Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 31 қазандағы № 289 қаулысы
«Шығыс Қазақстан облысының
туризм, дене шынықтыру және спорт
басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
2011-2015 жылдарға арналған
стратегиялық жоспарын бекіту туралы»
2010 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 691 қаулыға өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-5) тармақшасына, «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 8/99-V шешімге өзгерістер енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 9 тамыздағы № 13/155-V, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3031 шешіміне, «Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 29 шілдедегі № 192 қаулысына, «2013–2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 8/99-V шешімін іске асыру туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 319 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 6 қыркүйектегі № 235 қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шығыс Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 691 қаулысына (2011 жылғы 25 сәуірдегі № 81, 2013 жылғы 31 мамырдағы № 135 қаулылармен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы»;
1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес «Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011–2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары (бұдан әрі – Стратегиялық жоспар) бекітілсін.»;
аталған қаулымен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы (Ә. Б. Дөңбаев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Е. Б. Көшербаевқа жүктелсін.
Облыс әкімі Б. Сапарбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Шығыс Қазақстан облысы
қаржы басқармасының басшысы
_________________ М. Сапарғалиев
2013 жылғы «____»_____________
Шығыс Қазақстан облысы
экономика және бюджеттік жоспарлау
басқармасының басшысы
__________________Е. Ясинская
2013 жылғы «____»_____________
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2013 жылғы «31» қазандағы
№ 289 қаулысымен
бекітілген
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2010 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 691 қаулысымен
бекітілген
|
Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының
2011-2015 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары
Мазмұны
1. Миссиясы мен пайымдауы
2. Дене шынықтыру және спорт саласының ағымдағы жағдайын және даму үрдісін талдау
3. Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралар және нәтиже көрсеткіштері
3.1. Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралар және нәтиже көрсеткіштері
3.2. Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі
4. Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту
5. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл
6. Тәуекелдерді басқару
7. Бюджеттік бағдарламалар
7.1. Бюджеттік бағдарламалар
7.2. Бюджеттік шығыстар жиынтығы
1 бөлім. Миссиясы мен пайымдауы
Миссиясы - облыста дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында спорттық, қоғамдық ұйымдардың қызметін тиімді мемлекеттік басқару мен үйлестіруді қамтамасыз ету.
Пайымдауы - Шығыс Қазақстан облысы - Қазақстандағы спорт орталығы. Облыста салауатты өмір салты қағидаларын дамытуға ықпал ететін білім беру мекемелері мен еңбек ұжымдарындағы дене шынықтыру ұжымдарының кең жүйесі, облыс спортшыларының республикалық және халықаралық ареналарда табысты өнер көрсетуі.
2 бөлім. Дене шынықтыру және спорт саласының ағымдағы жағдайын
және даму үрдісін талдау
2010 жылы «Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Басқарма) қызметі Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 желтоқсандағы № 230 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындауға бағытталды.
1 стратегиялық бағыт. Бұқаралық спорт пен жоғары жетiстiктер спортын дамыту.
Реттелетін сала немесе қызмет саласы дамуының негізгі параметрлері
Басқарма спорт инфрақұрылымын одан әрі дамыту, материалдық-техникалық базаны жақсарту және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған жұмыс жүргізуде. Облыста спорттың 73 түрі таралған: жазғы олимпиада түрлері - 24, қысқы олимпиада түрлері – 8, олимпиадалық емес түрлері – 41.
2010 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша спорт құрылғыларының саны 2804 бірлікті құрады, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 9 бірлікке артық. Оның ішінде: 1 спорт сарайы, 20 стадион, 11 спорттық кешен, спорттық құрылыс – 6, жүзу бассейні – 18, спорт залдары – 666, шаңғы базасы – 25, ату тирлері – 132, жазық құрылғылар – 1495 бірлік (соның ішінде жалпы білім беретін мектептердің спорт залдары) және басқа түрлері – 436, оның ішінде 1784 ауылдық жерлерге тиесілі.
2010 жылы облыста жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен айналысатындардың саны 214352 адамды немесе халықтың жалпы санының 15,3%, ал 2009 жылы 129334 адам немесе халықтың жалпы санынан 9,2% құрады. 2009 жылғы деңгейге 2010 жылғы өсім 85018 адамды немесе 6,1% құрады.
2010 жылы Шығыс Қазақстан облысы аумағында барлығы 2789 бұқаралық-спорт және дене шынықтыру – сауықтыру іс-шаралары жүргізіліп, оларға 431315 адам, оның ішінде 113730 балалар мен жасөспірімдер (18 жасқа дейін) қатысты.
Спорт мектептерінде 19561 адам айналысады, бұл өткен жылға қарағанда 217 адамға артық. Осы мектептерде - 761 (2008 – 794, 2009 - 765) алғашқы дайындық тобы, 688 (2008-650, 2009 - 703) оқу-жаттықтыру тобы, 98 (2008-99, 2009 - 108) спорттық жетілдіру тобы, 26 (2008 – 28, 2009 - 23) жоғары спорттық шеберлік тобы жұмыс істейді.
Облыс аумағында футбол, волейбол, гандбол, көкпар сияқты спорт түрлері бойынша 7 кәсіби спорт клубы жұмыс істейді. Спортшылардың жазғы олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша кәсіби өсуі мен жетістіктерін ескере отырып, жоғарғы спорттық шеберлік мектептерін ашу қажеттілігі бар, себебі спортшылардың дайындық деңгейі жыл сайын жоғарылап келеді және анағұрлым жоғары кәсіби көзқарасты талап етеді.
2010 жылы облыстың құрама командалары кешенді республикалық жарыстарға қатысты, оның ішінде: облыстың құрама командасы Қазақстан Республикасының І жасөспірімдер ауылдық спартакиадасына қатысып, 3 орынды иеленді, Қазақстан Республикасы Президенті жүлдесіне халық спортының 4-ші ойындарының қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының құрама командасы үшінші орынды иеленді.
Астана қаласында бокс бойынша Қазақстан Республикасы чемпионатында – жалпы командалық 1 орын. Көркем гимнастика бойынша Қазақстан Республикасы чемпионатында – топтық жаттығуда жалпы командалық 1 орын.
Спорт түрлерін дамытуға облыс әкімінің жүлдесіне арналған дәстүрлі халық спорты ойындарын және балалар спорты ойындарын, мемлекеттік қызметшілер арасындағы спартакиаданы өткізу ықпалын тигізеді. Ойындардың, спартакиадалардың барлық кезеңдеріне жыл сайын 30 мың облыс тұрғыны шығады. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесіне халықтық спорт ойындары 3 кезеңде өткізіледі: 1-кезең – облыс дене шынықтыру ұжымдарында, қала және аудандарында жаппай өтетін жарыстар, 2-кезең – спорттың ойын түрлері бойынша алдын ала (аймақтық) жарыстар, 3-кезең – ақтық жарыстар.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен «Қазмырыш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Қазақмыс» корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар іске асырылды, олардың аясында Өскемен қаласында теннис орталығы құрылысы және «Восток» стадионын қайта жаңарту жүзеге асырылды.
Сонымен қатар, спортпен шұғылданатындар санын арттыру мен бұқаралық спортты дамыту үшін облыста спорт түрлері бойынша қолжетімді спорт секциялары мен клубтар жеткіліксіз, сондай-ақ, әрбір ауылдық округте спорт нұсқаушыларының санын арттыру қажеттілігі бар.
Материалдық базаның (спорт залдарының) болмауы мен сыныптардың толмауына байланысты облыстың 332 мектебінде сабақ бөлек өткізіледі, ал қалған 399 мектепте бөлек оқытуды енгізу бойынша жұмыс жалғасуда.
Жалпы білім беретін мектептер спорт құралдарымен және жабдықтармен қамтамасыз етілген, оқу бағдарламасын ойдағыдай орындау мен сыныптан тыс және мектептің бұқаралық спорттық жұмысын жүргізу үшін облыс мектептерінде 504 спорт залы, 706 спорт алаңы, 66 бейімделген үй-жай, 73 шаңғы базасы бар.
Жалпы білім беретін мектептердің спорт құрылғыларымен қамтамасыз етілуі ауылдық және қалалық жерлерде 68,9 % құрайды.
2010 жылы жалпы білім беретін мектептерге спорт құралдарын және жабдықтарын сатып алу үшін қалалық және аудандық бюджеттерден 35,979 млн. теңге бөлінген, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 2 есе кем.
Дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданатын балалардың санын арттыру мақсатында облыс мектептерінде 71537 балалар, жасөспірімдер және жастар (29,5%) қамтылған 3690 спорт секциясы ұйымдастырылған. Олардың ішінде спорт мекемелерінде (балалар-жасөспірімдер мектебі, жоғары спорт шеберлік мектебі) 19561 адам спортпен белсенді айналысады, бұл 6-дан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің жалпы санының 10,6% құрайды. Барлық спорт секциялары тегін негізде қызмет етеді.
«Азаматтық қызметшiлерге, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерiне, қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына сәйкес «Салауатты өмір салты» бағдарламасы бойынша базалық лауазымдық еңбекақы мөлшеріне 45% қосымша төлем көзделуде.
Облыста мүмкіндіктері шектеулі адамдарды дене шынықтыру мен спортпен белсенді айналысуға тарту бойынша жұмыс жүргізілуде. Мүгедек спортшылар үнемі облыстық және республикалық жарыстарға қатысады. 2010 жылы дене шынықтыру және спортпен жүйелі айналысатын мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың саны 203 спортшыны құрады, бұл мүгедектер контингентінің жалпы санының 0,5% құрайды.
Негізгі проблемаларды талдау
Дегенмен, бұқаралық дене шынықтыру мен жоғары жетістіктер спортын ары қарай дамыту барысына ең алдымен мыналар кедергі келтіріп отыр:
1. Саланың материалдық-техникалық базасының нашарлығы.
Спорттық құрылғылардың жеткіліксіздігі айқын сезіледі. Облыстағы дене шынықтыру және спорт мекемелерінің материалдық-техникалық базасының жағдайы тұрғылықты халықтың да жоғары білікті спортшылардың да сұранысын қанағаттандырмайды. Облыстағы 666 спорт залдың 632-і жалпы орта, кәсіптік және жоғары білім беру мекемелерінде, ал облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында 34 ғана зал бар.
Мүмкіндігі шектеулі спортшылар үшін бейімделген спорттық құрылыстардың жетіспеушілігі; осы санаттағы адамдардың психологиялық тұйықтылығы.
Жоғары жетiстiктер спорты спорт құрылғыларына өте мұқтаж, 34 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ішінде тек 15 ұйымның ғана өз базасы бар. Халықаралық стандарттарға сай келетін сапалы құралдар мен заманауи жабдықтардың жетіспеушілігі сезіледі. Спорт құрылғыларының көпшілігі жарыстар мен оқыту-жаттығу үрдістерін жүргізу үшін талап етілетін халықаралық нормаларға сай келмейді. Оқыту-жаттығу үрдістерін, жарыстарды және жиындарды ұйымдастыру жеткіліксіз қаржыландырылады.
2. Бұқаралық және балалар-жасөспірімдер спортының нашар дамуы.
Қажеттілікті қанағаттандырмайтын материалдық-техникалық база, сапалы спорттық мүліктер мен жабдықтардың жоқтығы спорт резервін және халықаралық топтың спортшыларын жоғары деңгейде дайындауды ұйымдастыруға мүмкіндік бермейді. Балалар-жасөспірімдер клубтары желісі нашар дамыған, тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалу орындарында спорт алаңдары жетіспейді.
Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің желісі бүгінгі күні 6 - 18 жас аралығындағы балалардың жалпы санының 10,6% ғана жаттығу мүмкіндігін қамтамасыз ете алады.
3. Спорттың ғылыми және медициналық базасының жоқтығы, білікті мамандардың жетіспеушілігі.
Заманауи спорт түрлі инновацияларға ерекше бейім келеді және спортшылармен жұмыс істеудің ғылыми және инженерлік ізденістерге негізделген жаңашыл әдістерін меңгерген мамандарды дайындауға ерекше көңіл бөлуді талап етеді.
Қазіргі уақытта білікті мамандардың ерекше жетіспеушілігі сезіледі. Облыстың жетекші жаттықтырушылары зейнеткерлік жасына жақындаған немесе зейнеткерлік жаста, ал жас, болашағы бар бапкерлер төменгі жалақыға байланысты жұмысқа тұрғылары келмейді, ауылдық жерлерде олар мүлде жоқ.
Қазіргі уақытқа дейін дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері жоқ. Бүгінгі күні спортшылар үшін медициналық қызметтер бір ғана мекемеде – облыстық медициналық бірлестік жанындағы спорт медицинасы бөлімшесінде ұсынылады.
Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау
Дене шынықтыру мен спорттың даму жағдайына бірқатар ішкі, негізінен мынадай әлеуметтік-экономикалық факторлар әсер етеді: халықтың дене шынықтыру белсенділігінің жеткіліксіздігі, бұл спорттық орталықтарда бос уақытты өткізу бағаларының жоғары болуына және спорттық құрылғылардың шектеулі болуына байланысты. Балалар, жасөспірімдер және ересек адамдар арасында дене шынықтыру мен спортты насихаттау жұмыстары жеткілікті дәрежеде жүргізілмейді. Арнайы спорттық құрылғылар мен мамандарды талап ететін «әйелдерге» арналған спорт түрлері (мәнерлеп сырғанау, көркем және спорттық гимнастика, спорттық би) нашар дамыған. Қиындық ауылды жерде ерекше байқалады, онда дене шынықтыру мен спортпен шұғылданатындардың 21% ғана әйелдер құрайды.
Спорт резервін дайындау және халықаралық деңгейдегі спортшыларды тәрбиелеу халықаралық спорт ұйымдарының жылдам өзгеріп отыратын талаптарын, спортшыларды дайындаудың түрлері мен әдістерін жетілдіріп отыруды, спортшыларды тәрбиелеу жүйесін ары қарай дамытуды ескере отырып, оқыту-жаттықтыру үрдісін ұйымдастыруда жаңа әдістерді талап етеді.
Саланың дамуына сыртқы факторлардың ықпал етуі әлемдік аренадағы спортшылар бәсекесінің артуынан көрінеді, бұл спортшылардың кәсіби шеберлегінің өсуі үшін заманауи шаралар қабылдауды талап етеді.
3 бөлім. Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары,
іс-шаралар және нәтиже көрсеткіштері
3.1. Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары,
іс-шаралар және нәтиже көрсеткіштері
1 стратегиялық бағыт. Бұқаралық спортты, дене шынықтыру-сауықтыру қозғалысын дамыту және Шығыс Қазақстан облысы спортшыларының республикалық, халықаралық жарыстардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
1.1 мақсат. Халықты салауатты өмір салтына, дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін бағытталған бюджеттік бағдарламалар кодтары: 260003000, 260004000.
Нысаналы индикатор (түпкілікті қол
жеткізу мерзімін
(кезеңін)
көрсете отырып)
|
Ақпа-рат көзі
|
Өлш.
бірл.
|
Оның ішінде, аралық мәні көрсетіліп
|
Есепті кезең
|
Жоспарлы кезең
|
2009
жыл
|
2010
жыл
|
2011
жыл
|
2012
жыл
|
2013
жыл
|
2014
жыл
|
2015
жыл
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
1. Дене шынықтыру және спортпен үнемі шұғылданатын барлық жастағы халықты қамту
|
ведом-ство-лық статис-тика-лық дерек-тер
|
%
|
9,2
|
15,3
|
17,1
|
18,52
|
18,80
|
19,17
|
19,37
|
2. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдерді қамту
|
ресми
дерек-
тер
|
%
|
10,2
|
10,5
|
10,5
|
11,65
|
11,71
|
11,77
|
11,84
|
Нысаналы индикаторға қол жеткізу жолдары, құралдары және әдістері:
1.1.1 міндет. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын халыққа жағдай жасау
|
Тікелей нәтиже көрсеткіштері
|
Ақпа-рат көзі
|
Өлш. бірл.
|
Есепті кезең
|
Жоспарлы кезең
|
2009
жыл
|
2010
жыл
|
2011
жыл
|
2012
жыл
|
2013
жыл
|
2014
жыл
|
2015
жыл
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
1. Ауылдық тұрғындардың жалпы санынан дене шынықтыру және спортпен жүйелі айналысатын ауылдық тұрғындардың үлесі
|
ресми дерек-тер
|
%
|
7,2
|
16
|
16,2
|
16,4
|
17
|
17,5
|
18
|
2. Дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылданатын мүгедектер
|
ресми дерек-тер
|
%
|
203
|
203
|
437
|
1050
|
2000
|
2800
|
5000
|
3. Бұқаралық спорт іс-шараларына қатысатын халықтың үлесі
|
ресми дерек-тер
|
%
|
29,7
|
30,4
|
32,9
|
33,8
|
35
|
36
|
37
|
4. Бұқаралық спорт іс-шараларына қатысатын балалар мен жасөспірімдер үлесі
|
ресми дерек-тер
|
%
|
63,2
|
64,7
|
66,6
|
68,0
|
77
|
78
|
79
|
5. Оқушылар-дың жалпы санындағы дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылданатын оқушылар үлесі
|
ресми дерек-тер
|
%
|
26,2
|
29,5
|
30
|
30,5
|
33
|
34
|
35
|
6. Студенттердің жалпы санындағы дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылданатын студенттер үлесі
|
ресми дерек-тер
|
%
|
18,2
|
18,5
|
19
|
20
|
25
|
26
|
27
|
7. Шаңғы спорты бойынша спорт секцияларының саны
|
ресми дерек-тер
|
бірл.
|
138
|
140
|
142
|
237
|
240
|
242
|
244
|
8. Шаңғы спортымен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдер саны, адам
|
ресми дерек-тер
|
бірл.
|
12945
|
13122
|
13845
|
15466
|
18000
|
20000
|
22000
|
9. Шаңғы спорты түрімен шұғылданатын халықтың үлесі
|
ресми дерек-тер
|
%
|
0,75
|
0,8
|
0,97
|
1,05
|
1,26
|
1,4
|
1,5
|
10. Балалар мен жасөспірімдер-ге арналған спорт мектептері, спорт түрлері бойынша клубтар, тұрғылықты жері бойынша спорт клубтары, жоғары спорт шеберлігі мектептері санын арттыру
|
ресми ақпарат
|
бірл.
|
|
|
|
|
1
|
1
|
|
11. Дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға арналған нысандар саны
|
ресми ақпарат
|
бірл.
|
2795
|
2804
|
2845
|
2888
|
2990
|
3050
|
3100
|
12. Мүгедектер арасында өткізілетін бұқаралық спорттық іс-шаралар саны
|
ресми ақпарат
|
саны
|
74
|
78
|
85
|
95
|
153
|
155
|
158
|
13. Ұлттық спорт түрлері бойынша спорттық іс-шаралар саны
|
ресми ақпарат
|
саны
|
300
|
309
|
320
|
204
|
350
|
370
|
390
|
14. Спорттың бұқаралық түрлері бойынша спорттық іс-шаралар саны
|
ресми ақпарат
|
саны
|
1501
|
1589
|
1692
|
725
|
1860
|
1880
|
1900
|
|
Тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар
|
Жоспарлы кезеңде іске асыру мерзімі
|
2011
жыл
|
2012
жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1. Дене шынықтыру және спортты дамытудың салалық бағдарламасын іске асыру
|
|
х
|
х
|
х
|
х
|
2. Президенттік көпсайысты тапсыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге бағытталған шараларды іске асыру
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
3. Білім беретін мекемелердің оқушылары, студенттер мен 24 жас және одан жоғары жастағы тұрғындар арасында Президенттік тест тапсыруды ұйымдастыру және өткізу
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
4. Халықтың барлық топтары арасында ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық жарыстар ұйымдастыру және өткізу
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
5. Дене мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында облыстық спорт іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
6. Кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер ұжымдарының күн тәртібіне тұрақты түрде өндірістік гимнастиканы өткізуді енгізу
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
7. Спорттың бұқаралық түрлері бойынша бұқаралық спорттық іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
8. «Қыс» қысқы спорт фестивалін ұйымдастыру және өткізу
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
9. Білім беретін мекемелердің оқушылары мен студенттері арасында нашақорлықтың, шылым шегудің және т.б. алдын алуға бағытталған облыстық спорттық іс-шаралар
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
10. Әскер қатарына шақырылған және шақырылу жасына дейінгі жастар арасында спартакиада
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
11. Азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен форумдар, дөңгелек үстелдер, конференциялар ұйымдастыру
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
12. Тұрғылықты жері бойынша балалар- жасөспірімдер аула клубтары және спорт клубтары желісін құру
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
13. Білім беретін мекемелерде спорттық секциялар мен спорттық клубтар ашу бойынша шараларды іске асыру (облыстық білім басқармасымен бірлесіп)
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
14. Мүгедектерге арналған спорт клубтарын ашу
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
15. Типтік спорттық модульдерді салу
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
16. Мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық спартакиада
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
17. «Президенттік миля» (2400 м.) тесттерін тапсыру арқылы 24 жас және одан жоғары жастағы халықтың дене шынықтыру дайындықтарын жыл сайынғы тестілеуді ұйымдастыру
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
18. Мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық спартакиада
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
19. Мүгедектерге дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға арналған спорт ғимараттарына қолжетімділік үшін жағдай қамтамасыз ету
|
|
|
х
|
х
|
х
|
1.2 мақсат. Спорт резервін дайындау, халықаралық сыныпты спортшыларды тәрбиелеу, Шығыс Қазақстан облысы спортшыларының сапалы дайындалуы мен олардың табысты өнер көрсетуі үшін жағдай жасау.
Осы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар кодтары: 260004000, 260006000, 260007000
|
Нысаналы индикатор (түпкілікті қол жеткізу мерзімін (кезеңін) көрсете отырып)
|
Ақпа-рат
көзі
|
Өлш.
бірл.
|
Оның ішінде, аралық мәні көрсетіліп
|
Есепті кезең
|
Жоспарлы кезең
|
2009
жыл
|
2010
жыл
|
2011
жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014
жыл
|
2015 жыл
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
1. Республикалық кешенді жарыстарда жалпы командалық орын
|
ресми ақпарат
|
орын
|
1-3
|
1-3
|
1-3
|
1-3
|
1-3
|
1-3
|
1-3
|
2. Спортшылар-дың жалпы санынан Қазақстан Республикасының құрама командаларында-ғы облыс спортшыларының үлесі
|
ресми ақпарат
|
%
|
8,6
|
9,1
|
9,7
|
10,1
|
10,7
|
11,1
|
11,7
|
Нысаналы индикаторға қол жеткізу жолдары, құралдары мен әдістері:
1.2.1 міндет. Шығыс Қазақстан облысы спортшыларының шеберлік деңгейін арттыру
|
Тікелей нәтиже көрсеткіштері
|
Ақпа-рат көзі
|
Өл-шем бір-лігі
|
Есепті кезең
|
Жоспарлы кезең
|
2009
жыл
|
2010
жыл
|
2011
жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014
жыл
|
2015 жыл
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
1. Қазақстан Республикасы
спорт шеберлерінің санын арттыру
|
ресми ақпарат
|
адам
|
79
|
84
|
85
|
86
|
87
|
88
|
89
|
2. Спорт шеберіне үміткерлер санын арттыру
|
ресми ақпарат
|
адам
|
279
|
292
|
293
|
294
|
422
|
423
|
424
|
3. Бірінші спорт разряды бар спортшылар санын арттыру
|
ресми ақпарат
|
адам
|
401
|
444
|
445
|
446
|
452
|
454
|
456
|
4. Республика-лық және халықаралық спорт жарыстарына қатысатын спортшылар саны
|
ресми ақпарат
|
адам
|
503
|
507
|
510
|
513
|
1578
|
1601
|
1640
|
Тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар
|
Жоспарлы кезеңде іске асыру мерзімі
|
2011
жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014
жыл
|
2015 жыл
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1. Шығыс Қазақстан облысының құрама командалары үшін оқу-жаттығу жиындарын өткізу
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
2. Шығыс Қазақстан облысының құрама командалары мен ең мықты спортшыларының республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуы
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
3. Астана, Алматы қалаларында (Қазақстан) өтетін VII қысқы Азия ойындарына дайындалу және қатысу
|
х
|
|
|
|
|
4. Лондон қаласында (Англия) өтетін ХХХ жазғы Олимпиадалық ойындарға дайындалу және қатысу
|
|
х
|
|
|
|
5. Нанкин қаласында (Қытай) өтетін жасөспірімдерге арналған ІІ жазғы Олимпиадалық ойындарға дайындалу және қатысу
|
|
|
|
х
|
|
6. ХVII жазғы Азия ойындарына дайындалу және қатысу
|
|
|
|
х
|
|
7. Сочи қаласында (Ресей) өтетін ХХІІ қысқы Олимпиадалық ойындарға дайындалу және қатысу
|
|
|
|
х
|
|
8. VIII қысқы Азия ойындарына дайындалу және қатысу
|
|
|
|
|
х
|
9. Оқу-жаттығу үдерістерін медициналық және медико-биологиялық қамтамасыз ету
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
10. Ведомствоға қарасты спорт ұйымдарын спорт құралдары және жабдықтарымен жабдықтау
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
Достарыңызбен бөлісу: |