Шығыс Қазақстан облысындағы балалардың 2009 жылғы жағдайы Өскемен қаласы 2009 мазмұНЫ


Мүгедек балалар мен мүмкіндіктері шектеулі балалардың жағдайы



бет8/9
Дата18.02.2017
өлшемі1,54 Mb.
#10281
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Мүгедек балалар мен мүмкіндіктері шектеулі балалардың жағдайы

Ерекше қажеттіліктері бар балаларды білім берумен қамтамасыз ету жағдайы ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Шығыс Қазақстан облысында мүмкіндіктері шектеулі балалар саны 2009 жылға 11 489 баланы құрайды (2008 ж.-11128), оның ішінде мектеп жасына дейінгілер-2341 (2008 ж.-1557), оқушылар-9148 (2008ж.-8921), барлық санаттағы мүгедек балалар-4490 (2008ж.-4393). Облыста бұл категориядағы балалар көрсеткіші 3,1% (республика бойынша -3,2%).

Бұл санаттағы балалармен мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелері (бейімдеу орталықтары, жанұялық-дәрігерлік амбулаториялар, ауруханалар), білім мекемелері (түзету кабинеттері, арнайы түзету мектептері, интернаттар, бала-бақшалар), және үкіметтік емес ұйымдар жұмыс істейді. Облыс бойынша барлығы 7 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес (бұдан әрі – ПМПК) орталықтары қызмет істейді, оның ішінде біреуі облыстық. 11 психология-педагогикалық түзеу кабинеттері, мінез-құлықтарында ақауы бар балаларға арналған 14 мектеп, 2 мектеп-интернат жұмыс істейді. Сонымен қатар 18 әлеуметтік көмек бөлімшелерінде мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетіледі. Бұл бөлімшелер білім беру қызметімен айналыспай, сырттан көмек күтетін мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, психология-педагогикалық, әлеуметтік-құқықтық қызметтер көрсетеді. Әлеуметтік аумақтық орталықтармен 1751 мүгедек бала қамтылған, оның - 1219 үйде қызмет көрсетілсе, 111 бала күндіз келіп оқитын топтарға жатады.

Түзеу мекемелерімен, сыныптармен, топтармен, арнайы кәсіптік топтармен ерекше қажеттілігі бар 2938 бала қамтылған, оның ішінде тірек-қимыл аппаратында кінәраты бар 130 бала Өскемен қаласындағы медициналық-әлеуметтік мекемеде. Серебрянск қаласы мен Белоусовка кентіндегі арнайы мектеп-интернаттарда 102 тәртібі бұзылған балалар оқып, тәрбиеленуде. Аягөз қаласындағы психоневрологиялық медициналық әлеуметтік балалар мекемесінде 93 кәмелетке толмаған балалар тәрбиеленсе, оның ішінде 45 – жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.

Өткен жылмен салыстырғанда түзеу мекемелерімен, топтармен, сыныптармен мүмкіндігі шектеулі балаларды қамту ұлғайған:

- есту қабілеті төмендеген балалар – 69,4 % (61% ),

- көру қабілеті төмендеген балалар – 39 % (35% ),

- психикалық дамуы баяу балалар – 23,5 % (32,2 % ),

- ақыл-ойының дпмуында кемістігі бар балалар – 42,4% (42,3 % ),

- сөйлеу қабілеті бұзылған балалар – 33 % (35,8 % ),

- тірек-қимыл аппараттары бұзылған балалар – 16,1 % (10,6% ),

Көру, есту, сөйлеу, тірек-қимыл аппараттары бұзылған балалар психологиялық педагогикалық түзеу кабинеттерінде арнайы қолдау алады. Бірақ, мүмкіндігі шектеулі балаларды түзеу кабинеттерімен қамту мүмкіндігі ауылдық жерлерде өте төмен. Бұл бала санының аздығына байланысты түзеу кабинеттерінің орталықтарынан шалғайда орнасуларымен түсіндіріледі. Сондықтан да, түзеу жұмыстарын жүгізудің негізгі ауыртпашылықтары дефектология саласында дайындықтары бар мектептердегі психолог-педагогтарға түседі.

Педагогикалық түзеу қызметі жоқ жалпы білім беретін мектептерде 4091 бала оқыса, мектепке дейінгі мекемелерде – 524 бала, ал кәсіптік мектептер мен колледждерде – 16 оқушы.

Үйден оқитын балалар саны – 909, оның ішінде даму мүмкіндігі шектеулі балалар - 636. Даму мүмкіндігі шектеулі 352 бала денсаулықтарына байланысты оқумен қамтылмаған.

Есепте тұрған барлық санаттағы мүгедек балалар, оның ішінде неврологиялық және соматикалық аурулармен – 4490 (2008 ж. - 4379), оның ішінде мектеп жасына дейінгі балалар – 1237 (27,6% ), оқушылар – 3253 (72,46% ). Мүгедектік құрылымда жүйке аурулары алдыңғы орында тұрса, екінші орында -туа біткен жүрек талмалары, үшінші орында-психикасы бұзылғандар. Бұдан басқа, мүгедектікке көз, құлақ, тыныс алу органдары және қуық, қан айналу жүйелері ауыратын балалар икем болады.

2009 жылы облыс кеңесімен 8342 бала тексерілді (2008 ж. - 7340), оның ішінде алғашқылары – 3426 (2008ж.-2760).

Жыл бойы алғашқы-медико-санитарлық көмек мекемелерімен ПМПК ерте жастан 746 бала жіберілді, олардан 639 бала тексеруден өтті, оның ішінде есту қабілеті бұзылған – 11, көру қабілеті бұзылған – 45, сөйлеуінде кінәраты бар – 142, арқа сүйегі қисайған - 109, жүйке-психикасы ауытқығандар – 245, невралогиялық және басқа да бұзылулармен – 87 бала.

Ерте жастағы мүмкіндігі шектеулі балалар саны, осы санаттағы балалардың жалпы санының 4% құрайды (республика бойынша – 3,7% ).

Нормативтік талаптар бойынша, күніне 4-5 бала қабылданады, бұл нормаларды көтеру тексерудің сапасын төмендетіп, диагноз қоюда қателіктерге ұшыратуы мүмкін.

2009 жылы ПМПК әлеуметтік қолдау және мүгедектікті ресімдеу үшін 2485 баланы жіберді, үйде оқытып, тәрбиелеу бойынша жәрдемақы ресімдеу үшін – 934, мүгедектерге үйде әлеуметтік қызмет көрсету үшін – 1024, мүгедектер үйінде әлеуметтік қызмет көрсету үшін – 19, көмекші құралдармен (есту аппараттары, ортездер, протездер, арбалармен және т.б.) қамтамасыз ету үшін – 1682. ПМПК қорытындысы бойынша бала қаражатқа әлеуметтік қорғауға жүгіне алады.

Мүмкіндігі шектеулі 1102 бала «Special Olympics» бағдарламасына тартылып, спорттың шаңғы, хоккей, коньки, жеңіл атлетика, баскетбол, суға жүзу, футбол, үстел теннисі, боулинг және бадминтон сияқты түрлерінен облыстық және республикалық жарыстарда жүлделі орындарға ие болды.

Облыста ақыл-ойы бұзылған жетім балаларға арналған арнайы мектеп-интернат пен №14 нашар көретін балаларға арналған бала бақшаны қоспағанда, мемлекеттік тілде оқытатын түзеу мекемелері мен сыныптар жоқ.

Семей қаласында сөйлеу қабілеттері бұзылған және психикалық дамуы кешеуілдеулі балаларға арналған арнайы мекемелер және жалпы білім беретін мектептерде түзеу сыныптары жоқ. Облыс орталығы, Семей қаласы ақыл-ойы және эмоциялық-ерік аумақтары бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелерді ашуды қажет етеді.



Жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті оқытуды дамыту және кеңейту мақсатында мүмкіндігі шектеулі балалар үшін, материалдық база, маман педагогтармен қамтамасыз етуге жағдай жасалуы керек. Сонымен қатар, әр түрлі санаттағы мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған, бейімдеу орталықтарын ашу қажет.
6. Әлеуметтік, бейімдеу, психологиялық және құқықтық көмек көрсету қызметтері

Балалар мен жасөспірімдердің қараусыздығы мен панасыздығының алдын алу мақсатында, әр түрлі дағдарыс жағдайында қалған балалар мен ата-аналарға әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету, материалдық-әлеуметтік көмек қажет ететіндерге қол ұшын беру, отбасын қолдау, отбасылардың беделі мен рөлін көтеру үшін Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік, бейімдеу, психологиялық және құқықтық көмек көрсету қызметтері құрылып, жұмыс істеуде.

«Балаға мейірімді қала» халықаралық жобасының іс-шаралар жоспарын орындауға сәйкес, Өскемен қаласындағы отбасын және балалық шақты қолдау орталығы өмірдің қиын жағдайына тап болған отбасылар мен балаларға кешенді әлеуметтік-психологиялық және құқықтық көмек үнемі көрсетіп отырады.

Орталық «Балаға мейірімді қала» жобасының үйлестірушісі бола отырып, құрамына әкімшілік, ШҚМУ өкілдері, жас көшбасшылар, мемлекеттік емес ұйымдар кіретін қалалық үйлестіруші топты құрды.Топ отырысы тоқсан сайын өткізіліп, оның шешімдері балалық шаққа байланысты саясат жүргізетін барлық ұйымдарға жіберіледі.

Орталық ұжымында үнемі әдістемелік жұмыстар жүргізіледі, нәтижесінде: «Қиын ата-аналар мектебі», «Жасөспірім-қыздар клубы», «Бала асырап алған ата-аналар мектебі», «Жас отбасы», «Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған құқықтық оқу бағдарламасы», «Көше құқығы» сияқты бағдарламалар жасалып жұмыс істеуде. Бұл бағдарламалар бойынша білім саласындағы педагог-психологтарға және тәрбие, әлеуметтік жұмыстардағы директор орынбасарларына оқу семинарлары өткізіледі. 2009 жылы білім бөлімінің жоспары бойынша 12 семинар өткізіліп, 450 астам педагог қызметкерлер қатысты. Орталық мамандары отбасыларымен және әр түрлі санаттағы жанұялармен жұмыс барысында халықаралық оң тәжірибелерге ерекше назар аударады және әлеуметтік-психологиялық қызметтерді ұйымдастырудағы тиімді кеңестерді жасап, мектептерге жібереді.

Орталық мамандары 2009 жылғы маусым-шілде айларында сараптамалық қызмет аясында, қажеттілігі болған тұлғаларға көрсетілген қызметтің сапасы бойынша социологиялық зерттеу жүргізді. Зерттеу барысында жанұяларға көрсетілетін қызметтің терең сараптауды қажет ететіні анықталды.Тамыз айында орталық ұжымы балалар құқықтарын жүзеге асыру тұрғысынан қала тұрғындарына сараптама жасады, осының негізінде Өскемен қаласының әлеуметтік картасын қалыптастырды. Қазан айында «Өскемен – менің қалам» атты қалалық бала-жасөспірімдер акциясы ұйымдастырылды. Акцияға 5 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер қатысып, балалар қажеттілігіне байланысты қала тұрғындарына өз ойларын айтты. Нәтижесінде балаларға жағымды және жағымсыз әсер ететін қаланың орындары анықталды. Мәтінді құжаттармен қатар ықшам аудандардың белгілер қойылған нақты картасы жасалынды. Құжаттар болашақта Өскемен қаласының инфрақұрылымын дамытуда балалар көзқарасын есепке алу үшін Өскемен қаласының әкімшілігіне жіберілді.

Оқыту қызметтерін орындау барысында, орталық мамандары 259 әлеуметтік жұмыстағы директор орынбасарлары мен педагог-психологтарға арнап 10 оқу семинарларын өткізді. 9 облыстық және республикалық семинарларға қатысты. 2009 жылдың мамыр айында орталық директоры Алматы қаласындағы республикалық конференцияда орталықтың әлеуметтік жетімдікпен жұмыс тәжірибесімен таныстырып, Астана қаласындағы ЮНИСЕФ аясындағы стандарттарды енгізу бойынша өткізілген семинарға қатысып қайтты.

Қиын өмір жағдайындағы 75 отбасы үнемі орталықтың бақылауында. Олардың бесеуімен жұмыс жақсы нәтижемен аяқталған. Орталық мамандары балалары бар 23 отбасы қалалық тіркеуді ресімдеп, балалардың жәрдемақысын алуға құжаттарды дайындауға көмектесті. Бұдан басқа, орталық мамандарының күшімен қолайсыз отбасының 6 ата-анасы анықталып, қалалық жұмыспен қамту орталығына тіркеуге қойылды. Бұл отбасылар жылдар бойы осы мәселелерді шеше алмаған яғни, олардың балалары даму мен өсуге қажетті нәрселермен қамтамасыз етілмеген.

2009 жылы жүгізілген жұмыстар:

- психологиялық кеңестер 532;

- 12081 балаға арналған 491 топ сабақтары, оның ішінде «қауіп тобындағы» 312 жасөспірім ;

- 2025 бала мен жасөспірімдерге арналған 83 құқықтық оқыту;

- жазғы демалыс лагерьлерінде балалар үшін 111 сабақ;

- 66 құқықтыр кеңестер берілді.

2009 жылдың қаңтарынан орталықта тәулік бойы 241-243 нөмірлі сенім телефоны қызмет етеді. Түскен қоңырауларға жоғары білімді педагогтар мен психологтар жауап береді. Есеп беру кезеңінде балалар мен жасөспірімдерден 298 қоңырау түскен.

2009 жылдың екінші жарты жылдығында мамандар кәмелетке толмаандардың құқығын қорғау бойынша акцияларға қатыстыру, құқықтық оқыту бойынша сабақтар өткізу, жеке және топтық жұмыстарға тарту арқылы девиантты мінез-құлықты балалармен жұмысты күшейтті.

Жыл көлемінде тоқсан сайын «Балаға мейірімді қала» жобасының орындалу барысы, орталықтың қызметі туралы облыстық «Дидар», «Рудный Алтай», «Мой город» газеттерінде мақалалар жарияланып тұрды. Осы тақырып бойынша барлығы 8 мақала шықты. Білім бөлімінің сайтында үнемі отбасын және балаларды қолдау орталығының жеке беті қызмет етеді, онда балалар мен ата-аналар үшін ақпараттар, орталық жаңалықтары орналастырылады.

Жаңа кәсіпорынды құру барысында қиыншылықтар туындады. Осыған байланысты алға жоспар қойылды:



  • Отбасы мен балаларға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету стандарттарын енгізу арқылы жұмыс сапасын арттыру.

  • Қаладағы деинституционализация саясатын алға жылжыту бойынша жұмыс жүйесін қалыптастыру.

  • Қаладағы отбасы институтын қолдау бойынша қызмет бағытын біртіндеп кеңейту.

  • Балалар мен жасөспірімдер үшін тәулік бойы қызмет ететін сенім телефонын ақпараттық қолдауды ұйымдастыру.

  • Қаладағы әлеуметтік жетімдіктің алдын алу бойынша технологияларды дайындау және енгізу.

Сонымен қатар, орталық өмірдің қиын жағдайына қалған отбасылар мен балалармен тиімді қызметті жүзеге асыру үшін орталық орналасқан үй-жайды ұлғайтуды қажет етеді.

Семей қаласында ЮНИСЕФ қолдауымен екі жастардың денсаулығын қолдау орталығы жұмыс істейді (МЦЗ). Жұмыстың мақсаты жас ұрпақтың физиологиялық, адамгершілік, психикалық, репродукциялық денсаулығын сақтау. Орталықта тегін және құпия негізінде 10-24 жастағы балалар мен жастарға гинеколог, андроуролог, психолог, әлеуметтік қызметтер, заңгер көмегі көрсетіледі. Әкімшіліктің құрылымдылық бөлімдерінде мүмкінділігі шектеулі балаларға ерекше назар аударылады. Мысалға, үйде әлеуметтік қызмет көрсетуде, 2008 жылы 26 млн. 576 мың теңге қаржы бөлінді, 2009 жылы жылдық бюджет 38 млн. 660 мың теңге құрады, оның ішінде 9 млн. 423 мың теңге психоневрологиялық аурулармен ауратын балаларға күндізгі бөлімдерді ашуға жұмсалды. Орталықта 5 бөлім қызмет жасайды. 4 бөлімінде 53 арнайы жұмыста 18 жасқа дейінгі 320 балаға үйде қызмет көрсетіледі. Күндізгі бөлімде 22 балаға 4 уақыт келумен арнайы кешенді қызмет көрсетіледі.

Әлеуметтік көмек бойынша білікті көмектің арқасында балалардың дамуында жағымды өзгерістер бар, мысалға 10 - мектепке барды, 7 - интернатта, 2- колледжде, 1 - жоғары оқу орнының күндізгі бөлімінде. Қалалық отбасын қолдау орталығы «Исток» қоғадық бірлестігімен бірігіп 2009 жылдың екінші жартысынан жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қаржылай көмегінің арқасында күнделікті әлеуметтік қызметпен қамтылмаған 16 жастағы 20 жасөспірімге арнайы сабақтар өткізеді. Сонымен қатар, мамандардың арнайы кеңестік көмегін ата-аналар мен отбасы мүшелері қолданады.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды тиімді тәрбие беріп, дамыту мен психолого-педагогикалық және медициналық көмектегі мәселелерді кезеңмен шешім қабылдау мақсатында Семей мемлекеттік педагогикалық институтының жанынан ашылған «Мектепке дейінгі балалық» орталығының шығармашылық ұжымы айналысып, дамуында ерекшеліктері бар мектепке дейінгі жастағы балаларды білім беру ортасына тартуда көптеген шаралар жүйесімен қамтамасыз етті. Жобаға ерекше қажеттіліктері бар балалары бар отбасылар кірді.

Лекотекалар базасында ерекше қажеттіліктер бар балалармен апта сайын жеке және топтық сабақтар, ата-аналарға психолого-медико-педагогикалық жағынан кеңес беру ұйымдастырылған. Лекотеканың педагогтары мектепке дейінгі мекемелерге бармай, әртүрлі диагноздары бар барлығы 50 балаға көмек көрсетті. Сенім телефоны бойынша барлығы 934 кеңес берілді, олардың ішінде 502-психологиялық, 427 – медициналық, 5 – басқа мінезді, 203 – еркек, 731 - әйел. Алғашқы өтініштер – 876, екінші рет – 58.

Өскемен қаласының Жедел медициналық көмек көрсету емханасы негізінде кризистік оңалту бөлімшесі («Цвет надежды» кризистік орталық) 2002 жылы Қазақстанның іскер әйелдері ассоциациясының Шығыс-Қазақстандық бөлімшесінің бастамасымен, қалалық әкімдігінің қолдауымен құрылды. 2006 жылдың 4 қаңтарынан қалалық мәслихатының шешімімен кризистік жағдайларды шешу бойынша әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімшесі «Ульба тұрғындарға әлеуметтік қызмек көрсету қалалық аймақтық орталығы» ММ құрылымдық бөлімшесі болып саналады. Бөлімшеде 5 адам қызмек етеді: меңгеруші, 4 психолог. Әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімшесі Шұғыл байланыс (537401) телефонның қызметі, кеңес көрсету пункті, 5 төсек орындары бар әйелдер мен балаларға арналған приюттен құралған.

Негізгі міндеттер:

- үйде зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерді анықтау;

- стрессті шешу, әйелдер мен балаларды әртүрлі кризистік жағдайлардан шығару;

- әйелдер мен балаларға әлеуметтік, психологиялық, заңнамалық пен құқықтық қорғауға көмек көрсету.



Әлеуметтік белсенділікті дамыту мақсатында, ата-аналардың заңнамалық сауатсыздықтарын жою, отбалылық тәрбие үрдісіне тарту үшін Риддер, Семей, Зырян қалаларында отбасы мен балалықты қорғау орталықтарын ашқан жөн.
7. Балалардың құқықтарын қорғау мәселелерінде үкіметтік емес ұйымдармен байланыс

Азаматтық қоғамның негізгі белгілері: бостандық, ашық болу, плюрализм, құқықтық мінез, өзін-өзі басқару және дамыту. Қоғам қызметкерлердің көп жылғы тәжірибелері азаматтық пен құқықтық мемлекеттің даму үрдісінде олардың маңызды да жетекші рөл атқаратыны, саясат құрап, заңнамалық іс-әрекетке қатысатыны белгілі. Маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдауда, азаматтық бастамалар құрап, көптеген әлеуметтік функцияларды атқаруда да орны ерекше. «Үшінші сектордың» белсенді іс-әрекетінің барысында қазақстандық азаматтардың құқықтары мен бостандықтары қорғалады.




Осындай ұйымдардың негізгі міндеттердің бірі – экология, адамның құқықтарын қорғау, балалар мен әйелдердің мәселелері, СПИД алдын-алу, білім мен ғылым, есірткі заттардың таратылуымен күрес мәселелеріне қоғамның назарын аудару.

Шығыс Қазақстан облысында 2009 жылдың қаңтар айына өзінің қызметінде балалардың құқықтары мен балалықты қорғау мәселелерін қарастыратын 175 үкіметтік емес ұйымдар тіркелген. Олардың 11-і облыстың ұйымдар мен ведомстволармен, сонымен қатар ШҚО балалардың құқықтарын қорғау департаметімен белсенді қатынас жасауда. Осы жылы Департаментпен өзара ынтымақтастық жөніндегі 6 келісім жасалды, анықтай келе «Феникс» дамыту мен бейімделу орталығы» қоғамдық ұйым, «Зубр», «Шығыс Қазақстан облыстық жастар мен балалар ұйымдарының ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Берегиня» отбасыны қолдау орталығы», «Биби-Ана», Балаларды рухани жаңғырту бойынша ғалымдар мен интеллигенттер ассоциациясы, «Рухани 2001» қоғамдық ұйымдармен балалар, соның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандардың құқықтарын қорғау, қоғамның әлеуметтік мәселелерін алдын-алу, адамдармен сауда-саттық (трафик), есірткі сату, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылық, отбасыдағы қорлау, отбасы институтын нығайту, сондай-ақ ШҚО балалар мен жастардың рухани жандану мәселелер бойынша. Аталған келісімдер аясында өмірдің қиын жағдайына тап болған балалар колониясындағы балалардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды.

«Феникс» дамыту мен бейімделу орталығы» қоғамдық ұйым білім ұйымдарының құқықтық білімсіздік, нашақорлық, бал еңбегін қанауды алдын-алу, жас өскемендіктерді құқықтық тәрбиелеу мәселелері бойынша тұрақты серіетестік ретінде танылған. Жұмыс бағыттардың біреуі – «Балаға мейірімді қала» жобасы бойынша жұмыс. Ұйым жанында кәмелетке толмағандарға арналған қоғамдық әлеуметтік-психологиялық орталық құрылған, 14 пен 18 жас аралығындағы жастарға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бойынша «Шұғыл байланыс» телефона қызмет жасауда. Есеп мерзімінде өмірдің қиын жағдайына тап болған 96 кәмелетке толмағандарға көмек көрсетілді. 2009 жылдың маусым айында «Феникс» Отбасы мен балалықта қолдау орталығымен бірге АХАЖ, ІІД кәмелетке толмағандың ісі жөніндегі білім, дін өкілдері, қаланың сыйлы адамдары, жоғарғы оқу орындары педагогтары мен көп балалы отбасылардың өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

«Қоғамның ақпараттық дамуы» ұйымы Өскемен қаласында балаларға қатысты саясатты жүзеге асыруға көмек көрсетіп келеді. Осылай, 2009 жылдың жазында ұйым мамандары Отбасы мен балалықты қолдау отталығымен бірге 25 отбасы қатысқан «Отбасының салт-дәстүрлері» сайысын өткізді.

Жыл сайын Семей қаласының мектептері «Исток» қоғамдық ұйым, аула клубтары мен «Шанс» мектеп орманшыларымен бірге қоршаған ортаны қорғауды насихаттайтын іс-шаралар өткізеді. «Исток» қоғамдық ұйымы 2009 жылдың ақпан айында қалалық туризм бойынша сайыс өткізді. Оған қала мектептерінің оқушылары белсенді қатысты. Сонымен қоса, қаланың оқып жүрген жастары арасында Адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы Жүре пайда болған қорғаныш тапшылығының синдромын (ВИЧ СПИД) алдын-алу бойынша ақпараттыө тренинг өткізді. Аз қамтылған отбасыларға арналған интернат оқушылары үшін экологиялық қуыршықтар театрын насихаттау жұмыстары ұйымдастырылып өткізілді.

«Ахау Семей» мәдени орталықтың өсіп келе жатқан ұрпақтың патриоттық тәрбиесінде рөлі ерекше. 2009 жылдың маусымында Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Менің Қазақстаным» патриоттар форумы өткізілді. Форум патриоттық мінез қалыптастырып, жастардың ұлттық бірлік пен рухани байлықтың нығаюына әсер еткен.

Риддер қаласында әзірленген бірлескен бағдарламалар бойыншабілім ұйымдармен қызмет жасайтын 13 үкіметтік ұйым бар. Курчатов қаласының білім мекемелері «Үміт» балалар қоры» мен «Скала» балалар жасөспірімдер клубымен қаланы жасылдандыру, жастар мен жасөспірімерді туризмге, спорт пен салауатты өмір салтына баулу мәселелері бойынша қарым-қатынас жасауда.

Зырян ауданында әртүрлі қоғамдық бірлестіктер қызмет атқыруда. Олардың белсендісі – «Зырян ауданының балалар мен жастар ұйымдарының бірлестігі» қоғамдық ұйымы. Балалар мен жастар ұйымдарының бірлестігі Өскемен қаласының «Faith» ұйымымен жатар арасындағы нашақорлықты алдын-алу мәселесі бойынша байланыс жасауда. Балалар мен жастар ұйымдарының бірлестігінің қолдауымен №6 орта мектебінде «Зиянды заттарға «Жоқ» айтамыз» әлеуметтік маңызды жоба жүзеге асрылып келеді. Оған 265000 теңге бөлінген. Жобаның 4 кезеңі жүзеге асырылды. Денсаулықты нығайту орталығымен бірге № 6 мектеп базасында денсаулық университеті ұйымдастырылып, оқушылар, ата-аналар, педагогтар, әлеуметтік серіктестерін біріктіре отырып, шылым шегу, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша алдын-алу мен түзету жұмыстары жүзеге асырылуда.

Балалар мен жастар ұйымдарының бірлестігінің қолдауымен № 8 орта мектебі «Өсіп келе жатқан ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайту жолымен отбасы институтын насихаттау» жобасын жүзеге асыруға грант ұтып алды. Бөлінген қаражат 268000 теңгені құрады. «Жеті атаңды біл», «Отбасымның елтаңба, әнұран, туы – біздің мақтанышымыз», «Ата мен апа» және т.б. сайыстар өткізіліп, оған 20 бала қатысты.

Девианттық мінезі-құлқы бар балалар үшін Бұқтырма су қоймасының жағалауына серуендеу ұйымдастырылды. Сондай-ақ, жаз уақытында «Ауыспалы жел» мектеп жанындағы лагердің жұмысы ұйымдастырылып, 65 адамды қамтыды.

Көкпекті ауданында «Жас толқын» балалар қоғамдық ұйымдарының құрамына 43 балалар ұйымы енгізілген. Олардың ішіне 4632 бала кіріп, «Мен Қазақстанның азаматымын», «Жас геолог», «Мұра», «Біз тазалық пен тәртіп үшін» және т.б. іс-шараларға қатысады.

Жарма, Ұлан, Аягөз, Тарбағатай, Бесқарағай, Глубокий, Шемонайха мен Күршім аудандарының қоғамдық ұйымдары білім ұйымдарымен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық жөніндегі ақпаратты сараптай келе білім ұйымдары мен қоғамдық бірлестіктердің өзара қызметтің тиісті деңгейде екендігін көруге болады. Аудандардың бірқатары үкіметтік емес ұйымдармен көкейтесті бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруда қаржының жетіспеушілігін көрсетті.

Өткізілетін жұмыс нәтижелері аумағымызда мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары арасындағы серіктестік қатынастардың ұзақ және берік екендігін көрсетті.


Каталог: assets -> files
files -> Рабочая программа дисциплины дв3 История сервиса
files -> 4. История фармации. Фармация в период Возрождения и Нового времени
files -> Юсупова алия 16 лет. Академия художественной гимнастики Ирины Винер, г. Москва
files -> Жоспардың мазмұНЫ
files -> Аудан әкімінің 2013 жылдың қорытындылары бойынша аудан тұрғындарымен есепті кездесуінде сөйлеген сөзі
files -> Екібастұз қаласының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы Екібастұз қаласы Мазмұны
files -> Гост 10922-90: Арматурные и закладные изделия сварные, соединения сварные арматуры и закладных изделий железобетонных конструкций
files -> Алуштинський мв гу держтехногенбезпеки в ар крим
files -> “Party political communication II political public relations”. Перевод – Тугуши Ольга


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет