы.

  3. Дәстүрді пайдалану шығармашылыққа ұмтылыс ретінде.

Жиырмасыншы ғасырдың ортасында батысевропалық тарихнамамен АҚШ-тың тарихнамасында тарихи зерттеудің көлемдік тәсілі кең тарала бастады. Бұл жаңа деректердің жаппай табылуына байланысты еді. Осымен қатар бұрынғы белгілі тәсілдерді қайта ойластыру қажет болды. Бұл жаңалықтарбірінші кезекте экономикалық және әлеуметтік тарихты қамтыды, бірақ жекелеген салалардың біреуі бұл өзгерістерден тыс қалған жоқ. Жиырмасыншы ғасырда тарих ғылымының өзінде назар басым түрде атақты адамдар, жеклеген индивидтерден әлеуметтік көпшілік жаққа қарай ауды. Тарих бұл жерде экономика мен социологияға жақындасты және не олардың тәсілдерін пайдалану немесе олардың жарамдылығын тексеру қажет болды. Сонымен қатар алпысыншы жылдары батыс әлемде компьютерлер арзандап және қолға түсімді бола бастады, сәйкесінше олармен өңделетін ақпараттың спектрі кеңейіп, орындалатын операциялардың көлемі ұлғайды.

Тарихи демография негізінде « Аналдар » мектебінің «тотальды тарих » концепцияларын іске асыру әорекеті жасалды. Әсіресе Эммануэл Ле Руа Ладюридің еңбектерінде.Тарихи демография деректердің негізгі екі түрін пайдаланады: 1. нақты уақыт аралығындағы бүкіл елдің немесе жеке ауданның халқының саны туралы мәліметтер және 2.белгілі аудандағы өмір мен демографиялық көрсеткіштер туралы жазба мәліметтер. Қазіргі таңдағы анағұрлым анық деректер беретін тарихи –демографиялық зерттеулер алғаш рет он сегізінші ғасыр ортасында скандинав елдерінде жүргізіле бастады. Алғашқы халық санағы 1801 жылы Британияда жүргізілді, одан соң ол он жылда бір рет өткізілетін болды. 1841 жылдан кейін санақтан өткен әр адамның . фамилиясы көрсетілді. Ерте кезеңдік зерттеулер үшін қажетті салық ведомостьтары, шіркеудің кітаптық жазбалары жетті, бірақ олар бүкіл халықты қамтымады. Деректердің екінші түрі бойынша Европада приходтық кітаптардың маңызы зор. Мысалы олар Англияда 1538 жылдан жүргізілді. Бұл жүйе Англияда 1837 жылға дейін азаматтық тіркеу енгізілгенге дейін жұмыс жасады. Приходь кітаптарының негізінде туудың бүкіл ұлттық деңгейін, өлім мен неке санын есептелінеді. Осылайша халық санының өзін есептеуге болады. Бұл агрегативті анализдің мысалы болады. Осы ақпараттар негізінде оның өсуі мен азаюы белгілі болғанда номиналды анализ- жанұя өмірі динамикасының реконструкциясын жасау мүмкіндігі бар..



Көлемдік тәсілдер сонымен қоса қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттеуге жәрдемдесті. Бұның да дереккөздері тарихи демографиянікімен бірдей, себебі бүкіл халықтың саны оны әлеуметтік тұрғыдан топтарға бөлудің потенцалды мүмкіндігіне ие. Осының негізінде үй шаруашылығының құрылымы мен көлемін зерттеу мүмкіндігі бар. Қазіргі британ тарихшылары соңғы зерттеулерімен индустрия алды кезеңдегі батыс европалықтарға шаруашылықтың жанұялық типтегі « үлкен жанұялар » деп аталатын түрі тән болды деген тұжырымды орнынан тайдырды. XIX ортасынан бастап санақ анкетасына тіркелетін тізімнің саны ұлғайды және әлеуметтік-демографиялық үрдістерді одан да терңірек зерттеуге мүмкіндік беретін жұмыстың методологиялық негіздері жасалды. Көлемдік тәсіл өз қолдануын саяси тарих саласынан да тапты. Әсіресе олар британ саяси ғылымында «псефология» днп аталатын саладағы электораттың тіршілігін зерртеуде пайдаланылды. Британияда . 1872 жылы сайлау туралы заң енгізілгенге дейін сайлау ашық түрде өтті, яғни әр дауыс жеке тіркелді.Сайлаушылардың табыстарын қоса есепке ала отырып, олардығ діни және әлеуметтік жағдайларын талдау арқылы он тоғызыншы ғасырдағы Британия партияларының әлеуметтік базасы туралы қорытынды жасалынады. Көлемдік тәсілдер сонымен бірге саяси элитаны зерттеуде қолданылады, өйткені бірнеше биография шеңберінде ғана жасалған ол туралы бейне сонда да толық болмайды. Аталған мәселені шешудің жолы коллективті биография бере алатын сол просопографикалық әдіс бола алды. . Осылайша заң шығарушы органдар депутаттарының шығу тегін, саяси тұрысын зерттеуге болады. Британ парламентінде 1836 жылдағы сайлаушылардың тізімі сақталған және сол арқылы кім қайсы партияны қолдағанын анықтайсыз. АҚШ-та көлемдік әдіс негізінде жиырмасыншы ғасырдың ортасынан « жаңа экономикалық тарих » дами бастады. Көлемдік әдіс әсіресе экономикалық тарихты зерттеуде аса кең қолданылды. Француз тарихнамасында осының негізінде Э.Лабрустың мектебінде «сериялық тарих» жақтаушылары пайда болды. Онда бағаның даму схемалары, егінділіктің, рента деңгейі, табыс деңгейі, яғни Франция мен өзге де еуропалық елдердің экономикалық тарихының құрылу моделін жасау үшін қажет көрсеткіштері анықталды. АҚШ тарихнамасында бұл мәселелермен « жаңа экономикалық тарих» айналысты. Бұл елде ол да клиометрия атауын алды. ..

Дайын статистикалық жинақтармен жұмыс жасағанда олардың жасалу жағдайлары мен методикасын зерттеу қажет. Статистикалық мәліметтерді кей кезде фрагменттік бөлшектерден жинауға болады , бұл жағдайда оны жүйеленуімен шешілетін мәселеге байланысты тарихшының өзі айланысады. Оны ол статистиканың өзінде бейнеленген тақырыппен, өлшемдері мен көрсеткішіне сай жасамауы мүмкін. Тарихи кезеңге қатысты статситикалық зерттеулер көбейген кезде олардың таңдау репрезитативтілігі туралы мәселе пайда болады. Осы жерде бүтінді құрайтын элементердің әрқайсысы таңдау мүмкіндігіне ие. Тарихи зерттеулерде кейде таңдау репрезентативтілігінің зерттеу мақсаттарына байланысты арнайы негізделуі қажет. Тарихты зерттеудің ерте кезеңдерінде таңдау мәселесін көп жағдайда уақыт шешеді. Себебі құжаттардың кейбір түрлері ғана сақталуы мүмкін. Және бұл құжаттардың сақталуы кездейсоқтық емес, онда тек қажетті құжаттар ғана сақталуымен немесе оларды сақтаған адамның басқалармен салыстырғанда артық мүмкіндіктері болған. Сондықтан құжаттарды өзгелермен салыстырғанда үлгергендер сақтай алған. Белгілі британ тарихшысы Л. Стоун, мысалы 1965 жылы баспадан шығарған «Кризис аристократии, 1558 – 1641»атты капиталды жұмысында 382 атақты жанұяны экономикалық жағдайларына қатысты қарастырды, бірақ осы кезеңді зерттеушілердің айтуынша құжаттары сақталған аристократияның мөлшері үштен бір мөлшерлік үлесте ғана болған. Сандық деректермен жұмыс жасағанда дұрыстығын, сәйкестігі мен репрезетативтігін негіздеп және орнықтыру қажет. Тарихшының көзқарасы бойынша корреляция коэффициентін- екі ауысымдық арасындағы байланыс деңгейінің демонстрациясын орнату маңызды. Көлемдік тәсілдер көптеген өлшемдер бойынша үлкен сандық қатынастардың анализін жүргізуге мүмкіндік береді және әртүрлі корреляция бола алады. Бұл корреляцияларды дәстүлі әдістер бойынша анықтау мүмкін емес. Бірақ сәйкестіктер таза статистикалық болуы мүмкін .Сандық деректердің талдануы зерттеушінің жалпы біліктілік деңгейіне, ал зертелу сұрақтарының қойылуы тек сандық деректеріне байланысты емес. Өз заманында үлкен резонанс тудырған америкалық клиометрия шеңберінде жүргізілген зерттеуле еді. Клиометрия жақтастарының тезисінде адам әрекетінің кейбір жақтарын жүйе түрінде түсіну оңайырақ, онда өзгерістіктердің өздері де, олардың арасындағы байланыста көлемдік анализге жасауға бағынады, егер өзгерістіктердің біреуінің көлемі өзгеретін болса, онда бұл әсерлердің бүкіл жүйеге әсерін есептеуге болады.Көбіне бұл экономикада көрініс береді. . Клиометрияны сондықтан «жаңа экономикалық тарих» деп те атайды. Ол эконометрия тәсілдерінен шығады. Бұл экономикалық жүйенің бір-бірімен байланысты элементтерінің қатынасынан шығатын қазіргі экономиканың статситикалармен жасалған анализ методикасы болып табылады.. Эконометристер моделдерді құрап және есептейді. Эконометриялық тәсілдерді қолданғанда қолда бар мәліметтердің фрагменталды жерлерін моделдерді құру арқылы толықтыру тілегі пайда болады.. Клиометрияның эталондық үлгісі болып Р. У. Фогелдің «Железные дороги и экономический рост» (1964) атты еңбегі табылады. Автор мұнда он тоғызыншы ғасырда АҚШ экономикасына темір жолдардың салынуы қандай үлес қосқанын есептемек болды. Гипотетикалық модел жасай отырып ол егер темір жолдар салынбаса америкалық экономика 1890 жылы қандай түрде боларын анықтай отырып , . Фогель мынадай қорытындыға келді ұлттық өнім мөлшері 3, 1 % ғана аз, ал өңделетін жердің 76 % бәрібір нақты сол қалпында қалар еді, әрі темір жолдың салынуы экономиканың басқа салаларынан капитал мөлшерін шығындады. Автордың өзбі зерттеу нәтижелеріне таң қалып, алдыңғы уақытта өз қорытындыларына күмәнмен қарады. Эконометрикалық моделдерді олардың абстрактылығына байланысты және социо мәдени үрдістерден алшақтағаны үшін сынға ұшырады. Моделдер процестердің логикасына негізделіп жасалды. Тағы бір даулы мәселе зерттеуші моднлге барлық өзгерімділіктерді енгізді ме деген сұрақ. Жәнедағы клиометрия құндылығы моделдің дұрыс құрылуына байланысты таза статистикалық әдіспен алынған қорытындыларға сүйенеді. Таза экономикалық көрсеткіштерге сүйену кейде үлкен қорытындыларға әкеледі. Бұл тұрғыдағы жарқын мысалға Р. У. Фогел мен С. Л. Энгерманның «Время на распутье» (1974) атты екі томдық еңбегі жатады. Онда мұралық қағаздар мен плантациялық архивтер және халық санақтарына анализ жасау барысында АҚШ тың оңтүстік штаттарындағы плантациялық шаруашылық азамат соғысына дейін тиімді жұмыс жасағанын, құлдар салыстырмалы түрде қамтамасыз етілген жұмыс күші болғаны, ал олар жасаған эконометрикалық моделде құлдықтың моралдық факторларында ешқандай қарсылық болған жоқтығы айтылады. Эконометрикалық моделде моральдық факторлар енгізілмеді, бірақ моралдық мотифтер оқиғаның өрістеуіндегі маңызды қозғаушы күш болып табылады. Жалпы алғанда тарихшылардың айтуынша клиометрия экономикалық дамудың жеке факторларын талдауда ғана тиімді . Бірақ эконометрикалық факторлар оқиғаларды жалпы интерпритациялағанда маңызды рөлге ие емес. Алпысыншы жылдары клиометрияның перспективалары, тарихты зерттеуде көлемдік тәсілдердің пайдаланылуы, жалпы алғанда өте белсенді болып көрінді. Л.Стоунның айтуынша сол кезде тарихшылар сандардың мқлшерінен естері шығып «статистиканың наркомандарына » айналды. Дәстүрлі тарихшыларға бұл көзқарас тіпті де белсенді болып көрінбеді, қайта олар бұдан қауіптенді және бірнеше онжылдан кейін жаңағы белсенділік бәрінде азая бастады. Сонымен қатар көлемдік тәсілді жақтаушылардың сіңірген еңбегі ол тарихтағы мөлшерлеп көрсетуден максималды арылу еді. Бұның өзі айтарлықтай сәттілік болды.Бірақ көлемдік әдістің тек жекелегн нәтиже бертіні анықталды, ал бұл өз кезгінде ары қарай интерпритациалауды қажет етті. Тарихи түсініктемеге кейде сапалық тұрғыдағы материалдар да қажет болады. Мысалы сыртынан қарасаң көлемдік материалдарға сәйкес адамда барлығы жақсы сияқты, бірақ оған моралдық, құқықтық факторлар теріс әсер етіп, ол өзінің жағдайына қанағаттанбауы мүмкін. Тарихи зерттеулерде бұрынғыша статистикалық матералдармен қоса дәстүрлі сапалық көзқарастарды пайдалануды қажет етеді
ПӘНДІ ОҚУДАҒЫ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ ҰСЫНЫСТАР.

1 Әрқашанда басты, қосымша, анықтама әдебиеттерді оқу;

2 Ғаламтордағы білім беру сайттарымен жұмыс жасау;

3 Дәрістерді қысқаша жазу;

4 Тәжірибие тапсырмаларды бағдарлама курсына сәйкес уақытылы орындап отыру;

5 Тапсырмаларды өкізудің мерзімін сақтау;



КУРС САЯСАТЫ

Құрметті магистрант! Сізге міндетті түрде дәріс және пратикалық сабақтарға қатысу керек, дәрістерді қысқаша түрінде конспект жазып, практикалық сабақтарды бағдарлама курсына сәйкес жүргізу қажет. Практикалық сабақтардың орындалуы аудитория сабақтарында басталып МӨЖО тапсырмаларының орындалуымен жалғасып, МӨЖ тапсырмаларын орындалуымен аяқталады. Бақылау түрі ауызша билет түрінде тапсырылады.


Ұ с ы н ы л а т ы н ә д е б и е т т е р:

  1. Каталог: ebook -> umkd
    umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
    umkd -> Қазақстан Республикасының
    umkd -> Қазақстан Республикасының
    umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
    umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
    umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
    umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
    umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
    umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
    umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет