Сыныбы 10 «а», «б» Күні 10. 11. 2015 жыл Тақырыбы



Дата11.01.2017
өлшемі63,04 Kb.
#6888
Сыныбы 10 «а», «б» Күні 10.11.2015 жыл

Тақырыбы: Қазіргі кездегі дүниежүзі елдері типтерінің көп түрлілігі

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға д.ж. елдерінің аумағының, халқының, басқару формасының, географиялық орнының ерекшеліктері жөнінде түсіндіру.

Дамытушылық: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге, саяси картамен жұмыс істеуге, топпен тапсырмаларды ұйымшылдықпен жасауға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Тірек-сызбамен жұмыс.

2. Әңгіме-дәріс. 5.картамен жұмыс

3. Топтастыру. 6.топтық тапсырмалар.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта, стикерлер, маркерлер,т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.


  • Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

  • Оқушыларды 4 топқа бөлу (түрлі түсегі гүлдер арқылы)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

«Ыстық орындық» арқылы үй тапсырмасын тексеру.Мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беру.

  • Тәуелсіз мемлекеттер деп?

  • Тәуелді мемлекеттер деп?

  • Мемлекеттік басқару формасы бойынша нешеге бөлінеді?

  • Мемлекеттік құрылым бойынша?

  • Отарлар деп?

  • Абсолютті монархиялы елдер?

  • Федерациялы елдер ата?

«Қызығушылықты ояту» мақсатында елдерге саяхат жасаймыз.

1.ЖеркөлемібойыншаРесей мен Канададанкейінгі 3 орында ал халық саны жөнінен 1 орында. Бұлқай ел? (ҚытайХалықРеспубликасы)



2. Бұл –фламенко мен фиестаның елі. Олардың көпшілігі католиктер. Сондықтан болар діни мейрамдар ұлттық киім киіп, музыка және би шеруімен өткізіледі. Елдің шаруашылығының айрықша саласы коррида үшін арнайы бұқалар өсіреді. Бұл қай ел?(Испания)

3. Бұл ел өзелін «гексагон» (алтыбұрыш) деп атайды бұл ел өзінің ұлттық асханасы мен ерекшеленеді. Айтулы тамақ ретінде жұпар иісті шөптер мен қуырылған құрбақаның аяқтары таңқалдырады. Бұл елде ірімшікті сүймейін адам жоқ шығар.(Франция)

6. Гүл шоғын құрастыру, гүлдер мен ағаштардың бұтағын орналастыру өнері-икебана,қылқаламмен және тушпен көркем жазуөнері каллиграфия, қағазбен жібекке сурет салу,өзіндік храмдар мен саябақ архитектурасы, көлеңке театры, шай дайындау рәсімі, әйелкиімі, ауырсалмақтылар күресі, асдайындау, сияқты дәстүрлер мен ерекшеленетін елдің бірі  -(Жапония)

7.Бұл ел дүниежүзілік өнер мен мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосқан елдің бірі. Олар әсіресе музыка саласындағы жетістіктері таңқалдырады. ХІ ғасырда монах Г.Ареццонотаны ойлап тауып, жеті нотаға атберді. ХҮІғасырда бұл елде алғашқы опера дүниеге келді. Жаңа жылға қарсы ескі заттың барлығын терезеден лақтырады. Сүйікті тағамдары-макарон.  (Италия)

Бұл аталған елдер  қандай елдер тобына жатады?  Жоғары дәрежеде дамыған елдер «Ұлы жетілікке»кіретін елдер,экономикасы жоғары дамыған.



ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту

Дүние жүзі елдері алуан түрлігімен ерекшеленеді.

Жер көлемі ірі үлкен елдер: Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Аустралия, Үндістан, Аргентина, Қазақстан, Алжир.

Жер көлемі ұсақ елдерге: Монако, Науру, Лихтенштейн, Сан-Марино т.б.

Халық саны бойынша ірі мемлекеттер: Қытай, Үндітан, АҚШ, Индонезия, Бразилия, Пәкстан, Бангладеш, Нигерия, Ресей, Жапония.

Халық саны өте аз елдерге: Мальта, Монако, Бруней, Андорра, Исландия, Лихтенштейн.т.б.

Географиялық орны бойынша: теңізге шыға алатын, шыға алмайтын, аралдық елдер.

Басқару формасы бойынша: монархиялар мен республикалар.



Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша: дамыған және дамушы елдер.

Қытай, Ресей көп ұлтты елдер болса, Жапония, Швеция, Дания, Корея бір ұлтты елдер болып саналады. Себебі мұнда жалпы халық санында бір ұлттың үлесі өте жоғары болады.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

  • І топқа тапсырма: географиялық орны бойынша елдерді топтастырып, құрамына енетін елдерді ата?

  • ІІ топқа тапсырма: аумағының көлемі бойынша елдерді топтастырып, елдерді ата?

  • ІІІ топқа вен диаграмма монархиялы мен республикалық елдерді салыстыру.

  • ІҮ топқа тапсырма: семантикалық карта




Дамы

ған

дамушы

Халық көп

Халық аз

Теңізге шыға алатын

Теңізге шыға алмайтын

федерациялы


Аралдық ел

Көп ұлт

ты

Бір ұлт

ты

Қазақстан































Ресей































Қытай































Үндістан































Канада































Монако































Жапония
































V. Қорытындылау.Кері байланыс.
Стикерлерге бүгінгі сабақ бойынша білгенім, түсінбедім, үйренгім келеді деген сұрақтарға жауап жазып, тақтаға іледі.
VІ.Бағалау. Жұлдызша, ромб арқылы бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма беру. §18
Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет