Сиқырлы сандар Білім беру саласы: таным Ұйымдастырылған оқу қызметі



бет1/4
Дата29.01.2018
өлшемі0,51 Mb.
#36244
  1   2   3   4
Даулетова Зәуре Танабайқызы Астана қаласы, № 53 «Мерей»

балабақшасының тәрбиешісі


Сиқырлы сандар

Білім беру саласы: таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру.



Мақсаты:

Білімділік: балаларадың сан және санау, геометриялық пішіндер, көлем, кеңістікті бағдарлау бойынша жыл бойы өткен білімдерін бекіту, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, ертегі арқылы оқу қызметіне деген қызығушылықтарын арттыру.

Дамытушылық: ұлттық ойындарды қолдану арқылы балалардың математикалық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, тапсырмаларды орындау.

Көрнекілігі: сандар, пішіндер, слайд, үйлестірмелі материалдар. суреттер.

Оқу қызметінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

Жылулық шеңбері.
Қане, қане тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Тұрсақ егер шеңберге,

Алақанды ұрайық.

Оң жақтағы балаға,

Сол жақтағы балаға.

Алақанды берейік,

Сәлемдесіп алайық.

Сәлеметсіңдер ме, достарым!

Сәлеметсіздер ме, қонақтар!



Сұрақ-жауап:

Жыл мезгілдері,апта күндері



Ғажайып сәті:

Әуенмен Қызыл телпек келеді. Жақсы көңіл-күймен кіріп келеді де, балалармен амандасады.



-Балалар жылулық шеңберін айтып, қимыл қозғалысын жасайды.


Ұйымдастыру

шылық

ізденістер

Қызыл телпек: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Сендерге ауылдағы Али мен Айя мына таспаны беріп жіберді.

Олай болса барлығымыз экранға назар аударайық.

(Балалар таспаны барлығы бірге көреді)

Сендерді ақылды, білімді, тапқыр балалар деген соң, өзімнің сиқырлы таяқшамды пайдаланып Али мен Айяның әжесі мен атасының ауылына апарайын. Онда көптеген қазақтың ұлттық ойындарымен танысып, қызықты тапсырмалар жасаймыз.



Тәрбиеші: Қандай жақсы болар еді Қызыл телпек бізді ауылға жеткізсеңіз.

(Балалар шеңберге тұрып, көздерін жұмып орындарында айналады. Үшке дейін санайды. Музыка ойнап тұрады)

Қараңдаршы балалар, Али мен Айяның әжесі мен атасының ауылы көріне ме?

(Тақтадан ауылдың суретін көреді)

Балалар, мұнда хат қалдырыпты. Хатта көптеген тапсырмалар беріліпті. Онда былай деп жазыпты, мұнда қандай ұлттық ойындарды көріп тұрсыңдар ата.
Қазір мен сендермен «Бәйге» ойынын ойнаймыз. Бәйге ойыны ат жарысы. Оған жүйрік, бапталған атпен шабандоздар қатысады.

Бәйгедегі атымыз мына тапсырмаларды орындаған сайын жылжып отырады балалар.

Дайынбыз ба балалар, дайын болсақ, тапсырмаларды орындайық.

1-тапсырма:

«Өсу ретімен орналастыр»

Паравоздың вагондары шатасып жатыр екен, соны рет-ретімен орналастырып, санадарды тура және кері қарай санаймыз.



Сергіту сәті:

Астанада жаңа үй,

Жаңа үйде тұрамыз.

Баспалдақтан жүгіріп,

Қабаттарды санаймыз.

1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.

-10,9,8,7,6,5,4,3,2,1

Біз пәтердеміз.



Қызыл телпек: Жарайсыңдар, балалар, енді бәйгеміздің атын алдына қарай жылжытамыз. Сендермен енді екінші тапсырманы орындайық.

2- тапсырма:

«Көрші сандарын тап»

Балалар, үйшіктегі сандардың көрші сандарын табамыз.



-Жарайсыңдар, бәйгедегі аттарымызды жылжытамыз.

-Қолдарымыз жазып талған болса жаттығу жасап өлең шумақтарын қайталап сергіп алайық.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет