Шығармашылық тақырыбы: «Сын тұрғысынан ойлауды оқытуда Блум таксономиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту»



бет1/2
Дата18.07.2017
өлшемі0,71 Mb.
#21234
  1   2
ОҚО Бәйдібек ауданы «Саттар Ерубаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығармашылық тақырыбы:

«Сын тұрғысынан ойлауды оқытуда Блум таксономиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту».

Баяндаманың тақырыбы:

Блум жүйесін сабақта қолдану тәжірибемнен.

Биология пәні мұғалімі: Қарабекова.Р.С.

2016ж.


Қарабекова Рыскүл Сейдахметқызы

Туған күні,айы,жылы 12.02.1967.

Биология пәнінің мұғалімі

Саттар Ерубаев атындағы жалпы орта мектебі

Еңбек өтілі: 20 жыл.

Жоғарғы санатты

І (ілгерінді) деңгей, ПШО Шымкент қ.филиалы.

Проблемалық тақырыбы:


«Сыни тұрғысынан ойлауды оқытуда Блум таксономиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту».

Саттар Ерубаев атындағы жалпы орта мектеп

Боралдай ауылы, К. Бердиев көшесі №22

8701 308 51 35 , 48- 3- 13 , riko_120267@mail.ru



Жоспары:
Кіріспе.

1. « Блум таксономиясы - жеке тұлғаға бағытталған шығармашылығын дамытушы және білімді толық меңгертудің әдісі»

2. Негізгі бөлімі. Блум таксономиясы – сабақтарда (өткізген ашық сабақтар топтамасынан, оқушылар шығармашылығынан ).

3.Қорытынды (кері байланыс, рефлексия).


«Мен еш уақытта өз оқушыларыма ешнәрсе үйретпеймін, тек қана олардың оқуы үшін жағдай жасаймын»

Альберт Эйнштейн.
«Балалардың бойында ұлы мүмкіншіліктердің бәрі бар» деп Т.Фуляр айтқандай бала бойындағы дарындылық, ғылымилық қабілетін ашу, жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу – бүгінгі заманның талабы.(www.cpm.kz)

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы «Қазақстанның болашағы - дарынды балалар қолында» деп бекер айтпаған. Елбасының көреген саясатының арқасында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың ортасынан лайықты өз орынын таба білді. Президентіміздің «Біз таяу уақытта дамыған 50 елдің қатарына жетуіміз керек» деген мақсатына еліміз қол жеткізді. Тәуелсіздік алған 20 жылдан астам уақытта Кеңес үкіметі заманында даярланған кадрлардың орнын заманауи техниканы меңгерген білімді мамандар басты. Бүгінде барлық салалар жоғары қарқынмен даму үстінде. Ал күн сайын өзгеріп отырған технология, нанотехнология, молекулярлық биология, космосты игеру сынды ғылым салаларына ілесіп отыру үшін білім саласындағы мамандарға үлкен ізденіс керек. Адам құндылығын дамыту арқылы әлем елдері ғылым мен білімге аса көңіл бөліп, білімді де білікті маман даярлау ісіне зор мән беруде.

Оқушыны шығармашылыққа баулу, өз еңбегінің нәтижесін көруге, оны бағалауға бағыттау-өте күрделі үрдіс. Оқушының шығармашылық мүмкіндігі оның жеке тұлға ретінде қалыптасу үрдісінде пайда болады. Сондықтан да оқушының шығармашылық әрекеті өнімді әрекетпен ұштасып жатуы тиіс.
Алдыменен мұғалім түрлі стратегияларды қолдануға қабілетті болуы керек. Ол үшін өз бетімен ізденулері, бір-бірімен білім алмасуы арқылы қабілеттерін шыңдауы қажет. Оқушылардың дамуын жақсарту үшін мұғалім оқыту үдерісінде жаңа әдіс-тәсілдерді өз тәжірибесіне енгізе білуі тиіс. Мен мектепті дамыту жоспарының басымдығын «Сыни тұрғысынан ойлауды дамытуда Блум таксономиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру» деп алдым. Өйткені, мұғалім оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын туғызу арқылы өзі де дамиды және танымдық қабілеттерін арттыру арқылы шығармашылық деңгейге жеткізеді .

Блум таксономиясы адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді. Тапсырмалар құруда оқытудың белсенді әдістердің мәні- оқушыларды кәсіби іс-әрекетті меңгеруге бағытталады. Сабақ жоспарын Блум таксономиясына салып, бағдарламада белгіленген жеті модульді ықпалдастырудың арқасында оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ қызығушылықтарын түсініп, оқытудың жаңа тәсілдерін тиімді және орынды пайдаланып, оқушы бойында ішкі уәж тудырып, өз қабілеттеріне сенім арттырып, ол өз кезегінде жаңа материалды саналы түрде меңгеруіне әсер етеді деп күтілді.



Мақсаты: Оқыту үрдісінде және бағалауда Блум таксономиясын қолдану арқылы оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау, ой жүгірту, тұжырым жасау, проблеманы шешу және рефлексивтік тәсілмен қалай істеуге болатындығын анықтау жағдайында танымдық қабілеттерін дамыту. Менің таңдаған тақырыбым Халықаралық бағдарламаның негізінде іске асатындықтан оқыту мен оқу үрдісінде маңызды орны бар деп есептеймін.

«Қойылған мәселелер оқушылар үшін мәнді болу керек, ол оқушылар қызығушылығынан туған жағдайда ғана мүмкін» (Дж.Дьюи,2000).



Күтілетін нәтиже: Сыни тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың белсенділігі, өзіндік сана - сезімі мен пайымы дамиды; мұғалімнің кәсіби білімі артады. Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытудағы маңызды әдіс және оның деңгейлері негізінде балаға терең білім беріледі, жеті модульде қамтылады, әрі оқушыны бағалауда мұғалім олардың деңгейін таниды, шынайы бағалау болады. Блум таксономиясының құрылымы танымдық үрдістің бір деңгейінен екінші деңгейіне, яғни қарапайымнан күрделігі біртіндеп өтеді деп саналады. Сыныпта осындай сұрақтар қою арқылы оқушылар үйреніп қана қоймайды, сондай орта қалыптастырады. Оқушылар шығармашылық деңгейге қөтеріледі.

Блум таксономиясы - жеке тұлғаға бағытталған шығармашылығын дамытушы және білімді толық меңгертудің әдісі болып табылады.

 І. Білу.

Таным мен ойлау деңгейі – төмен деңгей. (Слайдпен жұмыс)

Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.

Оқушы:


·         Қолданылған терминдерді біледі (есте сақтайды және қайталайды);ъ

·         Нақты фактілерді біледі;

·         Жұмыстың орындалу ретін біледі,

·         Негізгі ұғымдарды біледі;

·         Ережелерді, қағидаларды біледі.

Тапсырмалар түрі:

Не? Қашан? Қандай? Қайда? атап көрсету, жабық тест тапсырмалары; қалдырып кеткен белгiлердi қою; жатқа айту; анықтамалар мен атауларды қайталау, олардың қолдану тәртiбiн айту.
Қолданылған әдістер:

«10 сұрақ» әдісі  арқылы үш нұсқалы жауаптың дұрысын таңдайды «АӘБ»  әдісі арқылы тест тапсырмаларын  топпен орындайды. Топта бір оқушы "АӘБ" әріптерін көтеріп отырады, дұрыс жауабын топта талқылайды, оқушылар сұрақтарға жауап береді.

«Миға шабуыл» арқылы лездемелік сұрақтар қою, жабық тест тапсырмаларын орындату интерактивті тақтада.

« Сұрағы бар қорап» әдісі бойынша оқушылар қораптағы сұрақтарға жауап береді.

Мысалдар:

«Нуклеин қышқылдары» тақырыбын өткен кезде:

1.Полимер молекуласы қарапайым заттардан құралады, оларды қалай атайды?

2.1888 жылы орыс биохимигі А.Я.Данилевский өз тәжірибелеріне сүйеніп қандай

болжам айтқан?

«Липидтер» тақырыбын өткен кезде:

1.Суда ерімейтін май қышқылдары мен глицериннен тұратын күрделі органикалық қосылыстар.

2.Қандай заттар жылу изоляторы болып табылады және адам ағзасының қай жерлерінде қорға жиналады?

ІІ. Түсіну.

Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей. (Слайдпен жұмыс)

Оқу материалын түсінгендіктің ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады:

Трансляция – оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру (мысалы, математикалық формуланы сөзбен айтып беру;  сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету, т.б.);

Интерпретация – оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау;

Жорамалдау – оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.

Оқушы:

·         Фактілерді, ережелерді, қағидаларды түсінеді;



·         Сөзбен келтірілген материалды, схемалар, графиктер, диаграммаларды түрлендіреді;

·         Берілген ақпарат бойынша болашақта туындалуы ықтимал салдарын сипаттайды.

Тапсырмалар түрі:

            Қалай? Неліктен? Сөйлемді аяқтаңыз; сөйлемді өзгертіңіз; өзара байланысын түсіндіріңіз; айырмашылығын көрсетініз; өз сөзіңізбен айтыңыз; графикті, суретті түсіндіріп беріңіз.

Қолданылған әдістер:

«Жигсо», «Жигсо-1», «Аквариумдағы балық» әдістері арқылы жүргізіледі. Мәтін мазмұны тыңдалып,сыни ойлау арқылы ой жасалады,белгілі бір қортындыға келеді.Көбірек мағұлмат,пікір,түсінік, дәлелдер жиналуына мүмкіншілік береді.

«Мәтінді тыңдап, аяқта» әдісі
Келесі мәтіннің басын тыңдап, аяғын өзі құрастырып, аяқтайды.

1-2-сурет. Оқушылар жаңа тақырыпты топпен талқылау үстінде.


Оқушылар тақырыпқа мақсат қояды, жұппен, топпен талқылайды, әрбір топтан  көшбасшы дайындап, сағат тілімен басқа топқа барып мазмұндайды, өз жанұя топтарына келеді, тақырыппен толық  танысады. Топпен постерге түсіреді.

 ІІІ. Қолдану.

Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей. (Слайдпен жұмыс)

Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіне деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.

Оқушы:

-          Ұғымдар мен қағидаларды жаңа жағдайларда қолданады;



-          Заңдар мен теорияларды практикалық тұрғыдан нақты ситуацияларда қолданады;

-          Әдіс немесе жұмыс ретін дұрыс қолданатындығын көрсетеді.

Тапсырмалар түрі:

            Жасап көр; таблица, график жаса; қолдану мақсатын түсіндір;

Қолданылған әдістер:

«Синектика», «Сана аллеясы», «Қар көшкіні» әдістері арқылы жүргізіледі.

Мысалдар:

Оқушыларда метафора мен теңеу туралы түсiнiк бар (Білім), олардың айырмашылығы да белгiлi (Түсiну), ендi тапсырмада метафора мен теңеу қандай бейнелерді құрастыратындығын айтып беруi керек.


3-4-сурет.Постерге презентация жасау,  қорғау үстінде

«Сүйектің құрылысы, құрамы, байланысу» тақырыбын өткен кезде: «Сөз сүйектен өтеді», «бес саусақ бірдей емес», «сүйек жаңғырту» деген сөздердің мағынасын қалай түсіндіресіңдер?

 ІV. Талдау.

Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. (Слайдпен жұмыс)

Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау, бүтіннің қалайша ұйымдастырылғандығын сезіну. Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді.

Оқушы:

-          Жасырын (көзге көрінбейтін) жәйттерді ашады;



-          Ойдың өрбуінен қателер мен олқылықтарды айқындайды,

-           Фактілер мен олардың салдарының арасын ажыратады;

-          Ұсынылған фактілердің маңыздылығын айқындайды.

Тапсырмалар түрі:

            Құрылымы қандай? Салдары неде? Топтастырыңыз; салыстырыңыз; себебін талдаңыз.

Қолданылған әдістер:

Тапсырмалар беру арқылы жаңа сабақты тереңірек түсіну. Төменгі және жоғары деңгейлі сұрақтар қойып, тақырыпты талдауға үйрету.

  “Кластер” әдісі арқылы әр топ өздері таңдап алған бағыт

бойынша топтастыру жасайды.

«Венн диаграммасы» арқылы өткен тақырыппен байланыстыра отырып салыстырады, алған білімдерін зерделейді, ажырататады.

«Веер» әдісі арқылы тірек сызбалармен жұмыс жүргізілді.

«Блум түймедағы» әдісі бойынша тақырыпты талқылайды.

5-6-сурет. Оқушылар топтық жұмыс жүргізуде.

Мысалдар:

Ұқсастығы мен айырмашылығын салыстырыңыз.

Абай атамыздың «Сенде бір кірпіш дүниеде кетігін тапта бар қалан» дегеніндей бұл мақал қай заттын қызметіне сәйкес келеді?

Жай суға кетпейді, суға салсаң ерімейді.

V.Синтез (жинақтау, жүйелеу).

Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. (Слайдпен жұмыс)

Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.

Оқушы:

-          Шығармашылық тұрғыдан кішігірім шығарма (эссе) жазады;



-          Тәжірибе жасаудың өзіндік жоспарын ұсынады;

-          Қандай да болмасын проблеманы шешу үшін өз білімдерін шығрамшылықпен қолданады.

Ойлап табады, байланыстырады, шығарады. Ойын түйіндейді. Проблеманы шешудің өзіндік үлгісін жасайды.

7-8-сурет.Оқушы шығармашылықтары.


Тапсырмалар түрі:

            Өз шешіміңізді табыңыз, алгоритм құрастырыңыз, баламасын табыңыз, бөліктерден құраңыз, жүйелестіріңіз, зерттеңіз.

Қолданылған әдістер:

«Сиқырлы сандықша» әдісі арқылы оқушылардың алған білімдерін жинақтау мақсатында сұрақ -жауап ұйымдастыру.

«Семантикалық картаны» толтырды және өз ойларын дәлелдейді,тапсырмалар орындайды.

9-10-сурет.Оқушылардың тақырып бойынша семантикалық картаны толтыруы.

«Фотограф»әдісі арқылы таратпа суреттермен жұмыс жүргізіледі.

«Қар көшкіні» әдісі.Тірек сөздермен жұмыс жүргізе отырып өзара бағалайды.

«Ой толғаныс» кезеңінде танымдық тапсырмалармен жұмыс жүргізу:

Мысалдар:

1.Эссе, шығарма, өлең, шешендiк (ораторлық) сөз, сценарий, компьютерлiк бағдарлама жазу.

2. Мәлiмет бойынша барлық бiлiмдi тиянақтап, оны бiр жүйеге келтiрiп, жоспар немесе кесте құру (Тәжірибенi жоспарлап, нәтижесiн бақылау).

3. Ғылыми гипотеза (болжау) құрастырып, ұсыну.

VІ. Бағалау.

Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. (Слайдпен жұмыс)

Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді.

Оқушы:

-          Оқу материалы құрылымының логикасын жазбаша түрде бағалайды;



-          Ішкі немесе сыртқы критерийлерге сүйеніп, оқу материалының маңыздылығын айқындатады;

-          Жасалған шешімдер мен қорытындылардың берілген фактілерге сәйкестігін анықтайды.

Мысал:

«Сiздiң ойыңызша бұл дұрыс/бұрыс, маңызды ма/емес пе, жақтайсыз ба/ қарсысыз ба?» деген пiкiрталас, полемика мен дау-дамай туғызатын сұрақтар арқылы жүзеге асырылады


11-18-суреттер оқушыларға арналған танымдық тапсырмалар.

Қорыта келе айтарым блум таксономиясы:
1. оқу материалын терең түсінуге;
2. оқу мотивациясының артуына;
3. алған білімнің ұзақ уақыт есте сақталуына;
4. білім беруге жұмсалатын уақыттың азаюына ықпал етеді.
Нәтижесінде:оқушылардың қабілеті мойындалады;


  • мұғалімнің қабілетті оқушымен жұмыс істеу

  • іс-тәжірбиесі қалыптасады;

  • қабілетті оқушының сабаққа дайындығы арқылы

сыныптың интеллектуалдық деңгейі көтеріледі;

барысында тиімді пайдалану;

  • оқушының білім алу кеңістігіне толық мүмкіндік беріліп,

өзін-өзі басқара отырып келешек мамндық таңдауда

өзі шешім қабылдауға икемделеді;



  • ғылыми жұмыстардың қыр-сырын меңгеру арқылы

шығармашыл, қабілетті жеке тұлға қалыптасады

Осындай жұмыстардың нәтижесі ретінде Бегманова Мадина, Жақыпбек Баян, Шардарбек Несібелілердің жетістіктеріне тоқталып өтейін.

«Қазақстан 2030» стратегиясында «Қазақстан дамуының экономикалық

және әлеуметтік моделдері» тақырыбында өткен Оңтүстік Қазақстан

обылысы оқушыларының ғылыми жарысына «Адам денсаулығын және

қоршаған ортаны қорғау» секциясы бойынша қатысқаны үшін Бегменова

Мадина грамотамен марапатталды.

Обылыстық «Экология және балалар» атты оқушылардың зерттеу

жұмыстары мен жобалар конкурсының «Экология және адам денсаулығы»

секциясында III- орын алғаны үшін Бегманова Мадина дипломмен

марапатталды.

ҚР Кіші Ғылым Акдемиясының Обылыстық ғылыми-

тәжірбиелік конференциясына өз баяндамасын ұсынғаны үшін медицина

секциясы бойынша Бегманова Мадина I дәрежелі дипломмен

марапатталды.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен оқушылар

олимпиадасының аудандық кезеңінде биология пәнінен I- орын алғаны

үшін Жақыпбек Баян марапатталды және облыстық пәндік олимпиадада



II-орын алып, алғыс хаттпен марапатталды.
Ғылыми жоба жеңімпазын дайындағаным үшін облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен мараппатталдым.

2015 жылы 10 сынып оқушысы Шардарбек Н. Жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен олимпиаданың аудандық кезеңінде биология пәнінен I-ші орынды иеленді.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет