Шығарма «Мұғалім қалай киіну керек?» Жоспар I. Кіріспе: Шәкірттің жақсы болмағы – ұстазынан



Дата13.09.2022
өлшемі20,48 Kb.
#149333
Байланысты:
Шығарма «Мұғалім қалай киіну керек»
Эссе Қоғамға қалай қызмет ете аламын, ҚМЖ Химиялық байланыстың түрлері, Жұмаева Гүлназ БӨЖ №3 «Сакральды Қазақстан» бағдарламасы (wecompress.com), Еңбек іс-әрекетінің мотивациясы., Ағеділова Органикалық химия, Мектеп химия экспериментің жүргізу әдістемесі, Коллоидтық химия негіздері, ХИМИЯ ПӘНІНЕН ҚЫЗЫҚТЫ ТӘЖІРИБЕЛЕР, 1 сабақ. зат молшері моль, Презентация Жаңа педагогикалық технологиялар

Шығарма
«Мұғалім қалай киіну керек?»
Жоспар
I. Кіріспе:
1. Шәкірттің жақсы болмағы – ұстазынан


II. Негізгі бөлім:
2.1. Мұғалім мәдениеті – балалардың көз алдында болатын үлгісі.
2.2. Мұғалімнің сыртқы келбеті дегеніміз не?
2.3. Мұғалім киім киерде сақтауы керек қағидалар
2.4. Қазіргі заман талабына сай мұғалімдердің киінуі


III. Қорытынды
Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары
мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де
оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді.
Мәлік Ғабдуллин


1. Әр оқушыға жол сілтеп, оның бойына жақсы қасиеттер сіңіретін бірден-бір жан болса, ол – ұстаз. «Шәкірттің жақсы болмағы – ұстазынан» деп дана халқымыз айтқандай, ұстаз оқушыларды білім нәрімен сусындатып, қолынан келгенін үйретіп, бағыт-бағдар беріп қана қоймай, сыртқы келбетімен, киім киісімен, өзін ұстау әдебімен үлгі бола білуі тиіс. Себебі, оқушылар мұғалімнің біліміне ғана емес, жоғарыда аталған қасиеттеріне де ерекше көңіл бөліп, тәлім алады. Оқушылардың мұғалімге қатынасы көбіне оның имиджіне байланысты. Мұғалімдерге қолайлы имидж жасау үшін әйелдерге арналған киімді, шашты, макияжды дұрыс таңдау өте маңызды. Сонымен бірге, мұғалімнің бейнесі көбінесе ол мен оқушылар арасында қажетті қашықтықты құруға көмектесетінін түсіну керек.


2.1. Мұғалім жұмысында тәрбиелік мәні жоқ нәрсе болмайды, мәні жоқ нәрсе болмайды. Соның ішінде мұғалімнің киім киісі, мұғалім киіміндегі эстетизм, сән және мұғалім киімі еш жерде зерттелініп, бір жүйеге келмеген проблема. Нақты форма жоқ. Әрбір мұғалім өзінің жеке, эстетикалық талғамына, жалпы мәдени деңгейіне қарай киініп жүруі керек. Ескеретін норма – мұғалім оқушылардың қалт жібермей, құштарлықпен бәріне назар салып отыратынын білуі тиіс. «Киіміне қарай қарсы алып, ақыл-ой өрісіне қарай шығарып салатыны» анық. Сондықтан, нақты қағида – мұғалім жұмысқа жарасымды, сәнді киініп келуі. Мұғалімнің сыртқы келбеті – оның төңірегіндегі адамдарға аса құрмет көрсетуі болып табылады. Өйткені ол – қоршаған ортада жағымды ықпал жасайтын ерекше тұлға. Киім адамды тәртіптендіреді, жинақыландырады, оқушыға да әсер етіп, оны ілтипаттылыққа шақырады. Мұғалімнің салдыр-салақ киініп, еркек мұғалім сақалыне қырмай, әйел мұғалім шашын сәндемей, бет-жүзін әсемдемей сабаққа келетін болса, ондай ұстазды оқушылар құрметтемейді. А.С.Макаренко кезінде эстетикалық талғамнан қалған мұғалімді сабаққа жібермеген. Барлық уақытта мұғалім - салауатты өмір салтының үлгісі. Мұғалімнің мәдениетсіздік көрінісі оқушылардың психикасын бұзады. Барлық уақытта мұғалім – салауатты өмір салтының насихатшысы, үлгісі. Ішімдік ішпеу, темекі шекпеу, наша пайдаланбай, құмар ақталы ойынбен әуестенбеу – мұғалім үшін басты шарт. Мұндай улы заттар мұғалімнің миын уландырады да, оның басындағы білім қорын аздырады. Оқушылар ондайларды тез айыра алады. Лебінен ішімдік иісі аңқыған, демінен темекінің күмүлжі иісі бас қатыратын мұғалімді ешкім де қадірлемейлі. Улы заттардан уланған мұғалімнің дұрыс білім беруі де екіталай. Мұғалімнің мәдениетсіздік көрінісі оқушылардың психикасын бұзады; теріс әсер етеді, ұнамсыз эмоция туғызады. Ұлы ұстазымыз Ыбырай Алтынсарин мұғалімдерге темекі шегуге, насыбай атуға, ішімдік ішуге, құмар ойындар ойнауға тыйым салған. Ұлы ұстаздың осы ұстанымын қазыір өмірге ендіру – міндет әрі парыз.


2.2. Мұғалімнің сыртқы келбеті дегеніміз не? Тәрбиешінің сырт келбеті эстетикалық мәнге ие болуы тиіс. Өзінің сырт келбетіне селқос қарауға болмайды, сонымен бірге тым қатты көңіл бөлу де қажет емес. Педагогтың сырт келбеті оқушыларға ықпал жасаудың құралы, тәрбиешінің ішкі рухани дүниесінің бейнеленуі ретінде қолданылады. Тәрбиешінің эстетикалық мәнерлілігі оның бет-әлпетінің қаншалықты жылы шырайлылығынан, іс-әрекетінің жинақылығынан, ұстамдылығынан, орынды қимылдарынан, денесін тік ұстауынан, жүрісінен көрінеді. Оған мазасыздану, қимылдардың жасандылығы, солбырлық жараспайды. Сіздің сыныпқа қалай кіргеніңіз, қалай қарайтыныңыз, қалай амандасатыныңыз, отырғышты қозғау қимылыңыз, сынып ішіндегі жүріп-тұруыңыз, осы «ұсақтарды» барлығы да сіздің балаға ықпал жасаудың күші болып табылады. Сіздің барлық іс-әрекетіңізден, қимылыңыздан, көзқарасыңыздан балалар үлкен күш-жігерді, өзіне сенімділікті сезінуі тиіс. Тап осындай салмақты, сенімді, ашық болсаңыз, сіз адам, тәрбиеші ретінде қуатты бола аласыз. Егер мұғалім оқушылардың алдына дұрыс үтіктелмеген костюммен, өте таза емес бет орамалмен, таралмаған шашпен келіп тұрса, тәрбиеленушілерден ұқыптылықты, тазалықты талап етуге болмайды.Мұғалімнің киіміне қойылатын негізгі талап – қарапайымдылық, сымбаттылық, артықшылықтың болмауы, жақсы талғам. Қайсыбір шаш үлгісі, көйлектің айрықша тігісі, шаштың түсін жиі өзгерту оқушылардың назарын аударады. Мұғалімнің киім киісіндегі әшекей бұйымдар, костюмі, шаш үлгісі әрдайым педаогикалық міндетті – тәрбиеленуші тұлғасының қалыптасуына тиімді ықпал етуге – шешуге бағытталуы тиіс. Мұғалім әрқашан киім кигенде орнын және белгілі бір шекті сезінуі керек. Сондықтан, ол сабаққа және театрға барарда түрліше киінеді.Балалар педагогтың ішкі және сыртқы әдемілігінің бірлігін, тұтастығын өте жоғары бағалайды. Сондықтан, әрбір мұғалімнің бойында өзінің сырт келбетінің эстетикалық мәнерлі болуын арттыруға ұмтылысы болуы тиіс. Тәрбиешінің сырт келбетінің мәнерлілігі, сымбаттылығы оның өз денесін тік ұстауына да байланысты. Денені тік ұстау тұлғаның ішкі абыройының көрсеткіші. Бүкірейген, әлсіз адам күштің нағыз қуатты көрсеткіші бола алмайды. Бүкірлік, салбыраған бас, бос жатқан қолдар адамның ішкі дүниесінің әлсіздігін, оның өз-өзіне сенімсіздігін, жұмыс жасауға деген ықыласының жоқтығын білдіреді. Адамның бойының ұзындығына қарамай тік жүруі, жинақылығы оның ерекше күштілігін көрсетеді; оқушылар бұл педагогтың өзінің біліміне, күшіне сенімді екенін көреді, мұғалім оларды баурап алады. Денені дұрыс, тік ұстау үшін спортпен, арнайы әдістермен айналысу қажет. Мұғалім сабақта оқушылардың алдында дұрыс тұру мәнерін, сыныпта ешкімге кедергі жасамай қозғалуға үйренуі тиіс.
Мұғалім үнемі классикалық үлгіде киіну керек. Ақ кофта, оның жағасы болуы керек, кара немесе көк түстегі юбка. Ақ кофтанын сыртынан жакет киюге болады. Егер жағасы жоқ кофта болса сыртынан пиджак киген дұрыс. Кофталардың кеудесі катты ашық болуға болмайды. Жылтыр тастары бар түрлі-түсті футболкалар киюге катаң тыйым салынады. Юбканың ұзындығы тізеден немесе тізеден аздап түсіп тұруы тиіс. Шаштары ұзын болса үнемі жиналып, самай шаштары шығып тұрмағаны дұрыс. Қысқа болса әдемі қыйылған болу керек. Аяққа туфли өте биік кажет емес. Жұмысқа келгенде екінші аяк киім болу міндетті. Туфли тандағанда алды, арты, жабықтығын ескеру керек. Сабақ қезінде, педсоветке барғанда, баяндама оқығанда аяққа ашық қоңыр түстегі колготки кию кажет. Тырнаққа да көңіл бөлген жөн. Үнемі маникюр жасалып, боялып тұрса әдемі көрінеді (онда да өте қанық түс болмайды). Ал егерде тырнағы дұрыс алынбай, оның үстіне жаққан бояуы жарым жартылай, алақ-жалақ болса, ол өзгелер тұрсын өз-өзін мүлдем сыйламайтын педагог ретінде саналады. Ата-ана келгенде әдемі болып шығу керек. Осы карапайым ғана ережелерді сақтасаңдар сендерге құрметпен карайтын болады. Болашақ ұрпақ бізге қарап бой түзейтін болады.
2.3. Қосымша мұғалім киім таңдарда, я болмаса оны киерде мына қағидаларды есте сақтаған жөн:
1. Мұғалім киімнің түстерін таңдауға ерекше назар аударуы керек. Қара және ақ түсті - ең қолайлы классикалық түстер. Сондай-ақ, үнсіз қара және ашық реңктерді қолдануға болады: ақ сары, кілегей, қою көк, шоколад және т.б. түстерді де қолдануға болады. Өте ашық түстер аталған салада ерсі көрінеді, қолайлы болмайды.
2. Егер де киімде өрнектер болса, олар классикалық киім үлгісіне сай болуы тиіс. Мысалы, торкөздер немесе түзу сызықтар. Киімдегі жазулар, көз тартатын шимай-шатпақ өрнектерден бас тартуға тура келеді. Сондай-ақ тордағы маталар, жолақтар және т.б. өте қолайлы, бірақ абстрактілі ою-өрнектер, жазулар және басқа сәнді нұсқалардан бас тарту керек.
3. Сәнді киім кигісі келетін тәрбиешілерге классикалық стильдерден шабыттандыратын және заманауи түрмен жақсартылған өнімдерді таңдаңыз. Оның үстіне, кез-келген жағдайда, сурет орташа қатал болуы керек және сонымен бірге талғампаз болуы керек, арсыздықты білдірмейді.
4. Мұғалім өзіне сенімді, тәжірибелі, білімді болып көрінуі керек. Бұған, әрине, қоғамда өзін-өзі ұстай білу, мінсіз мінез-құлық көмектеседі. Сонымен қатар, сіз тиісті аксессуарларды да пайдалана аласыз: сәнді, ресми көзілдірік, сағат, талғампаз сөмке немесе портфель.
5. Мұғалімнің шаш үлгісі өзіне жарасымды болғаны дұрыс. Оның оған сәйкес келуі айрықша маңызды: психологтардың пікірінше, сыртқы түрінің қадір-қасиетін атап, кемшіліктерді жасыруды білетін әдемі адамдар айналасындағыларды саналы түрде табысты, білімді, өздеріне сенімді деп қабылдайды.
6. Мұғалім мамандығына сай талғаммен киініп, ұқыпты келбетімен үлгі бола отырып, ішкі жан-дүниесінің көркемдігімен, шәкірт жанын ұғына алар кеңпейіл мінезімен көрінуі керек. Адамдар үйлесімділікке баса назар аударатынын есте сақтаңыз. Мәселен, қалай болса солай жасалған шаш үлгісі талғамға сай жейдеңіздің сәнін кетіреді. Психологтардың пікірінше, «жалықтыратын» мұғалім баланың өзі оқытатын пәнге деген сүйіспеншілігін жоя алады, ал балаларды қызықтырып, қызықтыра алатын мұғалім олардың бойында оқуға деген сүйіспеншілікті де оята алады. Бұл әсіресе төменгі және орта сыныптарда сабақ беретін мамандарға қатысты. Мұғалім тұлға ретінде қызықты және сонымен қатар тартымды көрінуі керек. Адамдар элементтердің жиынтығына назар аударатындығын ұмытпаңыз: мысалы, шашыраңқы шаш талғампаз костюмнен шыққан жақсы әсерді жоя алады.
Осы нәрселерді шебер үйлестіре білген білікті ұстаз шәкірттерді білім нәрімен сусындатып қана қоймай, өскелең ұрпақтың өзіне қарап дұрыс бой түзеуіне, тұлға болып қалыптасуына септігін тигізеді.


2.4. Педагогтың шаш үлгісі де, киген киімі де, таққан әшекейлері де балаға ықпал ететіндей киіну керек. Педагогтың киімі эстетикалық жағынан әсерлі, әдемі, жарасымды болу керек Педагогтың шаш үлгісі де, киген киімі де, таққан әшекейлері де балаға ықпал ету мақсатында таңдалу керек. Педагогтың жүзі жайдарлы, қозғалыстары жинақы болғаны дұрыс. Педагог өзіне-өзі сенімді болуы керек. Педагогтың бойында мынадай этикалық қасиеттер болу керек: мейірімділік, балаларға деген шынайы махаббат, эмоционалдық байсалдылық, әділдік, балаларға деген зейін, қайырымдылық, сергектік, өмірді сүйгіштік, тіл табыса білу, бәрімен араласа білу, жігер, қарапайымдылық, сабырлық көрсетуі, өзін-өзі басқарып ұстамдылық жасауы, жат қылықтардан бойын аулақ ұстауы, қарым-қатынас жасай алу ептілігі, ол бала үшін құрметті адам.
3. Қорытындылай келе, жеке адамның сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы этикалық сұлулықтың белгісі екен. Үлгілі педагогтардың сөзімен айтқанда адамда: бет, киім, жан, ой – бәрі сұлу болу керек. Біз, болашақ мұғалімдер, әрқашан сұлу болып жүруіміз керек. Балалық өмірдің ең қызықты кезеңдері білім ордасында өтеді. Сол білім ордасының тұлғасы – ұстаз. Ұстаз шәкірттің жан сұлулығын зерделей зерттеп, оның адамдық асыл қасиеттерінің жақсара түсуін қадағалайды, қамқорлық жасайды, өз баласындай көреді. Шәкірт ата-анасынан гөрі ұстаздардан көбірек тәлім-тәрбие алады. Балаға адам ретінде қадірің болу, ол үшін киім киісің, сөйлеу мәнерің, жүріс тұрысың, қарым – қатынасың үлгі болатындай болу керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет