«Шынқожа батыр атындағы жалпы білім беретін орта мектеп»кмм құдайбергенова Аида Қанатқызы -8 сынып оқушысы «Жарқын болашаққа бастаған ұлт көшбасшысы»



Дата29.01.2018
өлшемі45,36 Kb.
#36110
«Шынқожа батыр атындағы жалпы білім беретін орта мектеп»КММ

Құдайбергенова Аида Қанатқызы -8 сынып оқушысы

«Жарқын болашаққа бастаған ұлт көшбасшысы»

Бірде шырқап, бірде төмен құлаған,

Өмір жолы болған қиын бұралаң.

Қазағымды жарқын жолға бастады

Елбасы боп сайланды да Нұрағам.

Аз ғана ғұмырын ой мен арманға толтырған, қазақ аспанында құйрықты жұлдыздай ағып өткен жас Шоқан мен білім отын қазақ даласына маздатқан Ыбырайдың арманы қазақ хақының келешегін айқындату емес пе? Қараңғы қазақтың бұлт басқан аспанын ағарта ай боп туған, жайната күн боп кірген ұлы Абай атамыздың да бар арманы қазақты биіктен көру еді. Қазақтың аспанында жанған бар жұлдыздың арманы қазақ ұрпағының келешегінің жарық, айқын болуы еді. Ертеден аңсап келе жатқан рухы өр, намысы биік бабаларымыздың асқақ арманын, тұғырлы тәуесіздік пен еңселі еркіндікке қол жеткізіп, қазақ болашағын айқындаған ең басты нар тұлға­-ол біздің Елбасы емес пе? Шапса тұлпар аяғы талған, ұшса сұңқар қанаты шаршайтын ұлан ғайыр кең даламызға егемендік иісін енгізген де осы Елбасы-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Қазақты КСРО-ның отарынан босатып, ата-бабамыздың асқақ арманына қол жеткізіп, еліміздің еңсесін көтергені үшін Елбасына айтар алғысым зор.

Қазақстанымның тәуелсіздігі әлемдік саясатта өз бейнесін еркін танытқан тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлы тағдырымен, 1991 жылғы тұғырлы да еңселі Тәуелсіздік алумен басталғандай көрінеді. Ардақты Елбасымыз халқымызға тәуелсіздікпен қоса қазақ тарихына, көп ұлтты дархан мемлекетке ұлы жаңалықтарды қоса алып кірді. Елбасымыз ­ ұлан ғайыр кең жері бар мемлекетті, сабырлы да еркін мемлекетті әлемдік даму жолына түсіріп, өзге де тақымы мықты мемлекеттермен бәсекелестікте дамуға жол ашты.

Қасым ханның қасқа жолымен жүріп келе жатқан ардақты Елбасымыз экономикалық дамуға қол жеткізіп ТМД көлеміндегі небір мықты елдерден алға озып шығуымыз Президентіміздің мықты саясатының жемісі екендігі бар елге аян.

Біз жараттық мынау ғажап ғасырды,

Тарихы оның біздерменен ашылды.

Біздің мынау қолтаңбамыз басылды,

Құрметтеңдер жиырмасыншы ғасырды,-деп ақиық ақын

Мұқағали атамыз жиырмасыншы ғасырдағы ең ұлы жаңалық, ең ұлы жеңісіміз Тәуелсіздігімізді жырлағандай, бұл ғасыр ел есінде қайғы мен мұң ғана емес бақыт пен қуаныштың да ғасыры болып ел тарихында мәңгі сақталды.

«Атаңның баласы болма,

Адамның баласы бол»,-деп ұлы ақын Абай атамыздың

айтқанындай, отбасында туып-өскен ата-анасының ғибратын өмірлік азық қылған Елбасының ғажайып парасаты мен ақылы, ұлтжандылығы мен үшін, жас ұрпақ үшін үлкен өнеге.

«Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмыла қызмет ет»,-деген екен Бауыржан атамыз. Елін сүйген, жерін сүйген атамыздың жас ұрпаққа арнаған бұл өсиетін ардақты да ақылды Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев толығымен, тіпті, артық қылып орындады деп ойлаймын. Елбасымыздың Қазақстан елі үшін, қазақтың ұрпағы мен келешегі үшін жасаған игі істерін санап бітпейтін шығармын.

Ауыл-қазақтың құнарлы да шұрайлы мекені екенін жете түсінген Президентіміз «Ауылдың амандығы-елдің амандығы»,-дейді. Қазақ ауылдарын гүлге орап, ауылда сақталған көне салт-дәстүрімізді қайта жаңғыртқан Елбасымыз білімді де білікті, ойы ұшқыр жастарды ауылды өркендетуге, ауыл шаруашылықтарымен айналысуға шақырып отыр. Бұның өзі-Елбасымыздың қазақ даласын өрендетуге деген игі істерінің бірі. Теледидарда ана тілінде, орыс тілінде ағылтып сөйлеп, Әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи сынды түркі әдебиетіне зор үлес қосқан дана бабаларымыздың трактаттарынан үзінді оқып, тебірене жырлар жазуының өзі Елбасымыздың ақынжандылық қырынан сипат бергені емес пе?

Ана тілін ата-анасындай сүйген Елбасымыз былай деп толғанады:

-Ана тілі-бәріміздің анамыз, өйткені, ол-ұлтымыздың анасы. Сол үшін де Елбасымыз болашақ қазақ ұрпақтарына, қазіргі жеткіншектерге ерекше көңіл бөліп жүр. Бас қаламыз Астананың төріне әлемдік бәсекелестікке ие, қараса көз тоймастай әдемі университет салып берді. «Назарбаев» атындағы бұл университетке қазақ жастары ғана қоймай шет елдік жас өрендер де көптеп қызығушылық танытуда. «Еліміздің ертеңі сендерсіңдер, сондықтан қазақтың тарихын біліңдер, математика, физика, химия пәндерін жақсы оқыңдар!Өз тілдеріңде, яғни, қазақша таза әрі сауатты сөйлеңдер!»,-деп өсиет айтқан Елбасымыз қазіргі жас ұрпаққа үлкен үміт артады.



Елбасымыз ежелгі қазақ даласының құндылықтарын қайта жаңғыртып, тіпті, қазақ елінің тарихын бейнелейтін асыл мұраларды көненің көзіндең сақтауға да ерекше көңіл бөлуде. Қазақ даласының тарихи мұраларына арнап не түрлі музейлер ашуда. Қазақстан қалаларының әдемілігіне де көп көңіл бөлуде. Қалалар демекші қала туралы әңгіме қозғалғанда Елбасымыздың ел астанасын Сарыарқа төсіне көщірудегі көрегенділігін қалай айтпасқа? Қазіргі Астана танымастай құлпырып барады. Қаз-қатар тізілген ғимараттардың әдемілігі сонша көзіңді ала-алмай қарайсың. Тіпті, кейбір ғимараттардың сызбасын өз көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сызғаны есіңе түскенде Елбасымыздың архитектура саласынан да осал емес екендігін түсінесің. Кеше ғана мәресіне жеткен әлемдік деңгейдегі ЕХРО көрмесіне келген адамдардың бәрі дерлік бас қала Астанамыздың әдемілігіне бас имеп пе еді? ЕХРО демекші бұл көрмені тек экономикасы жоғары, тақымы мығым мемекеттерге ғана өткізуге болады. Бұндай кереметтей мүмкіндікті Елбасымыз талай алпауыт мепмлекеттерден ұтып алды. Кеше ғана Тәуелсіздігімізді алсақ та қазірде әлемдік деңгейдегі озық мемлекеттер ала алмаған мүмкіндікті біздің алуымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасы емес пе? Болашағы жарқын, «қазақ» деген батыр да қайсар халықтыңұрпағы болып тырғаныма мен мақтанамын.

Елбасы еліне сенеді, елі Елбасына сенеді. Өзін өз ұлтына, барлық қазақстандықтарға ақыл-парасатымен, білімдарлығымен сыйлата білген Президентіміздің халықаралық деңгейдегі беделінң зор екендігіне күнделікті ақпарат көздерінен айқын сезіледі. Елбасымыз арқылы күллі әлем Қазақстанды тани түсуде. Елбасымыздың шетелдерге жасаған әрбір сапары қанатымен су тасыған қарлығаштың тірлігіндей ел қамы екендігі даусыз. Мен осындай данагөй, асыл қасиетке бай елде дүниеге келгеніме мақтанамын, мен қазақ екеніме мақтанамын және елімізді ел етіп, жерімізді жер етіп, өлшеусіз еңбек етуінің арқасында, Қазақстанды әлемдік биік белестерге көтеруге өлшеусіз әрекет етіп жатқан Елбасына ерекше ілтипатпен қараймын. Осындай дана Елбасымен мақтанудың өзі, Елбасына арнап шығарма жазудың өзі бір бақыт деп білемін.
Каталог: doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
doc -> Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық және жаңашылдық
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет